Жұмыстың мақсаты


Бринель әдісі бойынша қаттылықты (НВ) өлшеу



бет2/8
Дата20.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458336
1   2   3   4   5   6   7   8
МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ Қаттылығын ӨЛШЕУ для дот каз1 рейтинг (2)

2.4 Бринель әдісі бойынша қаттылықты (НВ) өлшеу

Бринелль әдісі бойынша қаттылықты өлшеуде сынақтағы үлгіге Д диаметрлі болат шарикті белгіленген күшпен мөлшерлі уақыт батыру керек (2.1 сурет).



2.1 сурет - Бринелль әдісі бойынша қаттылықты өлшеу схемасы.

Батырылған шариктің ізі үлгінің бетінде қалады. НВ әріптерімен белгіленетін Бринелль қаттылығы сфералық ойықтың беткі F ауданына Р жүктеменің қатынасы арқылы анықталады.


НВ = Р / F (2.2)
Шар сегментінің ауданы
F = π ∙ D ∙ h, мм2 (2.3)
мұнда D – шариктің диаметрі, (мм);
h – ойықтың тереңдігі, (мм).
Ойықтың тереңдігін өлшеу қиын болғандықтан, ойықтың диаметрі (d) мен шариктің диаметрі (D) арқылы ойықтың тереңдігі (h) есептеледі:
, (мм) (2.4)
Сонымен , (мм2) (2.5)
Бринелль бойынша қаттылықтың саны келесі өрнек арқылы анықталады:
, (кгс/мм2) н/мм2 немесе МПА (2.6)
Бринелль бойынша қаттылықты СИ бірлігіне ауыстыру үшін қаттылықтың кгс/мм2 санын 9,81-ге көбейту керек, демек HB=9,81∙ HB (МПа).
Тәжірибе жүзінде қаттылықты анықтау үшін 2.6-өрнегі бойынша есептеу қолданылмайды, оның орнына әртүрлі диаметрлік шариктермен ойықтарға және жүктемелерге арналып құрастырылған кестені қолданады (А Қосымшасы). Қолданатын шариктің диаметрі 10мм; 5мм; 2,5мм. Шариктің диаметрі мен жүктеменің салмағы үлгінің болжамдық қаттылығы мен қалыңдығына байланысты алынады (2.1- кесте).

2.1 - кесте. Бринелль әдісі бойынша металдардың қаттылығын сынау шарттары



Металдар

Қаттылық HB, кгс/мм2

Үлгінің қалыңдығы мм

P және D2 аралық
қатынасы

Шариктің
диаметрі,
мм

Жүктеме
P, кгс

Ұстау уақыты, с

Қара

140-250

6-3

P = 30 D2

10

3000

10

4-2

5

750

2 дейін

2,5

187,5

Қара

140

6 астам

P = 10 D2

10

1000

10

6-3

5

250

3 дейін

2,5

62,5

Түсті

130

6-3

P = 30 D2

10

3000

30

4-2

5

750

2 дейін

2,5

187,5

Түсті

8-35

6 астам

P= 2,5 D2

10

250

60

6-3

5

62,5

3 дейін

2,5

15,6

2.4.1 Үлгіні сынаққа дайындау


Бринелль әдісімен қаттылықты өлшеу үшін келесі шарттар қолдануы керек:
- қаттылығы HB450кгс/мм2 (4500МПа) астам үлгілерді сынауға болмайды;
- үлгінің беті жазық және таза болу керек;
- ойықтың диаметрлері 0,2D  d  0,6D аралығында болу керек;
- үлгінің қалыңдығы ойықтың 10 есе қайталанатын қалыңдығынан кем болмау керек;
- көршілес ойықтардың центрлерінің арақашықтығы және ойықтың центрі мен үлгінің шетінің арақашықтығы 4d кем болмау керек.


2.2 сурет- Бринелль әдісі бойынша қаттылықты өлшеу аспабының (ТШ типті) схемасы.


2.4.2 Сынақты жүргізу


НВ қаттылығын өлшеу Бринелль аспабында (ТШ типті) келесідей жүргізіледі. Сынақтағы үлгінің тазартылған бетін жоғары қаратып үстелге 1 (2.2 сурет) орналастыру керек. Сағат тілінің бағытымен маховикті 2 бұрап үстелдегі үлгіні ұштыққа 4 тірей отырып, қатаңдатып қысады да, батырма арқылы электрқозғалтқышты 6 қосады. Иіннің көмегімен жүктеменің 3 әсеріндегі шарикті ұштық, сынақтағы материалға батады. Жүктеменің әсері уақыт релесімен реттелетін есепті уақыт (10…60с) мөлшерінде батырылады, содан кейін қозғалтқыш білік кері қарай айналып, иінді қозғап жүктеменің әсерін тоқтадаы. Қозғалтқыш автоматты түрде сөнгеннен кейін, маховикті 2 сағат тілінің бағытына қарсы бағытта бұрап, үстелді төмен түсіріп, ойық түскен үлгіні алуға болады.

2.4.3 Ойықтың диаметрін өлшеу


Ойықтың диаметрі МПБ-2 типті есептік микроскоппен (Бринелль лупасы) өлшенеді. Ойықтың үстіне микроскоптың объективін түйістіріп, окулярдың шкаласындағы нольді ойықтың бір жақ шетіне тақап, ойықтың екінші шетінен есепті сан алынады. Өлшеу бір-біріне перпендикуляр бағытта, 0,05мм дәлдікпен жүргізіледі. Қаттылықты анықтау үшін шыққан санның ортақ шамасын алу керек.

2.4.4 Қаттылықты анықтау


Ойықтың диаметрі бойынша аудару кестесі (Қосымша А) арқылы материалдың қаттылығы табылады.
Стандартты өлшеуде (D=10мм, P = 3000кгс), Бринелль қаттылығы HB250 жазылады. Басқа жағдайда өлшенген қаттылықтың жазу белгісі келесідей: HB 5/250/30-200. Демек диаметрі 5мм шарикпі ұштық арқылы 250кгс жүктеменің әсерімен 30сек. ұстау арқылы анықталған материалдың қаттылығы 200кгс/мм2 .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет