Жұмыстың мақсаты


БМИ құралды үлкен микроскобында сыртқы бұранданың параметрлерін өлшеу



бет14/16
Дата07.04.2023
өлшемі5.73 Mb.
#471881
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Зертханалық жұмыстар

9.5 БМИ құралды үлкен микроскобында сыртқы бұранданың параметрлерін өлшеу

Микрометрлі өлшегіштері бар құралды микроскоптар екі түрде шығарылады (ММИ – құралды кішкене микроскоп және БМИ – құралды үлкен микроскоп) және қосылыссыз әдіспен, сызықтық мөлшерлерді және тікбұрышты, полярлы координаттардағы күрделі пішінді әртүрлі бөлшектердің бұрышын өлшеу үшін қызмет етеді. Және де әмбебап микроскоптар шығарылады, оларда микрометрлік өлшегіштердің орнына санаушы шиыршықты микроскпотары бар миллиметрлік шкалалар қолданылған.


Өлшеудің қағидалық сұлбасы барлық микроскоптарға ортақ – бұл бөлшектің әртүрлі нүктелерін көздеу, бұл үшін өзара перпендикуляр бағытта жылжытады, және сол жылжытуларды санауыш құрылғылармен өлшейді. Жақсы көздеуді қамтамасыз ету үшін, олар әртүрлі үлкету сатысындағы ауыспалы объективтермен жабдықталады. Құралды үлкен микроскоп (БМИ) үлкен мөлшермен ғана емес, және де ол құралды кішкене микроскопқа (ММИ) қарағанда әмбебап болып келеді, сондықтан мысал ретінде БМИ-дің құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастырайық.
Құралды үлкен микроскоп бұрандалы калибрлердің,белгілегіштердің, бұрандалы фрезалардың және т.б бұрандасы бар бұйымдардың сыртқы бұрандасының негізгі параметрлерін; өтетін және шағылған жарықтағы біліктің диаметрі ен сыртқы сызықтық мөлшерлерін; бұрышы 360 град. мөлшерге дейінгі бұйымдарды; кез-келген пішінді және құрылымды қалыптарды; конусты калибрлердің мөлшерлерін; тесіктің орталарының арасындағы қашықтықтарды өлшеу үшін арналған.
БМИ микроскобын көлденең жазықтықта деңгей бойынша үш тіреуіш бұрама көмегімен орналастырады.
Микроскопта артқы жағында жарықтандырғыш орнатылған, көлемді негізі 15 бар (9.5.1 сурет). Жарықтандырғыш (шам) аспатың тіреуінің төменгі бөлігінде бекітіледі де, желіге қосылып, өлшеулерді өтетін жарықта жүргізуге мүмкіндік береді.
Негіздің (табанның) 15 бағыттауыштарында бойлық бағытта өтпелі тесігі бар, әйнекпен 19 жабылған және көлденең бағытта жылжитын шыны тақтайшалары 20 бар жылжымалары орналасқан өлшегіш затты үстел 2 жылжып тұрады.



9.5.1 Сурет - Құралды үлкен микроскоп.

1 және 16 микрометрлік бастиектері жылжымаларды бойлық және көлденең өзара перпендикуляр бағыттарда жылжытады. Бойлық жылжулар 16 микробұрама бойынша, ал көлденең – 1 микробұрама бойынша саналады. Бұл жылжулар сызықтық өлшемдер үшін қызмет етеді. 1 және 16 микрометрлік бастиектерде 0-ден 25-ке дейін өлшеу шегі бар негізгі және бөлік құны 0,005 мм болатын қосымша шкалалары бар. Өлшеу диапазонын кеңейту үшін микробұраманың шет жақтары мен жылжымалардың тіреу алаңдарының арасына 25 мм еселі мөлшеріне сәйкес ұштық ұзындық өлшемдері орнатылады. БМИ-да бойлық бағытта өлшеу шегі 150 мм-ге дейін, ал көлденеңде – 50 мм-ге дейін үлкейеді.


Жылжымалар микбұрамаларға серіппемен қыстырылады, және оларды қолмен алуға болады. Сермер 17 арқылы үстелді тік осьтің маңайымен айналдырады. Үстелдің 0-ден 360 градус шегінде айналу бұрышын үстелдің нониусы (бөлік құны с=3') бар лимбасымен санайды. Үстелдің бұруларын өлшеу сызығын үстелдің өлшеу сызығының бойымен орнату үшін, өлшенетін заттың орналасуын реттеу және өрескел бұрыштық өлшеулер үшін қолданады. Бұрыштардың дәл өлшеулері бұрышты өлшейтін көздікті бастиектің көмегімен жүргізіледі (9.5.1 сурет).
Микроскоптың негізіне оське 13, сермер 14 көмегімен екі жаққа 12 град 30 минут бұрыш жасап бұралатын бағана 11 бекітіледі. Сермерде бөлік құны 3 градус болатын бұрыш өлшегіш шкаласы бар.
Кронштейн 9 визирлі микроскоптың мойынымен 5 бағанада 11 сермермен 10 жылжып, бұрамамен 12 қысылады.
Дәл түзетуді кедір-бұдыр жүзікпен 4 жүргізеді, оны айналдырған кезде мойын 5 кронштейнге 9 қатысты бағыттауыштармен жылжиды.
Мойынның төменгі бөлігінде объектив 3, ал жоғарғы бөлігінде ауыспалы көздікті бұрыш өлшегіш бастиек 6 (санағыш микроскоп) және визирлі көздік 7 орналасқан (9.5.1-кесте).

9.5.1-Кесте - БМИ-дің метрологиялық сипаттамалары.





Сызықтық мөлшерлер үшін:

Бойлық бағыттағы өлшеу диапазоны

0 – 150 мм

Көлденең бағыттағы өлшеу диапазоны

0 – 50 мм

Микрометрлік бұрамалардың жылжу диапазоны

0 – 25 мм

Микрометрлік бұрамалардың негізгі шкаласының бөлік құны

1 мм

Қосымша шкаланың бөлік құны

0,005 мм

Бұрышты мөлшерлер үшін:

Өлшеу диапазоны

0 – 360 град

Көздікті бастиектің негізгі шкаласының бөлік құны

1 град

Көздікті бастиектің нониус шкаласының бөлік құны

1 град

Дөңгелек үстелдің негізгі шкаласының бөлік құны

1 град

Дөңгелек үстелдің лимбаның нониус шкаласының бөлік құны

3 град

Стойканың еңкею диапазоны

12 град

Бұрышты өлшейтін бастиекте өлшеу диапазоны 0-360 градуста болатын дөңгелек жылжымалы шкаласы мен бөлік құны 1' болатын жылжымайтын шкаласы (нониустық) бар (9.5.2 сурет). Негізгі шкаланың «0»-ін минуттық шкаланың «0»-мен сәйкестендіру жүзікті 3 бұрау арқылы жүзеге асады (9.5.3, а-сурет).


Микрометрлік бастиектерде жылжуларды санау үшін миллиметрлік шкала 1 (9.5.2 сурет), ал микрометрлік бұрамамен байланысқан барабанда, 200 бөлігі бар дөңгелек шкала 2 бар. Бұраманың қадамы 1 мм-ге тең болғандықтан, барабан шкаласының бөлік құны 1/200 = 0,005 мм-ді құрайды (9.5.2 суретте микрометрдің көрсетуі 24,025 мм-ге тең). Микроскоптың жинағында НП-7 үлгілі проекциялы қондырмасы бар, онымен көздікте бақыланатын бейнені экранында алуға болады, қондырманы артудың 8 тесігінде бекітеді. Визирлі көздікте өлшегіш контурдың шеттерін ұстататын, үзік және тұтас сызықтардан тұратын сызықтық торы бар (9.5.3, б-сурет). Көздіктің торын жүзікті 3 бұрау арқылы бұйымның контурына бағыттайды (9.5.3, а-сурет) (көздікті бастиектің сол жағында орналасқан, 3 суретте көрінбейді). Көздіктің торы айнала алады, бұл сызықтық өлшемдерденн басқа, бұрыштық өлшемдерді үргізуге мүмкіндік береді.

9.5.2 Сурет- Құралды микроскоптың микробұрамасы.


Шкала бойынша санау 24,025 мм.



9.5.3 Сурет - Бұрышты өлшегіш көздіктің бастиегі (а) және оның сызықтық торы (б).

Өлшеу алдында аспапты, өлшеу мен диафрагмалау жүргізілетін жазықтыққа жинақтау жүргізіледі. Микроскопты алдын-ала жинақтау үшін кронштейнді (9.5.2 сурет) микроскоптың мойынымен 5 бағана бойымен бұрамалар 10 көмегімен жоғары немесе төмен жылжытады, бұл кезде бағананың оң жағындағы қысқыш бұрама 12 түсіп тұру керек. Дәл жинақтау үшін жүзік 4 қызмет етеді.


Бұранданы өлшеу кезінде микроскоптың бағанасын бұрама 14 арқылы бұранданың көтерілу бұрышына оңға немесе солға еңкейтеді. Бұрау осі орталардың осімен өтетін көлденең жазықтықта жатыр. Еңкею бұрышы бұраманың 14 шкаласы бойынша саналады.
Көздікті бастиектің бұрыштық шкаласы кішкентай айна 5 көмегімен жарықтандырылады, бұл айна қандай да бір жарық көзінің сәулелерін қайтаратындай, еңіспен орналастырады.
Егер өлшенетін нысанда орталық тесіктері болса, онда ол салма үстелдің 2 ортасына орнатылады, ол өз кезегінде негізгі үстелде бекітіледі.
Өлшеу өтпелі жарықта жүргізіледі. Өлшеу алдында міндетті түрде орталар осьтерінің орналасуы тексеріледі. Орталардың осьтері үстелдің бойлық жылжуының бағытына параллель болу керек.
Микроскоптың өлшегіш үстелін 6 бастиекті 9 бұрау арқылы, цилиндрлік бетке салынған шкаланың нөлдік бөлігі, нониус шкаласының 19 нөлдік бөлігіне қарсы орналасатындай етіп орнату керек. Үстелдің орналасуы қысқышпен 1 ұстатылады.
Орталарың осьтерінің орналасуын және де бөлшектің осьін қорытынды түзету үшін, орталарда қорытынді білікше орнатады. Қорытынды білікшенің ұзындығы 100-200 мм болады, оның жасаушыларының түзусығынан ауытқу 0,002 мм-ден аспайды.
Микроскоптың үстелін микробұрама 8 көмегімен көлденең бағытында жылжыту арқылы, білікше жасаушысының бейнесін көлденең сызықты жолақпен сәйкестендіреді. Үстелдің микробұрамамен 16 тек бойлық бағытта жылжуы кезінде, сызықтық жолақтардың қиылысуы білікше жасаушысының бейнесімен жақындаспау керек. Қарсы жағдайда қысқышты 1 жібереді, үстелді керекті бағытта кішкентай бұрышқа бұрады да, қайтадан орталардың орналасуын тексереді. Үстелді орталарымен қорытынды орнатудан кейін осы қалыпты қысқышпен 1 ұстатады да, қорытынды білікшені алып, орнына орталарда тексерілетін бөлшекті орнатады.
Сермерді 3 айналдырумен (9.5.3, а-сурет) аспаптың бұрыш өлшеуіш шкаласы нөлдік қалыпқа орнатылады, бұл кезде сызықтық тордың көлденең жолағы бойлық жылжуға параллель, ал тік сызықтық жолақтар- көлденеңге параллель орналасады. Осы сызықтық жолақтарға қарап, бөлшекті керекті қалыпқа жылжытады. Егер мөлшер жылжулардың біреуіне параллель болса, онда аспаптың көрсеткіштерінің әртүрлілігі болып анықталады. Аспаптың көрсеткіші болып микробұрамалардың көрсеткіштерін қабылдайды.
Микробұраманың көрсеткіштері келесідей саналады: микробұраманың сабағында салынған шкала 1 бойынша (9.5.2 сурет), барабанның кесілген шетімен өткен миллиметрлердің бүтін санын санайды. Барабанға салынған нониус шкаласы 2 бойынша, сабақтың бойлық шекарасына қарсыы орналасқан бөлік бойынша, 0,005 мм(барабан шаласының бөлік құны) дәлдікпен миллиметрдің бөлшек бөліктерін санайды.
Микроскопта өлшеуді қосылыссыз әдіспен жүргізеді, бұл бұранда контурының үлкейтілген бейнесін өтетін немесе шағылған сәулелер көмегімен фокальді жазықтыққа немесе экранға проектілеуге негізделген. Өлшенетін бөлшекті микроскоптың объективі арқылы қарайды. Бейне нақты, қайтарылмалы және үлкейтілген болып шығады. Орындаушының көзі көздік арқылы жалғанды, қайтарылмалы және тағы да көздікпен үлкейтілген бөлшектің бейнесін көреді. Орындаушыға көру өрісінде сызықтық тормен өлшенетін бөлшек контурының бейнесі көрінеді. Бұрышты өлшегіш көздікті бастиектің сызықтық торына проекциялы әдісімен тексерілетін нысан контурының бейнесі салынады. Өлшеу кезінде бөлшек контурының орналасуы сызықтық тордың жолағына қатысты өзгереді. Бұл қатысты жылжу көздіктен 2 (9.5.3, а-сурет) бақыланады және микроскоптың өлшеуіш құралдары арқылы саналады. Бөлшекті мүмкіндігінше, өлшенетін мөлшер өлшегіш үстелдің жылжуына параллель орналасатындай орнату керек.
Бұрышты өлшегіш көздікті бастиек сызықтық және бұрыштық жылжуларға қолданылады. Бұрышты өлшегіш көздікті бастиекті қолданған кездегі микроскоптың көру өрісі 32,б суретінде бейнеленген. Сызықтық торы бар дөңгелек сермер 3 көмегімен осьпен 360° -қа бұрала алады. Айналу осі сызықтық тордың үзік сызықтарының қиылысындағы нүкте арқылы өтіп, микроскоптың басты оптикалық осімен сәйкес келеді. Сермерді 3 бұрау кезінде, сызықтық аумен бір уақытта тұрқыда 1 орналасқан, градустық бөліктері бар лимбі де айналады. Санағыш микроскопқа 4 қарау кезінде, сызықтық тордың бұрылу бұрыштарын, және де тордың сызықтарымен көздеу кезіндегі өлшегіш бөлшектің бұрыштарын санауға болады. 9.6.1 суреттегі бұрышты санау 329°32'-қа тең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет