Жұмыстың өзектілігі: Геокөрініс жайлы түсінік қалыптастыру және оның мән – мағынасының маңыздылығын айқындау. Жұмыстың мақсаты



Дата21.06.2016
өлшемі89.6 Kb.
#151415
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда техника мен компьютердің дамыған заманында геокөрініс деген ұғым жиі қолданылады. Ал, геокөрініс деп отырғанымыз, жер нысандары мен үрдістерінің графикалық түрдегі белгілі бір масштабты, генерализацияланған үлгісі. Яғни, геокөрініске қасиеттері нақты көрсетілген Жер мен ғаламшарлық суреттерді жатқызуымызға болады.

Геокөріністі зерттейтін ғылым геоиконика болып табылады. Геоиконика үш ғылыми бағыттағы геокөрініспен байланыста болды. Олар: картография, әуе – ғарыштық тәсіл және машиналық графика [1].

Геокөріністер үшөлшемді және төртөлшемді үлгілердің зерттелуін және геожүйелердің жан – жақты құрылымын, динамикасын анықтауды қамтамасыз етеді.



Жұмыстың өзектілігі: Геокөрініс жайлы түсінік қалыптастыру және оның мән – мағынасының маңыздылығын айқындау.

Жұмыстың мақсаты: Геокөріністің анықтамасын, мақсатын – міндеттерін, жіктелуін қарастыру және оның маңыздылығын зерттеу.

Негізгі шешетін мәселелері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі мәселелерді шешеміз:

- Виртуалды үлгілеу және геокөрініс;

- Геокөрініс және оның түрлері;

- Геокөріністің классификациясы;


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Виртуалды үлгілеу және геокөрініс

Соңғы бірнеше жылда компьютерлік картографияда жаңа бағыт пайда болды. Олар: виртуалды үлгілеу және картографиялау. Қазіргі заманғы компьютерлік картографиялауда виртуалды үлгілеу жасанды құрылым сияқты қаралады. Оған оны басқару кейбір мәселелерді шешу және анықталған бағдарламалардың мәселелерін қабылдау бірлесіп әсер етеді.

Кез - келген геокөріністің графикті сызба формасында проекциясы, масштабы және генерализациясы бар. Мұндай бейнелеудің жасау үдерісін виртуалды үлгілеу деп аталады.

Виртуалды нақтылықты шолу ең алдымен, үш өлшемді эффекттер және анимацияны қолдануға сүйенеді. Тек қана солар көлемдік кеңістікке араласу және бар болу иллюзиясын құрайды. Сондықтан мұнда 4 қасиет құралады:

1. Бір бейнелеудегі карталардың қасиетін болашақ суреттегі блок диаграммалармен, анимациялармен байланыстыру.

2. Осы құралған геокөріністің бағдарламалық басқару мүмкіндігі.

3. Геокөріністің және оның виртуалды ортасының интерактивті бірлесіп әрекет етуі.

4. Геокөріністің құрам белгілерінің азаюы және оған сызба берілуі [2].

Виртуалды карталарды жасау барысында, біріншіден, топографиялық карталардағы әуе ғарыштық суреттегі рельефке сандық үлгілеу береміз. Содан соң бұл рельефті блок - диаграммаға арақашықтықтан түсіру арқылы алынған, түзетілген фотобейнелі орынды жабамыз. Содан құрылған фото блок - диаграммасының тематикалық мазмұнын белгілеудің түстерін қалыпқа келтіреді.

Келесі кезең – жалғаулы кадрларды анықтау және қозғалыс траекторияларын немесе үлгілік айналуларын таңдау болып табылады. Осы арқылы компьютерлік бағдарламалар тез уақыт аралағында кадрлар арқылы информация жібереді. Осыдан кейін қоршаған ортаның сыртқы эффекттерін (күннің түсуі, тұман, жаңбыр және т.б) интерактивті байланыстарды құрып, дыбыстарды (жаңбыр тарсылы т.б) да қосуға болады.

Осылайша виртуалды геокөріністер зерзатты өзінің бейнесімен, оны қоршаған виртуалды ортаны, сонымен қатар олардың өзара байланысын, және де ортаның интерактивтерді басқару мүмкіншілігін қолға алатын бақылаушымен де байланыстырады.

Виртуалды үлгілеу 3 жүйеден тұрады:

1. Виртуалды үлгілеудің құрамы;

2. Виртуалды үлгілеудің параметрінің өзгеруі;

3. Виртуалды үлгілеудің орта арқылы басқарылуы;

Қазіргі кезде қолданылмалы картографияда электрондық технология арқылы дыбыстық білікті де жалғастырып қосуға болады.

Осы бойынша көп орталы картографияда мультимедия құралдарын қолдану – геокөріністер (карталар, суреттер, фотографиялар), анимациялар, дауыстар және текстер сәйкес келеді. Компьютерге дейінгі уақытта мектептік және арнайы аймақаралық атластар барлық кезде карталарды, текстерді, диаграммаларды, сызбаларды суреттерді, фотографияларды қолдану арқылы құралған. Ал, қазіргі кезде бұлар әрі қарай жылжып, әрі дауыс береді. Виртуалды үлгілеуде мультимедиялық бағдарламаларды қолдану құрамында синтетикалық құрылымдарды, сондай – ақ видео – аудио құрылғылары бар тек қана картографиялық зерзатты емес, қоршаған ортаны да толық көрсетеді [2].

Қазіргі заманғы мультимедиялық технологияларда атластарды құру өзінің жалғасын тауып, компьютерлік үлгідегі виртуалды геокөрініс телевизиялық картинаға айналды. Қазіргі заманғы мультимедиялық және мультипликациялық атластарды құру компьютерлік технологияда іске асады.




2. Геокөрініс және оның түрлері
Карталар мен атластарды құрудың қазіргі кездегі негізгі ерекшелігі – біз оларды ГАЖ – да жүзеге асыра аламыз. Оның тағы бір ерекшелігі – біз әртүрлі проекцияларда бейнелей аламыз. Мысалы, конустық, синусоидылық және т.б. Сонымен қатар біз компьютерге дауыстық эффекттерді де (жаңбырдың тарсылы, орман жапырақтарының сыбдыры және т.б) кіргізе аламыз. Яғни, осы блок диаграммаларды, сызбаларды, карталарды, атластарды, бір сөзбен айтқанда «геокөрініс» терминімен атаймыз.

Геокөрініс - жер нысандары мен үдерістерінің графикалық түрдегі кез келген кеңістік-уақыттық, масштабты, генерализацияланған үлгісі. Мұнда барлық геокөріністерге тән басты қасиеттері көрсетілген және олардың ерекшеліктері белгіленген. Яғни, бұл Жер мен ғаламшарлардың суреті [1].

Геокөріністер алу тәсілдеріне, статистикалық және динамикалық қасиеттеріне және де арналуына байланысты үш топқа бөлінеді:

1. Жазық немесе екіөлшемді геокөріністер;

2. Көлемді немесе үшөлшемді геокөріністер;

3. Динамикалық үш және төртөлшемді геокөріністер;



Жазық немесе екіөлшемді геокөрініс - бұл топқа негізінен карталар және пландар, белгілер, генерализациялық үлгілер, картографиялық проекцияларда құрастырылған: топографиялық, әр түрлі масштабтағы тақырыптық карталар, сонымен қоса картографиялық үлгілердің өңделетін барлық мүмкіндіктерін жатқыза аламыз. Мысалға, анаморфты карталар, олар картографиялық құбылыстардың ерекше бұрмаланған кеңістіктегі формасының орналасуындағы суреттер болып келеді. Жазық геокөрініске әуеғарыштық суреттер, теңіз түбіндегі суреттер, телевизиялық, радиолокациялық, гидролокациялық, сканерлік суреттер т.б. суреттерді жатқызуымызға болады. Сонымен қатар түсірілістерді әр түрлі диапазонды электромагниттік спектрлерде, яғни көрінетін, инфрақызыл, микротолқын зоналарда және олар түсірілістегі суреттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тағы да жазық геокөріністің топтарына растрлы және векторлы формат түріндегі электронды карталар немесе жоғарғы дәрежеде түрлі түсте бастырылып шығатын баспаларда (принтерлер) кіреді. Электронды карталарда жанып сөніп тұратын, түстері өзгермелі белгілерді де қолдануға болады. Сонымен қоса, карталарға жаңа ақпараттарды енгізеді (суреттік бейнелерді), олардың проекцияларын және масштабтарын өзгертеді, басқа да трансформацияларды орындайды. Карталарды экран бетінен бірден шолып шығуға, оларды бір бірімен сөздер арқылы сыйғызуға болады, интерактивті режимде электронды карталармен жұмыс жасауға болады.

Көлемді немесе үшөлшемді геокөрініс – бұл екінші топқа үш өлшемді графикалық үлгілерді жатқызамыз. Оларға блок диаграммалар - жергілікті үшөлшемді сурет, стереокопиялық үлгілер - түсіріс стереопарасынан арнайы көретін стереофотограмметриялық құрылғының нәтижесін көрсететін сурет. Көлемдік геокөрініске рельефтік карталар мен глобустар және көлемді голограммалар жатады [1].

Динамикалық үш және төртөлшемді геокөріністер - қозғалмалы геокөрініс нысандардың өзгеруінің құрастырылуын беріп қана қоймай, сонымен қоса төртөлшемді үлгіні де береді. Бұл жазық немесе стереокопиялық фильмдер мен мультипликация және анимация атауын қабылдаған көрініс болып табылады. Динамикалық геокөрініс фильмдер мен анимация жылдамдығының өзгеруіне байланысты пайда болатын суреттің механикалық жинақталуына негізделеді. Динамикалық геокөрініс картографиялық және дистанционды географиялық кеңістіктің құрылымы мен динамикасын зерттеуге өте пайдалы уақыттық аспектті қосады. Төрт өлшемді геокөріністе анимация маңызды рөл атқарады. Бұл жерде жақын карталарды немесе қазіргі уақытқа сай карталарды талдайды. Анимация арқылы зерзаттардың әр түрлі уақытын белгілеп, карталардың динамикасын жақсартады.

3. Геокөріністің классификациясы
Геокөріністердің барлық түрлерін танып білу үшін оларды топтарға бөлу қажет. Геокөріністерді топтарға бөлудің негізі – геокөріністердің жаңа түрлері мен типтерінің пайда болуы мүмкіндіктерін қасиеттеріне байланыстыру қажет. Геокөріністердің ұқсас қасиеттері мен айырмашылықтарын ажырату мақсатында оларды төмендегідей классификацияға бөлеміз [3].

1. Геокөріністерді алу тәсіліне байланысты;

2. Геокөріністерді қолдану ұзақтығына байланысты;

3. Генерализациялану деңгейіне байланысты;

Ал, геокөріністерді алу тәсіліне байланысты 3 топқа жіктейміз. Олар:

1. Түсірілістер – яғни, алғашқы геокөріністерді алу мақсатында жүргізілетін табиғи қондырғылы бақылаулар мен тіркеулер (жер үсті, жер асты, су, су асты, аэро және ғарыштық) кешені;

2. Лабораториялық шығарма – туынды геокөріністерді алу үшін алғашқы түсіріліс мәліметтерін өңдеу мен түрлендіру (түзетулер, жинақтау, монтаждау және т.б.) операциялары;

3. Құрастыру – берілген қасиеттері бойынша шынайы және абстрактілі геокөріністерді жасау үшін аналитикалық, фотомеханикалық, компьютерлік жұмыстарды атқару.

Сонымен қатар, геокөріністердің негізгі 2 белгісі бар. Олар: статикалық немесе динамикалық және өлшемділік. Геокөрініс осы қасиеттері арқылы жүргізіледі [3].

Статикалық қасиетіне карталар, түсірілістер, пландар, фотокарталар, электронды карталар, блок диаграммалар, панорамалар, рельефтік үлгілер жатады. Ал, динамикалық қасиеттеріне анимациялар, слайд-фильмдер, киноатластар, стереофильмдер, стереоанимациялар, виртуалды суреттер және т.б. жатады.

Және де геокөріністерді типтерге бөлетін тағы классификация бар. Олар: аналитикалық, кешендік және синтетикалық [4].

1. Аналитикалық геокөріністер таңдамалы құбылыстың жеке қасиеттерін басқа құбылыстарда немесе қасиеттерде байланыстармай сипаттайды.

2. Кешендік геокөріністерді жақын тақырыптағы бірнеше элементтер немесе құбылыстар көрсеткішін біріктіреді. Екі немесе үш-төрт құбылыстар немесе көрсеткіштерді біріктіру оқырманға бір құбылысты басқа құбылысқа байланысты орналасу заңдылықтарын салыстыру және бағалауға мүмкіндік береді. Электронды навигациялық карталар осыған мысал бола алады.

3. Синтетикалық геокөріністер күрделі құбылыстарды олардың қасиеттері мен өзара байланыстарымен бірге көрсетеді. Оларда элементтік сипаттамалары жоқ, бірақ геожүйелер туралы жалпы көріністі бере алады [4].



ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келгенде, картографияның теориясы мен тәжірибелерінен біз кез келген картаның үлгі екенін көреміз. Осы картографиялық үлгілер көмегімен нысандарды, үрдістерді, көріністерді көруге мүмкіндік береді. Яғни, кез келген құбылысты үлгілей алады.

Демек, картографияның виртуалды суреттермен тығыз байланыста екенін білеміз. Ал, енді осыдан геокөрініс барлық карталар мен суреттер, блок – диаграммалар, пландар, фотографиялар, әуе – ғарыштық суреттердің орнына қолданылады.

Геокөрініс сонымен қатар, үшөлшемді және төртөлшемді үлгілерді зерттеп, қамтамасыз етіледі.

1. Виртуалды үлгілеуге геокөріністің графикті формасындағы проекциясы, масштабы жатады. Осы геокөріністің негізінде виртуалды үлгілеу жасалады. Яғни, геокөрініс әр түрлі үлгідегі геожүйелердің динамикасын, құрылымын зерттейді.


2. Жалпы айтқанда, геокөрініс – бұл карталар, пландар, фотокарталар, әуе – ғарыштық суреттер. Геокөрініс алу тәсіліне қарай үшке бөлінеді. Олар: жазық және екіөлшемді геокөріністер, көлемді және үшөлшемді геокөріністер, динамикалық үшөлшемді және төртөлшемді геокөріністер.

3. Геокөріністің негізгі екі белгісі бар. Олар: статикалық және динамикалық өлщемдер. Статикалық қасиетіне карталар, түсірілістер, пландар, фотокарталар, электронды карталар, блок диаграммалар, панорамалар, рельефтік үлгілер жатады.



Ал, динамикалық қасиеттеріне анимациялар, слайд-фильмдер, киноатластар, стереофильмдер, стереоанимациялар, виртуалды суреттер және т.б. жатады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. А. М Берлянт «Геоиконика» Москва, 1996ж , 43 – 46 беттер.

  2. Н. Керімбай «Геоинформатика негіздері» (оқу құралы). Алматы:«Қазақ университеті» баспасы, 2007ж, 236 – 239 беттер.

  3. А. М Берлянт «Картография», «КДУ» баспасы, 2010ж, 269 – 272 беттер.

  4. А.М Берлянт «Картоведение», «Аспект Пресс» баспасы, 2003ж, 122-135 беттер.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет