Жоба 2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы



Дата25.02.2016
өлшемі64.17 Kb.
#25959


ЖОБА


2015-2017 жылдарға арналған

Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2015 - 2017 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2015 жылға келесі көлемде бекітілсін:

  1. кірістер – 41 929 020 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша – 23 693 549 мың теңге;

салықтық емес түсімдері бойынша – 2 344 330 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдері бойынша – 165 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 15 726 141 теңге;

2) шығындар – 44 121 161 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 282 193 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 282 193 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 2 474 334 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсiмi – 2 474 334 мың теңге.

қарыздарды қайтару – 0 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

3. Ақтөбе облыстық мәслихатының «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен салықтар түсімдерінің жалпы сомасы Ақтөбе қаласына мынадай мөлшерде бөлінуі белгіленгені еске алынсын:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 28 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша 28 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласының бюджетіне толығымен есептеледі.

4. Қазақстан Республикасының «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5 бабына сәйкес, Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

5. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi - 6 634 823 мың теңге сомасында көзделсiн.

6. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру үрдісін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты облыстық бюджетке нысаналы ағымдағы трансферттер түсімдері жалпы сомасы - 544 199 мың теңге көзделсін

7. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап:



  1. жалақының ең төменгi мөлшерi – 21 364 теңге;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1982 теңге;

  3. базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгiленгені еске және басшылыққа алынсын.

8. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеу;

2) еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

9. 2015 жылға арналған қалалық бюджетке республикалық бюджеттен келесідей ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсетуге – 105 655 мың теңге;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге – 174 263 мың теңге;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге – 1 930 793 мың теңге;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға – 27 578 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 1 793 184 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға – 532 719 мың теңге;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға – 893 568 мың теңге;

профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) – 2 416 мың теңге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

10. 2015 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері мен несиелер түскені ескерілсін:

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 462 351 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға – 3 465 855 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға – 1 099 833 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 658 506 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 358 263 мың теңге;

коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 1 648 589 мың теңге;

Аталған нысаналы кредиттер мен даму трансферттері сомаларын бөлу қала әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

11. 2015 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетіне облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы және даму трансферттері мен несиелер түскені ескерілсін:

елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға – 24 764 мың теңге;

елді мекендердің жете жоспарлау жобаларын, жете жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарларын және құрылыс салу жобаларын әзірлеуге – 37 907 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуге – 1 999 376 мың теңге;

көп пәтерлі тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізуге – 10 245 мың теңге;

бруцеллезбен ауырған, санитарлық союға жіберілетін ауыл шаруашылық малдардың (ірі және ұсақ малдар) құнын (50% дейін) өтеуге – 2 164 мың теңге;

аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің қызметтерін қамтамасыз етуге – 49 600 мың теңге;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге - 101 398 мың теңге;

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 1 327 282 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға – 506 472 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға – 147 625 мың теңге;

ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 198 582 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға – 176 118 мың теңге;

коммуналдық шаруашылығын дамытуға – 183 176 мың теңге;

12. Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві - 524 058 мың теңге сомасында бекітілсін.

13. 2015 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

14. 2014 жылға арналған қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттары бойынша бюджеттік бағдарламалар тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

15. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат Қалалық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы

Е. Назарбаев С. Шынтасова

Жобаны ұсынушы:

Ақтөбе қалалық

экономика және қаржы



бөлімі» ММ басшысы Х.Избастенова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет