Жоба Ахметов



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата05.02.2024
өлшемі174.31 Kb.
#490813
  1   2   3   4   5
Жоба Ахметов



Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Шымкент қаласының білім басқармасы
«Отырар» колледжі
КМ 6 Алған теориялық білімдерін тəжірибеде қолдану 
(Пəн атауы) 
Тақырыбы: Қазіргі айтыстың таралуы жəне дамуы 
Орындаған: Ахметов Мухаммадəли 
Қабылдаған: Суймбаева Шəмшия 
Тобы: Қт-219Б
Шымкент 2023 


Мазмұны
1.Кіріспе..........……………………………………………………………………….3
2.Негізгі бөлім
• Бүгінгі айтыс……………………………………………………………………5
• Айтыс оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері …………8
• Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері……………………………………9
• Қорытынды………
……………………………….……………………………….………………………11

Пайдаланылған әдебиеттер…
……………………………………………………………..….12


Кіріспе
Айтыс — ауыз əдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ 
алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] 
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-
келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, 
эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз 
əдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі əсер-ықпал 
жасап отырған. Батыр жəне лиро-эпос жырларына да əсерін тигізіп, өзі де 
арнасы кең мол салаға айналған. 
Айтыс - ықылым заманнан бері сайын даланы мекен еткен қазақ атты 
халықтың айнымас серігі, ақылшысы, сарапшысы, өткір құралы еді. Сөз 
өнері ғана емес, тапқырлық пен ұшқыр ой, көсемдік пен шешендік 
ұштасқан тіл, діл, ұлт мектебі, өткірлік баспалдағы деп бағаланып келгенін 
көзі қарақты жұртшылықтың бəрі біледі. Осы қасиеттің барлығын 
бойында сақтап, ғасырдан ғасырға, заманнан заманға өзгермей өту мүмкін 
емес, əрине. Уақыт табы, қоғам көзқарасының бедері айтысқа сіңіп, 
көрініс тауып отырады. Сондықтан да бұрынғы айтыс пен бүгінгі 
айтыстың айырмашылығы Жер мен Көктей десек, қателеспеген болар едік. 
Уақытында халық ерекше деп бағаланған Жамбыл мен Құлмамбеттен, 
Біржан мен Сарадан, Кемпірбай мен Шөжеден қалған үздік айтыс үлгілері 
бүгінде ескерткішке айналған. Біржанның мəрттігі, Сараның сөзге 
тоқтаған тектілігі секілді қасиеттер сол ескерткіште тұр. Оны көкірегінің 
көзі, санасының саңылауы барлар ғана аңғаратын, арнайы бұрылып 
іздегендер ғана табарлықтай болып қалған. Оның бергі жағында зобалаң 
жылдарда елмен бірге қуғын-сүргін көріп, жойылып кете жаздап барып, 
қайта оралды айтыс. Бірақ, өзінің бұрынғы қара қылды қақ жарып айтып 
салатын өткірлігінен, тура жолдан таймайтын дала демократиясына, яғни, 
халыққа арқа сүйейтін сенімінен айрылып оралды. Жалтақтау, жасықтау 
болып оралды. Бірақ, қазақ, сол баяғы айтыс өнеріне өлердей ғашық қазақ 
айтысты қайта өсірді. Қалтқысыз құрметпен, ардақтаумен, айтыс 
ақындарын əлпештеумен өсірді. Бірі Оразалы Досбосынов, бірі Бекарыс 
Шойбеков, бірі Еркін Ілиясұлы(бұл тізімді басқа да дүлдүл ақындармен 
толықтыруға болар еді) деп төбелеріне көтерді. Солар «не айтады?» деп 
ауыздарына қарады. Ақындар да ақ пейілді көрерменнің сеніміне қарай 
өнерге қызмет етті. Ел аңсаған ізгілік, мəрттік биігінен тіл қатты. Сол 
жылдардағы айтыстарда оралман ақынға атамекеннен тəбəрікке 
домбырасын сыйлап жіберу немесе ат мінгізу сияқты іс-əрекеттерді 
санамағанда, аталы сөзге тоқтау, жолын беру секілді мейірім шуақты 
көріністер жиі қайталанатын.



Айтыс сөз мектебі ғана емес, ұлттық мінез брендіне тəн сипатта болатын. 
Адалдық,табиғилық иісі аңқып тұратын.
Жанкүйер көрермен айтыстың шаршы алаңында қара терге түскен ақын 
үшін тақым қысып, бірге күйіп-пісетін. Қыз-келіншектен иба, жігіттерден 
ірілік пен өрелілік көріп тəнті болатын, анайы, дөкір сөз айтып қалған 
ақынды сол мезетте-ақ үнсіз ғана қабағымен жасқап жіберетін патша 
көңілді көрермен. Солайша бір-бірін тəрбиелейтін, бір бірліктен табылып, 
біте қайнасып, ұлы өнерді бірге дамытатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет