Жоба Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №09/01 Ақтөбе ауылдық округінің



Дата03.07.2016
өлшемі20.69 Kb.
#175717


Жоба


Аудан әкімдігінің 2014 жылғы

14 наурыздағы № 09/01

«Ақтөбе ауылдық округінің

Ақтөбе ауылы аумағында

карантин белгілеу туралы»

қаулысына өзгерістер

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 09/01 «Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы аумағында карантин белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2562 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 наурыздағы № 11 (1045) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

преамбуладағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2 пункт келесі редакцияда мазмұндалсын:

«2. "Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін».

4 пункт келесі редакцияда мазмұндалсын:

«4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Бұқар жырау ауданының әкімі                       Н.Кобжанов

"КЕЛІСІЛДІ"



"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
_____________ Е. Садиров
2015 жылдың "____" __________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет