Жоба батыс қазақстан облысы



Дата23.02.2016
өлшемі13.94 Kb.
#5989

ЖОБА

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ
2014 жыл «___»________________ №_______
Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы № 1195 «Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орал қаласы әкімдігінің «Орал қаласы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2011 жылғы 02 маусымдағы №1195 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-208 тіркелген, 2001 жылғы 24 маусымдағы №26 «Жайық үні» газетінде және 2011 жылы 01 шілдедегі № 26 «Пульс города» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілісін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10 жолмен толықтырылсын:

«10. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші (асырап алушылар, қамқоршы, қорғаншы) ата-аналар.».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.К.Сатыбалдиевке жүктелсін.



3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
          

Қала әкімінің міндетін

атқарушы Ғ.Орынғалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет