Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2014 жыл 24 маусым №22/207



Дата25.02.2016
өлшемі24.53 Kb.
#23713

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

2014 жыл 24 маусым №22/207




Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы

12 желтоқсандағы № 16/152

«2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 19 205 272,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 13 644 507,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 202 122 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 683 383 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 675 260 мың теңге;



  1. шығындар – 19 750 125,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 67 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 67 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;


5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 902 352,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 902 352,7 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 364 852,7 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қалалық мәслихаттың аппараты басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.

Сессия төрағасы Қалалық мәслихат

хатшысы

Қ. Озғамбаев М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



2014 жыл «24» маусым



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет