Жоба Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының шешімі 2014 жыл 11 қыркүйек №24/218



Дата25.02.2016
өлшемі35.26 Kb.
#24400

Жоба

Бесінші шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

2014 жыл 11 қыркүйек №24/218



Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы

12 желтоқсандағы № 16/152

«2014-2016 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 5 қыркүйектегі №19/292 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №13/188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 12 қыркүйектегі №2494 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №16/152 «2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2327 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2014-2016 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2014 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 20 168 613,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 14 604 878,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 204 122 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 683 383 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 676 230 мың теңге;



  1. шығындар – 20 713 466,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 4 290 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 4 290 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 67 000 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 67 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 4 902 352,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 902 352,7 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 3 537 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 364 852,7 мың теңге».

2 тармақта екінші, үшінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 23,2 пайыз;

әлеуметтік салық – 23,3 пайыз;».

4 тармақта үшінші, сегізінші, оныншы, он төртінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«6 653 мың теңге – негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі химия, физика және биология кабинеттерін жабдықтармен жарықтандыруға;

12 373 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

39 853 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыруға;

271 016 мың теңге – мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Ақтау қалалық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.

Сессия төрағасы Қалалық мәслихат

хатшысы

М.Сауғабаев МММ М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



2014 жыл «11» қыркүйек



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет