Жоба әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және



бет4/7
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148401
1   2   3   4   5   6   7

«2015 -2017 жылдарға арналған

Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2015-2017 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосышаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер 4 051 051,0 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша 620 696,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 120 104,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер бойынша 6 000,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша 3 304 251,0 мың теңге;

2) шығындар 4 051 051,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру 39 478,0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 44 595,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 5 117,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалынатын

операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит) - 39 478,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 39 478,0 мың теңге.

(профицитін пайдалану)

2. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

жеке табыс салығы;

әлеуметтік салық;

мүлiкке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

акциздер;

табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер;

кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар;

мемлекеттік баж;

мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігіндегі түсімдер;

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер

ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша

түсімдері;

мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,

мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан)

ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

басқа да салықтық емес түсiмдер;

жерді сату.

3. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5 бабына сәйкес жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, мемлекет­тік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

4. 2015 жылға арналған аудандық бюджетте орта білім беруде жан басына қаржыландыруды ендіру бойынша апробациялауды жүргізу үшін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес орта білім беретін ұйымдарда білім беру үдерісін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды берумен байланысты республикалық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер жалпы сомасы 195 946,0 мың теңге көзделсін.

5. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2015 жылдың 1 қантарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 21 364 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды

және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл

санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 982 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы- 21 364 теңге.

6. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №250 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілген субвенциялар көлемі 2 021 782,0 мың теңге сомасында бекітілсін.

7. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында мемлекеттiк білім беру тапсырмасын жүзеге асыруға – 17 157,0 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға– 35 948,0 мың теңге;

мемлекеттік қызметте емес мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне жаңа моделдегі айсайынғы төленетін еңбек ақы мен қызметінің ерекше жағдайларына байланысты төленетін үстеме еңбек ақы - 360 507,0 мың теңге;

әкімшілік мемлекеттік қызметкерінің еңбек ақы төлеу деңгейін көтеруіне - 14 893,0 мың теңге;

бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруді жан басына қаржыландыруды анықтап қабылдауға – 300 961,0 мың теңге;

Аталған нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

8. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 3 010,0 мың теңге;

мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге – 2 768,0 мың теңге;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізу және біржолға материалдық көмек көрсетуге - 5 105,0 мың теңге;

Аталған нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түскені ескерілсін:

елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 233 792,0 мың теңге;

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

10. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттер түскені ескерілсін:

елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға - 58 448,0 мың теңге;

мәдениет объектілерін дамытуға – 156 879,0 мың теңге.

Аталған нысаналы даму трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

11. 2015 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

аудандарға бас жоспарын жасақтауға – 37 143,0 мың теңге;

алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан

алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге – 10 110,0 мың теңге;

елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру – 1 238,0 мың теңге;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге -11 784 мың теңге ;

балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беруге -32 726,0 мың теңге;

Аталған нысаналы трансферттерінің сомаларын бөлу аудан әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

12. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві сомасы 14 500,0 мың теңге болып бекітілсін.

13. 2015 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

14. 2015 жылға арналған қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының каржыландыру көлемі 5, 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

15. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы: хатшысы:
Қ.Жаңбырбаев А.Ермағамбет
ЖОБА

«2015 жылы денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарына әлеуметтік

қолдау шараларының ұсыну туралы».


«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары 2015 жылға арналған мөлшері төмендегідей болып белгіленсін:

1) Жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) Тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит он бес жыл мерзімге беріледі; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 пайызды мөлшерінде белгіленсін.

3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 04 мамыр № 3884 номермен тіркелген, «Жаналық жаршысы» аудандық газетінің 2014 жылдың 15 мамыр № 19 санында жарияланған аудандық мәслихатының «2014 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 149 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы хатшысы
А.Ермағамбет

ЖОБА

2015 жылы әскерге шақыру

учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру

және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Әйтеке би ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.

2. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келісім бойынша) азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын.

3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары З.Бөлековаға жүктелсiн.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкiмi А.БЕРДАЛИН

Жоба

Әйтеке би аудандық мәслихатының ШЕШІМІ және аудан әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ
Комсомол ауыл округіне қарасты жер

телімін өндірістік нысандар салу реінде

пайдалану үшін елді мекеннің шегін

өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 108бабының 5тармағына,Қазақстан Республикасының 2001жылғы 16шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет,қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 23-1бабының 1тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Комсомол ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 14 гектар жер телімі алынып, Комсомол аулының шегіне енгізілсін.

Жалпы көлемі 14 гектар жер телімі қосылып, Комсомол елді мекенінің шегі өзгертіліп, елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.

Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.


Аудан әкімі: А. Бердалин

Сессия төрағасы: С. Кішкенебаев
Әйтеке би аудандық мәслихатының ШЕШІМІ және аудан әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ
Комсомол селосы № Жоба
Комсомол ауыл округіне қарасты жер

телімін өндірістік нысандар салу ретінде

пайдалану үшін елді мекеннің шегін

өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 108 бабының 5тармағына, Қазақстан Республикасының 2001жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 23-1 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының тармағына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ, аудан әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Комсомол ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 14 гектар жер телімі алынып, Комсомол аулының шегіне енгізілсін.

2. Жалпы көлемі 14 гектар жер телімі қосылып, Комсомол елді мекенінің шегі өзгертіліп, елді мекенді дамыту және салу схемасы (оңайлатылған бас жоспары) бекітілсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.



Аудан әкімі: А. Бердалин

Сессия төрағасы: С. Кішкенебаев

Аудандық мәсдлихат хатшысы: А. Ермағамбет

ЖОБА

2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытуға мемлекеттік білім беру

тапсырысын, жан басына шаққандағы

қаржыландыру мен ата-ананың ақы

төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2015 жылға Әйтеке би ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепкі дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі: А. Бердалин
Әйтеке би ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «____»____________

№_______ қаулысына

1- қосымша


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысы




Тұрғылықты жердің атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі

ұйымдарға орналастырылатын

балалар саны (адам)


1

Әйтеке би ауданы

693




Барлығы

693

Әйтеке би ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «___»__________

№_________ қаулысына

2 қосымша

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны





Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны(теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақшалар (бөбек балабақша, орталықтар)

Сұйық отынмен жылытатын нысандар

Қатты отынмен жылытатын нысандар

Газбен және орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытатын нысандар

1-ден 3-ке дейін топтар

4-тен5-ке дейін топтар

6-ден7-ге дейін топтар

8-ден9-ға дейін топтар

10-нан және одан артық топтар

1-ден 3-ке дейін топтар

4-тен5-ке дейін топтар

6-ден7-ге дейін топтар

8-ден9-ға дейін топтар

10-нан және одан артық топтар

1-ден 3-ке дейін топтар

4-тен5-ке дейін топтар

6-ден7-ге дейін топтар

8-ден9-ға дейін топтар

10-нан және одан артық топтар

Ауылдық жерде

36734













30654

14321










30620













Қалалық жерде













































Әйтеке би ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «___»__________

№_________ қаулысына

3 қосымша

1 тәрбиеленушіге күніне ата-ананың ақы төлеу мөлшері



Мектепке дейiнгi ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері

(теңге)


Мектепке дейінгі ұйымдар

Балабақша (бөбек- балабақшалар, орталықтар)

Балалар толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар

ұйымдарда болу ұзақтығымен

9-10,5 сағат

12 сағат

250

0

0



ЖОБА

Әйтеке би ауданының

ауылдық елді мекендерге 2015 жылы

жұмыс істеу және тұру үшін келген

денсаулық сақтау, білім беру,

әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,

спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы

мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына келесідей әлеуметтік қолдау шаралары айқындалсын:

1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы


Т.Әбдіжәлелов А. Ермағамбет

ЖОБА

«Мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарына өмірлік қиын жағдай

туындаған кезде көрсететін әлеуметтік

көмектің шекті мөлшерін бекіту туралы»

2014 жылғы 8 тамыздағы № 174

аудандық мәслихатының шешіміне

өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2014 жылғы 8 тамыздағы № 174 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4006 тіркелген, 2014 жылы 4 қыркүйектегі «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. 2 тармағының 2 тармақшасындағы «аудандық білім бөлімі» деген сөздер ««Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет