Жоба іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы



Дата29.02.2016
өлшемі16.54 Kb.
#31132
ЖОБА

Іле аудандық мәслихатының

2013 жылғы 21 желтоқсандағы

«Іле ауданының 2014-2016

жылдарға арналған аудандық

бюджеті туралы № 27-125

шешіміне өзгерістер енгізу

туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 106-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Іле ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 27-125 шешіміне (2013 жылғы 30 желтоқсандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2539 нөмірімен енгізілген, 2014 жылғы 10 қаңтардағы №1-2(4532) аудандық «Іле таңы» газетінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтағы жолдар бойынша:



  1. «Кірістер» «61 917 181» саны «60 879 312» санына ауыстырылсын, оның ішінде:

«трансферттердің түсімдері» «8 190 326» саны «7 152 457» санына ауыстырылсын, оның ішінде:

«ағымдағы нысаналы трансферттер» «2 418 402» саны «1 429 823» санына ауыстырылсын;

«нысаналы даму трансферттері» «5 771 924» саны «5 722 634» санына ауыстырылсын;


  1. «Шығындар» «61 917 181» саны «62 564 115» санына ауыстырылсын.

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Мәслихат сессиясының

төрағасы


Аудандық мәслихаттың

хатшысы

____________ Е. Мұхтарова

____________Е. Тұрымбетов



«КЕЛІСІЛГЕН»
«Іле ауданының экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы Естеусізова Гүлнар

Таутайқызы



10 ақпан 2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет