Медициналық ұйымдарда МККБИ анықтау критерийлері
МККБИ оқиғаларын анықтау пациенттің жағдайын тікелей бақылаудың нәтижесі болып табылады. Ол стационардағы науқастың медициналық картасын зерттеу, зертханалық және басқа диагностикалық зерттеулердің нәтижелері, МККБИ диагностикалық критерийлер жиынтығы және науқасқа медициналық көмек көрсету негізінде анықталады.
Зертханалық мәліметтер клиникалық, биохимиялық және микробиологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ рентген, ультрадыбыстық, компьютерлік томография, ядролық магниттік резонанс, радиоизотопты сканерлеу, эндоскопия, биопсия және пункциялық биопсияны қосқанда диагностикалық зерттеулердің басқа да қосымша әдістерін қамтиды.
МККБИ диагнозын анықтаған кезде науқастың денсаулық сақтау ұйымына инкубациялық және инфекциялық кезеңдерде келуін болдырмау қажет.
Хирургиялық жара инфекциялары
Инфекциялық процестің локализациялануы бойынша хирургиялық араласуға байланысты инфекциялар: тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары, тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциялары және органның/қуыстың хирургиялық араласу айналасындағы инфекциялар болып бөлінеді.
Тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциялары операциядан кейін отыз күннің ішіде пайда болады және тек тілік айналасындағы тері мен теріасты тіндерін қамтиды. Тілік айналасындағы үстіңгі хирургиялық жара инфекциясын анықтау критерийі пациентте инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының кем дегенде біреуінің:
үстіңгі тіліктен іріңді бөліндінің болуы;
үстіңгі тілік айналасынан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі;
хирургиялық тілік айналасының ауырсынуы, аздаған ісіну, қызару, температураның көтерілуі оң нәтижені көрсетеді;
хирургтың немесе басқа емдеуші дәрігердің хирургиялық араласу айналасындағы инфекция диагнозын қоюы болып табылады.
Тілік айналасындағы терең енген хирургиялық жара инфекциясы имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Тілік аймағында терең хирургиялық инфекцияны анықтау критерийлері инфекция операциямен байланысты болып есептелуі және тілік айналасындағы терең жұмсақ тіндерді (фасциялды және бұлшықет қабаттарын) қамтуы және науқаста инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының біреуі:
хирургиялық араласу айналасындағы органнан/ қуыстан емес, тілік тереңдігінен іріңді бөліндінің болуы.
пациентте инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының: жараның шетттерінің өздігінен ашылуы немесе жара себіндісі теріс нәтиже беретін оқиғалардан бөлек, қызбаның болуы (37,5 ° C жоғары) немесе ауырсыну болған кезде хирургтың ашуы;
тексеру, қайта операция жасау, гистопатологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде терең тілік айналасында абсцесс немесе инфекция белгілерінің байқалуы;
хирург немесе басқа емдеуші дәрігер хирургиялық араласу айналасындағы терең енген инфекция диагнозын қоюы болып табылады.
Хирургиялық араласу айналасындағы органдағы/ қуыстағы инфекция имплантат болмаған жағдайда операциядан кейін отыз күннің ішінде немесе операция жасалған жерде имплантат болған кезде бір жылдың ішінде пайда болады. Хирургиялық араласу айналасындағы органдағы/ қуыстағы инфекцияны анықтау критерийлері инфекция операциямен байланысты болып есептелуі және инфекция (операция кезінде ашылған немесе алынған тері тілігінен, фасциялардан және бұлшықет қабаттарынан басқа) организмнің кез-келген бөлігін қамтуы және науқаста инфекцияның келесі белгілерінің немесе симптомдарының біреуі:
органда/ қуыста орнатылған дренажда іріңді бөліндінің болуы;
органнан/ қуыстан асептикалық жолмен алынған сұйықтықтан немесе тіннен микроорганизмдердің бөлінуі;
тексеру, қайта операция жасау, гистопатологиялық немесе рентгенологиялық зерттеу кезінде органды/ қуысты қамтитын абсцесс немесе инфекцияның басқа да белгілерінің байқалуы;
хирург немесе басқа емдеуші дәрігер хирургиялық араласу айналасындағы органдағы/ қуыстағы инфекция (тиісті органдағы операциядан кейін пайда болған перитонит, остеомиелит, пневмония, пиелонефрит, медиастинит, эндометрит, цистит, уретрит, эндокардит) диагнозын ауруханадан шыққаннан кейін отыз тәуліктің ішінде қоюы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |