Жоба тақырыбы


АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата31.05.2024
өлшемі371.57 Kb.
#502166
1   2   3   4   5   6
Проект Археология

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕРІ 
Батыс Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың 
ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары, оларды негізгі 
қазба жұмыстары жүргізілген жердің атымен яғни, Прохоров және 
Суслов мәдениеті деп екі кезеңге бөліп қарастырады.. 
 2.1. ПРОХОРОВ МӘДЕНИЕТІ
Сарматтардың мәдениетінен біршама мағлұмат беретін кезең – 
Прохоров кезеңі. Бұл кезеңде савроматтар Доннан Ембіге дейінгі 
аумақта тіршілік етті. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – жерлеу 
ғұрыпында. Ерте прохоров кезеңінде Политеизм (көп құдайға 
табынушылық) сенімінде болған сарматтар жерленген адамның 
басын оңтүстікке қаратқан. Бұл қабірлердің ішінде ұжымдық 
қабірлер де кездеседі. Ұжымдық қабірлердің ерекшелігі ер 
адамның, әйел адамның да мүрделері қатар жата беріп, жас 
баланың қаңқасы аяқ жаққа орналасады. Археологиялық деректерге 
сүйенсек, 120-дан астам қорымға біріккен 450-ден астам қабірлер 
қазылған. Қыш ыдыс түрлері, садақ пен найза жебелері, тас 
құрбандық ыдыс, айна т.б. көптеген заттық мәдениетке жататын 
бұйымдар табылған. Көптеген ғалымдар Прохоров мәдениетінің 
тұрғындары тілі жағынан көне ирандық топтарға жатқан деп 
санаса, қалғандары ежелгі түркі тайпалар болған деп есептейді.
Прохоров мәдениетінің алтын және қола 
зергерлік бұйымдары


2.2.СУСЛОВ МӘДЕНИЕТІ 
Орта сармат мәдениеті немесе Суслов мәдениеті – Ресей 
мен Украинаның далалық бөлігінде кең таралған темір 
дәуірінің археологиялық мәдениеті. Бұл мәдениет б.з.б. ІІ 
ғасырдың соңы мен б.з. І ғасырдың бас кезімен мерзімделінеді. Бұл 
уақытта сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірлерін қамтыған Орал 
даласынан Буг өзеніне дейінгі аймақта қоныстанды. Мәдениеттің 
негізгі ескерткіштері молалар болып табылады.Өз руластарын олар 
негізінен ескі молалардағы обаларға жерледі. Тар қабір шұңқыр 
мен бүйірі қуыс шұңқырларға жерлеу басым болды. Өліктің басы 
солтүстікке және солтүстік – батысқа қаратылды. Олар шалқасынан 
жатқызылды. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, қабірлерден 
күл мен от қалдықтары, бор кесектері табылған. Мәдениеттің жаңа 
белгілері арасынан бас сүйектің деформацияға ұшырауы 
байқалады. Қолдан жасалған ыдыстар арасында құмыра
табақшалар бар. Кейбірінде кертікті ою – өрнек басым.Табылған 
сырғалар күмістен немесе қоладан жасалып, шеті алтынмен 
көмкерілді. Семсер сыбының басына халцедон орнатылғандары да 
бар. Күміс және қола жасалған ат әбзелдері жиынтығы, алтын 
тағалар да көп. Бұл мәдениеттің атауы 1924 – 1926 жылдары Павел 
Рыков зерттеген Саратов облысындағы Сусловский қорғаны ның
атымен аталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет