Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»



бет1/6
Дата12.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#130738
  1   2   3   4   5   6


Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысымен бекітілген




Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарға енгізу тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі – жоба);

2) индустрияландыру картасы – белгілі бір қаржыландыру көздері, оларды іске асыру жөніндегі кестелері мен іс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіретін индустриялық-инновациялық жүйе мониторингінің (іске асырылуының) құралы (бұдан әрі – карта);

3) республикалық индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі;

4) өңірлік индустрияландыру картасы – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) іске асырылатын жобаларының тізбесі, ол облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулыларымен бекітіледі;

5) өтініш беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға;

6) өңірлік үйлестіру кеңесі – жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);

7) жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссия – мемлекеттік органның қызметкерлері мен тиісті саланы білдіретін бизнес қауымдастық мүшелерінің арасынан келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен құрылатын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – салалық комиссия);

8) уәкілетті орган – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

9) индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – уәкілетті органның жанындағы мүдделі салалық комиссиялар басшыларының қатысуымен индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау мәселесі жөніндегі комиссия (бұдан әрі – штаб);

10) жергілікті уәкілетті орган – тиісті аумақтағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысушы кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы даму, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жұмыс органы.


2. Жобаларды картаға енгізу тәртібі


3. Жобаларды индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңімен жүргізіледі:

1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;

2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау;

3) үшінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау;

4) төртінші кезең – жобаларды экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарау.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы бастамашы болған трансөңірлік (екі және одан астам әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында іске асырылатын) инфрақұрылымдық жобалар, сондай-ақ қаржыландырылуы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын жобалар екінші кезеңнен бастап қаралады.

4. Мынадай:

1) құны 750 млн. теңгеге дейін жобалар, тек өңірлік индустрияландыру картасына қосылады;

2) құны 750 млн. теңгеден 7 500 млн. теңгеге дейінгі жобалар өңірлік индустрияландыру картасына ұсынылады;

3) құны 7 500 млн. теңгеден астам жобалар республикалық индустрияландыру картасына ұсынылады;

5. 4-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жобалар осы Қағидалардың 46, 53-тармақтарында көзделген жағдайларда республикалық немесе өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілуі мүмкін.

6. Өтінімдерді қабылдауды жергілікті уәкілетті орган тұрақты негізде жүзеге асырады.

7. Өтініш беруші жобаны картаға енгізу үшін тиісті өңірдің жергілікті уәкілетті органына мынадай құжаттарды электронды және қағаз тасығыштарда қолма-қол ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның өтініш беруші бекіткен паспорты;

3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың өтініш беруші бекіткен жоспар-кестесі;

4) жобаны қаржыландырудың пысықталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (жобаны қаржыландыру туралы ниеттері және/немесе шешім туралы меморандумдар мен келісімдер);

5) құны 750 млн. теңгеден асатын жобалар үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба жөніндегі ақпарат;

6) 1 бетте мынадай мәліметтерді: жобаның атауын, жобаның мақсатын; өтініш берушіні; іске асыру орнын; іске асыру кезеңін; жобаның жалпы құнын; қаржыландыру құрылымын; күтілетін нәтижелерді; салу және пайдалану кезеңінде жұмыс орындарын құруды қамтитын слайд-тұсаукесер;

7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін бөлу қажет болған жағдайда жерге орналастыру жобаларын әзірлеу туралы құжат қоса беріледі.

8. Құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда жергілікті уәкілетті орган құжаттар тапсырылған күні оларды қарамастан өтініш берушіге қайтарады.

9. Құжаттар қайтарылған жағдайда өтініш беруші жіберілген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін қайтадан жүгінеді.

10. Ескертулер болмаған жағдайда өтінім қабылданады, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі, құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі өтініш берушіге тапсырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет