4.10 Бұрыштық өлшеулер кезіндегі қателіктер
Қателіктердің негізгі көзі болып табылатын:
-Нысаналау мен теодолиттердің дәл болмай орталықтау қателіктері;
-Аспаптық (лимбтың бөлінісінің, алидада эксцентриситетінің қателіктері, коллимациондық қателіктер және т.б.);
-Бұрыштарды өлшеудің қателіктері (есептеулер, келтірулер);
-Сыртқы әсерлердің әсер ету қателіктері.
Орталаықтандырудың әсері:
, (3.8)
Мұндағы:
x = (3..9)
-4-ші класс үшін;
с – А және В пункттері арасындағы 180 ° үшін S1 + S2 тең болатын қабырғаның ұзындығы.
Аспаптық қателіктер (зертханалық жұмыстарды қараңыз);
Нысаналау қателігі
(4.1)
V Нивелирлеу әдістері
Нивелирлеудің мақсаты нүктелердің биіктігін анықтау болып әр түрлі құралдармен және әдістермен орындалады. Нивелирлеуді келесі түрлерге бөледі:
-Геометриялық (жаяу және моторландырылған);
-Тригонометриялық;
-Барометрлік;
-Механикалық;
-Микротегістеу;
-Гидротегістеу;
-Фотограмметриялық әдістері.
Геометриялық нивелирлеу бір нүктенің басқа нүктеден, оған жақын нүктеден асып кетуін нысаналаудың көлденең сәулесі және сол нүктелерде іліп орнатылған рейкалар көмегімен тікелей анықтаудан тұрады. Оны ортадан және алдыға бағыттау түрінде орындайды. Орын ауыстыруды жылдамдату және өлшеудің дәлдігін жоғарлату үшін нивелир және нивелир бригадасын бір бекеттен екіншісіне тасымалдау кезінде автокөліктерді қолданады. Мұндай нивелирлеу моторландырылған деп аталады. Ол аса жылдам жасалынады. Тригонометриялық нивелирлеу – негізінен мемлекеттік геодезиялық жүйеде көрсетілген мақсатта геометриялық нивелирлеу қарастырылмаған аймақтарда 1, 2, 3 және 4 классты пункттерді анықтауға, таулы аймақтарда 1:25000 және 1: 10000 масштабтарда топографиялық түсірілімдер кезінде биік геодезиялық тірек жүйелерін тұрғызу үшін жасалады. 1 және 2 жер бетінің нүктелерінің биіктігінің айырмасын (Н2-Н1) тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтау үшін сол нүктелер арасындағы қашықтықты Д12 және визирлі осьтің иілу бұрышын v1.2 немесе бақыланатын заттың зениттік арақашықтығын Z1.2 білу керек. Тригонометриялық нивелирлеу теодолитпен жүргізіледі. Барометрлік нивелирлеу – жер бетінің екі нүктесінің биіктігінің айырмасын сол нүктелердегі атмосфералық қысымды бір уақытта өлшеу нәтижелері бойынша анықтайды.
Халықаралық бірліктер жүйесінде СИ қысымның бірлігі Паскаль (Па) болып табылады. Атмосфералық қысымды өлшеу үшін Гиетопаскальді қолданады (ГПа): 1ГПа = 0,750062 мм сынап бағанасы бойынша шама.Құралдары микробарометрлер, серіппелі микробаронивелир СМБН болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |