Білім алушылардың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жетекшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Білім алушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексерудің әдіс-тәсілдерін көрсетіңіз
2. Физика бойынша білім алушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау тәсңлдерін көрсетіңіз
3. Білім алушылардың білімдерін тексерудің жазбаша тәсілінің маңызын көрсетіңіз
4. Білім алушылардың білімін тексерудің ауызша тәсілінің түрілерін айтып беріңіз
|
1
|
№6, 7
дәріс
|
Тақырыбы: Физиканы оқытудың бірінші басқышы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Физиканы оқытудың бірінші басқышы.
Жұмыс, энергия ұғымдарын қалыптастыру
Ішкі энегрия ұғымын қалыптастыру
Жылу мөлшері тақырыбын оқыту әдістемесі
Заттардың агрегаттық күйлері тақырыбын оқыту
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Физиканы бірінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушыларды жоғарғы кластардағы физиканы оқытуға дайындық және негізгі физикалық ұғымдармен, шамалармен таныстыру.
Физиканы екінші сатыдағы оқытудың мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету, дамыту және өздерінде бар білімдерін жан-жақты жағдайларға қолдану. Алған білімдерін пәнаралық байланыстарға қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Орта мектепте физиканы оқытудың екінші сатысында мынадай негізгі міндеттер тұр:
физика пәнінен алған алғашқы білімдер жүйесін дамытуы;
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, арттыру;
Мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беру;
Физиканы оқытудың екінші сатысында кейбір бір сатыдағы материалдар тереңдетіліп беріледі. Ол материалдарды оқыту барысында бірінші сатыда алынған білімдерін қайталамай, оны тереңдетіп, жан-жақты дамытып берілуі керек.
9-сыныпта 7-сыныпта алған қозғалыс ұғымы дамытылады, мұнда қозғалыс түрлерімен, үдеу ұғымымен таныстырылады, сонымен бірге механикадағы сақталу заңдары, сақталу заңдарын қолдану, тербелістер және толқындар жайындағы білімдер беріледі.
10-сыныпта 8-кластағы жылу құбылыстары жайында алған алғашқы білім мағлұматтары кеңейтіледі. Сонымен бірге химия курсынан алған салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, мольдік масса ұғымдары дамытылады. МКТ – негізгі қағидалары дәлелдемелерімен танысады. 8-класта алған жылу мөлшері, термодинамиканың бірінші бастамасы, тұрақты ток заңдары және т.б туралы мағлұматтар тереңінен түсіндіріледі.
Мектап физика курсын жаңартудың жаңа бір бағыты ретінде Қазақстан Республикасы мектептерінде орта білім беруді жетілдіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мектеп физика курсын жетілдірудің бағыты бойынша физика пәні 7-9 сыныптар үшін «Физика және астрономия» болып біріктіріліп өтеді де, 10-11 сыныптарда гуманитарлық, жаратылыстану, физика-математика бағыттарында оқытылу көзделіп отыр. Осыған сәйкес физикалық білім берудің стандарты жасалды.
Энергияның негізгі қасиетін мына тұжырымдамамен жеткізуге болады: «жүйенің энергиясы оның күйінің бір мәнді функциясы болып табылады». Ал жүйенің күйі оның параметрлерімен анықталады. Мысалы, жоғары көтерілген дененің потенциялдық энергиясы (Wn)-оның көтерілу биіктігінің (h) функциясы (W=mgh); сол сияқты қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы (W) оның жылдамдығының функциясы ( ) болып табылады.
Оқулықта механикалық жұмыс қарастырылған. Сондықтан оқушыларға механикалық жұмысты анықтайтын негізгі белгілерін айқындап беру керек. “Механикалық жұмысты” кейін “жұмыс” деген қысқаша терминмен ауыстыратындығымызды айта отырып, оны анықтайтын екі белгіге көңіл аударылады. Оның біріншісі – денеге әрекет ететін күш, ал екіншісі- дененің сол күш әрекетінен орын ауыстыруы. Осы екі белгі қатар орындалғанда ғана жұмыс атқырылады.
Осыдан кейін қорытынды ретінде қозғалыс бағытында әрекет еткен күш жұмысының анықтамасы мен формуласы және өлшем бірліктері беріледі. Қорытынды: жұмыс күш пен сол күш бағытында жүрілген жолдың көбейтіндісіне тең, яғни A=F*s .
Қарапайым механизмдерді қарастырғанда олардың жұмыстан ұтыс бермейтініне баса көңіл аудару қажет. Ол үшін әр түрлі қарапайым механизмдерді пайдалана отырып, тәжрибе жүзінде оқушылардың көзін жеткізуге болады. тәжрибелерден алынған нәтижелердің бір-біріне өте дәл үлесепуі салдарына тоқтап, үйкеліс күшін жеңуге де жұмыс атқаратынан айта кеткен жөн. Бірақ біз тәжірибеде кедергі күштер ескермейтінімізді ескерту қажет.
Денелердің тепе-теңдік шартын, күш моменттері ұғымын сызғыш-иіндікті (рычагты) пайдаланып, тәжірибеде жасау арқылы енгізу аса ұтымды болып шығады. Осы ұғымдарға байланысты өте маңызды мәселелердің бірі- иінді таразыларды қолдануға оқушылардың назарын ерекше аудару керек.
Қорыта айтқанда, тақырыптағы негізгі мәселе: қарапайым механизмдерді қолдану арқылы кұштен ұтсақ та, жұмыстан ұта алмайтынымызды (механиканың алты ережесін) оқушыларға жете ұғындыру болып табылады. Сонымен қатар оқушыларға механизмдерді пайдаланғанда үйкеліс күштерінен арыла алмайтынымызды, сол себепті пайдалы жұмыстың толық жұмыстан үнемі кем болатынын жете ұғындыру керек.
Энергия жұмыс ұғымына негізделіп түсіндірілтін болғандықтан, сабақты өткендегі жұмыс туралы оқу материалдарын қайталаудан бастау керек. Әсіресе мынадай сұрақтарға жауапты тиянақтап алған дұрыс: механикалық жұмыс дегеніміз не? Жұмыстың нақты екі белгісі қандай? Ол белгілер қандай формулаларда көрініс тапқан? Жұмыстың бірлігі қандай? Оны қалай анықтайды?
Жұмыс және қуат.Оқушылар бұл тақырыпты өткенге дейін жұмысты адамның әр түрлі еңбегі деп түсінеді, мысалы: дене жұмысы, ой жұмысы, творчестволық жұмыс т.б. Сондықтан мұғалім сабақта жұмыс ұғымының ғылымдағы мазмұнын ашып көрсете білуі тиіс.
Оқушыларға күш әсерінен денелердің қозғалыс жылдамдығының өзгеретіндігі,деформацияланатындығы бұрыннан белгілі.
Енді күш әсерінің нәтижесінде едендегі гирді стол бетіне дейін көтеруге, серіппені сығуға, орындықты жылжытуға болатындығын, бұл жағдайларда механикалық жұмыс істелгендегі айтылады. Күш әсер еткенімен барлық жағдайларда жұмыс жасалына бермейтіндігі түсіндіріледі,мысалы:жіпке ілулі тұрған жүк, столға қойылған гир,сығылған немесе созылған серіппе, инерциямен қозғалып бара жатқан дене.
Механикалық жұмыстың әр түрлі мысалдарын қарастыра отырып, оның негізгі белгілерін анықтау қажет. Жұмыстың негізгі белгілері түскен күш пен орын ауыстыру екендігін жақсы ұғып алуы тиіс. Орын ауыстыру болмаса-жұмыс жоқ, түсірілген күш болмаса да –жұмыс жоқ. Оқушылар жұмыстың әсер жасаушы күш пен жүрілген жолға байланысты болатындығы жөнінде қорытынды жасауы керек.
Келесі кезекте сан мәндері берілген нақты мысалдар арқылы жұмыстың күш әсер ететін ара қашықтықпен байланыстылығы тағайындалады. Ол үшін тақтаға екі оқушы шақырылады. Олардың біреуіне 1кг гирді, ал екіншісіне 5кг гирді еденнен стол үстіне көтеру тапсырылады. «Кім көп жұмыс істеді?» деген сұраққа оқушылар дұрыс жауап береді.Сонан соң екі 5кг гир алынады. Оқушылардың бірінші гирді еденнен көтеріп столға қояды, екіншісі-орындыққа қояды. Жоғарығыдай қойылған оқушылар қиналмай жауап береді. Столдың және орындықтың биіктіктері метрлік сызғышпен өлшенеді. Осыдан мынадай қорытынды жасалады:жұмыс әсер етуші күшке де және осы күштің әсер етуімен жүрілген жолға да байланысты. Жұмыстың екі шаманың көбейтіндісі арқылы өлшенетіндігі айтылады.
Жұмыс=күш х жол,немесе
Тек бұл формуладағы жол күш әсер етуші бағыттағы дененің жүрген жолы екендігіне оқушылардың назары жете аударылады,теріс жұмыс туралы ұғым ендірілмейді.
Мұнан кейін жұмыстың анықтамасы негізінде оның өлшем бірлігі енгізіледі:1Дж=1Н*1м. Бұл бірлік өлшемі көрнекі болуы үшін,оның массасы 100г денені бір биіктікке көтергенде жасалатын жұмыс екендігін айтып түсіндірген жөн.
Энергия жайында түсінік. Біз жоғарыда энергия ұғымын жұмыс ұғымы арқылы енгізуге болатындығын айтқан болатынбыз.Сондықтан,бұл сабақты жұмыс туралы өтілген оқу материалдарын қысқаша қайталаудан бастау керек.
а) Энергия ұғымын қалыптастыру үшін алдымен бірнеше тәжірибе көрсеткен дұрыс:
1.Белгілі бір биіктікке көтерілген гир (дене). Гир қозғалмай тұрғанда жұмыс жасалынбайтындығын, құлап келе жатқанда жұмыс жасалатындығын түсіндіру керек.Олай болса белгілі биіктікке көтерілген грдің жұмыс жасай алатын мүмкіндігі (қабілеті,қасиеті) бар.
2.Сығылған серіппе. Жазылғанда ол шарикті итереді,арбашаны қозғайды, жүкті көтереді-қысқасы сығылған серіппенің жұмыс жасай алатын қабілеті бар.
3.Стол үстінде домалатылған болат шарик. Ол жолына қойылған арбашаны итереді, цилиндрді домалатады және т.б. жұмыс істей алады.
Бұл қарастырылатын денелерге ортақ қасиет – олардың жұмыс жасай алатын мүмкіндігінің болуы. Егер денелердің жұмыс жасай алатын қабілеті болса,онда олардың энергиясы бар деп атаймыз. Олай болса, энергия дегеніміз дененің жұмыс істей алу мүмкіндігін сипаттайтын ерекше физикалық шама. Дене неғұрлым көп жұмыс жасай алатын болса, соғұрлым оның энергиясы да көп.Сондықтан,энергияны жасалуы мүмкін болатын жұмыстың «қоры» ретінд қарастыруға болады. «Энергия» деген грекшеден аударғанда «іс-әрекет» деген сөз екендігі түсіндіріледі.
Энергиясы бар денелердің жұмыс жасай бермейтіндігін, тек олардың жұмыс жасай алатын қабілетінің болатындығын, сондықтан денелерде энергияның бар екендігін білу жай нәрсе емес екенін түсіндіру керек. Денеде энергияның бар екендігін оның жұмысы арқылы ғана анықтауға болатындығына тоқталу орынды.Энергия жөнінде А.Эйнштейннің айтқан мына бір мысалын пайдалануға болады:қайсы бір кісінің өте бай болуымүмкін, бірақ оның байлығын жаратпайтын болса,оның бай екендігін білу мүмкін емес.Сондықтан денелердің энергияға ие болу және оны жоғалту процестеріне ерекше көңіл аударған жөн.Ол үшін оқушылардың күнделікті өмірде жұмыс жасайтын денелерді бақылап жүрген бай практикалық тәжірибесін пайдаланған дұрыс.
Механикалық энергиялардың мұндай ауысуын өмірде қадам басқан сайын бақылауға болатындығын оқушылардың назарын аудару керек: стол бетіндегі заттың орнын ауыстырып қойғанда, орындыққа отырып тұрғанда,этажға көтеріліп түскенде, т.б.
Бұл тақырыпты түсіндіргенде де жұмыс ұғымын кеңірекаша түскен дұрыс. Энергия бір түрден екінші түрге айналғанда жұмыс істелетіндігін,дене күйінің өзгеретіндігін пысықтай түсу керек.
Қорытынды сабақ механикалық энергияның халық шаруашылығында пайдалануына арналады. Негізінен сабақта судың және желдің энергияларының қолданылуы қарастырылады. Бұл сабақты өте қызықты етіп өткізуге болады,ол үшін мұғалімнің жан-жақты дайындығы қажет болады. Бұл тақырып бойынша плакаттар, модельдер, диапозитивтер.кинофильмдерден фрагменттер көрсету мүмкіндігі мол. Тіпті көптеген мұғалімдер тақырып бойынша конфернция, экскурсиялар ұйымдастырады.
Ішкі энергия.Жылулық қозғалыс.
8-класта оқушылар материя қозғалысының жаңа түрі – жылулық қозғалыспен танысады. Бұл сабақты олар 7-класта өтіп кеткен және ұмытыла бастаған молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қайталаудан бастағаны дұрыс. Қайталау кезінде газ тәрізді, сұйық және қатты денелерді құрайтын бөлшектердің қозғалыс ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің қозғалыс ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оларды мысалдар келтіре отырып түсіндіру керек.
Оқушылардың есіне 7-кластан белгілі заттарды бөлшектер құрайтындығын түсіндіріп, ол бөлшектер тынбайтын бейберекет қозғалыста болатындығын түсіндіру керек. Қозғалыстың мұндай түрін жылулық қозғалыс деп атайтындығына тоқталады. Жылулық қозғалыстың механикалық қозғалыс емес екендігіне, бұл қозғалыстың жаңа түрі болып табылатындығына оқушылардың назарын баса аудару керек, өйткені оны механикалық қозғалысты сипаттайтын ұғымдар көмегімен анықтауға болмайды.
Сондай-ақ оқушылардың есіне бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы дененің температурасымен байланысты екендігін салады: бөлшектер неғұрлым шапшаң қозғалса, дене соғұрлым көбірек қызады. Жылулық қозғалыс жөніндегі ұғымға сүйеніп температура ұғымын анықтай түсуге көшеді.
Ішкі энергия ұғымы қазіргі термодинамиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Оның қалыптасуы мен дамуы термодинамиканың бірініші бастамасының айтылуымен байланысты болды. “Ішкі энергия” термині бірден ғылымда қалыптаса қойған жоқ. 19-ғасырдың екінші жартысында оны “белгілі күйдегі дененің механикалық энергиясы”, “әсер функциясы”, “дене энергиясы”, “дененің ішкі жылуы” деп әртүрлі атады. Кеңірек қолданылғаны соңғы термин болды.
Жылу құбылыстарында ішкі энергияның өзгерістері тек молекулалардың кинетикалық және потенциалық энергияларының ғана өзгерісімен байланысты болып қалады. Ішкі энергияны құрайтын басқа бөлшектер өзгеріске түспейді. Сондықтан, орта мектептегі физика курсында жылу құбылыстарын өткенде, ішкі энергияның өзгерісін молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергияларының өзгерісімен ғана байланыстыру өте орынды.
Ішкі энергия ұғымын енгізу үшін алдымен механикалық энергия мен заттардың ішкі құрылымы жөніндегі мәселелерді оқушылардың есіне қайта түсірген дұрыс. Бұлай ету оқушылардың ішкі энергия мен механикалық энергияны шатастырып алмауына көмегін тигізеді. Сонан соң барыа ішкі энергия ұғымын түсіндіруге кіріседі. Ол үшін қулықта берілген қорғасын шадың қорғасын тақтаға құлап түсу тәжірибесін талдаймыз. Олар деформацияланады және қызады, лай болса денені құрайтын бөлшектердің кинетикалық және потенциалық энергиялары артады. Бөлшектердің орташа кинетикалық энергиясы көбейсе, онда дененің температурасы жоғарылайды. Осы жерде тағы да температура молекулалардың хаосты қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі екендігін ескертіп кеткен жөн. Сонан соң ішкі энергияның анықтамасы беріледі.
Тақырыпты түсіндіріп болған соң 8-класс оқушыларымен мынадай қорытындыға келеміз: денелерде механикалық энергиядан басқа энергияның тағы бір түрі бар, ол – ішкі энергия. Бұдан кейін оқушыларға дененің ішкі энергиясының механикалық энергиядан айырмашылығын түсіндіру керек. Механикалық энергия дененің қозғалыс жылдамдығы мен массасына және сол дененің басқа денелерге қатысты орналасуына тәуелді. Ішкі энергия болса бүкіл дененің қозғалыс жылдамдығына тәуелді болмайды. Ол денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы мен олардың өзара орналасуымен анықталады.
Енді денелердің ішкі энергиясын өзгертудің екінші тәсілі жөніндегі мәселені қарастыруға болады, - ол – жылу алмасу деп аталады. Жылу алмасу үрдісін түсіндіргеннен кейін жалпы мынадай қорытынды жасалады: дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен – механикалық жұмыс жасау арқылы және жылу берілу арқылы - өзгертуге болады.
Кейінгі сабақтарда жылу берілудің түрлері қарастырылады: жылуөткізгіштік, конвекция және сәуле шығару (5-сурет).Ішкі энергия, жұмыс, жылу алмасу ұғымдарын оқушыларға меңгертуде және осы ұғымдар арасындағы логикалық байланыстарды көрсетуде 1-суреттегі сызбаны пайдалануға болады.
Дененің ішкі энергиясын жұмыс жасау, жылу беру және алу арқылы өзгертуге болса, оны қалай өлшеуге болады деген сұрақ туады. Бірінші жағдайда, ішкі энергияның өзгерісі жасалған жұмыстың шамасымен есептеледі, ал екіншісінде, дененің сыртқы ортамен алмасқан жылуын есептеу керек. Бұл үшін арнайы жылу мөлшері ұғымы енгізілген. Ол қандай физикалық шамаларға байланысты? Мысалы, жүйеге жылу берілгенде оның температурасы артады, ал алынғанда төмендейтіндігі оқушщыларға күнделікті өмір тәжірибесінен белгілі. Соған сүйеніп, ішкі энергияның өзгерісі оның температурасының өзгерісіне тура пропорционал екендігін, ал соңғысы дененің массасы мен оның тегіне тәуелді болатынына олардың көзін жеткізу қиындық тудырмайды. Бұл тәуелділіктерді сипаттайтын мысалдарды оқушылардың өздерінен сұраған дұрыс.
Сонымен жалпы қорытынды жасалады: денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшері сол денені құрайтын заттың тегіне, оның массасы мен температурасының өзгеру мәніне тәуелді. Жылу мөлшерінің заттың тегіне байланыстылығы, оның масса мен температура өзгерісіне тәуелділігінің пропорционалдығынан туындайды:
,
мұндағы пропорционалдық коэффициент дененің меншікті жылу сыйымдылығы деп аталады және оның мәні заттың тегіне байланысты өзгеріп отырады.
Жылу мөлшері тақырыбын оқыту әдістемесі. «Жылу мөлшері» ұғымын қалыптастыру кезінде, сондай-ақ балқу, қайнау және булану процестерін меңгертуде демонстарциялық эксперименттің маңызы зор. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі. Дененің ішкі энергиясын екі жолмен өзгертуге болатындығын тағы да қысқаша қайталаймыз. Жұмыс жасау нәтижесінде ішкі энергияның өзгерісін жасалған жұмыстың шамасысен өлшейміз де, ал жылу берілу жолымен ішкі энергияның өзгерісін жылу мөлшері ұғымы көмегімен өлшейміз. Жұмыстың әсер етуші күштің шамасы мен жүрілген жолға байланысты болатындығы тәріздес, жылу мөлшері де бірнеше физикалық шамаларға байланысты болады. Қандай шамаларға байланысты болатындығын жеке-жеке қарастырайық..
Алдымен оқушылармен бірге дененің ішкі энергиясы мен оның температурасының арасындағы байланысты еске түсіреміз. Олай болса денеге жылу бергенде оның температурасы артады, ал денеден жылу алып кетсе – оның температурасы төмендейді. Оқушылардың өмірден көріп жүрген тәжірибелеріне сүйеніп, дененің ішкі энергиясының өзгерісі мен оның температурасының өзгерісі арасындағы тура пропорционалдылықты оңай түсіндіруге болады. Қорытынды жасаймыз: дененің температурасын көбірек өзгерту үшін оған соғұрлым көбірек жылу мөлшері берілуі керек.
Мұнан кейін тағы да оқушылардың күнделікті өмірден көріп жүрген құбылыстарына сүйене отырып, денеге берілген жылу мөлшерінің дене температурасын өзгертуі дененің массасына тәуелді екендігіне олардың көзін жеткіземіз.
Дене температурасын (ішкі энергиясын) белгілі шамаға өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері дене затының тегіне тәуелді болатындығын тәжірибе жасап көрсеткен дұрыс. Ол үшін оқулықта келтірілген тәжірибені немес соған ұқсас массалары бірдей, бірақ әртүрлі заттан дайындалған денелер мен тәжірибені көрсетуге болады.
Сөйтіп жалпы қорытынды жасалады: денені қыздыру үшін қажетті немесе ол суығанда бөлініп шығатын жылу мөлшері дене затының тегіне, оның массасына және температурасының өзгеру шамасына тәуелді екен.
Меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу берілу нәтижесінде дененің ішкі энергиясының өзгеруінің дене затының тегіне байланыстылығы меншікті жылу сыйымдылық деп аталатын шамамен сипатталатындығы айтылады. Мысалдар келтіру арқылы меншікті жылу сыйымдылық ұғымының анықтамасы беріледі, заттардың меншікті жылу сыйымдылығының кестесі талқыланады. Сонан соң Тиндаль приборының көмегімен, денелер қыздырғанда қанша жылу мөлшерін алса, суығанда сонша жылу мөлшерін қайтадан бөліп шығаратындығын, тәжірибе жасап көрсету керек.
Оқушылар меншікті жылу сыйымдылықтың мағынасын және жылу мөлшерінің жылу сыйымдылыққа, дене массасына, температуралар айырымына байланысты екендігін түсініп алғаннан кейін формуласын ендіруге болады. Тақырыпты бекіту үшін жылу мөлшерінің мәнін тура есептеуге арналған есептер шығарылады.
Заттардың агрегаттық күйлері. Бұл тақырып бойынша көптеген тәжірибелер арнайы қондырғыны қажет етпейді және бұрын қолданып жүрген құралдармен жүзеге асырылады. Бұл тәжірибелерде оқушыларға меңгерілетін құбылысты олардың бір емес бірнеше рет бақылағандарын, бірақ көптеген нәрсені көре алмағандарын ескерту керек. Мысалы олар қайнау кезінде ауамен және бумен тлтырылған түйіршіктердің пайда болатынына көңіл аудармаған, қайнау басталғаннан кейін беті ашық ыдыста сұйық температурасының көтерілмейтінін, булану кезінде сұйық температурасының төмендейтінін білмеді.
Әсіресе «қатты денелерде молекулалар ретпен орналасатынына» көңіл аудару керек. Олардың ретті тәртіппен орналасуын бұзу үшін молекулааралық тартылу күшін жою мақсатында жұмыс жасау керек. Мұндай жағдайда дененің ішкі энергиясы өзгереді. Кристалл денелердің балқуы және қатаюуы кезінде температураның тұрақиылығын түсіндірген кезде, сондай-ақ меншікті балқу және булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіру кезінде осы қағидаға сүйенуге тура келеді, сондықтан мұны оқушыларға түсіндіру керек. Олар денемен жұмыс жасалған кезде оның энергиясы жоғарылайтынын жақсы білулері керек. Сонымен бірге, агрегаттық күйлердің өзгеруі кезінде молекулалардың жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы өзгермейтінін білулері керек.
Оқушылар өздерінің өмір тәжірибесінде булану процесімен жиі кездесетіндіктен, оларға негізгі құбылысты класс тәжірибесіндегі бақылауға мүмкіндік бері керек. Кез келген мектептің физика кабинеті жағдайындағы тәжірибелер қарапыйм және қызықты, тез есте қалады. Булану жаыфндағы мәселені тәжірибесіз түсіндіру сабақта аз уақытты алады, ауызша баяндаумен оқушылардың көңілін аудару қиынға соғады. Булану құбылысын меңгеру оқушылардың ой-өрісін кеңейтуде үлкен рол атқарады, сондықтан сабақтың көп бөлігінде оқушылардың көңілі булану құбылысына ауғаны пайдалы. |
Достарыңызбен бөлісу: |