Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


Арнайы салыстырмалылық теориясы механика заңдары сияқты электродинамика заңдары да кез-келген инерциялық санақ жүйесіне қатысты дұрыс болатындығын дәлелдеді. Ол уақыт және кеңістік теориясымен қатар п



бет35/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Фоә

Арнайы салыстырмалылық теориясы механика заңдары сияқты электродинамика заңдары да кез-келген инерциялық санақ жүйесіне қатысты дұрыс болатындығын дәлелдеді. Ол уақыт және кеңістік теориясымен қатар пайда болды.

Арнайы салыстырмалылық теориясы принципптер әдіс бойынша құрылған, яғни оның негізінде тәжірибелік факітлермен дәлелденген екі постулат бар.

Салыстырмалылық теориясының кең таралған үш тұжырымдамасы:

1) барлық санақ жүйесі тең құқылы.; барлық инерциялық санақ жүйесінде тек механикалық қана емес, табиғаттың басқа да құбылыстары бірдей өтеді (Эйнштейннің жалпыланған салыстырмалылық принципі).

2) инерциялық санақ жүйесінде жүргізілетін ешбір тәжірибе арқылы осы жүйе қозғала ма әоде тыныштықта ма тағайындау мүмкін емес.

3) барлық физика заңдары барлық санақ жүйесінде бірдей.

Эйнштейннің салыстырмалылық принципінің тәжірибелік дәлелі ретінде Майкельсон (оның қондырғысын, ұсынысын, алынған және күтілетін нәтижелерін) тәжірибесін қарастыруға болады. Бұл тәжірибеде Жердің қозғалыс бағытындағы және перпендикуляр бағыттағы жарық жылдамдығы салыстырылған болатын. Өлшеулер өте дәл арнаулы прибормен – Макельсон интерферометрімен жүргізілген. Эксперименттер тәуліктің әр кезінде және жылдың әр мезгілінде жасалған. Бірақ ылғи теріс нәтижде шығып отырды. Жердің эфирге қатысты қозғалысы аңғарылмады. Мұның әрі 100 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан машинаның терезесінен басыңызды қылқитып сыртқа шығарғанда, қарсы соққан желді сезбегенмен пара-пар болар еді. Сонымен айырқша санақ жүйесінің бар болуы жөніндегі идея тәжірибе жүзінде тексеруге төзе алмады. Бір жағынан бұл – ешбір айрықша ортаның – сондай-ақ айрықша санақ жүйесін байланыстыруға болатын «жарық тасушы эфирдің» жоқ екенін білдіреді.

Көптеген әдіскерлердің пікірлерінше арнайы салыстырмалылық теориясының екінші қағидасының жақсы тұжырымдамасы төмендегідей: барлық санақ жүйесінде жарық жылдамдығы (вакуумда) бірдей және 299792458 м/с тең.

Басқаша айтқанда, ол жарық көзіне де, жарық сигналын қабылдағыштың жылдамдығына да тәуелді болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет