«Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру» факультеті Травматология-ортопедия және онкология кафедрасы


Пәннің саясаты және процедуралары



бет2/12
Дата10.05.2022
өлшемі66.84 Kb.
#456819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1. Онкология силлабус 7 кур каз ЖТД

Пәннің саясаты және процедуралары: білім алуда интерннің өз бетінше аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс істеуіне нұсқаулықтар беру оқытушының консультативті және бастама беру қабілеті оқытудың заманауи әдістерін бейнелейді.
Онкологиялық аурулардың әр тақырыбын оқыған кезде интерн материалдарды біртіндеп түсінеді. Тақырыптың әдістемелік мінездемесінен бастап соңғы нәтижеге жетуге дейінгі мақсаттарын сабақ соңында сұрақ қою арқылы тексеруге болады. Қажетті обьектілерді үйренген кезде оған тапсырмалар картасы, әрекеттердің ориентациялық негізі және оқыту-бақылау тапсырмалары ұсынылады.
Оқу процесі кезінде интернде қажетті жинақтар комплексі болуы керек: кітаптар, информациялық-дидактикалық блоктар, методикалық нұсқаулар, ауру тарихы, слайдтар, кестелер, суреттер және т.б.


Интерндерге оқу процессі кезінде кафедра тарапынан қойылатын талаптары:
​ · Маңызды себептерсіз сабақты жібермеу
​ · Тәжірибелік дағдылар кезінде белсенділік таныту
​ · Сабаққа дайын болу
​ · ИӨЖ кесте бойынша уақтылы орындау және тапсыру
​ · Сабаққа кешікпеу
​ · Сабақ кезінде басқа жұмыстармен шұғылданбау
​ · Онкодеонтологияны сақтау;
​ · Мұғалімге және топтағыларға жақсы көзқараста, ашық болу және шыдамды болу.
​ · Кафедра заттарына сақтықпен қарау.
​ · Себепті жағдайлармен қалдырған сабақтарын уақтылы өтеу.
​ · Себепсіз қалдырылған сабақ көлемі модульдің немесе модульге кірмейтін пәннің 10 % жоғары болса, интерн жазғы қосымша семестрге қалдырылады және жіберген сағаттарын ақылы түрде өтейді.


1.​ Кіріспе
Онкология - бүкіл адамзаттың өзекті мәселелерінің бірін зерттейтін ғылым. Қатерлі ісік медициналық ғалымдардың күш-жігеріне, ғылыми және кәсіби прогресске қарамастан барлық жерде қарқынды өседі. Қатерлі ісіктер салдарынан өлім- қысқармай, елде онкологиялық аурулар әлі күнге жоғары өлім әкелетін аурулар қатарында тұр. Сондықтан, қатерлі ісікпен күрес медицинада денсаулық сақтаудағы маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Біздің ел үшін ең маңызды іс ол ісіктің алдын алу, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу. Бұл проблеманы негізінен алдын алу және ерте диагностикалауды еліміздің жоғары білікті медициналық қызмет шешуге тиіс. Сондықтан, жоғары білікті маман жалпы тәжірибелі маман (ЖТД) даярлау басты ұлттық жоба.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет