Жоғарымектебі



бет10/12
Дата30.09.2023
өлшемі4.86 Mb.
#479258
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Отчет Мукамет Марина

Камералды зерттеу

Жылан сою


Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.

Кесіртке сою
Кесірткелер (Saurіa)  – ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктерді жеп, негізінен, пайда келтіретін жануарлар, бірақ Кесірткелердің арасында денелерінде жәндіктердің, кененің қансорғыш түрлері тіршілік етіп, адамға, жануарларға, малға қауіпті ауру қоздырғыштарын тарататын түрлері де бар. Кесірткелердің терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Кейбір түрлері улы келеді. Жұп копулятивті органдар (жыныстық мүшелер) болады. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды, кейбіреуі жұмыртқадан тірі туу немесе тірілей туу арқылы көбейеді. Кесіртке жұмыртқалаған бойда баласының жұмыртқаны жарып шығуы жұмыртқадан тірі туу деп аталады. Ұсақ түрлері 1 – 2, орташалары 8 – 20, ірілері оннан астам жұмыртқа салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет