Жоғарымектебі



бет11/12
Дата30.09.2023
өлшемі4.86 Mb.
#479258
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Отчет Мукамет Марина

Қ арабалық (Schіzothorax) – тұқылар тұқымдасының бір туысы. Бұларды көкбаспен бірге «тілікшелілер» деп атайды, себебі, бұлардың аналь тесігі мен аналь қанаты ірі қабыршақтармен қоршалған. Қазақстанда Қарабалықтың кәдімгі Қарабалық (Sch. іntermedіus) және Қарабалық (Sch. argentatus) деген түрлері бар. Кәдімгі Қарабалық ең кең тараған түр. Қазақстанда СырдарияТалас өзендері алабында (соның ішінде Асы (Аса) өзен көлдерінде – БилікөлАқкөлАщыкөлде және Ащыбұлақ суқоймасында), Қаратаудан ағатын өзендерде, Түркістан облысындағы Қызылкөл тұйық көлінде кездеседі. Ұзындығы 40 см-ге, салмағы 1,2 кг-ға дейін. Түсі судың мөлдірлігіне қарай өзгереді. Бүйірінде қоңыр дақтар болады. Дене бітімі жұмыр. Екі жұп мұртшалары бар. Қабыршағы майда. 7 жылдай тіршілік етеді. Еті дәмді. Қарабалық үш түр тармағына жіктеледі: балқаш Қарабалығы көкбас Қарабалық және ащыкөл Бұлардың ұзындығы 49 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай болады. Шабақтарының түсі күмістей ақ, ересек дарабастары тіршілік ортасына сәйкес әр түсті: қоңыр күмістен қоңыр сарғышқа дейін өзгереді. Дене бітімі жұмыр. 10 жылдай тіршілік етеді. Қарабалықтардың аталықтары 3 – 8, аналықтары 3 – 9 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын су температурасы 11°С болғанда (8 – 122 мыңдай) тереңд. 1 – 2 м өзен қайраңына, тасты жерлерге шашады. Әр аналық барлық уылдырығын бір мезгілде шашқанмен, популяцияның жалпы уылдырық шашу мерзімі шамамен 2 айға созылады. Тамағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты: балдырлармоллюскілерхирономидтер дернәсілі, т.б. Бұрын Балқаш – Іледе кәсіптік ауланатын негізгі балықтардың бірі болған; көп аулану, жыртқыштарды (көксерке, жайын, ақмарқа) жерсіндіру нәтижесінде 1970 жылдан кәсіптік маңызын жойды. Қазір негізінен Балқаш – Алакөл су алабындағы шағын өзендерде әуесқойлықпен ауланады. Қарабалықтың түр тармағы ішіндегі жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілгені – Көкбас Қарабалықы (Sch. arg. pseudaksaіensіs). Бұл Балқаш – ІлеШу су алабында, Ыстықкөлде тараған. Оның ұзындығы 80 см, салмағы 12 кг, шамамен 17 – 19 жылдай тіршілік етеді.


Ғылыми-зерттеужұмысытуралымәліметтер


Дала қыраны (Aguila pipalensis) – ұябасары аталығына қарағанда ірілеу келетін, сұңқартәрізділер отрядына жататын ерекше тіршілік иесі. Денесінің өлшемі – 85 см, салмағы 5 кг – ға дейін жететін ірі құс. Дала қыраны қанатын кенінен жайған кезде қанатының өлшемі 2,5 метрге дейін жететінін ескеруіміз керек. Осыдан дала қыранының қанатының ұзындығы орташа жастағы адамдардың бой өлшеміненде асып түсетінін байқауымызға болады. Дала қыранының тіршілік ету аймағы жердің тек Солтүстік жартышарында, соның ішінде құнарлыда, құпиялы қазақ жерінде екені баршамызға мәлім. Маңдайымызға біткен бақтың арқасында қырағы қыран құсы Шығыс Қазақстан жерінің көптеген аймақтарында мекен етеді. Сіздер дала қыранын батыс және оңтүстік Алтай бөктерінен, Зайсан ойпаттарынан, Қалба жотасынан, Маңырақ және Сауыр мен Тарбағатай жерлерінен кездестіре аласыздар. Бұл ерке құстың осы аймақтарда көп шоғырланғаны сіздерді таң қалдырып, көкейлеріңізге сауал тудырып отырғаны анық. Осы сауалға жауап берсек: биіктіктің бойтұмарына айналған дала қыранына табиғаттың қолайлы жағдайы өзінің әсерін береді. Қоңыржай белдеуінде орналасқан біздің жерімізде ауа райы тұрақты болғанымен қоймай, дала қыранының қорегі де жетерлік. Нақты тоқтала кететін болсақ: қызыл жүзді жер тиіні (Tamiasciurus hudsonicus), далажәне алтай шиқылдақтары (Certhia), сұр суырлар (Marmota baibacina) және жас қояндар оның ішінде сүйікті қорегі ақ қояндар көптеп кездеседі.Дала қыранының қорегін көздегенінің өзі талайды таңқалдырған болатын. Бұл құс қорегін көк аспанда ауадан іздеп, тырнақ табандарын алға созып, қанаттары бүктелген күйінде құлдилай сырғанап келіп шабуыл жасайды да қоректерінің қашып құтылуына мүмкіндік бермейді.Осы орайда дала қыранының келбетін келістіріп тұратын тұмсығы мен тырнағы туралы қызықты мәліметтерді ұсына кетсек. Орташа есеппен дала қыраны 80 жыл өмір сүреді десек, соның жарты ширегі, яғни 35-40 жылдан кейін оның тұмсығы мен тырнағына жаңарту енгізеді. Ол ескі тұмсығы мен тырнағын биік тау жартастарына барып, қан шыққанша соққылап сындырады. Уақыт өте келе сынған тұмсығымен тырнағының орнына жаңадан қатты тұмсық пен өткір тырнақ жетіледі. Бұл үдеріс дала қыранының қорегін ұстауында жаңа мүмкіндіктер туғызып қана қоймай, алдағы өмірінде аш қалмауына кепіл болады.


Келесі кезекте ерекше құстың популяциясына тоқталуды жөн көрдік. Күн жылынып, көктем басталғанда ұябасарлары жыныстық жағынан жетіліп, көбеюге бейімделе бастайды. Дала қыранының негізгі 3-4 ұясы болады да, жыл сайын сол ұяларын ауыстырып отырады, соның арқасында адамдардың қолына түспеуіне мүмкіншілік жасайды.Ұялары негізінен биік таулардың шыңында, қалың орманды, кең далалы жерлерде, берік ағаштардың басында орналасады. Ұяларының мөлшері шамамен ірі құсқа лайықты түрде жасалады. Аналықтары мен аталықтары қаңтар айында шағылысып, ақпан айында ұяларын жөндеп, көкек айының басында 1-3 – ке дейін бұлыңғыр қоңыр дақтары бар ақшыл жұмыртқа салады. Осы жұмыртқаларды аналығы 40-45 күн ішінде шайқайды, ал аталықтары аналықтарын қорекпен қамтамасыз етілуін өз мойнына алады. Жұмыртқаның көлемі 70-75 мм,көлденеңінен 50-55 мм. Жаңа басылып шыққан балапандардың мамықтары қалың қоңыр – сұр түсті болады, ал 3 аптадан соң олардың мамықтары ақшыл түске ауысады. Әдетте балапандары 60 күннің ішінде қанаттары қатайып, ұяларынан ұшып шығады. Егерде қоректері көп болған жағдайда 45-50 күннің ішінде барлық балапандары аман қала отыра, жаңа өмірге қадам басады. Өкініштісі қорегі азайған кезде кішкентай балапандары өледі, себебі аналықтары артынан қарымды ұрпақ қалуына басты назарын аударады. Аталықтары жаңа балапандарын түлкі, тиін, ақ қоян және шиқылдақтармен қоректендіреді, соның арқасында балапандары етке қатты құмар болып өседі. Осы мезетте қазақтың «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің» - деген сөзін айтып өтпеске болмас. Дала қыраны-моногамды құстар түріне жатады, яғни олар аққу құстар сияқты өмірінің соңына дейін тек бір аналықпен жұптасады.

Жұмыс туралық қорытындылар, ұсыныстар:
Мукамет Марина биология білім беру бағдарламасының студенті аудиторияда алған білімімді іс жүзінде жетекшім Карменова Багдат Казретовнамен Сібе көлдерінде жүзеге асқан оқу іс-тәжірибесін өте жоғары деңгейде шыңдап шықтым.Жәндіктер мен жануарлар,өсімдіктерге жан-жақты зерттеу жүргізіп білімімді шыңдадым. Біз практикада білімді және басқа қажетті мәліметтерді ала-алдық.Бізге практика ұнады.Практика өте қызықты өтті.Бізге өзі білген білімін үйреткені үшін Сібе көлдері мен ондағы өсімдік түрлерімен таныстырып,далалық оқу практикасын қызықты өткізгені үшін жетекшімізге алғысымды білдіремін!


Пайдаланылғанәдебиеттертізімі:

1. Жануарлар әлемі. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д. Әліпбаева. – Астана: Қазақ тіліндегі басылым, қазақ тіліне аударылған.


2. Карменова Б.К. Омыртқасыздар зоологиясының зертханалық жұмыстары.
3. Карменова Б.К. Бунақденелілер биологиясы : монография.
ШҚУ Е Ф 010-22-09

Білімалушыныңқолы



  1. ж.« »_



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет