Жолдармен жұмыс Жол ұғымы



Дата04.01.2024
өлшемі47.91 Kb.
#488504
Жолдармен жұмыс


Жолдармен жұмыс
1. Жол ұғымы
2. Жолдармен жұмыс
Жолдармен жұмыс істеу. Жолдармен жұмыс жасау барысында бірнеше әдістер мен операторларды қолданады. Жолдарды беру синтаксисі:
string = "hello world"
print(string)
Жол стандартты input() функциясы арқылы оқытылады.
Еске салу, екі жолды үшін қосу (конкатенация) операциясы және де жолды саңға көбету операциясы орындалады. Жол таңбалар тізбегінен тұрады. Жол ұзындығын анықтау үшін Len функциясын қолдануға болады.
Питондағы кез-келген объектті жолға түрлендіруге болады. Ол үшін тек str() функциясын шақыртып, оған жолға түрлендіретін объект параметрін жазу керек.
Python мәтіндерді өңдеу, мәтінді іздеу, мәтіннің жеке бөліктерін ауыстыру және т.б. үшін жиі қолданылады. Python-да мәтінмен жұмыс істеу үшін деректердің арнайы жол түрі бар.
Жол-бұл таңбалар тізбегі болып табылатын күрделі мәліметтер түрі.
Егер мәтін бір немесе екі тырнақшаға алынса, Python жолдық нысандарды құрады.
Енгізілген жолды кері оқитын бағдарлама мысалы:

Нәтижесі:



Жұмыстың орындалу барысы

Мысал_1:
Экранға мәтіндерді қосу бағдарламасын жазыңыз:


S1 = 'көк'
S2 = 'жиек'
print(S1 + S2)

Нәтижесі:

Мысал_2
Жолдар функциясы


text = "Hello, World"
print(len(text)) # Вывод: 13
print(text.lower()) # Вывод: hello, world
print(text.upper()) # Вывод: HELLO, WORLD
print(text.count('l')) # Вывод: 3 (количество символов 'l')

Нәтижесі.



Мысал_3
Len жолдың ұзындығын табу:


текст = "Пример строки на Python"
length_text = len(текст)
print("Длина строки:", length_text)

Нәтижесі:





Тапсырмалар

  1. Кері жол. Пайдаланушыдан жолды алып, оны қайта кері жол ретінде басып шығаратын программаны жазыңыз ( Мысалы: бастапқы жол= программист , нәтиже: тсиммаргорп).

  2. Жолдың ұзындығын табыңыз. Берілген мәтініңіздің ұзындығын есептейтін бағдарлама кодын жазыңыз.

  3. Дауысты дыбыстарды санау. Берілген қатардағы дауысты дыбыстардың санын есептейтін программа жазыңыз.

  4. Ішкі жолды табу. Берілген жолда белгілі бір ішкі жолдың бар-жоғын тексеретін бағдарламаны жазыңыз.

  5. Таңбаларды ауыстыру. Жолдағы барлық бос орындарды астын сызу ( _ ) немесе үтір ( , ) арқылы ауыстыратын программа жазыңыз.

  6. Жолды сөздерге бөлу. Енгізілген жолды сөздерге бөлетін және оларды тізім түрінде көрсететін программа жазыңыз.

  7. Енгізу жолындағы әрбір символдың санын есептейтін программа жазыңыз.

  8. Ең ұзын сөзді табу. Енгізу жолындағы ең ұзын сөзді табатын программа жазыңыз.

  9. Сөзді алмастыру. Жолдағы белгілі бір сөздің барлық кездесулерін басқа сөзбен алмастыратын программа жазыңыз.

  10. Барлық ішкі жолдарды табу.Берілген жолдағы берілген ішкі жолдың барлық кездесулерін табатын программаны жазыңыз.

  11. Қайталанатын таңбаларды тексеру. Жолда қайталанатын символдардың болуын анықтайтын программа жазыңыз.

  12. Ең жиі кездесетін сөзді табу. Жолдағы ең көп кездесетін сөзді табатын программа жазыңыз.

  13. Сөйлемдегі сөздерді ауыстырып жазу. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін өзгертетін программа жазыңыз.

  14. Жолдан көшірмелерді жою. Жолдан барлық қайталанатын символдарды алып тастайтын программа жазыңыз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жолдармен жұмыс жасау барысында қолданылатын әдістер қандай?

  2. Жолдармен жұмыс жасау барысында қолданылатын операторлар қандай?

  3. Жолдардың тізімнен айырмашылығы?



Орындалған жұмыс бойынша қорытынды
Атқарылған жұмыстың нәтижелерін қысқаша сипаттаңыз және алынған нәтижелерді талдаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет