Жолдыбалина А. С. Сараптамалық талдау орталықтарының бүгінгі даму үрдісі



Дата23.02.2016
өлшемі158.37 Kb.
#6058


Жолдыбалина А.С.
Сараптамалық талдау орталықтарының бүгінгі даму үрдісі

(әлемдік сараптамалық талдау орталықтарының рейтингісіне

салыстырмалы талдау)
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана)

ХХ ғасырдың аяғында Қазақстанның, сондай-ақ тәуелсіздік алған басқа да посткеңестік мемлекеттердің күн тәртібінде өзінің даму жолын анықтау мәселесі тұрды. Мұндай мәселе кез келген мемлекеттің бір тарихи кезеңдерінде өзекті болып табылады. Бұл мәселені әр мемлекет өзіндік бір ерекшелікпен шешеді.

Кейбір мемлекеттер өз елінің тарихи, әлеуметтік-саяси, рухани ерекшеліктерін ескермей, өзге тәжірибені немесе үлгіні қайталап, жүзеге асыруға тырысады, кейбір мемлекеттер дамудың өзіндік жолын табуға талпынады. Сонымен бірге, осы кезеңдегі мемлекет тарапынан көптеген даму стратегиялары, бағдарламалар, жобалар, доктриналар қабылданып жатады. Осы аталған құжаттарды дайындауға қатысып, оның жүзеге асырылуына мониторинг жасауына, «сараптамалық талдау орталықтары» қатысады. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелерге талдау жасап, сараптамалық баға беру осындай зерттеу ұйымдарының басты міндеттері болуы тиіс.

Сараптамалық талдау орталықтарына нақтылы бір ғана анықтама беру мүмкін емес, бірақ оны үш көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады:



Бірінші көзқарас: сараптамалық талдау орталықтары – бұл тәуелсіз ұйымдар, яғни олар мемлекеттік органдардан, сонымен қатар саяси партиялардан тыс қызмет атқаруы тиіс.

Бірақ, бұл көзқарас негізінен американдық ғалымдарына тән. Еуроодақ мемлекеттерінде сараптамалық талдау орталықтарының тәуелсіз болу принципі соншалықты маңызды болып есептелмейді. Мысалға, қазіргі Германияда сараптамалық талдау орталықтарының қатарына университеттер де жатады. Германия университеттері автономия принципі негізінде қызмет етеді, сол себепті университет ғалымдары өз зерттеулерінде дербестікке ие. Ал бұл фактор университеттерді сараптамалық талдау орталық ретінде есептелуіне негіз бола алады. Дегенмен, толығынан сараптамалық талдау орталықтарының тәуелсіз болуы мүмкін емес, себебі зерттеу миссиясына орталықтың заңды мәртебесі ғана емес, қаржы көзі де өз әсерін тигізеді.



Екінші көзқарас: сараптамалық талдау орталықтары - мемлекеттің саяси жүйесінің бір институты ретінде қарастырып, олардың институтционалдығын әрі құрылымдылығына баса назар аударады, яғни сараптамалық талдау орталықтары институтционалданған болуы қажет. Бұл көзқарас Еуроодақ мемлекеттерінің сараптамалық талдау орталықтарына да тән.

Үшінші көзқарас: сараптамалық талдау орталықтары - билік пен білім арасындағы, мемлекеттік бюрократия әлемі мен сарапшылар әлемі арасындағы делдалдар, брокерлер, медиаторлар.

Негізінен, анықтаманың бұл түрі Еуроодақ мемлекеттеріне емес, көп жағдайда, Шығыс Еуропа мемлекеттерінің сараптамалық талдау орталықтарының қызметін сипаттайды.

Сонымен, сараптамалық талдау орталықтарына қатысты барлық анықтамаларды саралай келе, келесі негізгі тұжырымды айтуға болады: сараптамалық талдау орталықтары - тәуелсіз, дербес, автономды сипатта қызмет атқаратын ұйым, саяси жүйе шеңберіндегі институт, құрылым, қоғам мен билік, ғылым мен билік арасындағы делдал, мемлекеттегі саяси шешім дайындау үдерісінің ажырамас бөлігі.

2007 жылдан бастап жыл сайын сараптамалық талдау орталықтарына қатысты жаһандық рейтинг жарияланады. Бұл рейтинг - АҚШ-тың «Foreign Policy Research Institute» зерттеу институты «Тhink Tanks and Civil Societies Program» бағдарламасының негізінде Пенсильвания университетінің профессоры Джеймс Макганның (James G. McGann) басшылығымен экономикалық, саяси және әлеуметтік тақырыпта объективті әрі шынайы зерттеу жүргізетін сараптамалық талдау орталықтарының толық мәліметтер базасын құру мақсатында жүргізілетін зерттеу жобасы.

Бұл рейтинг әлемдегі сараптаалық талдау орталықтарының өкілдеріне сауалнама жүргізу арқылы анықталады. Олар өз әріптестерін келесі критерийлер бойынша бағалай алады:


  1. мемлекетте және әлемде орталықтың ықпалы;

  2. саясаткерлер мен танымал басылымдар арасында олардың беделі;

  3. академиялық мәртебесі;

  4. зерттеуге жетекші ғалымдар мен сарапшыларды қатыстыру;

  5. саяси көзқарастар мен пікірге ықпалы;

  6. жарияланған мақалалар, сұхбаттар, зерттеулер [1].

Енді, осы 5 жыл жүргізілген зерттеуге салыстырмалы талдау жасауға тырысайық. Жалпы, 2007 жылдың қорытындысы бойынша қорытындысы бойынша әлемде – 5080 сараптамалық талдау орталығы болса, 2011 жылдың қорытындысы бойынша – 6545, яғни 5 жыл ішінде әлемде сараптамалық талдау орталықтарының саны 30%-ға өскен. Сонымен, бірге, өсім тек бір топ мемлекеттер үшін ғана емес, негізінен әлемдегі көптеген мемлекеттерге тән. Бұл үрдісті келесі диаграммадан көруге болады (сурет 1):
Сурет 1 – 2007-2011 жылдар аралығындағы сараптамалық талдау орталықтарының саны

Келесі суретте зерттеуде берілген географиялық шоғырлану принципі бойынша сараптамалық талдау орталықтар саны туралы мәліметтерді көруге болады (сурет 2):
Сурет 2 – 2007-2011 жылдар аралығындағы географиялық шоғырлану принципі бойынша сараптамалық талдау орталықтарының саны

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, әлемде жалпы сараптамалық талдау орталықтарының ұлғаюы байқалады, сонымен бірге, басым бөлігі Солтүстік Америка мен Еуропада орналасқан.

Негізінен рейтинг бағалау, реттеу, жіктеу мағынасымен қатар, белгіленген шкала бойынша қандай ба болмасын күрделі өлшенетін құбылыстарды субъективті бағалауды білдіреді.

Сол себепті осы бес жылдағы зерттеуге біршама салыстырмалы талдау жасасақ, біршама сәйкессіздіктерді табуға болады, сол себепті біршама түсініктемелерді беру қажет.

Төмендегі кестеде (1-ші кесте) бес жыл ішіндегі сараптамалық талдау орталықтарының толық көлемі келтірілген.


Кесте-1 Әлем бойынша 5 жылдағы рейтингтегі сараптамалық талдау орталықтарының саны





Б/м

Ө/м

Б/м

Б/м

Б/м

Б/м

Аймақтар/жылдар

2007

2007

2008

2009

2010

2011

Африка

274




424

503

548

550

Азия

601

635

653

1183

1200

1198

Еуропа, оның ішінде

Батыс Еуропа



Шығыс Еуропа

1681




1722

1750

1757

1795

1198




1208










483

449

514

517

535




Латын Америкасы

408

462

538

647

690

722

Орта Шығыс және Оңтүстік Африка

192




217

273

333

329

Солтүстік Америка

1924

1870

1872

1912

1913

1912

Океания

0




38

39

39

39

Барлығы

5080




5465

6305

6480

6545

*бұл кестеде Б/М – берілген мәлімет, Ө/М – өзгертілген мәлімет
Зерттеу барысында біз 2007 жылғы мәліметтерге біршама өзгерістер енгіздік. Сол өзгерістерге түсініктеме берейік:

Біріншіден, Азия бойынша 2007 жыл мен 2008 жылды салыстырғанда біршама, яғни 601-ден 653-ке өсім бар, бірақ екі жылғы зерттеудің мәліметтерін салыстырсақ, мынаны көруге болады: 2007 жылғы зерттеуде Шығыс Еуропа елдерінің тізіміне посткеңестік елдер, оның ішінде барлық Орталық Азия елдері енгізілген, сол себепті Шығыс Еуропада 483 сараптамалық талдау орталықтың орнына 449 ғана болуы тиіс, ал қалған 34 орталық Азия қатарына енгізілуі тиіс. Азия бойынша 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім Қытай есебінен, яғни 74-тен 428-ге бірден ұлғайған, Үндістан бойынша 121-ден 261-ге ұлғайған. Біздің пікірімізше, бұл шынайы өсім болып табылмайды, бұл 2007 жылы бұл мемлекеттерден толық мәліметтердің болмағандығын көрсетеді.

Екіншіден, Африка континентіне тоқталсақ, 2007 жылмен салыстарғанда 2008 жылғы Гана, Кения, Малави, Нигерия, Оңтүстік Африка мемлекеттері арқылы болған.

Үшіншіден, Солтүстік Америка бойынша 2008 жылғы төмендеу байқалады, себебі 2007 жылғы мәліметтер бойынша Солтүстік Америка сараптамалық орталықтарына Мексика мемлекеті де енгізілген. 2008 жылдан бастап Мексика Латын Америка елдерінің қатарына енгізілген.

Төртіншіден, Латын Америкасы мемлекеттерінде сараптамалық талдау орталықтарын дамыту үрдісі, яғни шынайы өсім байқалады, әсіресе, Парагвай, Аргентина, Боливия, Чили мемлекеттерінде тұрақты даму анықталған.

Бесіншіден, өсім сонымен бірге, Орта Шығыс елдерінде де байқалады, нақтырақ айтсақ, 2009 жылы – Египет, Иран, Ирак, Израиль, Йемен, ал 2010 жылы – Алжир, Египет, Иран, Кувейт, Палестина, Йемен (әсіресе, осы елде екі есе өсім) Түркияда байқалды. Біздің пікірімізше, бұл да шынайы өсім болып табылмайды, бұл осы жылдары бұл мемлекеттерден толық мәліметтердің болмағандығын көрсетеді.

Алтыншыдан, Шығыс Еуропа елдеріндегі өсім, яғни 449-дан 514-ке ұлғайған, Беларусь, Босния, Болгария, Польша, Сербия есебінен, бірақ Словакияда керісінше азаю байқалады.

Жалпы, 2011 жылдың қорытындысы бойынша, сараптамалық талдау орталықтарының дамуында айтарлықтай өсім жоқ, тек Латын Америкасында ғана байқалады.

2011 жылғы посткеңестік мемлекеттердегі жағдайға сипаттама берсек, Украинада – 47, Эстонияда — 17, Грузияда — 12, Литвада – 19, Арменияда - 14, Әзірбайжанда — 12, Беларусияда — 12, Латвияда - 11, Молдовада — 9, Қазақстан (2-ші кестеде барлық жылдар бойынша көрсетілген), Қырғызстан мен Өзбекстанда — 8, Тәжікстанда — 7, Түркменістанда - 0. Бұл жерде толыққанды ақпарат жоқ, себебі, мысалға, Түркменістан мемлекеті бойынша ешбір сараптамалық талдау орталығы жоқ деп көрсетілген, ал бұл мемлекеттегі ірі сараптамалық талдау орталықтарының бірі - Түркменістанның Стратегиялық жоспарлау және экономикалық даму институты бар.
Кесте-2 Қазақстанның сараптамалық талдау орталықтарының саны


Мемлекет/жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстан

7

8

8

8

8

Қазақстанның 5 жылдағы рейтингтегі сараптамалық талдау орталықтарының саны еш өзгеріссіз қалған. Негізінен, бұл да біздің пікірімізше, толыққанды ақпарат болып табылмайды. Әділет министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген 28 сараптамалық талдау орталығы бар. Әрине, барлығы бірдей деңгейде толыққанды жұмыс істейді деп айту мүмкін емес.

2011 жылғы рейтингте Қазақстанның бірде бір сараптамалық талдауы көрініс таппаған, яғни «Азиядағы 30 жетекші сараптамалық талдау орталығы» номинациясы бойынша көрсетілмеген, бірақ бұл рейтингте Өзбекстанның «Экономикалық зерттеулер орталығы» (толығырақ мына сайтта ақпарат http://www.cer.uz/en/) бар, яғни біздің сараптамалық талдау орталықтары әлі де болса, танымал емес.

Бұл рейтингті құру барысында сараптамалық сауалнамамен қатар, олардың сайттарынан да біршама мәліметтер алынған.

Әлемдегі халықтың 60 пайызы ғаламторды қолданады, оның ішінде бірінші орынды Қытай, екіншісін АҚШ, үшінші орынды Жапония иеленген [2].

Халықаралық электробайланыс одағының мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылғы қорытынды бойынша Қазақстан ақпараттық-коммуникативті технологиялар дамуы бойынша 68 орынды иеленген. Ақпараттық-коммуникативті технологиялар даму индексі 11 көрсеткіш бойынша анықталады: ақпараттық-коммуникативті технологияларға қолжетімділік деңгейі, ақпараттық-коммуникативті технологиялар қолдану дағдылары, үй шаруашылықтарының компьютерлену деңгейі, ғаламторды пайдаланушылар саны, адамдардың компьютерлік сауаттылығы және т.б.

Ал үй шаруашылығындағы ғаламтордың дамуы рейтингісінде Қазақстан 34-ші орынды иеленген, яғни қазақстандық үй шаруашылықтарының 33%-ы ғаламторға қосылған, ал 33-ші орында орналасқан [3].

Сараптамалық талдау орталықтары жүргізген зерттеулер нәтижелерін қоғамдастыққа жеткізудің бір механизмі – жеке дербес сайтының болуы, сонымен қатар, аймақтық және халақаралық деңгейге шығып, өзге мемлекеттердің сараптамалық талдау орталықтарымен байланыс орнатып, бірлескен зерттеулер жүргізуге, әлемдік сараптамалық қауымдастықта танымал болуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әр мекеменің өз жеке сайтының болуы сол ұйымның ақпараттық саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Сайт негізінде сараптамалық талдау орталықтары қоғамдық пікірге өз әсерін тигізе алады.



Сараптамалық талдау орталықтарының ақпараттық кеңістіктегі үлесі, әсіресе қазақ тіліндегі саяси сараптаманың деңгейін келесі мәліметтерден көруге болады. Қазақстанда ресми тіркелген 28 сараптамалық талдау орталықтың 13 сараптамалық талдау орталығында жеке сайт бар, оның 5-інде қазақ тіліндегі зерттеулер, мониторингтер нәтижелері орналастырылған. Толық мәліметтерді 6-шы және 7-ші кестеден көреміз.
Кесте-3 Сараптамалық талдау орталықтары сайты туралы ақпарат




Сараптамалық талдау орталығы атауы/ тілдер

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты

+

+

+

2

Қазақстан Республикасы Үкімет және Халық банкі жанындағы ұлттық талдамалық орталық

+

+

+

3

Өзекті зерттеулер орталығы «Альтернатива»

-

+

-

4

Қазақстан гуманитарлық саяси конъюнктура орталығы

+

+

-

5

Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты

+

+

+

6

Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы

+*

+

+*

7

Тәуекелділікті бағалау тобы

-

+

-

8

Әлемдік экономика және саясат институты

-

+

-

9

Қазіргі заманғы саясат халықаралық институты

-

+

-

10

Ksilon Astana CG

-

+

-

11

ЦЕССИ-Қазақстан

+*

+

+*

12

Cаяси шешімдер институты

-

+

-

13

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы

+*

+

-

* - Сайтта қазақ тілі мен ағылшын тілі белгілері болғанмен, ешбір материалдар толыққанды орналастырылмаған.
Жоғарыдағы кесте мәліметтеріне назар аударсақ, мемлекет тарапынан қаржыландырылатын сараптамалық талдау орталықтарында сайттың толыққанды жұмыс істеуі қаржыландыру деңгейін де көрсетеді. Себебі, сайтты жасау және оны үнемі жаңартып отыру біршама қаржы көлемін талап етеді.
Кесте - 4 Қазақстанның сараптамалық талдау орталықтарының сайттарының тіл бойынша көрсеткіштері


Сараптамалық талдау орталықтарының жалпы саны

Сайты бар сараптамалық талдау орталықтар саны

Үш тілде

Екі тілде (қазақ және орыс тілдері)

Бір тілде (орыс тілінде)

28

13

3

2

8



Сурет 3 - Сараптамалық талдау орталықтары сайтының тілдік үлес салмағы


Сонымен, сараптамалық талдау орталықтарының сайтына талдау жасау негізінде, мемлекеттік сараптамалық талдау орталықтары арасында қазақ тілінде зерттеу нәтижелері толығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Қазақстан Республикасы Үкімет және Халық банкі жанындағы ұлттық талдамалық орталықтың, ал жекеменшік сараптамалық талдау орталықтары арасында қазақ тілінде сараптамалық баяндамалар, пікірлемелер, түсіндірмелер толық деңгейде Қазақстан гуманитарлық саяси конъюнктура орталығы сайтында орналастырылған. «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Парламентаризм институтының сайты қазақ тілінде ақпарат болғанмен, зерттеу нәтижелері туралы жалпы ақпарат беріліп, ал зерттеудің толық сипаттамасы, нәтижелері орыс тілінде келтірілген.

Сараптамалық талдау орталықтарының сайттарына талдау негізінде бүгінгі таңда қазақ тіліндегі саяси сараптама толық деңгейде қамтылмай, аз мөлшерде дамығандығын және орыс тіліндегі сараптаманың басымдылығын көруге болады. Сонымен бірге, ағылшын тілінде толыққанды материалдардың болмауы сараптамалық талдау орталықтарының халықаралық деңгейде жұмыс істеуге, әлемдік деңгейдегі жетекші сараптамалық талдау орталықтарымен ынтымақтастық орнатуын қиындатады, себебі шет елдерде сараптамалық талдау орталықтары ұйымның сайтында орналастырылған зерттеулер жөнінде ақпаратты, нәтижелермен танысып, сараптамалық талдау орталықтары туралы кәсіби пікір қалыптастырады.

Сонымен бірге, ақпараттық-коммункаицялық технологиялардың дамуымен сараптамалық талдау орталықтарының жұмыс істеу тәсілдері де, әдістері де өзгерді. Сол себепті соңғы жылдары «топ сипатындағы сараптамалық талдау орталықтары» дами бастады. Яғни мұндай сараптамалық талдау орталықтарының мамандары әлемнің әр түкпірінде болып, бірлесіп қызмет атқара береді. Сол себепті, Қазақстанның сараптамалық талдау орталықтарының қызметін одан әрі дамыту мақсатында ағылшын тіліндегі материалдардың жариялануын ұлғайтып, Ғаламтор және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалануды қажет.
Әдебиеттер:


  1. James G. McGann. The Global «Go-To Think Tanks» - 2007. University of Pennsylvania, Philadelphia, PA USA //Қол жеткізу режимі: http://www.fpri.org/research/thinktanks/mcgann.globalgotothinktanks.pdf.; James G. McGann The Global «Go-To Think Tanks» - 2008. University of Pennsylvania, Philadelphia, PA USA //Режим доступа: http://gtmarket.ru/files/research/Think-Tank-Index-2008.pdf; James G. McGann The Global «Go-To Think Tanks» - 2009 //http://www.ony.unu.edu/2009_Global_Go_To_Report_(Think_Tank_Index)_1.31.10.pdf; James G. McGann The Global «Go-To Think Tanks» - 2010 //http://www.fpri.org/research/thinktanks/GlobalGoToThinkTanks2010.pdf; James G. McGann The Global «Go-To Think Tanks» - 2011 http://www.gotothinktank.com/wp-content/uploads/2012/01/2011GlobalGoToThinkTanksReport-UNEditionWITHOUTLETTER.pdf.

  2. Казахстан занял 68 место в мировом рейтинге развития ИКТ //http://profinance.kz/news/29070-kazastan-zanl-68-mesto-v-mirovom-retinge-razviti.html

  3. Казахстан на 34 месте в рейтинге развития домашнего интернета //http://profinance.kz/news/30315-kazastan-na-34-meste-v-retinge-razviti-domanego.html


Резюме

В данной статье автор анализирует и сравнивает данные исследований по развитию аналитических центров в мире, проведенные американским ученым Дж.МакГанном в период 2007-2011 годов. Автор выявляет и обозначает основные тенденции развития аналитических центров в мире. Также анализирует роль казахстанских аналитических центров в контексте мировых тенденций. Особое внимание уделяет информационной политике и каналам аналитических центров Казахстана, так как является одним из механизмов распространения их основных направлений работы.



Resume

In this article the author analyzes and compares data from studies on the development of think tanks in the world, conducted by American scientists Dzh.MakGannom in the period 2007-2011. The author identifies and indicates the main trends in the development of think tanks in the world. It also examines the role of the Kazakh think tanks in the context of global trends. Particular attention to the information policy think tanks and canals in Kazakhstan, as it is one of the mechanisms for the dissemination of their main areas of work.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет