Жоспа р мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері және олармен жүргізілетін жұмыстар


Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері



бет2/10
Дата14.12.2023
өлшемі183.5 Kb.
#486572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-82473

Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері.



Мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп, оқушының эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі кез келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке-психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі.
Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез-құлқында көрінеді. Сондықтан бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау әдісін қолдандым. Осы мақсатпен баланың мектептегі іс-әрекетінің әр түрлі аспектілерін бейнелейтін бақылау схемасын өңдеп шығардым. Онда: оқу белсенділігі, білімді меңгеруі, сабақтағы, қоңыраудағы мінез-құлқы, сыныптастары және мұғаліммен қарым-қатынасы, эмоционалды көріністері анықталды. Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушысының мінез-құлқының сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелілігінде көрініп, бейімделу мерзімін белгілейді.
Алынған материалдың талдауы балаларды үш топқа бөлуге мүмкіндік береді. Бірінші топ құрамында отыз төрт оқушы бар, бейімделу аз уақытта және шиеленіссіз өтті. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілдігімен, адалдығымен, эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады. Ал екінші топқа отыз сегіз бала бейімделудің кешеуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде, оларда жағымсыз тұлғалық қасиеті бар екендігі белгілі болды: алаңдаушылық, шиеленіс, өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі. Осы топтағылардың жартысынан көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылулары бар болды. Үшінші топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жиырма сегіз бала бар. Оларда сабақ үлгерімі төмен, жаман жұмыс жасауы, өзіне сенімділігінің жоқтығы, алаңдаушылық, шиеленіс, яғни эмоционалды дискомфорт байқалды. Осы топтың бір бөлігі жоғары моторлы қозғыштықпен, танымдық қызығушылықтың төмендігімен сипатталды.
Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген бірінші сыныптағыларға (2-3-топтағы балалар) бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей, онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторлардың болуымен, әр түрлі қиындықтардың себебі болып көбінесе психологиялық дамудың жетіспеулігі екендігі белгілі болды.
Үлгермеушілік – оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейінің оқу бағдарламасында көзделген деңгеймен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы.
Үлгермеушілік – одан әрі оқытуға кедергі болады, бір сыныпта екі жыл оқуға апарып соғады.
Білімнің мазмұнына білімдер, біліктер мен машықтар ғана емес (бұлардың игерілу деңгейін балдық шкала бойынша біршама дәл бағалауға болады), сонымен қатар бағалауға келмейтін шығармашылық қарекет тәжірибесі мен тұлғалық қатынастардың қалыптасуы да кіретін болғандықтан, үлгермеушілікті қанағаттанғысыз бағалармен теңестіруге болмайды. Үлгермеушіік оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі елеулі кемшіліктермен байланысты неғұрлым кең көлемді құбылыс.
Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.
Артта қалушылықтың кейбір ортақ белгілерін саралауға болады (бұл белгілер дидактикада оқу пәндері типтері бойынша топтастырылған).
Мұндай диагностика үшін сауалнама жүргізудің, оқушылардың сабақтағы жұмысы мен эмоциялық реакцияларын бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады. Кейін қалушылық байқалғанда, мұғалім оқушыға жеке консультациялар беріп, топтармен қосымша сабақтар өткізіп, жақсы оқитындардың жәрдемін ұйымдастырып көмектесе алады. Мұндай көмекпен қатар, мұғалім кейін қалушылыққа себеп болған жағдайларға талдау жасайды. Алайда, мұндай жағдайлар оқушы тап болатындай қиыншылықтарға педагог тарапынан жете назар аударылмауының салдарынан да болуы мүмкін. Көптеген оқушылардың артта қалушылығы саралап оқытудағы кемшіліктерден, оқушылардың мүмкіндіктері мен мүдделерінің жете ескерілмеуінен, бағдарламалардың мазмұнының көлемі мен күрделілігінің оны игеруге бөлінетін уақытқа сәйкес болмауынан туындайды. Мұғалімнің жұмысында бұған себеп болатын жағдайлар оқыту әдістемесінің босаңдығына, оқытуда қолданылатын ұйымдастыру нысандарының бірсарындылығына, оқышылардың шығармашылық күштері мен танымдық мүдделерін дамытуға көңіл бөлінбеуіне, сондай-ақ педагогтің білігінің жетімсіздігіне, кейбір жағымсыз қасиеттеріне байланысты болады. Үлгермеушілікті оқышыларды зерделеу, олардың қызметіне талдау жасау, үлгермейтін оқушылар типологиясын саралау негізінде жеңуге болады.
Бұған арналған педагогикалық әдебиетте үлгермеушіліктің себептерін талдауға және жіктеуге барынша назар аударылған. Үлгермеушілікті жою үшін жекелеп оқыту сабақтары, оқу тапсырмаларын жеке-жеке кезеңдерге бөлу, сауалнаманың ерекше шарттары, қосымша сабақтар қолданылады.
Сондай-ақ 2-3 пәннен жылдық бағалары қанағаттанғысыз оқушыларды келесі сыныпқа шартты түрде көшіру қолданылады. Бұл шара оқудың нәтижелері үшін оқушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Шартты түрде көшіру сыныпта екінші жылға қалушыларды азайтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік тәжірибеде екінші жыл оқу оқушыға пайда бермейтінін, жастардың жалпы білім деңгейін төмендетіп, құлықтық тәлім-тәрбиеге зиян келтіретінін көрсетеді.
Зерттеулер мектептегі үлгермеушілік себептерінің үш тобын анықтады:

  1. Әлеуметтік-экономикалық - отбасының материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, отбасындағы жағдай, яғни алкоголизм, ата-аналардың педагогикалық жағынан сауатсыздығы, білімсіздігі. Балаларға жалпы қоғамның жағдайы, бірақ көбінесе отбасы жағдайы үлкен әсер етеді.

  2. Биопсихологиялық – бұл тұқымқуалайтын қасиеттер, мүмкіндіктер, мінез-құлық ерекшеліктері. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, тәрбие және отбасы жағдайы, әлеуметтік ортаға байланысты денсаулықтары жақсы болып туған сәбилердің барлығында даму мүмкіндіктері бірдей.

  3. Педагогикалық – мектептің жұмыс деңгейінің төмендігінде педагогикалық орынсыздық қателердің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалімнің кәсіби әрекеті, баланың дамуында жетекші фактор.

Зерттеулер арқылы оқу процесі барысындағы нақты үлгермеушілік себептерін атап өтуге болады:

  • қатаң түрде білім беру жүйесі, баланың қажеттілігіне сай келмейтін, барлығына бірдей білім мазмұны;

  • оқыту формаларын, әдістерін таңдаудағы бірізділік, білім беруде көңіл-күйді ескермеу;

  • оқытудың нақты мақсаттарын белгілей алмау және қорытындыларға тиімді бақылаудың болмауы.

Тұрақты түрде жоғары үлгерімдегі оқушылар арасында психологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде, бұл балалардың өздерінің жеке ерекшеліктері бар екені байқалады. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына кіретін ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған білімдерін жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде өздігінше қолдана алады. Көбінесе үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы бағалайды, кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған ортаның мақтауының нәтижесінде өзі-өзін асыра, жоғары бағалау да кездеседі. Мұндай оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой еңбегінен аз шаршайды. Осы жағымды факторлардан бәрі бірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.


Тұрақты түрде үлгерімі төмен оқушылардызерттей отырып басқаша мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі байқалды. Олар таным компонеттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді.
Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.
Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау қажет.
Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компонеттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компонеттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Мектепке дейінгі балалармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі дидактикалық және рольдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттаырықты зейін мен ырықсыз есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.
Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді.
Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.
Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға (ән айту, спортпен шұғылдану, сурет салу т.б.) арналған.
Көптеген психологтар мен оқытушылар оқу үрдісінде (проблемалық қиын ситуациялар құру) танымдық процестердің дамуына ғана көңіл бөлу жеткіліксіз деген шешім шығарды, сонымен қатар арнайы жаттығулар, тренингтер, ойын сабақтарын ұйымдастыру арқылы олардың ойлау процестерін, қиялдау, сете сақтау сияқты таным тәсілдерін жетілдіре түсу керектігіне көп көңіл бөлген.
Осы жұмыс процесінде бағыт бойынша кейбір жаңа тәжірибелер жинақталып, көбіне жеке сұрақтар арқылы ойын сабағын ұйымдастыру осындай тренингтің тиімділігін айқындайды.
Оқушылардың таным процестерінің қалыптасуында түрлі жағдайлар кездеседі. Балалардың кейбірі ойын кезінде, бір-бірімен қатынас кезінде ақылды және аса тапқыр келеді де, ал сабақта, практикалық жұмыста, үй тапсырмасын орындауда оқу-танымдық іс-әрекетіне өте шорқақ болып шығады. Мұндай балалардың психологиялық диагностикасын мұқият қараған кезде таным процесінің құрылымында ешқандай ақау байқалмайды, бірақ оқу-таным әрекетінде толық қызығушылығына эмоционалды жеке бастық коммуникативті қиындықтар кедергі келтіретіні байқалады.
Олар сабақ кезінде ғана емес, таным процесіндегі ойын, тренинг кезінде өзін көрсетуіне және ары қарай дамуына кедергі келтіреді, мұндай балалар сөйлемегенді, мүмкіндігінше үндемей құтылғанды жөн көреді, жиі ойын тапсырмаларынан бас тартып




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет