ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
№1 Дәріс: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
Жоспар:
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі
3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні
4. Қылмыстық процесс сатылары
5. Қылмыстық процесс принциптері
1 сұрақ.. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері
Қоғамдық қатынас ішіндегі күрделісінің бірі жасалған қылмысты тергеу оны сотта қарап әділ шешумен байланысты қатынастар және ол қылмыпен күрестің маңызды бір бөлігі.
Біріншіден, Қылмыстық іс жүргізу құқығы (құқық саласы ретінде) қылмыстық іс жүргізу өндірісін, яғни қылмыстық істі қозғаудан бастап, оны алдын ала тергеу (тергеу мен анықтау), сотта қарап, талқылау және шешу, екінші саты сот деңгейлерінде қажет болғанда қайта қарап шешу тәртібін реттейтін арнайы құқық нормаларының жиынтығын айтады. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылым саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі институттары мен олардың проблемалық сұрақтарын зерттеуге бағытталған құқықтық идеялардың, тұжырымдардың, ғылыми ой-пікірлердің жиынтығы. ол заңнаманың өзін де зерттейді, оны жетілдіруге көмектеседі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы деген- қылмыстық заңмен тиым салынған іс әрекеттерді немесе қылмыстарды ашу тергеу сотта жан- жақты қарап әділ шешуге байланысты мемлекеттік арнаулы уәкілетті орган қызметін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығын зерттеу пәні бұл қылмыстық процес немесе қылмыстық іс жүргізу.
Жалпы құқықтың қайнар көздері деген- белгілі бір қоғамдық қатынасты реттеу кезінде қолданылатын заң актілері.
Олар құқық теориясында материялдық және формальдік деп бөлінеді.
Формальды қайнар көзі- ол қылмыстық іс жүргізу кодексі, ол конституцияға негізделген.
Жалпы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен қайнар көзінің ішіне Қазақстан қол қойған халық аралық келісім шарттар жоғарғы сотпен конституциялық кеңес нормаларының қаулысы және нормалары кіреді.
Ал конституцияға сәйкес аталған қаулылар ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі.
1. Қылмыстық іс жүргізу кодекс 13 желтоқсан 1997 ж қабылданып 1998 ж 1 қаңтарда күшіне енді.Бұл заң 2 бөлімнен тұрады. ҚР аумағында қылмыстық іс жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. ҚР келісім шарттар- Минск, одан кейін Кишинев Конвенциясы немесе қылмыстық, азаматтық, отбасылық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенция.
(1993 ж қабылданған ТМД мемлекеттерінің арасында). Осы халықаралық шарт қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуге арналған.
3.Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары: конституцияға сәйкес ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі. Бұл нормативті қаулылылар жоғарғы соттың жалпы республика бойынша сот тәжірибесін жинақтап талқылауына байланысты қабылданады.
Мысалы: Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу жөнінде сот тәжірибесі туралы.
4. Конституциялық кеңестің нормативтік қаулылары.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі
Жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімінде қылмыстық іс жургізу занманасы және оның қолдану шектері.
б. Қылмыстық процесс принциптері
в. Қылмыстық процесс субъект
г. Қылмыстық процесс қудалау нысаны
д. Қылмыстық процесс дәлелдеме және дәлелдеу
е. Қылмыстық процесуалдық мәжбірлеу шаралары
ж. Қылмыстық процесс мерзімдері
з. Қылмыстық процестегі азаматтық талап
Қылмыстық іс жүргізу ерекше бөлімінде қылмыстық процесс жекелеген сатылары мен оның ерекшеліктері, сонымен қатар, жекелеген қылмыстық істі қараудың поцессуалдық ерекшеліктері анықталған.
3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні
Уголовный процесс это лакмусовая бумажка, которая показывает состояние правовой системы и демократии (Смирнов. Формы процесса. -Санкт-Петербург)
Қылмыстық процес- бұл арнайы мемлекеттік орган жүргізетін арнайы қызмет.
Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- бұл арнаулы мемлекеттік органмен кейбір жекеленген субектілердің заңмен жекеленген субектілердің заңмен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет.
Тарихи қылмыстық поцесстің әр түрлі нысандарын атауға болады және олардың өзіндік ерекшелігі бар, солардың ішінде заң әдебиеттерінде келесі түрлері көрсетілген:
1. Айыптаушы немесе инквизициялық процесс (орта ғасыр)
2. Жарыстылық процессі (состязательный процесс)
Бұл 17-18 ғасырларда пайда болған формасы жарыстылыққа тән сипаттар
1. Екі тарап (айыптау және қорғау)
2. Екі тараптың тең дәрежеде болуы
3. Бейтарап, арбитр болуы
4. Қылмыстық іс жургізу сатылары.
1. Қылмыстық істі қозғау (возбуждение УД)
2. Қылмыстық істі алдын ала тергеу (анықтау және алдын ала тергеу)
3. Қылмыстық істі алдын ала тыңдау,
4. Басты сот талқылауы
5. Апелляциялық сатыда қылмыстық істі қайта қарау
6. Сот шешімін орындау
7. Қадағалау сатысында қылмыстық істі қайта қарау
8. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық істі қайта қарау
5. Қылмыстық процесс принциптері.
Жалпы принцип дегеніміз белгілі бір қызметтің мән –маңызын, мазмұнын, оның негізгі жағдайлары мен қағидаларын анықтайтын, басшылыққа алатын негізгі идеялар.
Осыған байланысты қылмыстық ІЖК 9-бабында принциптердің мәні мен маңызы көрсетілген. Атап айтқанда,
ҚІЖҚ-де 10-31 баптарда қылмыстық іс жүргізудің 22 принципі айқындалған. олардың ішінде: зандылық; сот әдлеттігін тек соттың ғана жузеге асыруы; адам мен азаматтың құқықтарын соттың қорғауы, сот тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы және т.б.
Дәріс № 2: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ (ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ)
1. Қылмыстық қудалау ұғымы,негізгі шарттары.
2. Қылмыстық қудалау нысандары.
3. Қылмыстық қудалау мүкін болдырмау мән жайлар.
1.Қылмыстық қудалау маңызды процестік функцяларының бірі.Бұл арнайы уәкілетті мемлекеттік организацияларға жүктелген.Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 7-і бабына сәйкес қылмыстық ізге түсу дегеніміз-қылмыстық заңмен тыйым салынатын әрекетпен оны жасаған адамды сол адамның қылмыс жасауындағы анықтау мақсатында сондай-ақ осы адамға жаза немесе өзге де қылмыстық қатынастар ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі.
Бұл арнаулы мемлекет огандар жүктелген пракурор тергеуші,анықтау органдары жане анықтаушы.
Осы анықтауға байланысты белгілі профессор М.Страковичтың айтуынша-«қылмыстық ізге түсу тек осы әрекетті жасаған адам белгілі болған кезде ғана басталады» деп аталады.
Ал біздің заңнамада қылмыстық ізке түсудің кеңірек түсініктемесі берілген.
Қылмыстық ізге түсуді тек айыптау органдары іске асыратынына қарамастан ол келесі талаптарға сәйкес болу керек:
1. Заңға сәйкестік .
2.Жәбірленушіге сотқа жүгінуге және өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік жасау.
3. Айыпталушының заңға сәйкес өз мүдделерін қорғау,құқықтық қамтамасыз ету.
4.Моральдық, адамгершілік нормаларының сақталуы, жалпы алғанда қылмыстық айыптау орган жұмыстарына кедергі жасау заңда көрсетілген жауапкершілікке әкеледі.
2.Заңға сәйкес қылмыстық қудалаудың 3 нысаны бар:
1.Жеке айыптау істері (105,111,123,129,130,145 (1-і бөлімі), т.б. баптары).
2.Жеке жария айыптау істері ( 103,104 (1-і бөлімі), 117 (1,2 бөлімдері), 120 (1-і бөлімі), 121 (1-і бөлімі), т.б. баптары).
3.Қалған 33,34-і баптарында көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау жариялы түрде іске асырылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 37-і бабына сәйкес келесі жағдайларда қылмыстық іс қозғалмайды,қозғалған іс тоқталуы тиіс:
1.Егер қылмыс оқиғасы болмаса.
2.Жасалған іс әрекетте қылмыс құрамы болмаса.
3.Амнистия (Рақымшылық актісі) қабылданған болса.
4.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты.
5.Жеке немесе жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің өтініші болмаса немесе олар айыптаудан бас тартса.
6.Егер тұлға қылмысты ақыл-есі дұрыс емес жағдайда жасаса.(Егер оған қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болмаса).
7.Қылмысты жасына толмаған адам жасаса.
8.Егер тұлға қылмыстық заңнаманың жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылса.
Осы жоғарыда көрсетілген мән-жайлар ақтаушы және ақтаушы емес болып бөлінеді.(Реабилитирующие).
№3 Дәріс ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС СУБЬЕКТІЛЕРІ
1. Қылмыстық процесс субъектілерінің ұғымы
2. Сот - әділсот органы ретінде
3. Қылмыстық қудалауды іске асыру органдары
4. Қылмыстық қудалауда қорғаншы тарап
5. Қылмыстық іс жүргізу қатысушысы өзгеде тұлғалар
6. Қылмыстық процесске қатысушылардың қамтамасыз ету мәселелері
1. ҚР конституциялық заңы «Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25.12.2000ж.
2. «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР заңы 5.12. 1997 ж.
3. «Прокуратура туралы» ҚР заңы 09.08.2002 ж.
4.«Жедел іздестіру туралы» ҚР заңы өзгерістер мен толықтырулар 1994 ж.
5. «Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау» ҚР заңы 05.07.2000 ж.
6. «Алқабилер туралы» ҚР заңы 16.01.2006ж.
1. Жалпы қылмыстық процесс қатынастар туралы заңдағы әдебиеттер әртүрлі ақпарат бар, соның ішінде кейбір Ресейлік ғылымдар қылмыстық процесске қатынастар және қылмыстық процесс субектінің арасында айырмашылық бар деп есептейді.
Қазақтың процесуалисі Төлеубекова Б.Қ. «Бұл ұғымдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ», тең дәрежелі дефиниция деп есептейді.
Қылмыстық процеске қатынастар (субектілері) дегеніміз- құқықтың мәртебелі қылмыстық іс жүргізу және басқадай заң актілерін реттелген белгілі бір процесуалдық құқықтары мен міндеттері бар тұлғалары.
2. Сот және сот органы ретінде жалпы сот билігі мемлекеттің бір тармағы сондықтан оған үлкен міндет жөнделіп мәртебелері конституциялық заңмен реттелген.
Тек қана соттың құзіреті ретінде:
1. Тұлғаны қылмыс жасаған үшін кінәлі деп тану.
2. Тұлғаға қылмыстық жаза және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау.
3. Тек сотта ғана төменгі соттың шешімдерін өзгертуге құқылы.
Сот қызметкеріне байланысты конституция және қылмыстық іс жүргізу заңда бірнеше принциптер көрсетілген (соттың тәуелсіздігі) әділ соттың іске асыруға байланысты маңызды кепілдігінің бірі.
Әділ сот дегеніміз бір жағынан қызмет (әділ сотты іске асыру) екінші жағынан сол қызметтің нәтижесі.
Әділсот ұғымы-ақиқат,шындық,әділдік сөзімен тығыз байланысты.
3. Прокуратура-сол тұлғалардың ішінде қамқоршы заңына сәйкес заңдылық сақталуын және дұрыс қолданылуын қадағалайтын мемлекеттік орган.
Қылмыстық іс бойынша прокурор мемлекеттік айыптауды жүзеге асырады,қылмыстық процесс барлық сатыларда және жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкестігін алдын-ала тіркеу және анықтау қызметін заңға сәйкестігін,сот шешімдерін заңға сәйкестігін қадағалайды.
Прокурордың өкілеттілігі:
1. Қылмыстық істі қозғау
2.Жекелеген тергеу амалдарына санкция беру
3.Тергеу әрекеттеріне кез келген уақытта қатыса алады.Қылмыстық істі кез-келген уақытта тексере алады,тергеу барысында келіп түскен шағымдарды қарастырады
4.Тергеушінің айыптау қорытындысын өзгерте алады
5. Қылмыстық істі уақытша тоқтатуға құқылы
Тергеуші:үш мемлекеттік тергеу органдары:
а. Ішкі істер органдары
б. Сыбайлас жемқорлықпен және экономилық қылмыспен күрес Агенттігі департаменті (қаржы полициясы)
в. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті (КНБ) органы
Анықтаушы:
Қылмыстық іс жүргзу кодексінің 65 бабына сәйкес: бірнеше мемлекеттік орган анықтау органы болып табылады (3 тергеу органдары, әділсот органы, қорғау қызметі, шетелдер елшілігінің қызметі, өрт қауіпсіздігі, кеден органы)
Анықтау 10 күнде аяқталуы керек немесе 1 ай мерзімге анықтау органы басшысының шешімімен ұзартылады.
Қорғаушы (Адвокат) қылмыстық іс бойынша сезікті айыпталушы өз мүдделерін өздері қөрғануына мүмкүн немесе кәсіби адвокатқа немесе өзінің туыстары қорғау мүмкүн.
Қорғаушының қылмыстық іске міндетті қатысу жағдайы:
1. Сезікті немесе айыпталушының қалауы бойынша
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істер бойынша
3 Қылмыстық Заңмен тиым салынған іс әрекетті, ақыл-емі дұрыс емес жағдайда
4. Қылмыстық іс бойынша бірнеше сезікті немесе айыпталушы болып олардың көрсетулеріне сәйкес
5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргзуге жәбірленушінің немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысса
6. Айыпталушы немесе сотталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамау қолданылса
7. Айыпталушыға немесе сотталушыға жасалған қылмыс үшін жаза мөлшері 10 асатын немесе өлім жазасы қолданылатын қылмыс құрамы бойынша айып жазылса
8. Іске прокурор қатысса
5. Жалпы процес субектілерін жіктеуіне келетін болсақ олардың атқаратын процесс функциясына сәйкес
1. Әділсот бейтарап субьект
2. Қылмыстық қудалауды іске асыратын мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар (прокурор, анықтаушы, тергеуші)
3. Өздерінің немесе сеніп тапсырған мүдделерін қорғау тарабы, (сезікті, айыптаушы, қорғаушы (адвокат),азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер олардың өкілдері)
4. Ешқандай процесуалды мүдесі жоқ өзгеде тұлғалар, бірақ қылмыстық процесті жүргізуге ат салысады. (кәгер, куә, маман, сарапшы, аудармашы, сот приставы, сот мәжілісінің хатшысы)
Куә (свидетель) дегеніміз- қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша белгілі бір мән жайлар мәлім тұлға. ҚР қылмыстық заңға сәйкес куә өзіне мәлім деректерді толық айтуға міндетті, егер ол куәлік етуден бас тартса немесе айтқаны шындыққа сәйкес болмаса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Заңға сәйкес келесі тұлғалар куәлік етуден босатылады (свидетельский иммунитет) :
-
Өзінің жасаған іс-әрекеттеріне куәлік етуге
-
Жақын туыстарына
-
Діни қызметкер-өзіне сеніп тапсырылған (тайна исповедий)
-
Қорғаушы (өз қызметі бойынша қорғауды іске қатысып жүрген тұлғаға қатысты куәлік етуден босатылады)
Қылмыстық іс жүргзу кәгерге жастық цензура (жасынабайланыстышек) қойылмаған. Талап:
1. ақыл есі дұрыстығымен
2. қоршаған ақпаратты дұрыс қабылдауы
Куә 14 жасқа толмаса міндетті түрде педагог қатысады (ата-анасы, заңды өкілдері) заңды өкілдері (қорғаушысы)
14-18 жас –педагок қатысады, жауап алушының ұйғарымына қарайды.
Қылмыстық жауапкершілік жасы куәнің – 16 жас.
Куәгер (понятой) дегеніміз – жасы 18 толған іске мүдделі емес және белгілі бір процесуалдық іс шаралардың жүргізілгендігін оның нәтижелерін куәлендіретін тұлға (өз еркімен)
Маман – бұл арнаулы білімі және біліктілігі бар қылмыстық процеске ат салысушы өз көмегін көрсететін тұлға, ол әр түрлі мамандық иесі болуы мүмкүн, іске қатысатын маман белгілі бір процессуалдық іс әрекеттерге қатысып процесуалдық құжаттарды дұрыс толтыруына көмектеседі.
Сарапшы – дегеніміз ол арнаулы ғылыми білімі бар сараптау мекемес орталығының қызметкері немесе лицензия негізінде сараптама қызметін көрсетуші тұлға. Сараптама туралы ҚР заңына сәйкес бұ міндетті түрде лицензиялауға жататын қызмет түрі.
Сарапшының құқықтарымен міндеттері:
1. Сараптама жүргізуге байланысты істің мән жайын ашу
2. Сараптама жүргізуге байланысты үлгілерді немесе дәлелдемелерді ...
3. Міндетті обьективті түрде сараптама жүргізу заңға сәйкес сараптама қортындысын беру
4. Белгілі болған ақпараттардың құпиялығын сақтау
Сараптама жүргізу арнайы қаулыға сәйкес тағайындалады.
6. Қылмыстық процесстің ерекшеліктеріне байланысты және қылмыстық істің мазмұнына қарай процесс мүшелеріне, оның өмірімен туыстарына қатер тууы мүмкін.
Сондықтан судья, тергеуші, жоғарыда көрсетілген субьектілердің барлығы қорғауға жатады.
«Қылмыстық процесске қатысушыларды қорғау» туралы ҚР заңына (05.07.2000ж) сәйкес 13 қауіпсіздік шарасы көрсетілген (конспектілеу).
№4 ДӘРІС ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ
1.Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы.
2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері
3. Дәлелдеу пәні.
4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері.
1. Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше. Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден, дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау.
Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің, тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы.
Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115-131 б ғана емес (15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары.
2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері. ҚІЖК 115-б. Дәлелдемелердің мынадай анықтамасы берілген – қылмыстық заңда көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, оның кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін, маңызы бар өзгеде мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер.
Заңға сәйкес дәлелдемелердің келесі шектеулі түрлері бар:1) сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулері; 2) сарапшының қорытындысы; 3) аттай айғақтар; 4) іс жүргізу хаттамалары және өзгеде құжаттар.
Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдемелер теориясына сай дәлелдемелер әртүрлі негізге сай жіктеледі:1) дәлелдеу көздерімен байланысы бойынша. Жеке және заттай дәлелдемелер болып бөлінеді. Жеке дәлелдемелер – адамдардан алынады (куәнің, сезіктінің көрсетулері).
2) алғашқы және туынды дәлелдемелер. Алғашқы дәлелдемелер – бірінші көзден алынған дәлелдемелер. Туынды – яғни, бұл алғашқы дәлелмелерге керісінше, туынды емес, басқа көздерден алынған дәлелдемелер.
3) Дәлелдемелердің сипаты бойынша: ақтаушы және айыптаушы дәлелдемелер.
4) Тікелей және жанама дәлелдемелер. Қылмыс жасағанын нақты меңзейтін дәлелдемелер тікелей деп аталады, ал жанама дегеніміз – болғанын көрсетеді, бірақ ол қылмыс жасағаны немесе жасамағаны белгісіз.
3. Дәлелдеу пәні. Дәлелдеу пәні дегеніміз – қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс мән-жайлардың жиынтығы. ҚІЖК 17-б сәйкес оған келесі мән-жайлар жатады: 1) қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы (уақыты, орны, жағдайлар); 2) осы тыйым салған әрекетті кімнің жасағаны; 3) оның кінәлігі және кінәсінің нысандары; 4) қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлар; 5) қылмыстың зардаптары (жәбірленушіге өтеп беру үшін, қалпына келтіру); 6) келтірілген ияны мен мөлшері; 7) қылмыстық әрекеттерін жоққа шығаратын мән-жайлар (аса қажеттілік, орынды тәуекел); 8) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкелетін мән-жайлар; 9) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар.
Ал кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс бойынша ҚК 481-б. Көрсетілген мән-жайлар көрсетілу тиіс (нақты жаса, тәрбиелену жағдайы және өмір сүру жағдайлары, психо-физиологиялық және интеллектуалдық даму деңгейі, өз құрдастары мен ересектер ықпалы).
4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері.Дәлелдеу қызметі келесі элементтерден тұрады: 1) Дәлелдемелерді жинау. Өз ішінде ол дәлелдемелер табу, бекіту және алу.
2) дәлелдемелерді зерттеу (оларды талдау, басқа дәлелдемелермен салыстыру, алыну көздерін тексеру).
3) дәлелдемелерді бағалау.
№5 Дәріс:ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
-
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері.
-
Сезіктіні ұстау және оның негіздері
-
Бұлтартпау шаралары
-
Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары
-
Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары мен адам құқықтарын қорғау мәселелері.
1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері. ҚІЖ өзінің мазмұны бойынша, іс бойынша дәлелдемелерді жинау үшін әртүрлі процессуалдық іс-әрекеттерден тұрады. Олар қылмыстық істі алдын ала анықтау және тергеу, оны сотта қарап шешуді, талқылап қамтамасыз ететін іс-әрекеттер. Ол әрекеттің барлығы қылмыстық іс бойынша обьективті шындыққа жетуге негізделген. Ал қылмыстық процесте оған кедергі келтіретін субьектілерде бар (сезікті, айыпталуыш, сотталушы, азаматтардың жауаптары). Осылардың тарапынан кедергі болмау үшін ҚІЖ заңнамасында арнайы мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Сипаты бойынша олардың біразы адам бостандығын шектеумен байланысты болса, кейбіреулерінің мүліктік сипаты бар немесе қымет лауаымы мен байланысты. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөліп қарастыруға болады:
1-топ сезіктіні ұстау;
2-топ бұлтартпау шаралары;
3-топ процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары.
2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері.Сезікі дегеніміз – бұл қылмыс жасады деп күмән келтірген оған қатысты қылмыстықіс қозғалған не ұстауды жүзеге асырғанға дейін немесе айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданған адам. Сезікті ұстауға байланысты негіздер ҚІЖ 132-б көрсетілген.
Сезікті ретінде ұсталғанда міндетті түрде хаттама толырылады. Онда тұлғаның ұстаудығының нақты уақыты, орны және ұстау жағдайлары көрсетіледі.Сонымен қатар онда жеке тінту нәтижелері жазылады. Сезікті ретінде ұстау 72 сағ. Көлемінде ғана ұстайды. Әрі қарай басқад а бұлтартпау шарасын қолданады немесе босатылады. Сезікті ретінде прокурорға 12 сағат ішінде жазбаша хабарланады.
3. Бұлтартпау шаралары. ҚІЖК бұлтатпау шарасының 7 түрі көрсетілген:
1) ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Маңызы сезіктіге түсіндіріледі.
2) Жеке кепіл. Кепіл болатын адамдар саны 2-ден кем болмау керек, жасы кәмілетке толған, әрі сенім білдіруге болатын тұлғалар. Өз міндеттемелерін дұрыс орындау үшін 100 айлықесеп көрсеткіші ретінде айыппұл салунуы мүмкін.
3) кәмілетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкіліне немесе тәрбиеленіп жатқан мекеменің әкімшілігіне тапсыру. Бұл арнайы кәмілетке толмағандарға қолданылады.
4) әскери адамды әскери командованияның қарауына беру.
5) Кепілпұл. Кепілпұл – заңда көрсетілген мөлшерде ақшалай немесе заттай түрде болуы мүмкін. Соңғы жағдайда құнын кепіл беруші өзі дәлелдеуі тиіс. Бұл кепілпұл мүлкі соттың депозитіне өткізіледі. Кепілпұлдың мөлшері:1) онша ауыр емес қылмыстар үшін 100 а.е.к
2) ауырлығы орташа абайсыда жасалған қылмыс үшін – 300 а.е.к
3) ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыс үшін – 500 а.е.к
4) ауыр қылмыстар үшін – 1000 а.е.к
5) аса ауыр қылмыстар үшін – кепілпұл қолданылмайды. Кепілпұлды қолдану үшін тергеушінің қаулысымен қоса міндетті түрде санкция қажет.
6) үйде қамау. Жас ерекшіліктеріне, денсаулығына, отбасына байланысты қолданылуы мүмкін.
7) қамау- заң саласында ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы ретінде. 1) Ол шара ретінде (ә.қ.б. үшін); 2) процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде (қылмыстық процесте); 3) қамау – қылмыстық жаза ретінде. Қамауға алынғандар тергеу изоляторында қамалады. Қамауға алудың жалпы мерзімі 2 ай. Оған соттың санкциясы қажет. Тергеушінің негізделген қаулысы бойынша сот шешімімен 3,6,9 айға ұартылуы мүмкін.
4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары. Өзгеде мәжбүрлеу шараларына:
- сотқа келуге міндеттеме қою;
- алып келу;
- қызметтен шектеу;
- мүлікке тыйым салу;
- ақшалай өндіріп алу.
Осы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда міндетті түрде қаулы шығарады. Қаулы 3 бөлімнен тұрады:
-
кіріспе бөлім;
-
сипаттама;
-
қарар бөлім
№6 ДӘРІС ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУ
1. Қылмыстық істі қозғау ұғымы
2. Қылмыстық істі қозғау,негізі,себептері
3. Қылмыстық істі қозғаудың процессуалдық тәртібі
1.Қылмыстық іс қозғау- қылмыстық процесс сатыларының жеке дара алғашқы және сенімді сатысы,бұның жеке саты болып табылуына осы сатының алдына қойылған мақсатты дәлел болады.Ал міндетті болып саналатын себебі қылмыстық істі ресми түрде қозғағанша жекеленген тергеу амалдарынан басқа процестің іс шараларды жүргізуге тыиым салынған.Ал жекеленген тергеу амалдарының өзі салық ішінде тексеру( осмотр) және сараптама жүргізу. Осы қылмыстық істі қозғауға негіздің бар, жоқ екендігін анықтау үшін жүргізіледі.
Қылмыстық істі қозғау дегеніміз – арнаулы өкілетті мемлекеттік органның (анықтаушы, тергеуші, прокурор) қылмыстық істің немесе заңмен тыйым салынған қоғамға қауыпты іс әрекеттің белгілерін анықтай отырып осы іс бойынша өндірісті бастау тұралы шешімі.
Жоғарыда көрсетілген өкілетті органдар тергеу ретіне сай қылмыстық істерді қозғайды немесе тиісінше органға жібереді.
Аумақтық
Тергеу ретіне байланысты аумақтық тергеу реті немесе қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес әрбір орган тергеу, уәкілеттік шегіндегі тергеу реті (ҰҚК, І І О,Финполиция)
Жалпы ҚІЖ дегеніміз – бұл бір текті ірекет емес әр түрлі тексеру шараларын туралы қіж сатысы
2. ҚІЖК 177 бабында қылмыстық істі қозғауға түрткі болатын себептер:
а. Азаматтық арыздары (жазбаша, ауызша)
б. Кінәсі мойындап келу
в. Мемлекеттік органдағы лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функциясын атқарып отырған адамның хабарламасы.
г. БАҚ құрамдары.
1. ҚІЖК сәйкес кейбір қылмыс категориясына байланысты жеке және жария айыптау істері тек қана жәбірлеушінің істері бойынша қорғауы айқындалады.
Ауызша берілген арыздар міндетті түрде хаттамаға тіркеледі.
Адамдардың өтініштері сол шағым түскен мемлекеттік органға тіркелуі тиіс және ол жөнінде анықтама береді.
б. Өз кінәсін мойындап келу – яғни тұлғаның өзі жасадым деп келіп тұрғаны (азаматтың) хабарламасы, бұл хабарламасы міндетті түрде арыз өтінішке түсініп сонымен қатар өз кінәсін мойындап келген және басқа біреудіңкінәсін өз мойнына көтермеу үшін «кінәсін мойындап келседе» тексеріледі.
Бұл қылмыстық істі қозғауға түрткі болып саналады және егер өкілетті органға жасалған қылмыс туралы ақпарат болмаса.
в. Мемлекеттік органда лауазымды тұлғасын немесе ұйымдарда басқарушылық қызмет атқаратын тұлғалардың хабаршысы.
г.Б.А көздеріндегі хабарлама(СМИ)олар өздері жарияланған қылмыстар жөніндегі ақпаратты егер оны ұсынған тұлғамен келісім болмаса өкілетті органдардың талабы бойынша беруі керек.
д. Қылмыстық істі қозғауға өкілетті органның өз қызмет барысында белгілі бір қылмыстық белгілерін табу.
№7 ДӘРІС: БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ.
-
Қылмыстық істердің сотылығы.
-
Келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың іс- әрекеті.
-
Басты сот талқылауының дайындық бөлімі.
-
Басты сот талқылауындағы сот тергеуі.
-
Сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі.
-
Сот шешімін (үкім) шығару.
Әдебиеттер: Жоғарғы соттың Нормативтік қаулылары.
-
Қылмыстық істерді қайта тергеуге жіберу туралы.
-
Сот үкімі туралы.
1.Қылмыстық істердің соттылығы туралы айтқанда, нақты бір істің қылмыстық істердің белгілі бір категорияларын талқылап өз өндірісіне алу мүмкіндігін айтамыз.Заң әдебиеттерінде қылмыстық істер соттылығының келесі түрлері аталады:
1) аумақтық
2) пәндік атауына соттылығы жөнінде айтуға болады.
Қылмыстық істердің басым бөлігі аудандық және қалалық соттарда қаралады. Облыстық және оған теңестірілген Соттарда қылмыстық заң бойынша өлім жазасы тағайындалу мүмкін қылмыстар,соның ішінде 96- баптың 2- тармағы 375-380 баптар, 159 – баптың 2- тармағы және тағы басқа.Сонымен қатар ақыл-есі кем тұлғаларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға байланысты істерді қарайды.
Қазақстан Республикасының ЖС қылмыстық істер бойынша апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот болып есептеледі.
Әскери соттардың соттылығы. Бұл қылмыстық кодекстің 16- тармағында көрсетілген қылмыстар. Сонымен қатар әскери адамдардың немесе уақытша әскери жиынға келіп жүрген тұлғалардың барлық қылмыстары, шпиондық әрекеттер осы әскери соттарда қаралады.
Қылмыстық істердің соттылығы туралы сұрақтарды жоғары тұрған сот өз қаулысымен шешеді және оған шағым жазуға болмайды.
2. Келіп түскен іс бойынша сот 5- тәулік ішінде келесі шешімдердің біреуін қабылдауы тиіс:
1) Басты Сот талқылауын тағайындау туралы.
2) Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу туралы. Қазір ғылыми шеңберде Соттың бұл әрекетіне қарсы көзқарастар бар, өйткені қылмыстық істі қайта тергеуге жіберудің 1- негізі. Ол айыпталушыға басқа айып тағу керек болса немесе басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қозғау қажеттілігі болса және осы іспен байланысты болса, 2- негізі Тағылған айыпты ауырлату керек болса, алғашқысынан өзгеше басқа айып тағу керек болса.
3) Қылмыстық істі уақытша тоқтата тұру туралы. (Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 50 – бабында оның негіздері көрсетілген, қылмыс жасаған адам беймәлім болса немесе ол қашып жүрген болса. 2- шіден егер Сот конститутциялық Кеңеске жүгінсе. Айыпталынушының немесе сотталушының ауыр дертке шалдығуы. Сотталушы немесе айыпталушының сотталудан,қылмыстық қудалаудан имунитетін айыру сұрақтарын шешу туралы).Мысалы: Депутатқа қол сұқпалаушылық.
4) Соттылығы бойынша істі жіберу.
5) Қылмыстық істі тоқтату туралы.Қылмыстық істерді қосу туралы.
Осы аталған шешімдердің барлығы қаулы түрінде шығарылады. Басты Сот талқылауы тараптарға хабарлағаннан кейін 3 – күннен 13 – күн аралығында бастауға тиіс. Басты Сот талқылауының мерзімі 1 – ай. Ол судьяның қаулысы бойынша ұзартылуы мүмкін. Басты Сот талқылауының дайындық бөлімі.
3 сұрақ.
№8 ДӘРІС: ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі кезде әлем елдерінің әрбіреуінде өзінің дербес құқықтық жүйесі соның ішінде өзінің қылмыстық іс жүргізу құқығы қалыптасқан. Әр мемлекетте жеке жазылған қылмыстық іс-жүргізу кодексі бар, өзіне тән амал тәсілдерді қолданады, өзінің діни, тарихи, мәдени, экономикалық және өзге факторларды ескере отырып қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу, тергеу, өндіріс жүргізу тәжірибесін қалыптастырған. Алайда белгілі параметрлерді, сипаттарды және мінездемелерді еске ала отырып заңгер ғалымдар қылмыстық іс-жүргізудің келесі түрлерін анықтады. Жарыс процессі англосаксондық құқық моделін ұстанатын мемлекеттерде тараған (Англия, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия). Оның ерекшелігі қылмыстық процесстің екі жағы да (қорғау,айыптау) тең, оларға бірдей заңды мүмкіндіктер берілген. Ал сот арбитр рөлін жүзеге асырады. Дәлелдемелердің баға беруі кейбір формалды элементтерді (дәлелдемелер стандарты, дәлелдемелерді қолдану мүмкінділігінің нормативті бекітілуі) еске ала отырып ішкі сенімі бойынша жасалады. Аралас процесс көбінесе континенталды Еуропа және кейбір Азия және Африка мемлекеттеріне тән. Оның классикалық мысалы ретінде (Германия, Австрия, Бельгия, Италия, Франция) табылады. Аралас процесстің еркшелігі сотқа дейіңгі сатыларда инквизициялық процесстің элементтерінің басым болуы (жариялықтың жоқтығы, айыпталушының өзін өзі қорғаудың мүмкіндіктерінің шектелуі), ал істі сотта қарастырған кезде жарыс элементтері тән болуында, оның атауы да осыдан шыққан [1].
Дәлелдемелер жүйесі судьялардың ішкі сенімділігіне негізделіп дәлелдемелерді еркін бағалауынан тұрады. Дәлелдемелердің маңыздылығы мен бағалылығы олардың судьяға жасаған әсерінен тәуелді болады.
Сонымен қатар қарастырылған процесс түрлерінен басқа діни әдет ғұрыптық қоғамдарда қолданылатын қылмыстық іс жүргізу де әрекет етеді. Оның негізгі ерекшелігі барлық қылмыстық іс-жүргізу әрекеттері қасиетті жазбаларға және соның негізінде қалыптасқан нормалар талаптарына сай жүргізілуінде. Осыған әсіресе ислам құқығы фикхтағы қылмыстық іс-жүргізу жақсы мысал болып табылады. Фикх бойынша әрбір қылмыстық іс бойынша шешімді судья қади қабылдайды. Қади фикхтың қайнар көздері болып табылатын Қасиетті Құран мен Суннаны Мұхаммед Пайғамбар Саллалаху алейхи салам әдет ғұрпын өте жақсы білу керек және оның шешімі де соның негізінде қабылданады. Дәлелдемелер жүйесінде орталық орынды куәлар алады. Куә болып ақыл есі дұрыс ересек мұсылман ғана болып табылады. Әрбір іс бойынша куә ретінде екі ер немесе төрт мұсылман әйел қажет. Жаза ретінде кейбір ауыр қылмыстар бойынша тальондық жазалар (қолын шабу, таспен ұрып өлтіру) қолданылуы мүмкін. Айта кететін жайт ислам құқығы бойынша ұрлық болып тек құны төрт жарым динардан шамамен тоғыз мың теңгеден асатын затты алған болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары әсіресе Батыс ақпарат құралдары арқылы таратылып, ислам құқығы жайлы қалыптасқан кері ұғым салдарынан ислам қылмыстық іс жүргізілуіне толық ғылыми және тәжірибелік баға берілмей отыр. Ал ең жақсы дәлел болып жалпы ислам діні ресми дін болып табылатын мемлекеттерде Катар, БАӘ, Бруней, Малайзия қылмыстылықтың төмен болуы табылады [2].
1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстанда бұрыңғы Кеңес Одағында әрекет еткен құқықтық жүйенің, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу және әділсоттылық жүйесінің әсері өте күшті болды. Іс жүзінде барлық он бес Кеңес республикасында қолданыста болған Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу Кодекстері бірінен бірі айнымайтын. Осы жерде әрине алдында айта кеткен Кеңестік құқықтық жүйе және әсіресе әділсоттылық жүйесі жайлы айтпай кетуге болмайды. Өзінің алғаш құрылғанынан ақ қатыгездік, бір жақты айыптауға бағытталғандық, өзінің жаулары болып табылатын саяси және қылмыстық элементтерге қарсы бағытталғандық, олардың құқықтарын аяққа басу, қылмыстылық және құқық бұзушылық мәселелерін күшпен жою идеологиясы тән еді. Құқық қорғау органдары соның ішінде соттқа дейіңгі өндіріс жүргізетін және сот органдарының әрекет етуі көбінесе бір жақты айыптауды қоданған еді, кеңестік қылмыстық іс жүргізудің мақсаты осы айыпталушының кінәсін қалайда дәлелдеп оны отырғызу болғандай еді. Өткен ғасырдың отызыншы қырқыншы жылдарында гүлдеңген бұл жүйе кейін әсіресе жетпісінші сексенінші жылдарда гуманизацияға бағытталған кейбір өзгерулерді еске алмағанда жалпы сипаттарын және әдіс тәсілдерін сақтады. Алайда заң ғылымы және заңгер ғалымдар көзқарасы бойынша кеңестік қылмыстық процесстің олқылықтары мен кереғарлықтарын еске ала отырып оны романо германдық жүйеде қолданыс тапқан аралас қылмыстық процесске қосады [2].
Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан әрине осы жүйеден қалған белеңсіз жақтарынан қалайда тез құтылуды жөн көрді. Мемлекетімізде осыған бағытталған көптеген реформалар жүргізілді, қылмыстық іс жүргізу органдар жүйесі, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы өзгерді. Батыс мемлекеттерінің соның ішінде Ұлыбритания мен Францияның құқықтық тәжірибелерін кең қолдана бастады. Сонымен қатар бұл жердегі айта кететін жайт осы реформаларды жүргізген кезде біздің мемлекетіміздің жергілікті ерекшеліктерін оның азаматтарының психологиясы мен менталлитетін ескермеген жағдайлар болды. Кез келген ұсақ идеялар біздің мемлекетте нормативті акт нысанын алды, заң статусына ие болды.
Бұл жерде біз үшін қызығушылықты кезінде Кеңестік Одақтың сателлиттері болған және оның құқықтық жүйесінің көптеген жақтарын сіңірген. Бірақ кейін тәуелсідікке қол жеткізіп қазіргі кезде Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылатын Шығыс Еуропа мемлекеттерінің соның ішінде Польша Республикасының тәжірибесі жасап отыр. Польша Варшавалық Одақтың ыдырауынан кейін социалистік жолдан бұрылып социалисттік жүйеден толығымен бас тартты. Құқықтық жүйе соның ішінде конституциялық, азаматтық, әкімшілік және өзге құқық салалары түбірімен өзгерді. Заңнама өзгертілді, жаңа Конституция қабылданды. Бірақ поляктар әрекет етіп отырған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын айтарлықтай өзгерткен жоқ. Ең ірі өзгертулердің бірі Қылмыстық іс жүргізу Кодексіндегі «Kodeks Postepowania Karnego» қағидаларының ішінде Қылмыстық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтарын сақтау гарантияларының пайда болуы болып табылады. Бұрыңғы қылмыстық іс жүргізу институттарының ең пайдалы жақтары және конструктивті шешімдері сақталынды, жедел іздестіру моделінің де көптеген жағдайлары өзгермеді. Жедел іздестіру заңнамасы Еуропалық Одаққа кірген кезде қабылданған кейбір өзгертулерді санамасақ мүлдем өзгермеді деп айтуға болады. Өзгертулер көбінесе сотқа дейіңгі сатыларындағы іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын сақтау мәселелеріне, қылмыстық іс жүргізудің жариялығы жағдайларын қамтыды. Тергеу кезінде айыпталушыларды уақытша ұстау мекемесінен сотың рұқсатымен уақытша кепілге босату да қолданыла бастады. Сонымен қатар жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстар бойынша оларды сотқа дейін апармай жақтардың келісімі бойынша шешу, медиация, пробация, институттарының қолданылуы да Польша қылмыстық іс жүргізу жүйесінің жаңалықтары болды. Енді егер Польшадағы пробация институтына жеке тоқтасақ, бұрыңғы социалистік дәуірде мұндай тәжірибе мүлдем қолданылмады. Пробацияның қолданылуына ұқсас жағдайларда айыпталушыларды шартты түрде соттайтын. Қазіргі кезде жеңіл және орташа қылмыстар үшін айыпталушы тұлғаларды түпкілікті жазаға кеспей мемлекетке төленетін арнайы кепіл kaucia төлеуді міндеттейді, Польшаның Қылмыстық Кодексінде оның сомасы 10 000 злотый, яғни шамамен 400 000 теңге деп бекітілген. Айыпталушыларға белгілі уақыт ішінде өзгеруге бағытталған мерзім беріледі, егер тұлға осы берілген мерзім ішінде жаңа құқық бұзушылықтарға жол бермесе ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Медиация институты да салыстырмалы түрде Польшада бертін пайда болды. Польшаның бір ерекшелігі бұл институтың функциясын социалистік дәуірде «Халық соты» атқарды ал қазіргі кезде бұл функцияны кәсіби заңгерлермен қатар кейбір жағдайларда діни қызметкерлерінің де атқаруына мүмкіншілік берілуінде, бұл әрине жергілікті жағдайды әсіресе Польшада позициялары өте мықты католик шіркеуінің және жалпы халықтың менталитетінің ықпалы деп түсінемін. Жалпы тергеуге келсек ол социалистік заманнан көп өзгерген жоқ Польша полициясымен қатар әсіресе кейбір күрделі қылмыстар бойынша тергеуді прокуратура жүргізеді. Прокуратура органдары қылмыстық іс жүргізу жүйесінде маңызды орын алады жоғарыда айтып кеткендей тергеу мен қатар ол жалпы қадағалауды жүзеге асырады. Бір жағынан қарағанда екі функцияны бір қолға алу айыптау және қорғау жағы арасындағы тепе теңдікті бұзатын сияқты алайда біз поляк прокуратурасының үлгісінде ондайды көрмейміз керісінші істі тергеу сатысынан алған прокуратура қызметкерлері оны дайындауда көбірек міндеттілікпен қарап сотта да шикі істердің болмауының себепшісі болады.
Қорыта келгенде Польша біз үшін ескі жүйенің жақсы жақтарын сақтап әрі Батыс Еуропалық құқықтық жүйесінің ең пайдалы шешімдерін өзіне сіңіріп алудың жақсы үлгісі болып отыр. Осының негізінде қылмыстық іс жүргізу саласындағы реформалауды жүргізген кезде елеміздің ерекшеліктерін ескере отырып мұқият сараптама жасап бірақ жасау керек [3].
Өзінің әлемге деген ықпалына жалпы құқықтың дамуына жасап отырған өз қылмыстық іс жүргізу жүйесінің ерекшелігінің арқасында Америка Құрама Штаттары жайлы айтпау кетуге болмайды. Америка англо-саксондық құқықтық жүйені ұстанады және ондағы қылмыстық процесс жарыс процессіне жатады, жалпы осы процесстің шыққан жері Англия болсада оның дамып қазіргі қалпында болуының Американың да әсері болды. Енді осы жерде жарыс процессінің екі өкілі Англия мен Американың арасындағы ерекшеліктерін айта кету керек. Біріншіден Американдық судьялар шешім шығарған кезде сот прецеденттерінен ағылшындарға қарағанда тәуелділігі шамалы. Англияда прокуратура органдарының мәртебесі жоғары емес. Америкада прокуратураның функциялары мен өкілеттілігі континенталдық жүйе мемлекеттеріне ұқсас. Және тағы бір ерекшелігі Америкадағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу қатынастарын реттейтін заңнаманың кодификациялануы. Осы жерде айтпау кетуге болмайтын жағдай, американдық жүйеде қылмыстық материалдық және іс жүргізу нормаларын бірге қарастыруында, оларды бөлмеуінде. Біздің қазақстандық жүйеде бұл екі аспект бөлек салаларға бөлініп тасталған, ғылыми жағынан да бөлек қарастырылады. Сондықтан бұл біз үшін бірінші қарағанда өте қызық және ерсі болып көрінуі мүмкін. Алайда белгілі ресейлік ғалым А.Наумовтың айтуы бойынша: «Маған американдықтардың қылмыстық материалдық нормалар мен қылмыстық іс жүргізу нормаларын бірге қарастыру тәжірибесі ұнайды. Шынымен айтсам қылмыстық кодекс пен қылмыстық іс жүргізу кодексі тек қана бөлек әдеби шығармалар кітәптар ретінде қарастырылады деп түсінемін. Ал олардың ішкі мәні мазмұны әрі қолданылуы тек қана бірге жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық нормаларын біз тек іс жүргізу нормаларымен бірге ғана тәжірибеде қолданып жүзеге асырамыз» [2].
Енді қысқаша американдық қылмыстық іс жүргізудің басты ерекшеліктері жайлы айта кетсек және оны қазақстандағы қолданылатын қылмыстық іс жүргізумен салыстырсақ. Салыстыруды АҚШ қылмыстық жүйесінің жалпы сипаттамасынан бастаймыз. Жарыс процессіне жатқанмен американдық қылмыстық жүйесінде айыптау процессінің кейбір сипаттары да бар. Жарыс процессінің ерекшеліктерін жоғарыда қарастығанбыз, ал ең бастысы екі жақтың да іс бойынша дәлелдемелерді жинап оларды алқабилер сотына өз атынан ұсынуы, судья болса іске қатысуы ондағы жақтардың жарысуының жалпы әділеттілігін қамтамасыз етуге жететіндей мөлшерде болады. Американдық жүйеде айыптау процессінің қағидалары жарыс процессі қағидаларына дәлме-дәл келмейді алайда олар бірін бірі толықтырады. Қазақстандық қылмыстық іс жүргізу қағидаларының талаптары бойынша мемлекет жеке тұлғамен болатын дауда айыптау міндетін өзіне түгелдей жүктейді. Ал жарыс процессінің қағидалары бойынша прокурор мемлекеттік билік өкілі ретінде айыпталушының кінәсін анықтайтын дәлелдемелер жинап өзінің позициясын ұсыну керек. Яғни, прокурор қылмыстың құрамының әрбір элементі бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеп судьяның қол ұшы мен айыпталушы жағынан мәжбүрлеп әріптестік талап етпеу қажет. Американдық жүйе айыптау процессінің де жарыс процессінің комбинациясы болып табылады.
Американдық қылмыстық құқықта қылмыстардың барлығы феллоний мен мисдиминор болып екіге бөлінеді. Феллоний деп өлім жазасы немесе бір жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланытын қылмыстар аталады. Мисдиминор болса жергілікті түрмеде жазасы өтеліп, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін қылмыстар, кейбір штаттарда сонымен қатар екіден бес жылға дейін жазаланатын ауыр мисдиминорлар да қарастырылған. Аталған екі қылмыс бойынша да сотқа дейіңгі өндіріс бөлек жүргізіледі. Бұл американдық іс жүргізу моделінің біздегі процесстен сотқа дейіңгі істі қарастырудағы түбірлі ерекшелік болып табылады. Тағы бір ерекшелік ол американдық полицияның біздің полиция қызметіне қарағанда тәуелсіздігі. Американдық полиция тергеуді күмәнді тұлғаны қолға түсіргенге дейінде, одан кейінде прокуратура жағынан ешбір басшылық жасаусыз немесе көмексіз жүргізеді. Сот та тергеуге тек полицияның өтініші бойынша қатыса алады, ондай қатысу қамауға немесе тінтуге рұқсат «search or seizure warrant» беру нысанында болады. Қандай да болмасын іс жүргізу процедурасын жүргізуге санкцияны ордерді да прокурордың қатысуынсыз сот береді. Полиция тергеушілері куәларды немесе жәбірленушілерді жауап алу үшін қолхат арқылы шақыра алмайды, жалпы оларға мәжбүрлеу шараларын жауап алу үшін қолдана алмайды. Куәларды сотқа шақырудың жалғыз заңды амалы оларды Үлкен жюри «(Grand Juri)» қолхатымен шақырту алайда Үлкен жюри тек аса маңызды қылмыстық істер бойынша ғана шақырылады. Үлкен жюри қарауына шақырылғанның өзінде тұлға Конституцияның 5 Өзгертуінің негізінде яғни өзін өзі кінәлайтын жауап беруге мәжбүрлеудің тиым салынуы негізінде жауап беруден бас тарта алады. Егер мемлекеттік айыптау тұлғаның басқа тұлғалардың кінәсін анықтайтын дәлелдемелер бар деп шешсе. Ол тұлғаға осы мәжбүрлеу шарасының нәтижесінде анықталуы мүмкін қылмыстар үшін жасалуы мүмкін заңды қудалаудан иммунитет беретін сот бұйрығын шығартуын талап етуі мүмкін. Прокурор істі өзінің өндірісіне алғаннан соң оның іс бойынша шешім шығару еркіндігі үлкен. Прокурор іс бойынша айыптаудан бас тартып оның қандай сатыда болмасын өз шешімі ағылшынша (nolle prosequi) негізінде тоқтата алады. Американдық құқықтық жүйенің фундаменталды концепциясының бірі мемлекеттік айыптаудың қарауына қалтыру яғни прокурорға заң бойынша қылмыстық қудалауды жүргізу міндетті болып табылмайды. Кінәліні соттауға жеткілікті дәлелдемелер болсада. Прокурор істерді өзінің бақылауында ұстай тура істі қандай да сатысында болмасын айыптаудан бас тартып, тоқтата алады [4].
Қылмыстық іс жүргізу сатыларындағы ерекшеліктерге тоқтала кетсек. Олар американдық жүйеде бөлек болады. Сотқа дейіңгі істі қарастырудың бірінші сатысы «сотқа алғаш келу» (first appearance) деп аталады онда судья магистрант біріншіден айыпталушының жеке басын анықтайды екіншіден оған қарсы қойылған айыптауды жариялайды үшіншіден оның сотқа дейін босатылуы мүмкіндігін анықтайды. Жалпы сотқа дейін қамаудан босау кепілге босау деп аталады. Кепіл (bail) мемлекет пайдасына өндірілетін ақша сомасы ол тұлғаның келешекте сот отырыстарына келмеген жағдайда алынуы мүмкін. Кепілдің сомасын анықтаған кезде судья қылмыстың мінезін, мән жайларын және әлеуметтік жағдайын еске алады. Алайда тұлғаның нашар қаржылық жағдайы оның кепілсіз босатылуының негізі болып табылмайды [4].
Істі сотқа дейіңгі қарау сатыларының тағы бір ерекшелігі ол феллонийлер бойынша айыптау қорытындысының жоғарыда аталған Үлкен жюри мен шығаруы. Жалпы үлкен жюри дегеніміз ол іске қатысы жоқ іріктелген азаматтардан құралатын топ. Ол істің соттағы алдынала қарау кезіндегі судьяның ақаратын функциясына сәйкес. Алайда олар тек айыптау материалдарын қарастырады және айыпталушы мен адвокат қатыспайды. Үлкен жюридің айыптау қорытындысын қабылдауының арқасында іс сотқа негізгі қарауға жіберіледі. Ал қабылдамаған жағдайда прокурорға қайта қарауға жіберіледі [5].
Америкада қылмыстық істердің сотта қаралып шешім шығару тек присяжныйлардың қатысуымен өтеді. Жалпы соттағы қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстанда 2007 қабылданған тәртіпке ұқсас яғни судья істің құқықтық мән жайларын қарастырса алқабилер соты фактілерді анықтайды мысалы кінәлі ме кінәлі емеспе [5].
Жарыс процессінің ең үлкен ерекшеліктерінің бірі жақтардың істі бақылай отыра одан сотта жүргізуден бас тартуы. Яғни тұлға өзіне қарсы жасалған айыптауды мойындап өзін кінәлі деп жариялайды. Жалпы Америкада сараптама бойынша тұлғалардың 80, 90 пайызы өз кінәларын мойындап істі сотта қарастырудан бас тартады. Аталған тәжірибе мисдиминорлар бойынша жүргізіледі онда тұлғалар көбінесе қылмыстық жазаға тартылмайды. Ал феллонийлер бойынша өз кінәсін ерікті мойындап оны сотта қарастырудан бас тартудың басқа амалы қарастырылған ол «кінәні мойындау туралы мәміле». Кінәні мойындау туралы мәміле ол тұлғаның істі ауырлығы төменірек түріне қайта сараптама жүргізуіне немесе өзгеде жазаны жеңілдету талабымен өзін кінәлі деп тану жайлы келісім. Бұл тәжірибенің екі жаққа да пайдалы екені сөзсіз айыпталушы жеңілірек жазаға қол жеткізеді ал мемлекет істі сотта толық қараудың қажеттілігі болмағандықтан өз уақыты мен ресурстарын үнемдейді. Екінші жағынан қоғамдағы пікір бойынша қазіргі кезде кінәні мойындау туралы мәміле Америкада қылмыстық элементтерге деген тым жұмсақтылықтың себебі болыр отыр [6].
Әрине қазақстандық қылмыстық іс жүргізу жүйесінің,қылмыстық құдалау органдарының және сот өкілеттіктерінің реформасының қажеттілігі сөзсіз. Осыған байланысты шетелдік тәжірибеден әсіресе американдық тәжірибеден біз үшін ерекше қызығушылықты присяжныйлар соты, соттың қылмыстық іс жүргізу органдарына бақылау жүргізу, әсіресе адам құқығына тікелей қатысты тергеу әрекеттерін, кінәні мойындау туралы мәміле, қылмыстық іс жүргізудегі жақтардың тепе теңдігі институттары танытып отыр. Сонымен бірге әлемдегі барлық қылмыстық іс жүргізу концепцияларын зерттеп және олардың біздегі ұлттық санасезіммен, қалыптасқан құқықтық әдет-ғұрып жағдайларындағы қолданылуына қатаң сын беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |