Жоспар Кірісп


Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі353.5 Kb.
#133938
1   2   3   4   5   6

1.3. Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері.


Х-ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшқұр болған данышпан-ойшыл энциклопедист-ғалымы белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйласуы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің, өнімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жолшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешелеріне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек сауалға жауап берілген.

Жақсы мінез құлық, әдепшілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау - әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын әсіресе жастарды өр-көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік - үлкенге де, кішіге де, жарасатын қымбат қасиет:

Кісілік қымбат, кішілік қымбат,

Ұлық болсаң кіші бол,

Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама берді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сарандық, мейірімсіздік, ашушандық, т.б деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.

Әль-Фараби өзінің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары" атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы қала деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік ету керектігі. т.б мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті елі. Сондықтан ол Халық бақытты өмір сүруі үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім-инабатты, әділ, мейірімді, жан-жақты білімді, халыққа жаны құмар, жамандықтан жиренетін, батыл, жомарт, өнер мен әдбиетті сүйетін адам болуға тиіс. Фараби мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қояды.

Әл Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.

Адамгершілік турасында дана бабамыздың: "Шын мағынасындағы білімділік – тамаша адамгершілік сипат" деген ұлағатты пікірш мойындай отырып, жас ұрпақты білім нәріне қондыру да педагогикалық парыз екенін ұмытпағанымыз абзал. "Ұстаз ескерер тағы бір жайт" - дейді Әл Фараби, бұл шәкірттің мінез құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Педагогикалық пікірінде Фараби, әсіресе мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Мінезділік бақытты болудың негізгі шарттарының бірі. Кейбір адамдар қолындағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, кейде бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін - өзінің нашар мінезі. Сондықтан, жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесіктен бастаған жөн, - дейді ғұлама бабамыз Әл-Фараби.

Түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнскті ақыны, есімі ислам әлеміне машһүр болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи " Диуани хикмат" ( Даналық кітабы) атты өлеңдер жинағында әділдік тойына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамдың рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескерпей келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырды. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді:

Ғарип, пақыр жетімдерды қылған шадман,

Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.

Тағам тапсаң, шын көңілмен күткін мейман,

Халықтан естіп бұл сөздерді, айттім міне...

Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер,

Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.

Ей, бейхабар, болма күмән, сені асырар.

Хақ Мұстафардан естіп айттым мұны...

Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме.

Кісі малын сен жеме, спрат көпірінде тұтар.

Әйелің, қарындас, ешбір болмас ол жолдас,

Әлек болып ғаріп бас, өмірің желдей өтер...

...Алла жадын айта алмай, өліп кетсем,

Ессіз өмірім арманда өтер достарым

...Хақиқат дариясынан ішкен кісі,

Өзі мұңлық, көңілі сынық көзі жасты...

...Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер,

Тозақта жүз мың азап тартар достар...

Әділетсіз зұлым патша болғаны — ай,

Ордасына өңшең қудың толғаны — ай.

Бірін бірі жиналысып қолпаштап,

Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай.

1.4. Имандылықтың адамға тән қасиеттері – үлкенге

құрмет, кішіге ізет


Қазақ салтында үлкеннің атын атамау, оны сыйлау әдептілік, көргенділіктің бір үлгісі болып саналады да ондай қылық, ризашылық сезімін тудырады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендерде өз тарапынан оған лайық ықылас білдіруге талпынған, содан барып үлкен мен кіші аралығында жарсымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде олардың алдын орап орындап кетпей, инабат, пет таныта білу, жөн жобаға, көңілге карай сөз айту, қажет кезде өзіңді іркіп ұстау сияқты қасиеттер халықтың дәстүрі мен тәлімінде ілгеріден жалғасып, ұласып белгілі бір қалыпқа келіп жатады. Сөйтіп сөйлеу әдебінің өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, ғафу етіңіз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін т.б. сөздер елеусіздеу көрінгенмен, адамның әдептілігін білдіріп, тілге сыпайылық рең беріп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда сөздер үлкенге де , кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілдігін, адамгершілік әдептілігін паш етіп тұрады. Естіген құлаққа майдан жағады. Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай т.б. тәрізді қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері. Адамның "сіз" бен "сен" сөзінің жұмсалу дәстүрінен жөнсіз ауытқымайтыны да әдеп сақтауға жатады. Адамның жанына жағымды, жылы сөздер оның көңіл күйінін пернесі сияқты. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздерінің мағынасын "сіз деген сөздің сынығы сен деген сөздің анығы" деген мақаладан да аңғарамыз. Әдепті қылықты әркім де жылы қарсы алады. Мәселсн, көшеде бір қарт тайағына сүйеніп, кібіртіктен әрең жүріп келе жатыр делік, оған ұшырасқан оқушы қыз не жігіт жылы жүзбен тез қимылдап, қолтығынан демек жол көрсетіп жібереді. Қария риза болады, батасын береді. Әдепті адамның ісі де сөзі де жылы деп жайып, тұрады. "Сөзі райлының -жүзі шырайлы."

"Жақсының сөзі - өлшеп пішкендей,

жаманың сөзі түйеден түскендей."

"Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер» деген нақыл сөздер міне осыны меңзейді.

Күнделікті өмір адамдар арасындағы сан салалы байланыстар мен қарым-қатынастарға толы. Оны саралап ой елегінен өткізсек, олар адамдардың әртүрлі жағдайларында өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс, тұрыс, сөйлеу, киім кию тәртібіне бір сөзбен айтқанда, әдеп, сыпайылық ережелеріне келіп тіреледі. Ал адамгершілік қатынастар белгілі бір морольдық нормамен өлшенеді. Осыдан барып жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік сияқты категориялар.

Алғашқы жағымсыз, ұнамсыз қасиетті бойына сіңірген пенде тозақ отына шыжғырылады, ал ұнамды, игілікті мінездерді бойына дарытқан жандар жұмақтан, бейіштен рахат көреді, сондықтан ұнамды, ізгі мінезді алланың пендесі болу - әрбір мұсылманның абзал борышы" - делінген.

Міне, осыдан-ақ біз мұсылман дінінің тәлімдік тағылымына табынып, оған үрке қарамай, қайта тамырын тереңге тартуына болысуымыз керек.

Ыбырай өлеңдері тек оқу, өнер, білім тақырыбы шеңберінде қалып қоймайды. Оның көп өлендсрі адамгершілік туралы да болып келеді. Ақынның адамгершілік хақындағы кейбір пікірлері өзіңе дейінгі қазақ ақындарының ақылгөйлік дәстүрін жалғастырып, достыққа, адамгершілікке, тату-тәтті өмірге үндейді.

Бәріміз бір адамның баласымыз,

Жігіттер, бір-біріңе қарасаңыз!

Өмір дегсн бес күндік, кетер өтіп,

Атаң барған орынға барасыңыз!

Дәулеттілср кемтар, кедейлерге көмектесіп, жақсылық жолында ізгі іс қылса, қатарға тез қосылар еді, зұлымдық тез жойылар еді деген жалған сенім гуманист ақынды біраз еліктіреді.

Қорлама кем адамды болсаң дана,

Кәріпті құдай сүйсе не еді шараң?!

Ренжітпе пенде болсаң бейшараны,

Кәріп көңілі бір сынық пиалады.

Дүнтедегі адам көзі бақ пен дәулетке тойымды. Сондықтан адамға қайыр, рахым керек. Онсыз ол адам атағынан айырдады дейді Ыбырай.

Мақтанба бақьптымын деп бағыңызға.

Қартаймақ, қиын сауда тығыңызда.

Іске аспай бақ, дәулеттің қалуы оңай,

Басыңнан бағың тайған шағыңызда.

Ақын "Әй, достарым!" деген өленде. "Колыңнан келсе қыл кайыр!" деп, қайырымды, кең пейіл, адал азамат болуға шақырады.

Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көтеретін өзекті мәселесі – адамгершілік. Ол әр кезде адам сабырлы, мейірімді, қайрымды, әдепті, ұқыпты болса деген ізгі ниет білдіреді. "Шеше мен бала". "Бір уыс мақта", "Мейірімді бала", "Аурудан аяған күштірек", "Әдеп", "Әділдік", '"Тәкәппарлық", "Таза бұлақ" әңгімелері мен аудармалары жазушының осы ниетінің жемісі еді.

Ыбырай мейірімділік пен жоғары адамгершілікті баулитын әңімелерінің бірі - "Аурудан аяған күштірек" мұнда жас өспірімнің шыдамдылық, төзімділік, имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз болады. Абайсызда бір баланы арба қағып кетті аяғын сындырды. Шешесі мұны көріп есінен танады. Осыны сезген бала жалма-жан жылағанын қоя қойып, тіпті сынған аяқты салып жатқанда дыбыс шығарып, қабағын шытпайды. Бұған қайран қалған сынықшы: - Аяғың аурмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой? - деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала: "Ауырмақ түгілі жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжемде қиналып, жүдемесін деп шыдай жатырмыз. - деген. Әңгімеде баласының анасына деген сүйіспеншілігі, аянышы, мейірімділігі сөз болады. Жазушы өзгеге мысал болар бір өмір көрінісін алып, шағын әңгімемен терең ой түйінін жасайды. Аяулы анасына деген мейірімді баланың төзімділігін, адамгершілігін ардақтайды.

Жасушының "Таза бұлақ" деген әңгімесінде: Мұндағы үш жолаушының бірі - саудагер, екіншісі - молда, үшіншісі - жай бір келбетті жігіт. Бұлардың әрқайсысының өзінше түсінгі, өмірге деген көз қарасы бар. Олар жолдағы бір таста жазылған: "Ей, жолаушы таза болсаң, осы бұлақтай бол" деген сөзді өздерінше ұғынады. Саудагер өзінің саудасына бұрады. Молда өз түсінігіне сай жоуларын жасайды. Ал жігіт ұғымы олардан мүлде өзгеше болады. Ол: "Жүрегің осы бұлақтай таза, ісің әділ адамгершілігің мол болса" деген тұжырым. Автор кісі еңбегін қанайтын саудагерді де, елге жалған үгіт тарататын алдамшы молданы да жақтамайды. Ол еңбекші өкілі - жас жігіт ниетін жақтап, соңынан ойын құптайды.

Бала жанының зергері Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-біріде балалардың жас ерекшіліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерлітей етіп іріктелінін алынған. Осы әңгімелерге мұғалімдер мен ата-аналардың балалардың әртүрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы және ұлы ойшылы Абай Құнанбаев. Ата-ананың надандығы мен қараңғылығын айта келіп, олардың өз баласына дұрыс тәрбие беруді сынайды. ( 10-қарасөз) .

«Әуелі баланды өзің алдайсың, оны берем деп мұны берем деп, сөйтіп баланды алдағаныңа мәз боласың. Ал соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің деп нақтылай түсіп, көзге ұрғандай берді. Абайды ұлылыққа ұмтылдырған тәсіл мен тәрбие, Абай адам баласының баршасына достық, өзара ынтымақ керек деп түйіп, адамгершілік, достық туын көтерді.

Абайдың адамгершілік мораль, мінез-құлық туралы мысал жөнімен келетін өсиет мазмұнды эссе ретіндегі сөздері және діни ғибрат ретінде жазған біраз дидактикалары жатады. Олар: "Ой үшінші", "жиырмасыншы', "жиырма сегізінші", "отыз сегізінші" сөздері деуге болады.

Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тоқуалық шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни Абай айтқандай, "бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық" болуға шақырады. Оны өзінің парасатылықты пайдалану мен байламға келтіру жолымен өмір мен тұрмыс, тіршілік туралы толғамдарын паш етеді. Хикметтері тоқуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу мен Құрани кәрімнің сүре, аяттарындағы уағыздар мен Мұхаммед пайғамбарларды еске түсіреді. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының опаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу идеясын алға тартады, әрі ол сопалық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жатыр.

Адамгершілік қасиеттерге баулу тұрғысында мұсылманшылықтың тигізер септігінің молдығын қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай Алтынсаринның "Мұсылманшылықтың тұтқасы" атты еңбегінен анық түсшіл - түйсінуге болады. Онда былай айтылған:

"...Пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі еді. Бірі - көркем, бірі — бұзық сипаты. Аят пен хадисте білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Мұның бәрін бұл кішкене кітапта баян етуге болмайды, бірақ сол алпыс түрлі жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті. Біз осы жеті түрлісі турасында ғана айтайлық:

Біріншісі: дінге сенбеу, дінсіздік.

Екіншісі: діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, яки діннен тыс өзбілермендік.

Үшіншісі: менмендік, өзімшілдік.

Төртіншісі: мақтану, өзін-өзі көрсету.

Бесіншісі: қызғаншақтық, күншілдік.

Алтыншысы: сараңдық.

Жетіншісі: дүние шашқыштық, ысырапшылық. Бұларды аят пен хадисте жағымсыз, ұнамсыз мінез-құлықтар деп айтады. Осыларға қарсы құлық жетпіс сегіз түрлі. Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса керек. Бұларды алсақ хамида, яки мақтаулы, игілікті мінез-құлықтар деп атайды. Олар:

Біріншісі: имандылық,

Екіншісі: жаман мінез-құлыққа қарсылық, яки күй, яғни ең жоғарғы әділдік.

Үшіншісі: адалдық, ақ көңілдік.

Төртіншісі: сыпайлық, момындық, шын берілгендік.

Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет беру,

Алтыншысы: жомарттық, кеңпейілдік, қайырым,

Жетіншісі: шариғат бойынша дұрыс заңды:

Мұнада малын орынды, үнемді жұмсау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет