Жоспар:
Кіріспе
1.Бетон толтырғыштарының негізгі мақсаты , құрылымы.
2.Бетонды қоспасын дайындаудың технологиялық үрдісінің қысқаша сипатталуы
3.Темірбетон өнімін жасау технологиялық үрдісінің үлкейтілген сұлбасы
4.Ылғалдылық өлшеу әдістері мен классификациясына шолу
Корытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі уақытта негізгі құрылыс материалдары ретінде бетон және темір бетон болып саналады. Біздің елде бірнеше мыңдаған тонна бетон мен темір бетон өндіріледі, соңғы 60 жылда тұрғызылған үйдің біреуін де темір бетон бұйымдарсыз тұрғызу мүмкін емес болды. Сондықтан бүгінгі таңда бетон және темір бетон мәселесі өте маңызды мәселе болып табылады.
Бетон барлық бүгінгі құрылыс материалдардың ішінде ерекше орын алады. Басқа сөзбен айтқанда, бетон бүкіл құрылыс технологиялардың негізін құрайды. Бетон – бұл белгілі бір мөлшерлерде алынған әр түрді толтырғыштартан және органикалық немесе минералды заттан алынған арнайы түрде араластырылған қоспаның қатаюы нәтижесінде пайда болған жасанды тасты материал.
Бетон өндіруде ең маңызды материал ол цемент. Қазақстан Республикасында цемент өнеркәсібімен бес зауыт айналысады, олар: ОАО "Central Asia Cement", ОАО "Шымкентцемент", ЖАҚ "Семейцемент", ААҚ "Восток-цемент" және Сас-Төбе цемент зауыты.Біздің Республикадағы цементтің өндірілуі ішкі нарыққа бағытталған, және өндірістің жалпы көлемнің 80 – 85% - ы М 400 Д 20 маркасына сәйкес келеді.
Технологиялық операциялардың ішіндегі ерекше орын алатын үрдіс бетон араластыру, яғни дайын бетонның сапасы мен үнемділігіне үлкен дәрежеде әсер ететін қоспаның су – цемент қатынасты тұрақтандырудың технологиялық шешімін іздеу болып табылады.
Қазіргі кезде өндіріске түскен толтырғыштардың ылғал мөлшері қоспаның өндірістік құрамдарын құрған кездегі жүргізілген есептеулерден алынған шамаларға сәйкес болмауы бетонның су – цемент қатынасының оңтайлы (оптималды) мәнінен едәуір мөлшердегі ауытқына әкеледі. Толтырғыштардың ылғалдылық мөлшерінің ауытқуын өтеу үшін зауыттың зертханаларында бетонның берілген беріктігін қамтамасыздандыру мақсатында есептеулер нәтижесінде алынған цемент шығынын көбейтеді. Сондықтан, толтырғыштардың ылғал мөлшерінің ауытқуы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым цемент шығыны көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |