3 ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЖЕТКІЗУ
Электр энергиясының түтынылатьш орны кеп. Ал оның өңдірілетін орьшдары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясьш көп мөлшерде жинап сақтау (консервілеу) қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден түтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды.
Электр энергиясын алысқа жеткізу едәуір шығынмен байланыты. Мәселе мынада: электр тогы электр жеткізу желісінің (линиясы-ның) сымдарын қыздырады. Желі сымдарын қыздыруга шығыңдалатьш энергия, Джоуль — Ленц заңьша сәйкес, мына формуламен аныкталады:
мұндағы R — желінің кедергісі. Желі тым ұзын болғанда, энергия жеткізу үнемділік жағынан пайдасыз болуы мүмкін. Линия кедергісін едәуір азайту іс жүзінде өте қиын. Сондықтан ток күшін кемітуге тура келеді.
Токтың қуаты ток күші мен кер-неудің көбейтіндісіне пропорционал болғандықтан, жеткізілетін қуатты сақтау үшін, жеткізу желісіңдегі кернеуді жоғарылату керек. Мұнда жеткізу желісі неғұрлым ұзынырақ болса, жоғарырақ кернеуді пайдалану соғұрлым үтымды болады. Мысалы, Волга ГЭС-інен Мәскеуге жоғары вольттік жеткізу желісінде 500 кВ кернеуді пайдаланады. Ал енді айнымалы ток генераторлары 16—20 кВ- тан аспайтын кернеуге арналып жасалады. Бұдан гөрі жоғарырақ кернеу генераторларының орамаларын және басқа да бөліктерін изоляциялау үшін арнаулы шараларды қажет еткен бо-лар еді.
Саян-Шушенск ГЭС-інің эпектр энергиясын жеткізу желісінің тірегі.
Сондықтан ірі электр станцияларында жоғарылатқыш трансформатор-лар қойылады. Трансформатор желідегі ток күшін неше есе кемітсе, кер-неуді сошпа есе арттырады.
Станоктардың электр жетегіндегі двигательдерде, жарықтаңдыру желі-сінде және тағы басқа мақсаттарда электр энергиясын тікелей пайдалану үшін, желі үштарындағы кернеуді төмендету керек. Мұны темендеткіш трансформатордың кемегімен істейді.
Тегінде кернеуді төмендету, соған сәйкес ток күшін арттыру, бірнеше кезеңнен өтеді. Әрбір кезең сайьш кернеу төмендей береді де, электр желісімен қамтылған жерлер кеңейе түседі. Электр энергиясын жеткізу және тарату схемасы суретте көрсетілген.
Аса жоғары кернеу кезінде сым-дар арасында, энергия шығынына үшырататын, тәж разряды басталады. Айнымалы кернеудің мүмкін ампли-тудасын, сымның көлденең қимасының ауданы берілген жағдайда, тәж разряды салдарынан энергия шыгыны азғана болатындай етіп сайлап алады.
Бліміздің бірқатар аудандарында электр станциялары жоғары вольтті жеткізу желілерімен біріктіріліп, ор-тақ электр желісі жасалған да, ал түтынушылар осыларға қосылған. Энергия жүйесі деп аталатын осындай бірлестік таңертеңгі және кешкі сағаттарда түтьшушыларға энгергия жетіспей, тапшылық ететін кездерді ("пик" кездерді) болдырмауға мүмкіндік береді. Энергия жүйесі, түтынушыларға қай жерде түрғанына байланыссыз, оларға энергия жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұрғынғы Кеңес Одағының барлық территориясы дерлік біріккен энергетик: жүйесінің электр энергиясымені қамтамасыз етілген. Еуропалык бөлігінде бірыңғай энергетика жүйес: іске қосылған.
Энергияны алыс қашықтықтарға азғантай шығынмен жеткізу күрделі мәселе. Қазіргі кезде бұл мәселе жоғары кернеулі электр тогының көмегімен шешілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |