Жоспар: Мың көлеміндегі сандарды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімділігі Кіріспе


көлеміндегі сандардың жазбаша нурециясы



бет7/17
Дата29.09.2022
өлшемі448 Kb.
#461618
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Денг саралап окыту

1000 көлеміндегі сандардың жазбаша нурециясы
1000 көлеміндегі сандардың жазбаша нуреациясымен таныстырғанда, балалардың екі таңбалы сандарды жаза білетіндіктерін пайдаланып, жүздіктер, яғни 3 – разряд бірліктері, оңнан солға қарай санағанда, үшінші орынға жазылатынын көрсету керек. Осы тақырып бойынша өтілетінін алғашқы сабақта оқушылар сандарды көрнекі құралдардың көмегімен иллюстрациялап көрсетеді және оларды цифрлармен белгілейді, мысалы, 65, 165, 365, 360, 305. Мұнда шыбықтарың, квдраттардың санын кестедегі разрядтарың сәйкес атаудлларының: жүздіктер, ондықтар, бірліктерінің астына жазған дұрыс, бұдан кейін оқушылар тақтадағы разрядтар кестесінде және дәптерлеріне бірнеше сан жазады (мысалы, 7 жүздіктен, 8 ондықтан және 0 бірліктен құралған сан) балалар жай бірліктер 1 – разряд бірліктері, ондықтан 2 – разояд бірліктері екенін білетін болады. Мысалы 3 – разрядтың 6 бірлігінен 1 – разрядтың 5 бірлігінен құралатын санды жаз, сондай – ақ оны есепшотқа салады. «Үш таңбалы сан» термині енгізіледі. Бақылауларға сүйеніп, балалар оңнан солға қарай санағанда бірліктер 1 – орынға, ондықтар 2 – орынға, жүздіктер 3 - орынға жазылатынын, егер санда 1 – немесе 2 – разряд бірліктер болмаса, олардың орнына 0 жазылатыны жөнінде тұжырым жасайды.
Жазбаша нумереция бойынша алған білімі мен біліктерді бекітуге мынадай тапсырмаларды орындау көмектеседі:

  1. 657, 760, 576 сандарының жазылуында әрбір цифр нені белгілейді?

  2. 473, 49, 504, 444 сандарының әрқайсысының жазылуында 4 цифры нені белгілейді?

  3. 35, 33, 535, 555, 700, 1000 сандарының әрқайсысының жазылуында неше цифр бар және әр түрлі неше цифр пайдаланған?

  4. 2, 3, 4 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы әр түрлі алты сан жаз;

  5. 7 және 8 цифрларын пайдаланып, мүмкіндігінше барлық бір таңбалы, екі таңбалы сандарды жазыңдар (жеке сандарды жазғанда, әр цифрды бірнеше рет пайдалануға болады).

Жазылуында нөлдер бар сандарға ерекше назар аударған жөн
Көрнекіліктер арқылы оқушыларға үш таңбалы сандық жүздіктен, ондықтан, бірліктен жасалатынын көрсету. Ол үшін разрядтық кесте пайдаланады.

Жүздік

Ондық

Бірлік

Оқылуы

Жазылуы

1

2

3

Жүз жиырма үш

123

2

0

1

Екі жүз бір

201

9

4

0

Тоғыз жүз қырық

940

4

5

9

Төрт жүз елу тоғыз

459

1000 көлеміндегі сандардың жазылуын үйрету үшін 100 көлеміндегі сандардың оқылуын, жазылуын қайталай отырып оқушылардың үш таңбалы сандардың оқылуы және жазылуы туралы қорытындыны өздері тұжырымдауына көмектесуі керек.
Мысалы:

  1. Мына сандарды оқы: 87, 78, 50, 97, 100.

  2. Олар қандай цифрлармен жазылған, цифр нені көрсетеді?

  3. Сандардың жазылуындағы нөл нені көрсетеді?

Балалар өздерінің жауаптарында: сандарды жоғарғы разряд бірліктерінен бастап оқитын (сексен жеті, жетпіс сегіз т.б) оңнан солға қарай бірінші орында бірлік, екінші орында ондық, егер әрі қарата сан қатрын жалғастырсақ үшінші орында жүздік жазылатынын, нөл сол разряд бірлігінің жоқтығын көрсететіндігін қорытындылайды.
Мұғалімнің осындай өткен материалды қайталай отырып, көрнекіліктер арқылы сандар қатарын әрі қарата жалғастырады. Мәселен, 8 ондық, 7 бірлікті көрсететін 1 шарша 8 жолақша 7 ілгекті кестедегі жазулардың арасындағы қалталарға салып, әр қалтадағы заттың санына цифрларды сәйкестендіреді, санды оқытып, әрі қалтадағы заттың санына цифрларды сәйкестендіреді, санды оқытып және жазғызып үйретеді.
Мысал: 2 жүздік, 7 ондық; 8 бірлік, 5 ондық; жүздікті көрсет, оқу, сәйкес цифрмен таңбала.

  • Неше таңбалы сан шықты?

  • Ең үлкен разряд бірлігін ата (жүздік)

Санның ондық құрамы жөнінен алған білімдерін пысықтау мақсатында атаулы сандарды түрлендіруге арналған жаттығулар ұсынылады. Мысалы: 2 теңге 36 тиын небары неше тиын болатынын біліңдер (3м 2 дм, 2м 7см неше сантиметр болады?)
Ірірек бірліктермен жазып көрсет (600 тиын, 380 см, 240см), сандарды салыстырда, қатынас таңбаларының бірін жұлдызшалардың орнына жаз (900 см 10 см, 140 тиын 2 теңге).
Ұзындық өлшеуіштермен өрнектелген атаулы сандарды түрлендіруге берілген жаттығулар алдымен « мың лентасын» пайдаланып орындалады. Мұнда оқушылар былай пайымдайды: метр-1 жүз сантиметр, ал дециметр- 1 он сантиметр, демек, 3 м және 2 дм-3 жүз және 2 он сантиметр немесе 320 см, 405 сантиметр 4 м 0 дм және 5 см немесе 4 м және 5 см (жазылуы) 405см=4 м 5м.
Разряд сандар жазылған карточкалардың көмегімен оқушылар 1 және 2 разряд бірліктерінің жоқ екендігін нөлдермен белгілеу қажеттілігіне де көздерін жеткізеді. Мысалы, 340 саны 300 бен 40 сандарынан 304 саны 300 бен 4 сандарынан құрылады, сонда әр жолы қандай да бір карточкалар жетпейді, яғни қандай да бір разрятық сан болмай қалады. 1- ден 1000-ға дейінгі сандардың натурал тізбегі туралы балалардың көрнекі түсінінгі бар таңбалы, екі таңбаы сандар тізбегін мұғалімнің көмегімен теріп жазғанда қалыптасады және санағанда алдымен бір таңбалы сандар шығу үшін санаудың бірліктен бастайды сонан соң екі таңбалы сандар тізбегінде бірінші сан, яғни ең кіші сан және ақырғы, ең үлкен сан бар. Оны көрнекі түрде былайша кескіндеуге болады:
1,2,3,.......7,8,9
10,11,12,......97, 98,99
100,101,102,......997,998,999
Алған біім, бііктерін бекіту үшін әр түрлі жаттығуар орындалады.
1. Мына сандарды разрядтық таблицаға қойып оқы: 357,503,753,800,90,999. Әр цифр нені бегілейді?
2. 4,6,8 цифрарын пайдаанып бірнеше үш таңбалы сан жазуға болады ма?
3. 0,5,9 цифрларын пайдаанып адыңғы тапсырманы қайтала. [8]





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет