№ 1 дəріс
Тақырыбы: Спорттық метрологияның теориялық негіздері
Жоспар: 1 Спорттық метрологияға кіріспе
2 Спорттық жаттығуды меңгеру
1. «Метрология» ежелгі грециялық сөзден аударғанда «өлшеу туралы ғылым» деп аталады.
Спорттық метрология ғылыми пəн ретінде жалпы метрологияның бөлімі болып
есептеледі.
Спорттық метрологияның зерттеу тақырыбымен дене тəрбиесі жəне спорт өрісінде
комплекстік бақылауды жəне оның нəтижелерін спортшылардың жəне
денешынықтырушылардың даярлау жоспарлауында қолданылуы болып табылады.Оның ішіне
келесі
жағдайлар жатады:
1) Спортшының күйін, жаттығатын жүктемелерді, қозғалыстарды
жасау техникасын, жарыстарда спорттық нəтижелерін жəне спортшының жүріс тұрысын
бақылау;
2) Бұл аталып кеткен бақылаудың бағыттарында алынған
мəліметтерді салыстыру, оларды бағалау жəне талдау.
2. Ғылым өрісінде «Меңгеру» бұл бір жүйені қажетті күйіне аудару болып табылады.
«Жүйемен» біріңғай бүтінді құрайтын бірнеше элементтердің көрі аталады (адамның
тірек-қозғалтқыш аппараты, спортшының организмі т.б.)
«Жүйесінің күйі» (уақыттың қазіргі кезінде) оның өзгеретін заттардың сандық көрімен
анықталады.
Меңгеретін жүйесі екі бөлімнен құрылады. Меңгеретін (меңгеруге жататын) жəне
сонымен меңгеретін объектілер.
Адам организімінде меңгеру орталық нерв жүйесімен іске асырылады. Меңгерілетін
объектісі ролін əрбір орган немесе организмнің жүйесі атқарады.Меңгеретін жəне
меңгерілетін объектілер байланыстарымен біріккен.Тура байланыс бұл меңгеретін объектіден
меңгерілетінге жол арқылы пайда болып табылса, керісінше байланыс меңгерудің
объектісінен меңгеретін керк жараққа.
Спортшылардың даярлығы процессімен меңгеру 5 кезең арқылы іске асырылады:
1)Спортшы туралы мəліметтерді жинау, сонымен қатар, қандай жағдайда ол тұрады,
жаттығады жəне жарысады;
2) Алынған мəліметтерді талдау;
3) Дайындық стратегиясы жөнінде шешімдерді алу жəне дайындық бағдарламасымен
жоспарларды құрастыру;
4) Дайындық бағдарламасын жəне жоспарларын іске асыру;
5) Іске асыру бойында бақылау жасау, жоспарлау құжаттарына өзгерістерді енгізу
жəне жаңа бағдарламамен жоспарларды дайындау.
Бақылау сұрақтары:
1.Спорттық метрология зерттеу тақырыбы.
2.Спорттық жаттығуда «меңгеру» ұғымының ерекшеліктері.
3.Спорттық жаттығуда «бақылау» ұғымының ерекшеліктері.
4.Спорттық жаттығудағы спорттық метрологияның маңызы.
№ 2 дəріс
Тақырыбы: Өлшемдер теориясының негіздері
Жоспар: 1 Өлшемдердің шкалалары
2 Өлшеудің шкалалары
1. Əрбір физикалық санның өлшемдері сондай операция аталады, қайсының нəтижесінде сол
сан басқа саннан неше есе көп немесе аз болады екені анықталады.
Олардың ішінде 4 шкаласы бар:
- Атау шкаласы. Бұл шкалада өлшеу өткізілмейді. Осында бір-бірінен нақты белгі
арқылы сəйкес объектілерді топтастырады жəне оларға бір белгі береді. Бұл шкаланы басқаша
номиналдық деп атайды. Объектілерге беретін белгілер сандар болып табылады.
- Реттіліктің шкаласы. Спорт түрлерінің арасында кейбіреулерінде спортшының
нəтижесі онымен жарыста алынған орын арқылы анықталады. Осындай жарыстан кейін
спортшылардан кім мықтылау екені белгілі, бірақ, қандай мөлшерде, оны айтуға болмайды.
Реттілік шкаласында алынатын орындар ранг деп аталады, шкаланың өзі рангтік немесе
метрикалық емес. Осындай шкалада оны құрайтын сандар рангтар бойынша
орналастырылады, бірақ олардың арасындағы интервалдарды өлшеуге болмайды.
-Интервалдық шкаласы. Бұл сондай шкала, қай жерде сандар ранг бойынша
реттелуімен қатар нақты интервалдармен бөлінген. Реттілік шкаласынан айырмашылығы
мынадай: бұл жерде нольдік нүктесі еркін түрінде таңдалады. Мысалы ретінде буындардың
бұрышы, температура т.б. Мысалы, А спортшының дене жаттығуларды жасау бойында
денесінің температурасы 39,0ºC болды, Б спортшының-39.5ºC. Интервалдар шкаласының
мəліметтері «нешеге көптеу-аздау» сұраққа жауап береді, бірақ бір мөлшердің екіншіден
мынадай есе артық деп айтуға болмайды.
- Өзара қатынастар шкаласы. Бұл шкала интервалдың шкаласынан айырмашылығы
ноль нүктесі орынын нақты анықтаумен сипатталады.Осыған байланысты бұл жерде
математикалық статистиканың барлық əдістерін қолдауға болады.
Спортта өзара қатынастар шкаласы арқылы арағашықтық, күш, жылдамдық, жəне басқа
жағдайлар өлшенеді.
2. Өлшемдердің 4 шкаласы бар:
-атау шкаласы. Бұл шкалада өлшеу өткізілмейді.Осында бір-бірінен нақты белгі арқылы
сəйкес объектілерді топтастырады жəне оларға бір белгі береді.Бұл шкаланы басқаша
номиналдық деп атайды.Объектілерге беретін белгілер сандар болып табылады.
-реттіліктің шкаласы.Спорт түрлерінің арасында кейбіреулерінде спортшының нəтижесі
онымен жарыста алынған орын арқылы анықталады.Осындай жарыстан кейін спортшылардан
кім мықтылау екені белгілі,бірақ, қандай мөлшерде, оны айтуға болмайды.
Реттілік шкаласында алынатын орындар ранг деп аталады, шкаланың өзі рангтік немесе
метрикалық дейді.
-интервалдық шкаласы.Бұл сондай шкала, қай жерде сандар ранг бойынша реттелуімен қатар
наіты интервалдармен бөлінген.Реттілік шкаласынан айырмашылығы мынадай: бұл жерде
нольдік нүктесі еркін түрінде таңдалады.
-өзара қатынастар шкаласы.Бұл шкала интервалдың шкаласынан айырмашылығы ноль нүктесі
орынын нақты анықтаумен сипатталады.Осыған байланысты бұл жерде математикалық
статистиканың барлық əдістерін қолдауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Өлшемдер шкалалардың түрлерін, олардың мазмұны мен маңызын ашып көрсетіңіз.
2.Өлшемдер бірліктердің олардың мазмұны мен маңызын ашып көрсетіңізі.
3.Өлшемдердің бойында кездесетін қателіктердің түрлеріне, олардың мазмұны мен
маңызына сипаттама беріңіз.
4.Өлшемдер шкалалары.
5.Өлшемдер бірліктері.
6.Өлшемдер дəлдігі.
№ 3 дəріс
Тақырыбы: Өлшемдер нəтижелерін өндеудің статистикалық əдістері
Жоспар: 1 Негізгі түсініктер
Математикалық статистика-бұл ғылыми жəне практикалық мақсатында статикалық
мəліметтердіжинау,өңдеу жəне талдау əдістеріне арналған математиканың бөлімі.
Статистикалық мəліметтер-бұл объектілермен оқиғалардың көп санын зерттеу барысында
алынған мəліметтер.
Қазіргі математикалық статистика екі үлкен өріске бөлінеді: жазып баяндау ететін жəне
аналитикалық.
Біріншісі таблицалар түрінде статистикалық мəліметтерді жазып баяндау əдістерін
қамтиды,
Екіншісі басқаша статистикалық қорытындылардың теориясы болып аталады.
Оның зерттеу тақырыбы мен эксперименттің бойында алынған мəліметтерді өндеу жəне
адам əрекетінің əртүрлі өрісінде қолданбалы маңызы бар қорытындыларды қалыптастыру
болады.
2 . Таратылуының қатарын құрастыру жəне оларды графикалық
түрінде бейнелеу
Таңдаманың реттелуі жəне оны талдау қалай жүзеге асырылады? Мысалы дене тəрбиелеу
мəдениеті факультетінің баскетболшыларында сол қолдың күші өлшенеді. Килограм арқылы
өлшеудің нəтижелері 4 кестеде көрсетілген. Бұл таблицада екінші жолақта сандар спортшылар
өлшеген бірізділікпен жазылған, яғни кездейсоқ түрінде осындай мəліметтер реттелмеген
таңдаманы көрсетеді. Үшінші жолақта-реттелген таңдама, яғни ранг бойынша. Ранг бойынша
реттеу мен өлшеудің нəтижелерін жоғарылау немесе төмендеу ретімен орналастырылуы
аталады. Үлкен көлемдегі таңдамаларды интервалдарға бөледі. Көбінде олар екі түрде болады.
Мысалы, жақсы жəне нашар спортшыларды таңдағанда. Бірақ, екі нақты нəтижелерді алу үшін
интервалдардың саны көбірек болу керек.
Бақылау сұрақтары:
1.«Статистикалық мəліметтер» болып не аталады.
2.Математикалық əдістердің көмегімен қандай міндеттерді шешуге болады.
3.«Таңдама»,»генеральдық жиынтық» деген түсініктемелер.Дене шынықтыру жəне спорт
өрісінде зерттеудің қандай объектілері оларға жатады
4.«Жаппай зерттеу», «таңдамалық əдіс», «таңдаманың көлемі», «сапалық, сандық,
дискреттік, үзілмейтін белгілер», «варианттар», «бақылауға жататын жəне кездейсоқ
факторлар»?.
№ 4 дəріс
Тақырыбы: Зерттеп жатырған көрсеткіштердің байланысын зерттеу əдістері
Жоспар:
1. Регрессиялық жəне корреляциялық талдаудың негізгі түсініктері
Дене тəрбиесі жəне спорт өрісінде бқлек белгілердің байланыс жөнінде сұрақтар туады.
Бұл мөлшер екінші мөлшердің санына нақты ісер тигізетін болса, осындай жағдайда
мөлшердің санына нақты əсер тигізетін болса, осындай жаңдайда мөлшердің арасында
функционалдық байланыс пайда болады.
Регрессия-бұл орташа сандағы y кездейсоқ мөлшердің х мөлшерден байланысы.
Корреляция-бұл корреляция коэффициенті арқылы сипатталатын у жəне х екі кездейсоқ
мөлшердің арасындағы байланыс.
Регрессиялық талдау салдары арасындағы кездейсоқ мөлшердің жəне бірнеше
байланыстардың түрлерін анықтайды, бірақ сонымен қатар соңғылардың сандары дəл
жоспарланған болуға тиісті.
1 . Жай сызықтардың регрессиясы
Жай сызықтық регрессия тек х бақылауға жататын өзгерткіштің байланысын есепке
алады. Жай сызықтық регрессияның моделі х байланыс мөлшердің х1 мөлшердің байланысты
емес генеральдік жиынтықтағы х өзгергіштің арасындағы байланыс ол келесі формула арқылы
анықталады.
У=а+вх1+е1
А жəне В регрессия теңдеуінің анықталмаған параметрлері;
Е1-кездейсоқ қателіктер,олар регрессия линиясының У1 мөлшерден кездейсоқ ауытқулары
болып есептелінеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Мəліметтердің «топтастырылуын» іске қалай асыруға болады?
2.Интервалдың жиілігі.
3.«Жиналған жиілік», «вариациалық қатар» не болып табылады?
4.Кестелердегі мəліметтерге сүйеніп «гистограмманы» жəне «жиілігінің полигонын» қалай
құрастыруға болады.
5.Орташаарифметикалық «мөлшер» не болып табылады жəне оны анықтағанда қандай
ережелерге сүйену керек.Қалай ол есептелінеді.
6.«Медиана» жəне «мода» немен сипатталады?
№ 5 дəріс
Тақырыбы: Зерттеп жатырған таңдамалардың айырмашылығын дəлдеудің зерттеу
əдістері
Жоспар:
1 Статистикалық болжамды тексеру
Статистикалық болжаумен өлшеу нəтижелердің статистикалық сипаттары жөнінде
математикалық əдістері арқылы тексерілетін болжамдау аталады. Статистикалық
болжамдауды Н деп белгілейді. Статистикалық болжамдауды тексеру кезінде
экспериментатордың шешімі бірден қабылданбайды, яғни дұрыс емес шешімді қабылдауға
кейбір аздап тəуекелді жағдай болады. Сол тəуекелдің сатысын бағалау статистикалық
болжамдау тексерудің негіззі болып табылады. Сонымен болжамдау тексерудің негізгі
кезеңдерə келесі:
1. Болжамдаудың формулировкасын анықтау. Ол қабылданады ма, қабылданбайды ма.
2. Салмақтылық дəрежесін таңдау.
3. Статистикалық сипаттамасының таңдалған мөлшерін анықтау.
4. статистикалық болжамдауды тексеру үшін белгіні таңдау.
5. Есептелген мөлшерді критерийдің критикалық мөлшермен салыстыру.
Бақылау сұрақтары:
1.«Вариацияның коэффиценті» немен сипатталады жəне оны есептеу алгоритмі?
2.«Функционалдық байланыс» жəне «статистикалық байланыс» деген түсініктемелер
3.Корреляцияның түрлері
4.Спирменнің рангтік корреляциясы немен сипатталады жəне оны қолдану өрістері?
5.Сандық өлшемдер үшін корреляция коэффицентінің функциялары жəне олады есептеу
бірізділігі
№ 6 дəріс
Тақырыбы: Тестілер теориясының негіздері
Жоспар:
1. Негізгі түсініктер
Спортшының қүйін немесе қабілеттерін анықтау мақсатындағы іске асырылған елшеу тест
деп аталады.
Өлшеудің ішінен тек төмендегі талаптарға сай тест ретінде қолданылады:
1) стандарттықты сақтау (тест қолданудың барлық оқиғаларда тестті алудың процедурасы
жəне жағдайлары бірдей сақталу керек);
2) бағалау жүйесінің болуы;
3) сенімділік;
4) информативтілік.
Сенімділіктің жəне тұрақтылықтың талаптарына тəн болатын тестілер аутентикалық деп
аталады (грек сөзінен аутентико - дəлелденген).
Өлшеудің процесі тест алу; өлшеудің қорытындысында алынған нəтиже - тест алудың
нəтижесі болып аталады.
Қозғалтқыш тапсырмаларға сүйенген тестілер қозғалтқыш немесе моторлық деп аталады.
Олардың нəтижесімен қозғалтқышжетістіктер (арағашықтықты өту уақыты т.б.); немесе
физиологиялық пен биохимиялық көрсеткіштер болады. Осыған байланысты қозғалтқыш
тестілердің үш тобы бар:
1) бақылаусынақтары (жаттығулар);
2) стандарттық функциональдық пробалар;
3) максимальды функционалдық пробалар.
Кейбір жағдайда спортшының күйін анықтау үшін бірнеше тестілер қолданылады. Осындай
тестілердің тобы тестілердің батареясы болып аталады.
2. Тестілердің сенімділігі
Зерттеудің бойында бір топ адамдарға қолданылған тестіні қайтадан сол адамдарға бірдей
жағдайда іске асырғанда нəтижелер бірдей болу керек. Бірақ, аппаратураның дəлдігі қаншама
жақсы болса да, тестілердің нəтижелері үнемі əртүрлі болады. Мысалы, қазір 260 см секірген
спортшы келесі секіруде 255 см нəтижесін көрсетеді.
Тестінің сөнімділігі - бұл бірдей жағдайда алдында тестімен қабылданған адамдардың
нəтижелерінің кейін алғанымен бірдейлігінің саты.
Қайта өлшеуден кейінгі пайда болған нəтижелердің өзгерлігі ішкіжекелік немесе
ішкітоптық, ішкікластық болып аталады. Бұл өзгерулігі төрт негізгі себебіне байланысты:
1. Зерттеп жатырған адамдардың күйінің өзгеруі (шаршау, жұмысқа кірісуі, үйрену,
мотивацияның өзгеруі т.б.);
2. Сыртқы жағдайдың жəне аппаратурасының бақылауға келмейтін өзгеруі (температура, жел,
электротоктың напряжениясі, бөтен адамдардың болуы, т.б.), яғни осы барлық аталған
жағдайлар «өлшеудің кездейсоқ қателігі» болып аталады;
3. Тестіні өткізіп жатырған немесе бағалап жатырған адамның күйінің өзгеруі (сонымен қатар
бір эксперментаторды немесе төрешіні басқамен ауыстыру);
4. Тестінің жетілмегені (кейбір тестілердің бірден сенімділігі аз болады. Мысалы,
баскетболдың корзинкасына доппен бірінші тигізбеуге шейін лақтыру).
№ 7 дəріс
Тақырыбы: Баға теориясының негіздері
Жоспар:
1. Бағалардың проблемасы
Спортшылардың көрсеткен нəтижелері (тест нəтижелері):
• біріншіден, өлшеудің əртүрлі бірлігі арқылы қамтып көрсетіледі (уақыт,
арақашықтық, т.б.), осы себептен бір бірімен салыстыруға келмейді;
• екіншіден, олар бойынша спортшының күйі қандай мөлшерде қанағаттандырылғаны
екені айтуға болмайды (мысалы, 100 с жүгіргенде көрсеткен 12,0 сек. уақыт өте жақсы, немесе
ете нашар деп талқылау мүмкін, əртүрлі жағдайларға байланысты).
Осыған байланысты нəтижелер бағаға аударылады (ұпайлар, балдар, бағалар, разрядтар т.б.).
Бағалар (немесе педагогикалық баға деп əр бір тапсырманың (біздің жағдайда - тест)
жетістіктің унифициралық (ғылыми дəлелденген, стандартқа сай) өлшемі аталады. Бағаны
шығару (есептеу, анықтау) процесі бағалау деп аталады.
Президенттік сынамалардың, спорт түрінен ұпайлардың таблицаларды, дене тəрбиесінен
мектептегі жоғары оқу орындарда бағалау, осылар бəрі бағалаудың мысалдары.
Бағаның арасында оқу (оқу процестің ішінде мұғалім қоятын) жəне квалификациялық
(бағаның басқа түрлері, мысалы жарыстардың, тест алудың нəтижелері т.б.) түрлері бар.
2 .Спорт түрінде ұпайлардың таблицалары жəне бағаның шкалалары
Ұпайлар таблицасының мақсаты - көрсетілген спортық нəтижені (объективті мөлшерімен
көрсетілген кг, сек, т.б. алынған орын) жай ұпайларға аудару. Спорттық нəтижелерді
ұпайларға аудару заңы бағаның шкаласымен аталады. Шкала математикалық формула,
таблица немесе график арқылы ұсынылу мүмкін.
Дене тəрбиесі мен спортта кездесетін шкалалардың 4 типі бар.
Сурет 5. Спорттық нəтижелермен тест алудың
нəтижелерін бағалау схемасы
Кейбір жағдайда ортасындағы жəне қорытынды бағалау бірігеді.
Сурет 6. Бағалау шкалалардың негізгі типтері:
I - пропорционал шкала, II - регрессивті шкала,
III - прогрессивті шкала, IV - сигма тəрізді шкала
Бірінші типі - пропорционалдық шкалалар. Бұл шкалалардың типі нəтижелердің бірдей
өсуіне ұпайлардың бірдей санын береді (мысалы, 100 м жүгірістіңнəтижесін əрбір 0,1 с өсуіне
20 ұпай беріледі, тағы сол сияқты).
Пропорционалдық шкалалар қазіргі бессайыс, коньки тебу, шаңғымен жүру спорт
түрлерінде қолданылады.
Екінші типі - регрессиялық шкалалар. Бұл жағдайда спорттық жетістік нəтиженің бірдей
өсуін жоғарлауына ұпайдың сандарын беруді азайтады (мысалы, 100 м жүгірудегі нəтижесі
15,0 сек-тен бастап 14 сек-ке дейін өсуіне 20 ұпай бекітсе, 10,0-9,9 сек арақашықтағы 0,1
секундта - тек 15 ұпай). Яғни, нəтиженің саны өскен сайын үпайды аздап береді.
Үшінші типі - прогрессиялық шкалалар. Бұл жерде спорттық нəтиже жоғары болған сайын
оның жақсарылуы ұпайдың жоғарылау қосылуымен бағаланады (мысалы, жүгірісте 15,0 сектен 14,9 сек-ке дейін нəтиженің жоғарлауы үшін 10 ұпай беріледі, 10 сек-тен 9,9 секундқа
дейін - 100 үпай). Прогрессиялық шкалалар жүзуде, жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінде,
ауыр атлетикада қолданылады.
Төртінші типі - сигмовидтік (немесе S-түріндегі) шкалалар. Бүл шкалаларда ең төмен мен
жоғарғы зоналарға нəтижелер бағаланады.
3. Бағаның шкалалары
Стандарттық шкалалар
Бұл шкалалар осылай аталатын себебі, олардың ішінде масштаб ретінде стандарттық (орта
квадратикалық) ауытқулар пайдаланды. ең оңай стандарттық шкаласымен Z- шкаласы болады.
Бұл шкалада берілген ұпайлар нормальдық ауытқуға тең (ол орта арифметикалық мөлшерден
ауытқуы болып табылады,
- σ + σ
X
Осында орта нəтижесі ноль ұпаймен бағаланады, орта мөлшерден төмен нəтижелер теріс
үпайларға айналады, сонымен қатар нəтижелердің ең көбі -3,0-ден +3,0-ге дейінгі
шекарасында орналасады. Теріс мөлшердің болуына байланысты бұл шкала ыңғайсыз, сол
себептен көп жүзеге асырылмайды.
Стандарттық шкалалардың арасында ең кеп пайдаланатын Т-шкала. Бұл жерде орта мөлшер
50-ге тең болады, стандарт-10 ұпайға
T = 50+10 x-x =50+10*Z
қай жерде X - көрсетілген нəтиже, X жəне σ - орта мөлшермен орта кадратикалық ауытқу.
Мысалы, бір орыннан түрып секірудің нəтижесі 224 см тең болса, стандарт - 20 см,
онда 222 см 49 ұпай, 266 см 71 ұпай беріледі (формула арқылы).
Перцентильдік шкала
Мысалы, жалпы стартпен берілген кросста спортшыға қанша ол қатысушыларды
(%-пен есептегенде) озып кеткен санына тең ұпайларды беруге болады. Бəрін озып кетсе (100
%) – 100ұпай, 72% - 72 ұпай алады т.с.с. Осындай бағыт бойынша құрылған шкала
перцентильдік, осы шкаланың интервалы - перцентиль болып аталады. Бір перцентиль барлық
қатынасушылардың 1 % құрайды. 50%-тік перцентиль медиана болып аталады.
Таңдаган нүктелердің шкалалары
Жоғарыдағы аталып кеткен шкалаларды құруға тест нəтижелердің статистикалықтаратылуы
бар кезінде болады: орта арифметикалық мөлшер, стандарттар т.б.
Бірақ, ондай мəліметтерді алуға үнемі жағдай болмайды, мысалы, спорт түрлеріндегі
таблицаларды зерттеген кезде.
Соңғы жағдайда мынадай жол арқылы бұл мəселені шешеді: ең жоғарғы спорттық нəтижені
алып (мысалы, əлемнің жетістігін, рекордын), одан кейін оны 1000 немесе 1200 ұпайға тең
қылады. Осымен қатар көпшілік сынақтар арқылы алынған нəтижелерге сүйеніп төмен
жайындалған адамдардан құрылған топтың орташа жетістігін анық-тайды да, оны мысалы, 100
ұпайғатеңқылады. Осыдан кейің пропорционалдық шкала қолданылса, екі нүктені қосады.
Осындай жолмен құрылған шкала, таңдаған нүктелердің шкаласы болып аталады.
Параметрлік шкалалар
Циклдік спорт түрлерінде (жеңіл атлетика, жүзу, т.б.) жəне ауыр атлетикада көрсетілген
нəтижелері арақашықтық жəне спортшының салмағы сияқты параметрлеріне байланысты.
Осындай байланыстар параметрлік болып аталады. Əлем рекордтары үшін оңай түрінде
құрылады.
Негізінде эквиваленттік жетістіктер нүктелердің геометриялық орнымен болатын
параметрлік байланыстарын табуға мүмкіндік бар. Осындай байланыстарға сүйеніп, салынған
шкалалар - параметрлік деп аталады жəне ең дəл болады.
Гцолифктың шкаласы
Көбіне қайтадан тестті қабылдағанда өзгермейтін жағдайды келтіруге қиын. Осы мəселені
шешу үшін ГЦОЛИФКтың шкаласы жете зерттелінді. Оның кезінде мынадай математикалық
шығарма бар:
Мысалы, медицинболды лақтырудың бойында ең жоғарғы нəтиже 20 м болады, ең төмен -
10 м. Сонда 15 м көтерілген нəтижеге ұпайлардың қоры мынаған тең болады:
Ең жоғарғы нəтижені көрсеткен спортшы ГЦОЛИФК шкаласы бойынша 100 ұпай алса,
еңтөмен орын алғаны ұпайларды алмайды.
№ 8 дəріс
Тақырыбы: Сапалы көрсеткіштердің сандық бағалау əдістері
Жоспар:
1. Квалиметрияның негізгі көрсеткіштері
Сапалы көрсеткіштермен өлшеудің нақты бірліктері жоқ көрсеткіштер аталады.
Квалимөтрия (лат. Gualitas – сапа, metron – өлшөм) сапасын баға-лау үшін сандық əдістерін
анықтайды жəне оларды жете зерттейді.
Квалиметрия бірнеше негізгі ережелеріне сүйенген:
а) əрбір сапаны өлшеуге болады; спортта əдемішілікті бағалауға сандық əдістер қолданылады;
ə) сапа бірнеше қабілеттердің қорына байланысты, «сапаның негізін» құрайтын
б) əрбір сапа екі санымен анықталады: салыстырмалы
кішпен жəне салмақтылығымен;
в) қабілеттер салмақтылықтардың қосындысы əрбір дəрежедеп бірліккетең (немесе 100%).
2. Эксперттердің бағалау əдісі
Эксперттік бағалаумен мамандардың пікірлерін анықтау арқылы қойылатын баға аталады.
Эксперт (латын сөзінен expertus – тəжірибелі) - арнайы білім талап ететін сұрақтарды шешуге
шақырылатын беделді адам.
Экспертиза жеке (міндетті шешуге бір маман жұмыстанады) жəне топтық түрінде болады.
Эксперттерге өзінің пікірлерін ауызша айтуға немесе арнайы анкетаны толтыруды болады.
Анкетамен (француз сөзінен anguete – зерттеу) жауап беретін сұрақтардан құрылған
жазбаша сұрау бетшесі аталады.
Экспертизаны өткізу бойында келесі негізгі кезеңдер бар: оның мақсатын ойлап шығару,
эксперттерді таңдау, əдістемелерді таңдау, сұрауды өткізу жəне алынған мəліметтерді өңдеу,
соның ішінде жеке эксперттің бағалардың сəйкестілігін бағалау.
Экспертті таңдаған кезде олардың компетенттігің сезімділігін, көзқарастардың кеңдігін
жəне пікірлердің тəуелсіздігін есепке алу керек.
Эксперттердің компетенттігін объективті бағалау үшін арнайы анкеталарды пайдалануға
болады.
Эксперттерді таңдаудың басқа көзқарасы олардың əрекеттің тиімділігін анықтауға
негізгделген. Эксперт əрекеттін, абсолюттік тиімділігі онымен оқиғалардың іске асырылуын
дұрыс бағытын болжамдау жасаған жағдайлардың саны олардыңжалпы санына езара
қатынасымен сипатталады.
Салыстырмалы тиімділік - бұл эксперт əрекеттің абсолюттік тиімділіктің əрекеттер топтың
орташа абсолюттік тиімділігіне тəн.
№ 9 дəріс
Тақырыбы: Спортшыларды бақылаудың инструментальдық əдістері
Жоспар:
1 Өлшеу жүйесінің құрамы
2.1.1 Өлшеу жүйесінің құрамы
Сурет 10. Спортшының күйін сипаттайтын өлшеу
көрсеткіштер жүйесінің қүрамы
Спортта өлшеу аппаратурасының жүйесіне хабарлаудың датчиктері, байланыс линиясы
жəне белгілейтін керек-жарақ жатады. Одан басқа, оның қүрамына есептейтін керек-жарақ
кіру мүмкін (хабарлауды автоматикалық түрінде өңдеу үшін).
Датчикпен өлшеп жатырған көрсеткіштің өзгерістерін тікелей қабылдайтын өлшеу
жүйесінің элементі аталады. Датчиктерден хабарлау байланыс линиясы арқылы белгілейтін
немесе есептейтін керек-жарақтарға түседі.
Спортшыларды бағалаудың əдістері екі топқа бөлінеді:
а) оптикалық немесе оптико-электрондық əдістері: хабарлау белгілейтін керек-жараққа
светтін немесе жылудың сəулелері арқылы түседі;
ə) механикоэлектрондық əдістері: хабарлау байланыс линиясы немесе радио бойынша
электрикалық сигналдар беріледі.
2 Қозғалыстарды белгілеу оптикалық жəне оптикоэлектрондық əдістері
Олар спортшыларды арақашықтықта жəне контактісіз бағалауға арналған Олар
Байланыс линиясы Белгілейтін керек-жарақ
Датчиктер Спортшы
Есептейтін керек-жарақ
жаттықтырулардың жəне жарыстардың өтуіне кедергі жасамайды.
Оптикалық əдістер фотографияға негізделген. Фотография («светті жазу») светке сезімді
материалдың бейнелеулерді алу тəсілдердің көрі. Ол фотосъемкаға жəне киносъемкаға
бөлінеді. Олардың нəтижелері қозғалыстардың сыртқы түрін немесе кинематикалық
көрсеткіштерін спорттарда анықтауға арналған.
Кинокальцовкамен бекітілген бейнелеуді көбірек қарау үшін калыдоға клейленген
кинолентаның бір бөлімі аталады.
Кинограмма - бұл фотоның қағазында басылған кинолентаның бөлімі. Қозғалыстың
стробофотограммасы - бұл қозғалып келе жатырған объектінің бірнеше паузасын қосылған
бейнелеуі. Оны фотоснимканы қолданып обтюратор (ашықтары бар айналатын жабық диск)
арқылы шығарады.
Стробограмманы құрастырғанда кинопленканы кадрларын бірізділігімен қағазға түсіреді
одан кейін іздерін жасайды.
Циклограммамен қозғалып келе жатырған дене бөлімдерінің траекториясын бейнелейтін
үзілісі бар линиялардың көрі. Оларды анықтау үшін спортшының басында жəне денелердің
бөлімдерінде маркерлер орналастырылады. Съемка стробоскобы бар фото-аппаратымен
немесе киноаппаратпен жүргізіледі.
Телециклография қозғалыстардың траекториясы телевизиялық камера арқылы белгіленумен
жəне телевизиялық экранға бейнелеумен сипатталады.
Видеозапись - бұл телевизиялық экранда копрет қарау үшін магниттік лентада бейнелеуді
жазбалау.
Бейне жазу спорттық техника мен тактиканы терең жəне объективті түрде талдауға
мүмкіндік береді, тек қана жаттықтырушы жұмысын ғана емес, сонымен қатар жарыстарда
үлкен көмегін тигізеді. Оның себебі, спорттық жекпе-жектің əрбір эпизодын экранда көп рет
Қайталап көрсетуге жəне объекшвті мəліметтерге сүйеніп қорытынды шешімді қабылдауға
мүмкіндік береді.
Өлшеудің фотоэлектрондық əдістері көбіне фототиімдікке сүйенген. Фототиімдікпен
электромагниттік сəуле шығарудың əсерінен затпен электрондарды шығару аталады.
Спортта фотоэлектрондық керек-жарақтардың көмегімен жүгіру арақашықтығының уақыты
өлшенеді. Қазір фототиімдікті циклограммаларды белгілеуге де қолданады (оптикалық
əдістерге сəйкес). Аспаптың қазіргі фотоэлектрондық дəлдігі жағынан телевизиялық
аспаптарды озып тұр. (соңғысы өлшеу мақсатында көбіне пайдасы өлшеу мақсатында көбіне
пайдаланбайды), бірақ өлшемдік фотоаспабының ең жақсы үлгілерінен төмен
(стереофотограмметрия үшін қолданатын аспап).
Фотографиялық процесс - фотоға түсу немесе кинофильмді құрастыру үшін іске асыратын
операциялардың қоры.
Бұл процесс келесі кезеңдерден тұрады:
1)дайындық (аспапты түсіру, түсірудің орны мен объектісін дайындау):
2) фотосъемка немесе киносъемка;
3) негативтікпроцессжəне
4) негативтік процесс
№ 10 дəріс
Тақырыбы: Оқу –жаттығатын жəне жарыстық процесстердің хабарлама-техникалық
қамтамасыз етуі
Жоспар:
1 Негізгі түсініктер
Электрондық-есөптеу машинамен (ЭЕМ) жоспарланған бағдарлама бойынша хабарламаны
автоматикалық өңдеуге арналған электрондық керек-жарақ аталады. ЭЕМ-ды басқаша
компьютер деп атайды (ағыл сөзінен сотриіег).
Іске асыру принципі бойынша ЭЕМ сандық (цифралық - ЦЕМ) жəне сəйкестілік (аналогтік
- АЕМ). Екі жағдайда да машина электрикалық сигналдарға аударылған
сандарменжұмысжасайды. Бірақ, аналогтік машинада əрбір цифраға электрикалық токтың
нақты мөлшері тəн болады. Цифралық машина ондық немесе екілік кодпен жазылған
цифралармен өзімен жұмыс жасайды.
ЭЕМ-дер универсальдық жəне арнайы түрлеріне бөлінеді. Универсальды есептеу машина
əртүрлі міндеттерді шешуге арналған бағдарлама арқылы жұмыс атқарады, арнайы есептеуге
машина -бір нақты міндетті іске асыру үшін.
2 Электрондық-есептеу машиналардың құрамы мен құрылысы, олардың
бағдарламалық қамтамасыз етуі
Есептеу машиналары əртүрлі болады. Олар іс-əрекетінің принципі, мақсаты, ені, салмағы
жəне басқа белгілер бойынша сипатталады.
Цифралық есептеу машинасы арифметикалықкерек-жарақтан, еске алатын керек-жарақтаң
меңгеру керек-жарақтан жəне хабарлауды кіргізу мен шығару керек-жарақтан қүрылады.
Хабарлауды керек-жарақтығы бар есептеу машина тапсыр-маларды беруге бағытталған,
яғни бастапқы мəліметтерді жəне есептеу бағдарламасын кіргізу үшін хабарлаушы ролін
перфокарта, перфолента, магниттік лента атқару мүмкін. Сонымен қатархабарлау
клавиатурадан кіргізілуі мүмкін.
Еске алатын керек-жарақ (есептеу машинаның «есі») хабарлауды сақтау үшін
жұмыстанады: бастапқы мəліметтердің, есептеу программасын, арасындағы жəне қорытынды
нəтижелердің. Бұның маңызды сипатымен оның көлемі болып табылады. Ол хабарлаудың
санның бірліктері арқылды өлшенеді - БИТ. Бір бит - бұл екілік сигнал, яғни 0 немесе 1
мөлшерін алатын сигнал. Бір бит екі символды код арқылы көре етуге мүмкіндік береді, екі -
төрт символды: 00, 01, 10, 11 яғни т.с.с. Есептеу техникада хабарлауды бит емес, БАЙТ
арқылы өлшейді. 8-разрядтық байт 28
= 256 битке тең болады.
3 Спорттық жарыстарды хабарламалық қамтамасыз етуі
Спорттық жарыстарды өткізу сапасы спортшылармен көрсетілген нəтижелер жөнінде
хабарламасын дəлдігі жəне төрешілерге, жаттықтырушыларға, журналистер мен
көрермендерге бұл хабарлама жылдам өткізу жерлері əртүрлі техникалық керек-жарақтармен
қамтамасыз етіледі: автоматикалық хронометр, көрнекілік табло, телевизиялық жүйелер т.б.
Жүгіру жарыстарында жеңімпаздарды анықтау үшін фотофиниш қолданылады. Финишке
қарама қарсы арнайы фотографиялық камера орналастырылады, қайсының ішінде пленкасы
қысқа вертикальдық ашықтың қасына бірдей жылдамдықпен өтеді. Спортшы дененің бөлек
бөлімдері фиништік линиясынан өткен мезгілінде фотопленкаға түседі.
Олимпиадалық ойындарда жүзуден өткен жарыстарда хабар-пама-техникалық қамтамасыз
етудің жүйесіне келесі компоненттер кірді:
1) Старттық пистолет. Оның ішінде порохтық газдың əсерінен электрикалық байланыс
пайда болады. Осының арқасында электрикалық импульс старттың кезінде электрондық
хронометрдіҢ жумысын бастайды;
2) Старттықсигналдыңдыбысын күшейтулер;
3) Дыбыс сигналын əрбір жүзуші бірдей есту үшін олардың артында орналастырылған
дауысты күшейтулер;
4)Финишьік панельдер. Оларға дененің бөлімдері тигенде электрикалық контакттар
қосылады, осыдан кейін электрикалық импульстар электрондық хронометрге түседі;
5) Коммутирулық керек-жарақ;
6) Спортшылармен көрсеткен нəтижелерді тіркейтін сандарды басатын керек-жарақ;
7) Көрсеткіш табло;
6) Спортшылармен арағашықтың бөлек бөлімдерін өту уақытын хабарлайтын керек-жарақ;
7) Телевизиялық камералар.
Жүгіру жарыстарында жеңімпаздарды анықтау үшін фотомəрені қолданады.
Оқу жаттығатын процесті хабарлама-техникалық қамтамасыз етуі
Техникалық құралдар жаттықтырушыларға келесі жағдайларда көмектеседі:
• спортшыларды оқытқанда жəне жаттығатын жүктемелерді мөлшерлегенде;
• спортшылардың дайындылығына бақылау жасалғанда;
• спорттық жетістіктерді болжамдағанда
Жаттығудың техникалық қуралдары
Тренажерлармен арнайы ұйымдастырылған жағдайларда жаттығатын жəне жарыстық
əрекетті жасауға мүмкіндік беретін теХникалық құралдар аталады.
Тренажерлардың арасында дене, техникалық, психологиялық, тактикалық жəне
теоретикалық дайындылыққа арналғандары болады. Олар керісінше байланыссыз (мысалы,
допты лақтыру үшін керек-жарақтар, əртүрлі жеңілдік жасайтын жабдықтар) жəне керісінше
байланысы барлары болады.
Керісінше байланыспен жүйенің жүзеге асыру нəтижелерінің етуі аталады (мысалы,
«спортшы-тренажер»). Керісінше байланысы бар тренажерлар спортшының көрсеткіштерін
автоматикалық өлшеуге жəне оларды бағдарламалық мөлшерімен салыстыруға мүмкіндік
береді.
Тез хабарламаны қамтамасыз ететін тренажерлар жаттығуларды орындау барысында
спортшымен жасалған кəтеліктеріне назар аударады.
№ 11 дəріс
Тақырыбы: Жарыстық əрекетті бақылаудың метрологиялық негіздері
Жоспар:
1 Бақылаудың мазмұны мен бағыты
Жарыстық əрекет бул спорттық шеберлікті анықтау жəне объективті түрінде салыстыру
мақсатындағы нақты ережелер бойынша үйымдастырылған жекпе жек.
Жарыстық əрекеттің тиімділігін жарыстарда көрсетілген нəтиже бойынша немесе есеп жəне
бақылау жарыстары арқылы бағалауға болады. Бірақ жарыстық нəтижесінің ішінде жарыстың
өту туралы хабарлау болмайды, осыған байланысты спортшы дайындылығын күшті жəне
шамалы жарықтарын сонымен қатар сол кемшіліктерді жоюға жолдарды жоспарлауға
мүмкіндік бермейді.
Бұл мақсатты жарыстық əрекетті объективті белгілеу жəне оның қүрамын (қандай
элементтерден құралады) мен қүрылымы (бір бірімен сол элементтер қалай байланысты)
талдау арқылы алынатын көрсеткіштер шешеді.
Бұл белгілеу жарыстық əрекетті бақылау процесінде іске асырылады. Бақылаудың келесі
бағыттары бар.
1. Техникотактикалық қозғалыстардың жалпы санын жəне тиімділігін анықтау;
2. Спорттық техникасының тиімділігін жəне тұрақтылығын анықтау;
3. Спорттық тактиканы бақылау;
4. Жарыстың кезінде жəне олардан кейін организмдегі физиологиялық жəне
биохимиялық реакцияларды өлшеу;
5. Психикалық күйін есепке алу.
Жарыстық əрекетке сандық бағаны беру үшін оның оқиғаларын объективті түрде
белгілейді. Бұл үшін жарыстың барысын видеомагнитофонға түсіреді; магнитофонға сөздерді
жаздырады, стенография əдісі арқылы белгілейді.
2 Спорттық əрекетті бейнелеу тəсілдері
Сондай стеография тəсілі белгілердің екі тобы арқылы іске асырылады. Олар қандай
қозғалыстарда жəне оларды спортшы қандай цəрежеде жақсы жасайды екені жөнінде
хабарламаны береді.
Мысалы, стол үстіндегі тенис ойыншының жарыстық əрекетін стенография арқылы
белгілеудің жүйесін қарастырайық.
Жазбаны қарастырайық. Келген допты ойыншы оң жағынан допты шапшаң итеру арқылы
қабылдайды, содан кейін сол жағынан допты шапшаң итеру арқылы қайтарады, оң жағынан
топ-спингті (шабу арқылы) жасайды, осымен ұпайды жеңіп алады. Екінші допты ойынға
қатыстырғанда.оңжағынан шапшаң итеру арқылы берілген допты қабылдап, теннисші қате
жіберді. Төртінші допты ойынға қатыстыру барысында ол оң жағынан допты итеру арқылы
қабылдап, сол жағынан сондай іс əрекетті жасайды жəне оң жағынан топ-спингті жүзеге
асырып ұпайды жеңіп қалды т.с.с.
№ 12 дəріс
Тақырыбы: Спортшылардың техникалық жəне тактикалық дайындығын бағалау
метрологиялық негізі
Жоспар:
1 Техникалық дайындықты бақылау
Техникалық дайындылықты бақылау бұл спортшының əрекетін жəне онымен игерген
қозғалыстарды жасауын бағалауы болып табылады
Техникалық шеберлікті бақылаудың екі негізгі тəсілі бар: визуальдық (сыртынан көзбен
бақылау) жəне инстурментальдық.
Біріншісі ең пайдаланатын жəне спорттық ойындарда, жекпе-жекте, гимнастикада,
конькимен фигуралық сырғанау, сонымен қатар спорттың тағы басқа түрлерінде ең негізгі
тəсіл ретінде болып табылады. Бақылауды жүргізуі талаптарға сай болу керек.
Бақылаудың бағдарламасына жəне бақылаушыларды оқытуына назарды көбірек аудару
қажет. Мысалы, ұзын, орташа жəне қысқа арағашықтыққа допты əперу орындаудың саны,
дəлдігі мен тиімділігі арқылы футболшылардың техникалық шеберлігін өлшегенде, алдын ала
олардың топтастырылуын нақтылау қажет. Əрбір бақылаушы білуге міндетті: ұзын
арағашықтыққа допты əперу 30 м шекарасында, орташа - 15-30 м, қысқа -15 м-ге дейін
болады.
2 Техникалық көлемін бақылау
Техниканың көлемі спортшымен жаттығатын оқуларда жəне жарыстарда орындалатын
қозғалыстардың жалпы санымен сипатталады.
Спортың кейбір түрлерінде техниканың келемі көрсеткіштердің информативтігі 10 кестеде
көрсетілген
Техника көлемін бақылау үшін жарыстарда жəне жаттығатын оқуларда қозғалыстарды
есептейді. Əрбір қозғалыс нақты анықталғанда, белгілеудің кəтелері аз болады. Мысалы,
футбол ойында үш бақылаушы келесі нəтижелерге ие болды: 765, 765, 769 қозғалыстар.
Кəтелік 1 % төмен болып тұр.
Техникасының жарыстық көлемі өзгермелі болады жəне қарсылаушының
квалификациясына, жекпе жектің техникасына т.с.с байланысты. Мысалы, шеберлігі төмен
командалармен ойнағанда ойын қозғалыстардың көлемі 1000 жоғары мүмкін, күшті
қарсыласушымен - 500-ге дейін жетпеу мүмкін.
Спортшының техникасының жаттыгатын көлемі оның потенциалдық мүмкіндіктері
жөнінде сипаттама береді, жарыстық көлемінің жаттығатын көлеміне өзара қатынасы - оның
мүмкіндіктерін жүзеге асыру жөнінде.
3 Техниканың жан-жақтығын бақылау
Техникалық дайындылығының жанжақтығы спортшымен меңгерілетін қозғалтқыш
қимылдардың əртүрлілігінің сатысымен анықталады. Жаттығатын жанжақтық жарыстың
жанжақтығынан жоғары болады. Оның себебі: жарыстарда күштері бірдей қарсыласушылармен спортшы техникалық тəсілдердің ішінен азғантай санын қолданады
(тек 1-2). Спорттық ойындарда информативті көрсеткішпен қолданылған əртүрлі ойын
тəсілдердің жиілігінің өзара қатынасы болады. Мысалы, футболда доп əперудің санының
допты қақпаға соғудың санына өзара қатынасы. Мысалы, осы көрсеткіш 10 төмен болғанда
(250 доп əперу жəне 25 рет қақпаға соғу), ойынның нəтижесі - тең немесе жеңіс болады; 10
жоғары болғанда (350-500 доп əперу жəне 15-25 рет қақпаға соғу), ойын ұтылып қалғандай
дəрежеде болады.
Техникасының жанжақтығының жеке түрімен оң немесе сол жағына орындалатын
тəсілдердің өзара қатынасы есептелінеді. Сондай бір жағынан таңдау материалдық
басқалардан жоғары болу деп аталады. Оның коэффициенті келесіге тең (kЛБ)
ай жерде ng - доминанттық (жақсы көретін) жағына орындалған тəсілдердің саны; n -
тəсілдердің жалпы саны.
Көп спортшыларда ол 0,80-1,00 бірлікке тең, тек жоғарғы шеберлігі бар спортшыларда ол
0,60 түседі.
Техника жанжақтығы көрсеткіштерінің сенімділігі (қайталанулығы) жоғары болмайды,
бірақ шеберлігі өте жоғары спортшыларда үлкен болу мүмкін.
№ 13 дəріс
Тақырыбы: Споршылардың дене дайындылығын бақылаудың метрологиялық негіздері
Жоспар: 1 Бақылауға қойылатын жалпы талаптар
Дене дайындылығын бақылаудың барысында жылдамдық жəне күш қасиеттердің,
төзімділіктің, ептіліктің, иілгіштіктің, тепе-теңдіктің т.с.с. даму деңгейін өлшеу қажет етіледі.
Тесті алудың 3 варианты болу мүмкін:
1) əртүрлі тестілердің кең түрін қолданудың арқасында дене дайындылығын комплекстік
бағалауы; (мысалы, Президенттік сынамаларда жетістіктерді өлшеу);
2) тек қана бір қасиеттің даму деңгейін бағалау (мысалы, жүгірушілердің төзімділігін);
3) қозғалтқыш қасиеттің жүзеге асыруының бір түрінің даму деңгейін бағалау.
Дене дайындылықтың компоненттерін тесті алу арқылы анықтаудың алдында келесі
жағдайларды ескерген жөн:
1) тест алудың мақсатын анықтау;
2) өлшеу процедуралардың стандартизациясын қамтамасыз ету;
3) орындау техникасы жеңіл жəне нəтижеге үлкен əсерді тигізбейтін жоғары сенімділігі мен
информативтігі бар тестілерді таңдап алу;
4) гестілерді сондай деңгейде игеру қажет, қашан оларды орындау барысында негізгі зейін
қозғалыстың техникасын дұрыс жасауына емес, максимальды нəтижені орындауында
аударылып тұрады;
5) тесттерде ең жоғары жетістіктерге жетуге максималды мотивацияның болуы.
2 Жылдамдық қасиеттердің даму деңгейін бақылау
Спортшылардың жылдамдық қасиеттері уақыттың минимальды арақашықтығында
қозғалыстарды орындау қабілеттері арқылы жүзеге асырылады.
Жылдамдық қасиеттердің жүзеге асырылуы элементарлықжөнө комплекстік түрлеріне
бөлінеді (М.А. Годик, 1966).
Элементарлық түрлеріне келесілер кіреді:
а) реакцияның уақыты;
ə) бір қозғалыстың уақыты;
б) локальдық қозғалыстардың жиілігі (темпісі)
Комплекстік түрлері спорттық қозғалыстардың орындаудың Жылдамдығымен сипатталады
(спринтерлік жүгірістің уақыты, боксшының соғуы т.с.с.).
3 Күш қасиеттерді бақылау
Сыртқы қарсыласуды жеңуге немесе оған бүлшық еттердің күшенудің арқылы оəан қарсы
туру қабілеті куш қасиеттөрімен аталады.
Күш қасиеттерді бақылауға алғанда көрсеткіштердің үш тобын есепке алады:
I. Негізгі:
а) қозғалыстың бір моментінде күштің сол кездегі мөлшері, атап айтқанда максимальдық
күшті; ə) орташа күшті.
II. Интегральдық - күштің импульсы.
III. Дифференциальдық - күштің градиенті жəне т.с.с.
Күш қасиеттерді тіркеудің екі тəсілін айтады:
1) өлшемдер аппаратурасыз (бұл жағдайда күш дайындығының деңгейін бағалау
спортшымен көтерген ең жоғарғы салмақ арқыльі жүзеге асырылады);
2) өлшемдер керек-жарақтар арқылы (динамометрлер).
№ 14 дəріс
Тақырыбы: Машықтандыру жəне жарыс жүктемелерін бақылау
Жоспар:
1 Жүктемелердің мамандануын бақылау
Бақылаужəне жоспарлау-спорттық машықтандырудың маңызды элөменті болып табылады.
Бақылауда қолданылатын нақты көрсеткіштер сан-алуан. Оны төмендегідей түсіндіруге
болады, əрбір спорт түрінің машықтандыру құралының құрамына ондағаң тіпті жүздеген
жаттығулар кіреді. Олардың əрбіреуін бағалап жəнө ең тиімдісін іріктеу жүктемелерді
бақылаудың ең негізгі міндеттерінің бірі.
Бұл міндеттерді шешудің негізіне машықтандыру құралдарын жіктеу -белгілі бір белгілер
(сипаттамалар) бойынша топтарға бөлу жатады. Төмендегідей сиптамаларды қолданылған
орынды.
Жүктемелердің мамандануын бағалау əдістерінің кең таралған түрі - жарыс жəне
машықтандыру жаттығуларының сыртқы сипаттамаларын (атап айтқанда, кинематикалық)
салыстыру. Мысалы, кейбір жүзгіштер құрлықта арнаулы есу қимылы ретінде резина
амортизаторын қолданады. Олар сырт жағынан жүзу кезіндегі есу қимылына ұқсас, бірақ бұл
уақыт ішіндегі күш салуы сəйкес келмейді: жүзу кезінде максимальды күш салу барлық
уақытта сақталады, ал құрлықтағы жаттығуда қимылдың соңғы кезеңінде күш максимумға
жетеді.
2 Жүктемелердің бағыттылығын бақылау
Жаттығуларды қимыл сапаларын дамытуға байланысты жіктегенде кумулятивті
машықтандыру эффектісі (əсері) (КМЭ) жəне жедел машықтандыру эффектісінің
көрсеткіштері (ЖМЭ) қолданылады.
Мысалы, марафондық жүгіру - шыдамдылықты, ал ауыр көтеру күшті дамытуға мүмкіндік
береді. Жаттықтырушы 200 метрден 20 реттік жүктемеден пайдаланылады.
ЖМЭ жаттықтыру компонентінің мəніне байланысты. Тұйық спорт түрлері бес
компоненттен тұрады:
Сурет 40. Жүзу кезіндегі есу қимылымен (___) жəне резеңке
амортизатормен есу имитациясын (еліктеуін орындаған кездегі
(___) күш алудың арақатынасы
1) жаттығулардың ұзақтығы;
2) оны орындаудың қарқындылығы;
3) қайталау аралығындағы демалыс интервалының ұзақтығы;
4) демалыстың сипаты;
5) қайталау саны.
№ 15 дəріс
Тақырыбы: Кезеңдік, күнделікті жəне жедел бақылау
Жоспар:
1. Спортшының жағдайы жəне бақылаудың түрөзгерістері
Оқу-машықтандыру процесін басқару 3 кезеңді қамтиды:
1) мəліметтерді жинау;
2) оны талдау;
3) жоспарлау.
Мəліметтерді жинау кешенді бақылау кезінде жүзеге асады, ол жағдайда объектілер
төмендегідей болады:
1) жарыс іс-əрекеті;
2) машықтандыружүктемесі;
3) спортшыныңжағдайы..
Запорожанов В.А. бір жағдайдан екіншісіне ауысуға қажетті əралықтың ұзақтығына
байгіанысты спортшының жағдайын үш типке бөлді:
1. Пөрманентті (латын тілінен аударғанда, ұзаққа созылғаң тұрақты, деген мағынаны
білдіреді) геғдай, яғни салыстырмалы ұзақ уақыт (ай, апта) сақталатын жағдай. Спорттық
жетістіктерге жетудін мумкіндіктерін көрсететін спортшының перманентті күйінің кещенді
сипаттамасы дайындылық, ал дайындылықтың оптимальды күйі -спорттық фома деп аталады.
2. Бір немесе бірнеше сабақтың əсерінен өзгеретін жағдай күнделікті жағдай болып
табылады. Əдетте жарыстан немесе машықтандыру жаттығуынан кейін оның салдары бірнеше
күнге созылады. Мұндай өзгерістер кешіктірілген машықтандыру əсері деп аталады.
3. Дене жаттығуларды бір рет жасағаннан кейін пайда болған əсерінен өзгеретін жəне өте
өзгермелі болатын оперативтік куйі жарыс жаттығуды максимальды нəтижеге жақын іске
асыруына бірден дайындығы барымен сипатталатын оперативтік куйінің жеке жағдайы
оперативтік дайындық болып аталады.
2. Кезеңдік бақылаудың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Кезеңдік бақылаудың негізгі міндеті - спортшылардың дайындылық деңгейін анықтау;
оларға негізделіп дайындықтың болашақтық (кезеңдік) жаспарлары құрастырылады. Кезеңдік
бақылауды спортшылардың күйінің күнделікті өзгерістеріне аз байланысты нəтижелерді
қамтитын тестілер арқылы іске асыру қажет.
қамтамасыз ететін факторлар салыстырылады Сондықтан бұл жағдайда жарыс жаттығудың
жəне тестілердщ педагогикалық, биомеханикалық, физиологиялық, биохимиялық белгілерін
жақсы білу керек. Мысалы, 400 метр жүгірудегі нəтиже көбіне организмінің анаэробтық
жұмыс қабілетімен анықталады. Сондықтан, əрбір тест, қай жерде бұл нəтиже энергетикалық
механизмге байланысты болса, жүгірушілердің дайындылығын кезөңдік бақылауына
пайдалануға болады.
2) Эмпирикалық, қай жерде жарыстық жаттығу мен тестілердегі жетістіктердің арасындағы
байланыстар есептелінеді (кесте 37).
Кезеңдік бақылауды ұйымдастыру кезінде дайындық барлық кезеңдерінде бірдей тестілерді
қолдану қажет (сондай тестілерді алмаспаптын деп атайды), себебі олар арқылы спортшының
күйіндегі өзгерістерді оңай бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |