Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы Жоспарлау мен болжаудың методологиясы



Дата16.06.2016
өлшемі87.48 Kb.
#138532

  1. Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы

  2. Жоспарлау мен болжаудың методологиясы

  3. Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың түрлері

  4. Мемлекеттің даму жоспарлары

Экономиканың обьетивті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.

Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.

Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.

Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.

Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,

Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.

Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.

Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.



Жоспарлау мен болжау – бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.

Зерттелетін процеске қарамастан болжаудың үш сатысы болады:



Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:


Жоспардың өзіне тән қасиеттері:

Біріншіден, жоспарда нақты мәліметтер, өндіріс құрамы мен қызметі, мақсатты тапсырмалары және оларды шешу тәсілдері толығымен жазылады;

Екіншіден, экономиканың даму инфрақұрылымын қарастыра отырып, жоспарларда еңбек күші, материялдық және қаржылық ресурстары толығымен көрсетіледі.

Үшіншіден, жоспар – бұл нарық субьектілерінің арасындағы келісім жасайтын тиімді құрал және ол қоғамға мемлекеттің экономикалық саясаты туралы ақпарат беру қызметін атқарады.

Төртіншіден, экономиканың дамуы үшін жоспарларда экономикалық болжау жасалынады.

Осының нәтежиесінде, мемлекет жоспар көрсеткіштері арқылы экономикалық өзгерістерді және жеке кәсіпкерлік фирмалардың даму қарқыны туралы мәліметтер алып отырады.
Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.

Болжаудың негізгі принципі – жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы.Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.

Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.

Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл – мемлекеттің, қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру.

Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.

Жоспар жасалу барысында, тексеріле отырып, түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша жоспарлау мен болжау жасаудың 150-ден астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-20әдісі қолданылып келеді.

Сонымен қатар, болжалдау мен жоспарлауда келесідей дістер де қолданылады:



  1. Экономикалық-статистикалық әдістер

  • экономикалық салыстыру әдісі

  • орташа шамалар әдісі

  • динамикалық қатарлар

  • тотау әдісі

  1. Математикалық-статистикалық әдістер

  • корреляциялық әдіс

  • регрессиялық әдіс

  1. Баланстық әдіс

  2. Нормативтік әдіс

  3. Монографиялық әдіс

  4. Эксперттік бағалау әдісі

  5. Эксперементалдық әдісі

  6. Экономикалық математикалық модельдеу

  7. Абстрактылы-логикалық әдіс

  8. Әлеуметтік

Болжау мен жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек.

Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз. Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т.б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады.

Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.

Жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтерді келесідей топтарға бөлеміз:



  • Қоғамдық еңбек өнімділігінің нормасы

  • Отын-энегргия және еңбек ресурстарының нормасы

  • Өнімділік қарқынының нормасы

  • Инвестиция және капитал салымдарының нормасы

  • Қаржылық нормалар



Кәсіпорын өзінің даму жоспарын жасамас бұрын өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлеріне сұранысты, кәсіпорынның экономикалық-әлеуметтік қамтамасыз етілуін, жұмыспен қамтылуын, еңбек өнімділігі мен күшін толық есепке алуы керек.


Теорияда және практикада жоспардың құрамына, құрылымына, құрылу уақытына және де т.с.с. көрсеткіштеріне байланысты өте көп түрлерге бөлінеді:

  1. Мазмұнындағы экономикалық-саяси кәсіпкелікке байланысты:

  • Стратегиялық жоспарлау;

  • Тактикалық жоспарлау;

  • Оперативтік жоспарлау;

  1. Қолданылу аясына байланысты:

  • Барлық қарастырылатын аумақты қамтитын жоспарлау (комплекстік немесе халықшаруашылық);

  • Бөліктік жоспарлау (Белгілі-бір аймақ, аудандық-ауылдық)

  • Кәсіпорын щеңберінде (фирмалар)

  1. Орындалу уақытына байланысты:

  • Қысқамерзімді (оперативті) жоспарлау (жартыжылдық, квартал, мезгіл, ай, апта);

  • Орташамерзімді (тактикалық) жоспарлау (1-5 жыл);

  • Ұзақмерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан жоғары қарай);

  1. Жоспарлау мазмұнына байланысты:

  • глобальды

  • Контурлы

  • Шектеулі

  • Детальді

  1. Жоспардың қызметтік аясына байланысты:

  • Өндірісте

  • Қызметкерлерде

  • Қаржы

  • Инновациондық

  • Дайындық кезеңінде

  1. Мәліметтердің өзгеру есебі бойынша:

  • Қатаң (өзгермейтін)

  • Икемді (өзгермелі)

  1. Уақыт кезеңіне байланысты:

  • Өтпелі (уақыт өткесін жаңа жоспар жасалынады)

  • Созылмалы (уақыт өтсе - созылады)

  • Кезеңсіз жоспарлау

  1. Уақыт ағымына байланысты:

  • реактивті (өткен уақытқа бағытталған)

  • инактивное (осы шаққа арналған)

  • преактивное (болашаққа бағытталған)

  • интерактивное (жоспардың тек жақсы жақтарына бағытталған)

  1. Жоспарлаудың тәсілі бойынша:

  • «төменнен жоғары» прогрессивті

  • «жоғарыдан төмен»

  • Айналмалы тәсіл

Мемлекеттік жоспарлау саласында көбінесе индекативтік жоспарлау түрі қолданылады. Индекативтік жоспарлау мемлекеттің экономикалық-әлеуметтіксаясатын, экономиканың өсуін, қоғамға қажетті нәтежиелерге жету үшін мемлекеттің мүдделерін қарасытырады.

Мақсаты:


  • Әлемдік және ішкі нарықтағы құрылым туралы ақпараттар жүйесін қалыптастыру, бұған бюджеттік және инвестициялық ақпараттар да кіреді.

  • Нарық субьектілерінің мемлекетің өзінің мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы

  • Өнімөндірушілерінің жаңа технологиялар мен инновациондық жобаларға жете назар аудауы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолдану.

Әлемде дамыған мемлекеттерде стратегиялық жоспарлау өз нәтежиесін көрсетіп жатыр. Стратегиялық жоспарлау нарық жүйесіндегі шаруашылықты тұрақтандыратын мемлекеттің басты құралы болып табылады. Оның көмегімен экономикалық тепе-теңдікті тұрақтандырып тұруға болады. Стратегиялық жоспарлаудың басты элементтері:

  • қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуді жоспарлау

  • Қоғам мен табиғат ара-қатынасын жоспарлау

  • Жаңа технологиялар мен ҒТР жетістіктерін пайдалануды жоспарлау

  • Ұлттық экономикалық жүйені тұрақтандыру

1997 жылы ҚР Президентінің бастамасымен «Қазақстан-2030» атты ұзақ уақытқа арналған стратегиялық даму жоспары жасалып, басылып шығарылды. Бұл жоспарда тәуелсіз Қазақстанның әлемдік экономикада дамуы, экономикалық-әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған шаралар жоспары, ұлтаралық татулық, табиғи ресурстарды тиімді игеру, Орта-Азиялық барыс болу мәселелері қарастырылған. 2030 бағдарламасындағы 7 басым бағыт:

1. Ұлттық қауіпсіздік,

2. Ішкі саяси тұрақтылық,

3. Экономикалық өсу,

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білім алуын, әлеуметтік жағдайын жоғарылату,

5. Энергетикалық және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану,

6. Көлік және байланыс инфраструктурасын дамыту

7. Жемқорлық пен қылмысқа қарсы мықты мемлкет құру.


Пайдаланған әдебиет:




  1. Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004

  2. Стратегичечский план развития Республики Казахстан до 2010г.

  3. Назарбаев Н. А. «Казахстан-2030»-1997 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет