Жүрек-қантамырлар жүйесі
Жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі қызметі – тасымалдау арқылы организмде жүретін зат алмасу процесін жүзеге асырады. Тамырлар бойымен аққан қан тіндер мен жасушаларға тіршілігіне қажетті заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, тұздар, оттегі) жеткізіп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері мен көмірқышқыл газын алып кетеді. Бұдан басқа қан тамырлар арқылы эндокринді бездерден бөлінетін, зат алмасудың арнайы реттеушілері болып табылатын гормондар мен организмнің әртүрлі ауру тудырушы агенттерге қарсы қорғаныс реакциясына қажетті антиденелер тасымалданады. Осылайша тамыр жүйесі реттеушілік және қорғаныстық қызметтер атқарады. Жүйке жүйесімен бірігіп организмнің тұтастығын жүзеге асыратын мүшелер мен жүйелер жұмысын реттейді. Тамырлар жүйесі ішінде ағатын сұйықтығына байланысты қан тамыр және лимфа жүйесінен тұрады. Екі жүйе бір-бірімен анатомиялық –физиологиялық тұрғыдан ұқсас болып, бірін-бірі толықтырғаныменен, өздеріне тән ерекшеліктері де бар.
Қан айналу жүйесі: жүрек (қоңыр түсті), веналар (көк түсті), артериялар (қызыл түсті).
Жүректің құрылысы
Жүрек - кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады, қан айналу жүйесінің орталық мүшесі. Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Жүректің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, қанның кері — жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық қақпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бұл қақпақшалар жазылып, тесігі жабылады да, канның кері қарыншаға өтуіне бөгет жасайды. Сонымен, қақпакшалардың арқасында қан жүректен тек бір ғана бағытқа — вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларға өтеді.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы — миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады. Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұқа қабықша. Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді. Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына — перикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы қуыста сұйықтық болады. Ол жүрек жұмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.
Жүректің қызметі
Жүректің негізгі қызметі автоматизм, өткізгіштік, қозғыштық, жиырылу және т.б. Жүректің автоматизмі қызметі деп — оның сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінсіз, өздігінен электр импульсін тудыруын айтамыз. Бұл жүректің өздігінен жиырылу қабілеті. Мұндай қабілет қозу пайда болатын оң жақ жүрекшедегі ерекше бұлшық ет жасушаларына тән. Импульс екі жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі де, олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады. Ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша жиырылады.
Қозу – миокардтың тітіргендіргіштік әсерінен болады. Сырттан ешқандай тітіркеніс әсер етпесе де, синоатриалды түйінде қозу туады, бұл – түйін автоматиясы, мембраналық потенциалдың (МП) өздігінен әрекет потенциалына айналуының нәтижесі.
Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босансуынан тұрады. Жүрек біз жұмыс істейміз бе, демаламыз ба немесе ұйықтаймыз ба, оған қарамастан өмір бойы, үздіксіз жұмыс істейді. Бұл біздің санамыздан тыс, автоматты түрде жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |