13 ■
гидрожүйе жұмыс сұйықтығын ауыстыру;
■
гидрожабдық элементтерін реттеуді жүргізу.
Пневмодөңгелектік экскаватор жұмысының әрбір 1 000 мото-
сағатынан кейін ТҚ-3 жүргізу, жанармай багін шаю, алдыңғы белдік
дөңгелектерінің үйлесімін реттеу орындалады.
Ауысымдық қызмет (АҚ) көрсету кезеңінде машина үздіксіз және
сенімді жұмыс жасауы үшін олар машинаны мақсатқа сай пайдалану
нысандарындағы күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы қолданысқа дайын
болуы тиіс. Әдетте, АҚ-ны ТҚ-2 жұмыстарымен бірге жүргізеді.
Ауысымдық техникалық қызмет (АҚ) көрсету жұмыстардың жалпы
құрамы мен технологиясына (4.1-тарауша), сәйкес жүргізіледі, оның
ішіне машина қолданысының осы кезеңіне сәйкес келетін май,
жанармай мен жұмыс сұйықтығын ауыстыру (4.4-тарауша) кіреді.
ТЕГІС БІЛІКТІ ӨЗДІГІНЕН ЖҮРЕТІН КАТКАЛАРҒА
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
7.6.1. Каткаларға техникалық қызмет көрсету
Каткаға техникалық қызмет көрсетуге кірісу алдында (1.5-сурет)
мына дайындық операцияларының ретін орындау керек:
■
машинаны жолдың жүру бөлігінен тыс немесе эксплуатациялық
база аумағындағы жазық алаңға орналастыру;
■
біліктерін тежеу және оларға екі жағынан сына орнату;
■
қозғалтқышты өшіру;
■
машинаны шаңнан, кірден, реагенттерден тазарту.
Әр машинаға қоса берілетін эксплуатация жөніндегі басшылықта
көрсетілген талаптарға сай КҚ-ны ауысым арасындағы үзілістерде, ТҚ-
1-
ді катка жұмысының әрбір 125 мото-сағатынан кейін, ТҚ-2-ні әрбір
500 мото-сағаттан кейін, ТҚ-3-ті әрбір 1 000 мото-сағаттан кейін
орындау талап етіледі. Жылына екі рет катканы қысқы және жазғы
жағдайдағы қолданысқа дайындау кезінде АҚ жүргізеді, оларды,
әдетте, ТҚ-1 немесе ТҚ-2-ге сәйкестендіреді.
140 7.1-кесте. Каткаларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың тізбесі мен мазмұны
Жұмыс атауы
Жұмыс мазмұны
Жұмысты орындауға арналған
құралдар, жабдықтар мен
материалдар