90
мҥмкіндік береді. Оқулықтағы «Моральдың негізгі санаттары»
атты сабақта оқушыларды ең алдымен жҧпқа бӛліп,
олардың
мораль санаттарының қандай тҥрлерін білетінін сҧраңыз. Сосын
олардың ортақ ойларын білгеннен кейін, оларды 4-5 шағын топқа
бӛліп, санаттар тақырыбын ҥлестіріңіз. 1-топ «ар», 2- топ
«намыс», 3-топ «эгоизм», 4-топ «альтуризм». Оқушылар әр топта
осы санаттарға сипаттама берсін. Сосын осы санаттар
араластырылып жазылған жағдайларды беріңіз, одан әр топ оның
қай санатқа жататынын тапсын. Дҧрыс тапқан топ пен оның
мҥшелерін бағалаңыз.
Жҧппен немесе шағын топпен жҧмысты қалай ӛткізуге
болады?
1. Оқушыларды жыныстарына қарай араластырып бӛліңіз.
Оларды жыл мезгілдері (қыс, кӛктем, жаз, кҥз), апта кҥндері
(дҥйсенбі,
сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жҧма), тҥске қарай
(қызыл, сары, кӛк,жасыл, ақ), жеміс атаулары (алма, алмҧрт, шие,
шабдал, ӛрік) т.б. бойынша бӛлуге болады.
2. Егер сынып ішінде парталар
мен орындықтарды қозғауға
келмесе, шағын топқа бӛлінген оқушыларды бір-біріне қарап
отыруын сҧраңыз.
3. Әр топ ішіндегі оқушылар ӛздері уақытты бақылап
отыратын, шағын топ жҧмысының тҧсаукесерін айтатын
оқушыны ӛздері таңдасын. Әр топ мҥшелерінің ӛз
міндеттерін
ортақ бӛліп алғаны жӛн.
4. Шағын топқа берілетін тапсырма немесе жаттығуды
нақты, қысқа және анық беру керек. Бірнеше рет ӛзгерту
тҥсініксіздікке әкеледі.
5. Шағын топ жҧмыс істеп жатқанда мҧғалім сыныптың
артқы жағында кедергі жасамайтын жерде тҧруы қажет. Топ
жҧмысын ӛз қалау бойынша уақытынан тыс тоқтатуға болмайды.
Топ жҧмысын сырттан бақылап,
олардың белсенділігін
арттыратын және сергітетін нәрселерді мҧғалімнің айтуына
болады.
6. Шағын топ жҧмысы бағалануы тиіс. Оқушыларды
сӛйлетіп, ол ҥшін қандай нәрсе маңызды болғанын сҧраған жӛн.