1.2 «БАҚ» туралы балалар хабарына қойылатын талаптар және оның функциясы
Қазіргі балаларға бұқаралық ақпарат құралдары қатты әсер еткен сияқты, оны көбінесе бұқаралық ақпарат құралдары дәлелдейді:
1. Баланың өмірінде теледидар, компьютер, интернет және ұялы байланыс сияқты құралдар БАҚ тәуелді етеді.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға арналған уақыт мөлшері, тәулік бойы балалар бұқаралық ақпарат құралдарын, қызығушылықтарды жиі пайдаланады.
3. Балалар бұқаралық ақпарат құралдарын қалай пайдаланады?
4. Бала мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ерекше қарым-қатынас.
5. Бала мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынастың салдары, оның ішінде тәжірибе, мінез-құлық, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану нәтижесінде пайда болатын эмоциялар.
Бұқаралық ақпарат құралдарын жиі қолданған кезде олардың адам өміріне әсерін болдырмау мүмкін емес. Егер пайдаланушылар жасөспірімдер болса, олар медиа мазмұнды саналы түрде таңдайды және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды. Бұл жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарды пайдаланушыларға оң әсер етіңіз. Екінші жағынан, сөзсіз сенетін балалар болуы мүмкін
Бұқаралық ақпарат құралдарының балаларға әсері олардың медиа мазмұнға қатынасымен анықталады. Сондықтан балаларды бұқаралық ақпарат құралдарын дұрыс пайдалануға үйретуге, қоғамды, әсіресе ата-аналар мен мұғалімдерді тарту қажет.
1.3 Тәуелсіз арналардағы балалар бағдарламаларының берілуі
Еліміздегі балалар бағдарламаларын шығарушы тәуелсіз арналардың көрсетілімдері жайлы бір бөлек әңгіме айтуға болады. Теледидар бүгінгі қоғамдық өміріміздің айнасы болумен қатар еліміздің тыныс-тіршілігінің күре тамырын дөп басып, бағамдап отыратын өлшеуіш іспетті. Себебі, ол көрсетпейтін өмірдің қаға беріс сәттері жоқ десек те болады. Бірақ, оның ең басты мақсаттарының бірі қоғамдық ойды, пікірді, көзқарасты қалыптастыру, әдебиетті, мәдениетті, өнерді, әдет-ғұрыпты, дәстүр-салтты насихаттау екені белгілі. Бүгінде Қазақстанда тәуелсіз арналар едәуір дамып келеді. Олардың қызметі функционалдық жағынан сан-түрлі екеніне қазіргі таңдағы телекөрсетілімдер куә. Онда арнаның жеке өнімінен бастап, шетелдік, әсіресе, Ресей арналарының да көрсетілімдерін аңғаруға болады. Қазақстандағы тәуелсіз арналардың балаларға арналған бағдарламалары негізінен көңіл-көтерушілік бағытта жүреді.
Енді оларға жекелей тоқтала кетер болсақ, бүгінде өзіндік имиджі қалыптасқан тәуелсіз "КТК" арнасында әр жексенбі сайын сағат 10:20-да өздерінің кішкентай көрермендеріне «Взрослые отдыхают» бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаның мақсаты – балалардың назарын толығымен жаулап алып, үлкендерге демалыс беру. Екінші жағынан, бұл балалар территориясына арналған бағдарлама, сондықтан үлкендер демалады деген мағынаны білдіреді дейді арна ұжымы. Дегенмен, тақырыбына қарамастан, бұл жалпы барлық отбасы мүшелерінің көруіне арналған. Бағдарламаның "Странные открыватели" айдары Қазақстан қалаларының көшелеріне есімдері берілген тарихи тұлғалар, киелі мекендер, елдің мәдени мұраларына арналады. Жүргізуші саяхатшылар балаларға еліміздің көне трихының қыр-сырын ашады. "Я САМ" айдары кішкентай бүлдіршіндерге әртүрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік береді. Олар өздері шаштараз болып шаш қиып көреді немесе геологиялық зерттеу жасайды, сиыр сауады деген секілді өздерін түрлі мамандықта тексеріп көреді. Яғни бала өзіне ұнаған мамандықтарының бар кереметін басынан кешіреді. "Мысли о немыслимом" айдары балалардың ойына келе бермейтін істермен айналысып, мүмкін емес әрекеттерге жол ашады. Осы айдар арқылы бүлдіршіндер өздеріне әдетте рұқсат беріле бермейтін мүмкіндіктерге ие болып, еркін еркелікке кезек беріп, ойларына түскен іспен айналысуға, яғни бақытты балалықтың тәтті сәттерін бастан кешіруге мүмкіндік алады.
«ТАҢ» телеарнасында балалар аудиториясына арналған екі бағдарлама шығарылады: «Өнерпаз болсаң» және «Балбұлақ». Алғашқы бағдарламаның эфирге шыққанына сегіз жылдан астам уақыт өтті. «Өнерпаз болсаң» негізінен аты айтпақшы, өнерлі балаларға арналады. Ән айту, би билеу, домбырада ойнау, шахмат-шашкидің жеңімпаздары, спорттық ойындарға қызығушылар тағы басқа көптеген өнер түрлеріне икемі бар балалардың қабілеттерін дамыту, олардың игі әрекеттерін насихаттап, шығармашылық дамуына жол ашу – бағдарламаның басты мақсаты.
«Сүйінші» айдарынан Қазақстанда жарық көрген балаларға арналған жаңа кітаптар жайлы ақпарат беріліп отырады. «Балалық шаққа саяхат» айдарында аты танымал тұлғалармен сұқбат беріліп отырады. Ал, «Қуырмаш», «Ертегілер елінде» айдарлары балалардың бал тілімен айтылған тақпақ, санамақ, жұмбақ-жаңылтпаштары мен көрініс ретінде қойылған ертегілерге арналады. «Бағдаршам» айдары балаларға жол жүру ережелері мен жол белгілерін, осы мақсаттағы түрлі іс-шараларға арналады.
Демек телевидение бүгінде әлеуметтік мәдениеттің маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Бүгінгі балаларды сол себепті де теледидарсыз елестету мүмкін емес кезеңнің адамдарына жатқызуға болады. Егер ертеректегі адамдар үшін телевидение ақпарат көзі болса, бүгінгі балалр үшін ол интерьердің қарапайым бір бөлігі, ақпарат беруші фон, яғни өмірдегі ата-ана, достары секілді ажырамас бөлігі ретінде қарайды. Десекте бұл бағдарламаның дайындалу спецификасында бірқатар кемшіліктер кездеседі. Мәселен, ең бастысы – бағдарламада белгілі бір көз тартарлық көркем студияның болмауы. Жүргізушілер әртүрлі жерлерде жазылады. Олардың біреулері сәтті шықса, келесілері тартымсыз болып келеді. Екіншіден, бағдарлама соңында үнемі орыстың болмаса, шетелдің мультфильмдері қойылады. Үшіншіден, жүргізуші балаларға кәсіби шеберлік жетіспейді. Олардың жүргізуінде жасандылық байқалады. Хабарда ең жетекші роль жүргізушіге беріледі. Осыдан оның хабардағы жауапкершілігі айқын көрінеді, жүргізушінің киінуі, сөйлеу мəнері тіпті столда отыруы, дауысы, бет əлпеті де үлкен əсер етеді. Баламен «бала болып» тілдесу үшін, оның сезімін сендіру үшін үлкен актерлік қабілет керек.
Достарыңызбен бөлісу: |