35
2 – күкіртті
061-1,80%
3 – жоғары күкіртті
1,81-3,50%
4 – өтте жоғары күкіртті 3,50%
астам
Азот мұнай құрамында 1,7% шамасында кездеседі.
Оттегі мұнай құрамында таза күйінде кездеспейді, ірі түрлі қосылыс
түрінде (қышқылдар, фенолдар, эфирлер жəне т.б.) кездеседі. Оның мөлшері
3,6%-дан аспайды.
Металлдардан мұнай құрамында темір, магний, мыс, натрий, қорғасын,
кобальт, германий, ванадий, ртуть жəне т.б кездеседі. Металлдың мөлшері өте
аз, ол тек мұнайды жаққаннан кейін ғана бөлінеді.
Топтық құрамы. Мұнайда көмірсутектердің келесі топтары кездеседі:
1) метандық (парафинді), жалпы формуласы С
n
Н
2n+2
;
2) нафтендік, жалпы формуласы С
n
Н
2n
;
3) хош иісті немесе ароматтық, жалпы формуласы C
n
H
2n-6
.
Табиғатта көмірсутектердің метандық тобы кең таралған. Бұл қатардағы
көмірсутектер – метан CH
4
,
этан C
2
H
6
, пропан C
3
H
8
жəне бутан C
4
H
10
–
қалыпты атмосфералық қысым жəне температура кезінде газ күйлі
жағдайда
кездеседі. Олар мұнайлы газдар құрамына кіреді. Қысым жəне
температура
артқанда бұл жеңіл көмірсутектер жартылай немесе толық сұйық күйіне өте
алады.
Пентан C
6
H
12
, гексан C
6
H
14
жəне гептан C
7
H
18
осындай жағдайда
бірқалыпты жағдайда болады: газ күйден сұйық күйіне жəне керісінше оңай
ауысады. C
8
H
18
-C
17
H
36
аралығындағы көмірсутектер – сұйық заттар,
молекулаларында көмірсутектің 17 атомынан жоғары болатын көмірсутектер
қатты заттарға жатады. Бұлар барлық мұнайдың құрамында болатын
парафиндер мен церезиндер.
Фракциялық құрамы. Мұнайдың фракциялық құрамы қайнау
температурасы кезінде күрделі қосылыстардың бөлінуімен анықталады.
Фракция (дистиллят) деп белгілі бір температрура
аралығында бөлінген
мұнайдың үлесін айтады.
Фракцияның бастапқы қайнау температурасы, бұл конденсацияланған
будың алғашқы тамшылары бөлінетін температурамен түсіндіріледі, ал соңғы
қайнау температурасы деп фракциядан
будың бөлінуі тоқтайтын
температураны айтады.
Тəжірибеде фракциялаудың стандартты əдісі қолданылады, яғни мұнай
қалыпты фракциялау температурасымен айдалады. Зауыттық бөлуде,
келесідей қайнау температура аралықтары ажыратылады:
40-180
0
С – авиациялық бензин;
40-205
0
С – авто көлік бензині;
200-300
0
С – керосин;
270-350
0
С – лигроин.
Қалған барлық фракциялар майлар болып келеді.