К.Д.Бузаубакова әзірлеген
«Педагогика» электронды оқулығына
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазіргі таңдағы тәрбие мазмұны – адам тұлғасының құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Тұлға мәселесі – қоғамдағы жеке адам дамуын тарихи-мәдени, кешенді, жүйелік тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік беретін әмбебап категория болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, автор әзірлеген оқу құралы қоғамдағы тұлғаны қалыптастыру мәселесін болашақ педагогтарды кәсіби даярлау үдерісімен тығыз байланыстырылып, психологиялық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, оқу құралында қазіргі ғылыми білімдер жүйесінде ерекше орын алатын адам мәселелері, философия, әлеуметтану және психологиядағы тұлға мәселелері, тұлға психологиясына қатысты алуан түрлі ғылыми түсініктер мен қарама-қайшы пікірлер жүйелі түрде қарастырылып, талданған.
Оқу құралының мазмұндық құрылымы тұлға психологиясын жан-жақты қарастыруға бағытталған бес тараудан және ол негізгі психологиялық мектептермен байланысты маңызды теориялық тақырыптардан тұрады. Атап айтсақ, қазіргі ғылыми білімдер жүйесіндегі тұлға мәселелері; тұлға және оның психологиялық құрылымы; тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыт; психологиядағы тұлға мәселесі; тұлғаның индивидтік қасиеттері мен индивидуалды ерекшеліктерінің сипаттамалары кеңінен сипатталады.
Әрбір тақырыптың теориялық мазмұны класссикалық шетелдік және басқа да психологтардың тұлғаның құрылымы жөнінде айтқан авторлық тұжырымдамалары, тұлғаның индивидтік қасиеттері мен индивидуалды ерекшеліктерін барынша ашып көрсетуге тырысқан. Сонымен қатар, барлық тараудың соңында білім алушыларға арналған өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, оқу курсы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында құрастырылған тест тапсырмалары, тұлға психологиясы туралы глоссарийлер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылғандығын атап өту керек.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ философия, педагогика, психология бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға және бұл пәнді өздігінен оқып үйренгісі келетін оқырмандар үшін маңыздылығымен ерекшеленетін еңбек болып табылады.
Дегенмен, оқу құралының мазмұнында толықтыруды қажет ететін тұстарды атап өтуге болады.
Біріншіден, 4-тарауда қарастырылған А.Г. Ковалевтің тұлға жөніндегі тұжырымдамасы 2 бет аз көлемде жазылған және «Тұлғаның индивидтік қасиеттері мен индивидуалды ерекшеліктерінің сипаттамалары» атты 5-тараудың көлемі бар-жоғы 5 бет қарастырылған, ондағы теориялық мазмұны жан-жақты ашылмаған.
Екіншіден, «Тұлға мәселесін» әр қырынан зерттеуге үлес қосқан батыс және американдық ғалым психологтардың еңбектерін негізгі библиографиялық деректер көзі ретінде берілсе орынды болар еді.
Үшіншіден, ұсынылатын әдебиеттер тізімі тұлға психологиясын зерттеген шетелдік ғалымдардың еңбектері негізінде әзірленген 100 жаңа оқулық бойынша жарық көрген оқулық, оқу құралдары және цифрландырылған ресурстармен толықтырылса еңбектің құндылығы арта түсер еді.
Осы айтылғандар келесі қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Т.Б. Тәжібаев әзірлеген «Тұлға психологиясына кіріспе» атты оқу құралына қойылатын талаптарға сәйкес болмағандықтан Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесінің «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі (ЖБТ) грифіне ұсынылмайды.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
педагогикалық университеті, Психология
кафедрасының меңгерушісі, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. А.З. Әліпбек
Достарыңызбен бөлісу: |