138
ерітінді түрінде бұлшық етке, арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін
нәрсе, азидинді буаз түйелерге егуге болмайды, өйткеңі олар дәрінің әсерінен
іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәтиже беретін дәрі – наганин
мен азидин қоспасы. Алдымен 1,0 г нагининді және 3,5 г азидинді
қайнатылған суға 10 – концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады.
Қоспаны ауру малға әр 100 кг тірі салмағына 3,5 мл
есебімен тері астына
немесе қалың етке егеді.
Шет елдерде түйенің сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін
цимеларзан
дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бұлшық етке егеді.
Айырықша дәрілерден басқа аурудың белгілеріне қарай малға
симптоматикалық ем шаралары қолданылады. Ауру малдың азығы мен
күтімін жақсарту шарт. Малды емдегеннен кейін 6 ай
оқшау ұстап, оларды
клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден өткізу керек.
Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген жөн.
Алдын алу және күресу шаралары. Су-ауру
бар шаруашылықтарды
инвазиядан арылту үшін, көктемде, жазда және күзде мал басын әр 3 ай
сайын, қыста, көктемде және жаз айларында, кемінде 3
диагностикалық
әдістермен тексеру керек. Клиникалық белгілері бар немесе формалин
реакциясы оң нәтиже берген түйелерді бөліп алып, емдейді, ал
қалған
трипаносомоздан
сау
малдарды,
одан
сақтандыру
мақсатымен наганин-азидин қоспасымен дауалайды.
Ол үшін, наганиннің бір
бөлігіне, азидиннің 3, 5 бөлігін қосып, 10%-дық суспензия ретінде тері
астына егеді.
Одан басқа да трипаноцидтік дәрілерді қолдануға болады. Бірақ,
азидин дәрісін буаз інгендерге егуге болмайды, өйткеңі олар іш тастап кетеді.
Мал басын су-ауруынан сақтандыру үшін
маса-соналары жоқ, су
жағалауынан алыс жайылымдарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: