57
шығып, аралық
иеге кездескеңде оған енiп, кiрпiкшелерін тастап, бауырда
спороцистаға айналады. Одан церкарий дамиды да, ұлулардан шығып, құйрық
қосалқысы арқылы суда жүзiп жүредi. Церкарийлер
сумен қосымша иелерге
түсiп, құйрығын тастап, басына, кеудесiне немесе құрсағына еніп, цистамен
қапталып, метацеркарийға айналады. 70 күннен кейiн ол инвазионды болады.
Құстар
зақымдалған инелiктердi жұтып, өздерi зақымданады. Құстардың
iшегiнде инелiктер қорытылып, ал босатылған
метацеркарий жас құстардың
фабриций қапшығына немесе ересек құстардың жұмыртқа жолына енедi.
Эпизоотологиялық деректер. Жиi тауықтар, күрке тауықтар ауырады.
Простогонимоз – ошақты ауру, әсiресе жұмыртқалайтын
тауықтар қатты
ауырады. Аурудың эпизоотологиясында үлкең мағынасы бар – жабайы құстар
(қараторғай, ала қарға, қарға).
Зақымдану ересек инелiктердi және олардың дернәсілдерін жегенде
байқалады. Метацеркариялармен зақымдалған инелiк дернәсілдері қыстап,
көктемде жағаның қасында жиналады да
сондықтан простогонимоз су
қоймаларға жақын орналасқан құс фермаларында жиi кездеседi. Тауықтар
зақымдалудың тұтануы белгiлi мезгiлде болады – көктемнiң соңы және жаздың
басы.
Патогенезі. простогонимустар ең алдымен жұмыртқа жолының артына,
кейiн
оның белоктық бөлiгiне енiп, онда ол кiлегейлi қабықтарына жабысып,
тiтiркеңiп (шипиктермен), алдында қабықтың, кейiн
белок бездерiң қызметің
бұзады. Нәтижесiнде гипер функцияға немесе белок пен өнiм шығаруының
тоқталуына әкеп соғады.
Жұмыртқа жолының кiлегейлi қабықтардың қабынуының нәтижесiнде
бездердiң секрециясы, белоктық және қабыну
процесстердiң жиналуы
жоғарлайды. Жұмыртқа жолының жиырылу функциясы толық бұзылады.
Соңында
жұмыртқалардың
шығуы
тоқталады,
деформировалды
жұмыртқалардың шығуы (жұмсақ, қабыршақсыз) және сұйық әк массаның
бөлінуi басталады.
Достарыңызбен бөлісу: