- CH4–Бір көміртек атомы мен төрт сутек атомынан құралған
3.Қосылыстардың молекулаларының модельдерін көрсету.
5. Мәселенің шешімін табыңдар: Не себептен әртүрлі атомдар сутектің әртүрлі атом санын қосып алады? Оқушылардың жауаптарын талқылау.
6. Мәселені талқылау бйынша қорытынды жасау:
Қосылыс тузгенде атомдар басқа атомдардың, өзіне тәң, белгілі бір санын ғана қосып алады. Бүл қабілет “валенттілік” деп аталады. Валенттілік сөзі латын сөзі valentia –күш деген мағынасын білдіреді.
“Валенттілік” терминін Э.Франкленд 1853 ж. енгізген.
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Валенттік химиялық элементтің таңбасының үстінгі жағына рим сандарымен жазылады.
I I
HCl
|
I II
H2O
|
I III
H3N
|
I IV
H4C
|
Сутек атомының валентігі I, ал оттек атомының валенттігі II тең
Мазмуны.
1.1.
Валенттілік ұғымы химия ғылымының дамуына маңызды роль атқарады. Атом-молекулалық ілім салтанат құруының маңызды буыны болды, эквивалент және еселік қатынас заңдарын түсінуге жәрдемін тигізеді. Химиялық тектестіктің мәнін ашуға мүмкіндік берді. Химиялық құрылыс теориясы жасалуының алғы шарттарының бірі болды. Периодтық идеясының қалыптасуына септігін тигізді.
Химия ғылымы тарихында валенттілік ұғымы дамуының төрт кезеңі атап өтіледі: 1) Ұғымның шығуы және қалыптасу кезеңі (1850-1860), 2) құрылымдық теория кезеңі (1861-1895); 3) координациялық теория және үлес валенттілік кезеңі; 4) электрондық теория кезеңі;
Валенттілік мектептегі химия курсында 1958 жылға дейін 7-сыныптағы «Сутегі. Су» тақырыбында оқытылып келді. Алдыңғы үш тақырыпта кездесетін химиялық формулаларды оқушылар жаттап алуға мәжбүр болды. Сондықтан валенттілік ұғымын ертерек пайдалану үшін алдымен «Оттегі. Оксидтер», содан соң «Химиялық алғашқы ұғымдар» тақырыбына ауыстырылды.
Валенттілікті бірден электрондық теория тұрғысынан оқыту туралы ұсыныстар жиі кездесіп жүрді, бұл мәселе Н.С.Ахметов, Л.М.Кузнецова оқулығында жүзеге асты.
Мектеп сарамандығында қолданылған және қазір пайдаланылатын химия бағдарламалары мен оқулықтарында алдымен валенттіліктің эмпирикалық түсінігі беріледі, содан соң электрондықитабиғаты түсіндіріледі.
«Химиялық алғашқы ұғымдар» тақырыбында валенттілікпен таныстыру үшін екі сабақ өткізіледі. Бүған дейінгі сабақтарда оқушылар атом, химиялық элемент, химиялық элементтің таңбалары, құрам тұрақтылық заңы және химиялық формула ұғымдарымен танысады. Осылардың ішінен жаңа материалды саналы түсінуге кажетті тірек білімді еске түсірген соң мұғалім оқушыларға химиялық таңбалары таныс элементтердің сутегімен қосылыстарының формулаларын тақтаға жазып, сапалық және сандық құрамын анықтауға тапсырма береді:
Достарыңызбен бөлісу: |