1.1 Оқылатын пәнге сипаттама
«Көлік құрылыстарының құрылыс механикасы» пәнінде қарастырылатын, теориялық жағдайлармен және беріктікке, қатаңдыққа, құрылыс элементтерін орнықтылыққа тәжірибелік есептеудің әдістерімен танысу. Пән бойынша дәрістік, тәжірибелік және сабақтардың өтуі, студенттердің өздік және семестрлік жұмыстарды орындаулары қарастырылады.
1.2 Пәнді оқытудағы мақсат
«Көлік құрылыстарының құрылыс механикасы» пәнін оқыту мақсаты – студенттерге үнемділікті есепке ала отырып ғимараттарды беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді үйрету.
Пәнді оқып бітірген кездегі студенттердің міндеттері: студенттер ғимараттарды берңктңкке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеудің классикалық және қазіргі заманғы әдістерімен танысу, есептеу схемаларымен алмастырылған тұтас ғимараттарды есептеуді үйрену.
1.3 Пәнді оқытудағы нәтижелер
Білімдер:
статикалық анықталған жүйелерді есептеу әдістерін;
статикалық анықталмаған жүйелерді есептеу әдістерін.
Дағдынулар:
- есептеу схемаларын құруды;
- конструкцияларды және ғимараттарды есептеуде құрылыс механикасының негізгі әдістерін қолдануды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды;
- ғимараттарға толық талдау жұмысын.
Компетенциялар:
- ғимараттарға кинематикалық талдау жасауға;
- статикалық анықталған және статикалық анықталмаған сырықтықтжүйелерді есептеуге.
1.3 Пререквизиттер
«Көлік құрылыстарының құрылыс механикасы» пәнін оқу үшін, студенттердің келесі пәндер бойынша білімдері болуы кажет: «Жоғарғы математика», «Физика», «Материалдар кедерісі»
1.4 Постреквизиттер
Берілген пәннің оқу процесінде пайда болған білімдер және тәжірибелік тәлімдерін, «Құрылыс құрылымдары», «Геотехника», «Көпірлер және тоннелдер» профильді пәндерін оқу үшін қажетті.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |