Кафедраның отырысында ұсынылған 2011 ж



Дата07.07.2016
өлшемі78.57 Kb.
#183842

Әдістемелік нұсқаулардың

титулдық парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Есептеу техникасы және бағдарламалау» кафедрасы
«ЭЕМ-ді ұйымдастыру» пәні бойынша

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар




Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор _________ _Н.Э Пфейфер

(қолы) (аты-жөні)

2011ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: аға оқытушы ___________________________ Балгабаева Г.С.

(қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы, қолы) (аты-жөні)
«Есептеу техникасы және бағдарламалау» кафедрасы

(кафедра атауы)


«ЭЕМ-ді ұйымдастыру» пәні бойынша

(пән атауы)


5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

мамандығының студенттеріне арналған


Пәнді меңгеру жөніндегі

(оқу құжаты түрінің атауы)



әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылған 2011 ж. «__»_____________ хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ О.Г. Потапенко

(қолы) (аты-жөні)



ФФМжАТ ОӘК мақұлданды 2011ж. «__»______№_____ хаттама

(факультет атауы)

ОӘК төрағасы_____________ Ж.Г. Муканова 2011ж. «__»____________

(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:
ЖжӘҚБ бастығы___________ А.А. Варакута 2011ж. «__»____________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама


1 Тақырып. Комбинациялық логикалық схемалар

Санау жүйелері. Дешифратор. Демультиплексор. Дешифраторлардың және демультиплексорлардың разрядтылығының өсуі. Мультиплексор. Шифратор. Кодты түрлендірушілер. Сумматор.

Кодтардың комбинациялық түрлендірулері кірістегі m-элементті параллельді кодты шығыста n-элементті параллельді кодқа түрлендіру үшін қолданылады. Кіріс және шығыс сигналдары арасындағы байланыс ақаиқат кестесімен беріледі. Кең таралған түрлендірушілер: дешифратор, шифратор, мультип­лексор, демультиплексор, екілік-ондық кодты жеті сегментті индикатор кодына түрлендіруші.

Дешифраторлар. Дешифратор (DC симво­лымен белгіленеді, ағылш. decoder) – кірістегі параллельді екілік кодты шығыста жалғыз сигналға түрлендіретін комбинациялық құрылғы. Де­шифраторлар басқару құрылғыларында, газоразрядтық индикаторлары бар цифрлық индикация жүйелерінде, әр-түрлі шынжырлар бойынша импульстарды үйлестірушілерді және т.б. кең қолданылады.

Шифратор. Шифратор (CD симво­лымен белгіленеді, ағылш. coder) кірістегі жалғыз сигналды n разрядты екілік кодқа түрлендіреді. Шифратор – бұл дешифратордың кері функциясын орындайтын комби­нациялық құрылғы. Шифратордың ақиқат кестесі бойынша келесі схеманы құруға болады.

Мультиплексор. Мультиплексор m ақпараттық, n басқарушы кірісі және бір шығысы бар комбинациялық құрылғы. Бірнеше кіріс сигналдың біреуін кезек – кезек бір шығысқа жіберуге (мультиплексорлеуге) арналған. Мультиплексирленген кіріс саны мультиплексордың канал саны деп аталады. Мысалы, екі каналды 4 разрядты мультиплексорда 4 шығыс болады. Оның әр шығысына 2 кіріс сигналының тек біреуі жіберілуі мүмкін. Ал төрт каналды 2 разрядты мультиплексорда 2 шығыс болады. Оның әр шығысына 4 кіріс сигналдан тек біреуі жіберіледі. Әдетте канал саны 2-ден 16-ға дейін, ал разряд саны 1-ден 4-ке дейін болады. Мультиплексордың каналы неғұрлым көп болса, разрядтары соғұрлым аз болады.

Демультиплексор. Мәліметтерді бір кіріс каналдан бірнеше канал – қабылдаушының біреуіне ғана жібереді. [4, 63-92 бет]


    1. Тақырып. Триггерлер

Асинхронды RS-триггер. Синхронды RS-триггер. D-триггер статикалық басқарумен. D-триггер динамикалық басқарумен. Әмбебап JK-триггер. T-триггер. Триггерлердің өзара түрлендірілуі.

Комбинациялық құрылғылардан басқа тағы дискретті не цифрлық автоматтар классы болады. Осындай құрылғының шығыс сигналы тек кіріске жіберілген сигналдардан байланысты болмайды. Ол тағы бұрын жіберілген сигналдардан байланысты болады. Осындай құрылғылар сигналдарды сақтай алады. [4, 93-103 бет]



    1. Тақырып. Регистрлер

Параллельді және тізбекті регистрлер. Жылжудың реверсивті регистрі. Параллельді кодты синхронды және асинхронды іске қосу тәсілдері.

Көп разрядты санды сақтауға арналған цифрлар құрылымдардың түйіні. Олар тағы сақталатын санды оңға және солға қарай жылжытады, оны параллельді формадан тізбекті формаға және керісінше түрлендіреді. Регистрлер бір баспалдақты және екі баспалдақты синхронды RS, D және JK триггер негізінде құрылады.

Регистрлердің негізгі сипаттамалары разрядтілігі, ақпаратты қабылдау және жіберу тәсілдері. Регистр разрядтілігі оны құрайтын триггер санымен анықталады.

Сақтау (жады) регистрлері

Ақпаратты параллельді қабылдайтын және беретін регистрлері ақпаратты сақтауға арналған. Олар сақтау не жады регистрлері деп аталады. Жаңа ақпараттың жады регистрлеріне жазылуы регистрдің С кірісіне синхроинпульс фронты жіберілу барысында орындалады . Және де D0 …Dm кірістерінде жаңа цифрлық комбинация (ақпарат) орнатылған соң.

Жазылған цифрлық ақпараттың разряд саны регистрдің разрядтілігімен анықталады. Жады регистрлері Д-триггер негізінде жасмалуы мүмкін, егер ақпарат регистр кірісінде бірфазалық сигнал түрінде берілсе, және де RS –триггер негізінде жасалады, егер ақпарат парафазды сигнал түрінде берілсе.

Жылжудың резирсивті регистрі

Ақпаратты тізбекті қабылдайтын және беретін регистрлер жылжу регитрлері деп аталады. [4, 112-118 бет]



    1. Тақырып. Санауыштар

Тізбектелген тасымалдаумен асинхронды санауыш. Параллельді тасымалдаумен синхронды санауыш.

Санау триггері негізінде қарапайым санауышты алуға болады. Олар санауыш кірісіне түскен электр импульстарын санауды орындайды. Алынған нәтиже параллельді кодта көрсетіледі.

Санауыштар асинхронды және синхронды болуы мүмкін.

Тізбектелген тасымалдаумен асинхронды санауыш

Асинхронды санауыш тізбекпен байланысқан триггердің D жәнe JK жиынын құрайды. Триггердің әр біреуіне екілік санның биті сәйкес келеді. Егер санауышта m ттриггер болса, онда мүмкін болатын жағдайлардың саны 2 mтең, М=2m. Екілік санауышта санау 0-ден басталып ең көбі 2m -1 дейін жетуі мүмкін. М=16 болатын екілік қосу санауышын қарастырайық. Ол JK триггер негізінде жасалсын. Т1 триггерінен басқасының барлығында синхрондалатын кіріс алдындағы триггердің шығысымен байланысқан, сондықтан триггер жағдайы алдыңғы триггердің жауабы бойынша өзгереді.

Параллельді тасымалдаумен синхронды санауыш

Осындай санауышта триггерлерге синхроимпульс жіберілуі бір уақыттажасалады (синхронды). Және де триггердің қалып күй жағдайлары синхронды өзгереді,яғни синхроимпульс бойынша өз жағдайын өзгерту қажет болса триггер оны басқалармен бірге бір уақытта жасайды, бұл санауыштың тез әрекеттілігін қамтамасыз етеді. [4, 119-125 бет]

5 Тақырып. Цифрлы – аналогты түрлендіргіш және аналогты – цифрлы түрлендіргіш

R-2R типті резистрлер матрицасымен ЦАТ. Биполярлы ЦАТ. Төрт квадрантты ЦАТ. Разрядты теңестіру АЦТ. Параллельді типті АЦТ.

Кейбір комбинациялық схемаларда логикалық функциялар тек кіретін айнымалылардың мәндерінің комбинациясынан байланысты болады.

Көп цифрлық құрылғыларды сипаттау барысында кіретін және шығатын сигналдардың реттелген екілік жиынын қолданады. Бұл жиындарды санау жүйелерінде көрсету ыңғайлы. [4, 126-132 бет]



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

1. Миллер Р. Теория переключательных схем. М.: Мир, 2005.



    1. Фридман А., Менон П. Теория и проектирование переключательных схем. М.: Мир, 1999.

    2. Кук Д., Бейз Г. Компьютерная математика. М.: Наука, 2006.

    3. Ахметов Б.С. Основы схемотехники. Актобе.-2005г.

    4. Вавилов Е.Н., Портной Г.П. Синтез схем электронных цифровых машин. М.: Наука, 2005.

Қосымша әдебиеттер

6. Построение и анализ грамматик: Методические указания к лабораторным работам по дисциплине "Системное программирование"/ЛЭТИ. Л., 1999.

7. Магазинный распознаватель и преобразователь. Методические указания к лабораторным работам по дисциплине "Системное программирование"/ЛЭТИ. Л., 2000.



8. Логические основы построения ЭВМ: Методические указания по практическим занятиям "Введение в информатику"/ГЭТУ. СПб., 2004.

9. Герасимов И.В., Крайников А.В., Фомичев В.С. и др. Дискретная математика: переключательные функции: Учебное пособие./ ГЭТУ. СПб., 2007.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет