3. Метеорологиялық факторлардың адам ағзасына және еңбек қауіпсіздігіне әсері
Еңбектің санитарлы-гигиеналық шартына метрологиялық факторлар (температура, ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы) бу, газ, шаңмен ауаның ластану деңгейі, сондай-ақ шуыл, дірілдеу, электромагнитті, лазерлі, иондаушы сәулелену жатады.
Жұмыс ортасына сыртқы орта факторларының көрсеткіштеріне қарай қолайлы (адам жұмыс қабілетінің тиімді динамикасын, жақсы көңіл-күй және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді), салыстырмалы қолайлы (қойылған жұмыс қабілетін және денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, бірақ адамда нормадан шықпайтын, қолайсыз субъективті сезіну мен қызметтік өзгерісті тудырады), қысылтаяң (нормадан шығатын ағзада айрықша өзгерістер тудыратын және жұмыс қабілетін төмендетуге негізделген, бірақ патологиялық өзгерістерге апармайды) және аса қысылтаяң жұмыс ортасы (адам орга-низмінде патологиялық өзгерістердің пайда болуына әкелетін және еңбек қызметін орындай алмау мүмкіндігіне әкеледі) болып бөлінеді.
Тірі ағзалардың жұмыс істеу жүйелері қысымның әдеттегі шектеріндегі жер бетіне жақын жердегі атмосфераға тән газ қоспаларының құрамына қатты бейімделген. 760 мм сынап бағанасындағы қысым кезінде құрам мынандай: азот — N2 = 78%, оттегі — О2 = 21%, инертті газдар — 1%, көмірқышқыл газы — СО2 = 0,03%. Адамның дем алу қызметі ағзаның және сыртқы ортаның аралықтарындағы газ алмасуын, оттегіні тасымалдауды және оттегімен қоректенуді, көмірқышқылын бөліп шығаруды іске асырады. Дем алу (тыныс алу) қозғалыстары әрбір жұту және шығару кезіндегі ауаның көлемі 500 мл-ге дейін болған кезде минутына 15...18 рет жиілікпен жүреді. Оттегімен қоректенудің және көмірқышқыл және басқадай газдарды бөліп шығарудың тиімділігі газ құрамындағы газдардың парицалдық қысымына тәуелді. Парицалдық қысым – бұл қоспаның құрамына кіретін газдың, егер ол қоспаның барлық көлемін алғандағы жағдайда жасай алатын қысымы.
Жақсы жағдайларда ішке жұтылатын ауа қоспасының газдарының парицалдық қысымы мынаны құрайды: О2=156; СО2=0,2; N2 + Аг=590; Н2О=13,8 мм сынап бағанасы (20°С температурада және 80% ылғалдылықта). Нашар керісінше жағдайлар оттегіні кеміткен кезде немесе біршама көбейткен кезде және ішке жұтылатын ауа қоспасындағы көмірқышқыл газының құрамын жоғарылатқан кезде пайда болады. Қалыпты атмосфералық қысым кезінде көмірқышқыл газының құрамын көбейтпей-ақ оттегінің құрамын 19%-ға дейін кеміту ағзаның дем алу қызметіне және жұмысқа қабілеттілігіне тіпті әсер етпейді. Ал оттегінің құрамын 17%-ға дейін азайту дем алу (тыныс алу) жиілігінің көбеюіне, көру талдауышының (анализаторының) сезімталдығының төмендеуіне, қозғалыс үйлестігінің бұзылуына алып келеді.
Ауаның ластануы бір бағыттық (химиялық құрамы бойынша және адам ағзасына тигізетін физиологиялық әсер етуінің сипаты бойынша бір-біріне жақын) әрекеттегі заттармен тудырылады.
Тәулігіне 8 сағаттан артық емес жұмыс ұзақтығы болған кезде жұмыскер-лердің денсаулықтарының күйлерінің ауытқуларын және науқастануларын болдырмау үшін барлық жұмыс стажындағы бір бағыттық әрекеттегі зиянды заттардың шындығындағы шоғырлануының олардың ақырғы шекті концентрациясына қатынастарының қосындысы 1,0-ден асып кетпеуі керек.
мұндағы С1, С2,...,Сn — зиянды заттардың концентрациясы;
АШК1, АШК2,..., АШКn – зиянды заттардың ақырғы шекті концентрация-сы, МЕСТ 12.1.005 бойынша қабылданады.
Оңашаланған әрекеттегі зиянды заттың шекті концентрациясының оның ақырғы шекті концентрациясына қатынасы да 1,0-ден асып кетпеуі керек. Бөлінетін зиянды заттардың орташа саны мына өрнекпен анықталады:
C =
мұндағы А — қайта өңделіп жасалынатын материалдың көлемі;
q — 1 м3 материалға зиянды заттардың шығыны, мг/м3;
т — ұшқыш (буланғыш) бөлігі, %;
С — буланудың ұзақтылығы, сағ.;
V — жұмыс бөлмесінің көлемі, м3.
Ауаның ластануының төмендеуіне желдеткішті және салқындатқышты ендіру арқылы, ауалық-жылулық бүркеулерді, сорғыштарды және сүзгілерді жасау арқылы жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |