Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері



бет22/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері
Аталған көрсеткіштер метеорологиялық шарттарды сипаттай отырып, адам организміне өзара байланысты әсер етеді. Желдеткіш жүйелерді жобалауды әдетте шекті микроклиматтық шарттар қолданылады, ол микроклимат көрсеткіштерінің үйлесімі, яғни адамға ұзақ және жүйелі әсер етуде физиологиялық қалыптасқан мүмкіндіктер шегінен аспайтын термореттеудің реакциясы жиілігі мен организмнің функционалдық және жылу жағдайдың өзгеруін жылдам қалпына келтіру мен ауысуды шығаруы мүмкін. Жылу шығындарын, орындалатын жұмыстың ауырлығы мен жыл кезеңдерін ескере отырып, жұмыс бөлмелерінің (жұмысшылардың үнемі немесе уақытша келетін орындарынан, еден немесе ауданнан 2 м-ге дейінгі биіктік кеңістігінде) жұмыс зоналары үшін метеорологиялық шарттардың оңтайлы және рұқсат етілген көрсеткіштері СН 245–71 және МЕСТ 121005–76 бекітілген.
Адам организміне зиянды заттар аз мөлшерде ене отырып, оның органдары мен жүйелерін толығымен немесе бөлшектеп өзгертуі мүмкін. Өзгеру сипаты мен деңгейі зиянды заттардың химиялық құрамын, ену жолы, әсер ету ұзақтығы, санына, қоршаған орта температурасы, организм жағдайы мен көптеген басқа факторларға байланысты.
Организмде жылу шығу процесімен қатар, одан сыртқы ортаға жылуды беру процессі бірге жүріп отырады. Сондықтан адам денесінің температурасы әрқашан тұрақты мөлшерде болады (орта есеппен 36,5 0С). Жылу шығу және жылу беру процесстерінің тепе-теңдігі, яғни жылулық балансы, терморегуля-ция механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Адам денесінде әртүрлі биохимиялық процесстердің үздіксіз өтуі арқасын-да үнемі жылу шығып тұрады. Жылудың мөлшері істелген жұмыстың ауырлы-ғымен байланысты болады. Сондықтан жұмыстар ауырлығы жағынан төрт категориға бөлінеді: жеңіл жұмыс І (энергия шығыны <172 Дж/с), орташа ауыр жұмыс ІІа (172-232 Дж/с), орташа ауыр жұмыс ІІб (232-293 Дж/с), ауыр жұмыс ІІІ (>293 Дж/с).
Терморегуляция деп - дененің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау үшін организм мен сыртқы ортаның арасындағы жылу алмасуын қамтамасыз ететін адамның физиологиялық қабылеттілігін айтады. Ол адамның ой-сезімімен байланыссыз, өздігімен орындалады.
Организмнің сыртқы ортаға жылу беру процесі мынадай жолмен орындала-ды: жылу сәулелері (радиация) - 45%, конвекция - 30%, тердің булануы - 25%.
Микроклиматтың санитарлық нормалары оңтайлы және қолжетімді болып бөлінеді. Оңтайлы жағдайлар қолайлы жылылықты қажнт ететін ны-сандарда ауруханаларда, балалар мекемелерінде, театрларда клубтарда сақ-талады.
Оңтайлы микроклимат жағдайлары-жылу реттеу реакциясының күштеуін-сіз климат параметрлерінің қосындысына адам ағзасына ұзақ және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдық және жылу жағдайын қамтамасыз етеді. Қолжетімді микроклимат жағдайлары физиологиялық бейімделу мүмкін-дік шектерінен аспайтын, адамға ұзақ және жүйелі әсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бұл ретте денсаулық жағдайларының зақымд-ануы немесе бұзылуы болмайды, бірақ қолайсыздау жылулық сезінулер, көңіл күйдің нашарлауы және жұмыс қабілетінің төменделуі болуы мүмкін.
Жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайлар (комфорт зонасы) жасау үшін ауаның барлық параметрлері санитарлық нормаларға сәйкес болу керек (1-кесте). Комфорт зонасы деп - денеде жағымсыз сезім туғызбайтын метеорологиялық факторлардың тигізетін әсерінің шегін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет