Кафедрасы 6М072300-«Техникалық физика» мамандығы бойынша



Дата01.07.2016
өлшемі90.5 Kb.
#169214

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Техникалық физика кафедрасы
6М072300-«Техникалық физика» мамандығы бойынша

қабылдау емтихан бағдарламасы

Техникалық физика кафедрасының отырысында талқыланды

26_” мамыр 2014 ж. № _10 хаттама
Кафедраның меңгерушісі, профессор _____________ С.К.Тлеукенов

Астана 2014


6М072300-«Техникалық физика» мамандығы бойынша қабылдау емтихан бағдарламасы 5В072300-«Техникалық физика» мамандығының оқу жұмыс жоспарына сәйкес келесі пәндер бойынша құрастырылды



  1. Механиканың физикалық негіздері.

  2. Молекулалық физика.

  3. Электр және магнетизм.

  4. Физикалық оптика.

  5. Математикалық физика әдістері.

  6. Атомдық физика және спектроскопия.

  7. Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы.

  8. Электромагниттік өріс теориясы.

  9. Кванттық механика.

  10. Термодинамика және статистикалық физика негіздері.

  11. Қолданбалы электроника.

  12. Кванттық электрониканың физикалық негіздері.

  13. Конденсирленген күй физикасы.

  14. Қолданбалы физика.


Механиканың физикалық негіздері: Салыстырмалылық механикалық принципі. Галилей түрлендіруі. Жылдамдық. Үдеу, оның құраушылары. Импульс сақталу заңы. Екі дененің серпімді және серпімсіз соқтығысуы.Масса центрі, масса центрінің қозғалыс теңдеуі. Қозғалмайтын оске қатысты айналатын қатты дененің қозғалыс теңдеуі. Сақталу заңдары кеңістік пен уақыттың симметриялылығынан туынуы. Инерциалды емес санақ жүйелер. Гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеуі. Мысалдар.

Молекулалық физика: Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцестер. Газ молекулаларының жылдамдық бойынша Максвелдік. үлестірілуі. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдықтары. Больцман үлестірілуі. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Жұмыс. Идеал газдың ішкі энергиясы. Идеал газдың жылу сиымдылығы. Р.Майер формуласы. Адиабаталық процесс. Пуассон формуласы. Политропты процес. Адиабаталық процестегі жұмыс. Термодинамиканың екінші бастамасы. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Карно циклі. Клаузиус теңсіздігі. Энтропия. Энтропияның физикалық мағанасы. Ықтималдық және энтропия. Тасымалдау құбылыстары. Реал газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермиясы. Реал газдың ішкі энергиясы.

Электр және магнетизм: Вакуумдағы электр өрісі. Өрістің кернеулігі мен потенциалы. Диэлектриктердегі электр өрісі. Диэлектриктердің поляризациялануы. Өткізгіштердегі электр өрісі. Электр өрісінің энергиясы. Тұрақты электр тогы. Вакуумдағы магнит өрісі. Магнетиктер, диамагнетизм, парамагнетизм және ферромагнетизм. Электрмагниттік индукция. Зарядталған бөлшектердің электр және магниттік өрістерде қозғалуы. Металдар мен шала (жартылай) өткізгіштердегі электр тогы. Газдардағы электр тогы. Айнымалы ток. Электрлік тербелістер. Электрмагниттік өріс. Максвелл теңдеулері. Электрмагниттік толқындар. Толқындық теңдеу.

Физикалық оптика: Геометриялық оптиканың заңдары. Жарық жылдамдығы. Жарықтың интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарықтың поляризациясы. Жарық дисперциясы. Жарықтың шашырауы. Жылулық жарық шығару заңдылықтары. Фотоэлектрлік эффект.

Математикалық физика әдістері: Диференциалдық есептеулер: функция анализі, функцианың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу. Графиктердің дөңестігі мен ойыстығы. Дөңестік пен ойыстықтың аралығын табу ережесі. Анықталған интеграл, оның геометриялық және механикалық мағынасы. Бірінші текті қисық сызықты интеграл және негізгі қасиеттері. Екінші текті қисық сызықты интеграл және негізгі қасиеттері. Өріс градиенті. Бағыт бойынша туынды. Г аусс-Остроград теоремасы. Өріс дивергенциясы. Стокс теоремасы. Өріс ротациясы.



Атомдық физика және спектроскопия: Бөлшектерінің толқындық қасиеттері, тәжірибелерде расталуы. Сутегі атомының энергия деңгейлері, кванттық сандары, спектрі. Сілтілік металдар атомдарының энергиялық деңгейлері мен спектрлері, нәзік түзілісі. Көп электронды атомдар. Көп электронды атомның механикалық моменті. Атомдардың электрондық қабаттары мен қабықтарының толтырылуы. Периодтық заңның физикалық түсіндірілуі. Атомдардың рентгендік спектрлері. Мозли заңы. Рентгендік спектрлердің нәзік түзілісі. Электронның орбиталық және меншікті магнит моменттері. Бір электронды атомның толық магниттік моменті. Штерн және Герлах тәжірибелері. Көп электронды атомның магнит моменті. Зееман эффектісі. Молекулалардың құрылысы мен қасиеттері. Молекулалардың айналыс, тербеліс-айналыс спектрлері. Молекулалардың электрондық спектрлері.

Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы: Ядролардың құрылымдық сипаттамаларының негізгі анықтамалары. Радиоактивті ыдырау заңы. Альфа, бета және гамма бөлшектердің ыдырау заңдылықтары, ыдырау кезінде өтетін процестер. Ядролық реакция, ядролық реактор. Элементар бөлшектер, лептодар, мезондар және бариондар. Бөлшектер және антибөлшектер, гарыштық сәулелер, кварктер.

Электромагниттік өріс теориясы: Электр өрісі мен зарядтар. Электр өрісінің кернеулігі және потенциалы. Лаплас және Пуассон теңдеулері. Кулон заңы. Гаусс теоремасы. Электр және магинт өрісінің кернеулігі. Электр және магнит өрістерінің А және  потенциалдарымен байланысы. Қиылысқан электр және магнит өрісіндегі зарядтың қозғалысы. Диэлектриктердің бөліну шекарасындағы және металл беттеріндегі электр өрісі үшін шекаралық шарттар. Вакуумдағы магнитостатикалық өріс. Био-Савар заңы. Диэлектриктердің бөліну шекарасындағы және металл беттеріндегі электр өрісі үшін шекаралық шарттар.

Кванттық механика: Толқындық функция. Шредингер теңдеуі. Гамильтон операторы. Стационарлық күй(жағдай). Кванттық механиканың жалпы тұжырымдалуы. Физикалық шамалардың операторы.Өзіндік функция және өзіндік мән. Анықталмаушылық қатынас.Анықталмағандыққа қатысты қарапайым кванттық механикалық әсерлердің бағасы. Гармоникалық осциллятор.Спектр және толқындық функциялар. Орталық өрістегі қозғалыс.Сутегі атомы. Шредингер және Гейзенберг ұсыныстары. Операторларға арналған қозғалыс теңдеуі.Уақыт бойынша эволюция операторы. Орбитальдық моменттің операторларының алгебрасы. Моменттің меншікті спектрінің мәні және оның проекциялары. Ұйтқудың стационар теориясы.

Термодинамика және статистикалық физика негіздері: Фазалық кеңістік. Лиувилл теоремасы. Термодинамикалық потенциалдар. Энтропия және жылу. Ван-дер-Вальс теңдеуі. Больцман таралуы. Статистикалық ансамбль.

Қолданбалы электроника: Шала өткізгіштік диодтар, биполярлық транзисторлар, тиристорлар, МДП-транзисторлар, ауысуы басқармалы өрістік транзисторлар. Диэлектриктердегі негізгі физикалық процестер (поляризацилану, тесіп өту, диэлектриктік шығындар) және олардың жазба түсініктемелері. Күшейткіштер. Гармоникалық тербелістердің электрондық генераторлары. Жадлы бағдарлау жүйелерінің және жадысына тұрақты сақтайтын құрылғылардың комбинациялық сұлбалары. Импульстердің сандық санауыштары, триггерлер, сумматор, регистрлер.

Кванттық электрониканың физикалық негіздері: Еріксіз сәулеленудің когеренттілігі. Когеренттілік критериясы. Сәулелік сызықтардың ені. Лоренцтің сызықтық формасы. Гаусс формасы. Сәулелену энергиясын күшейту шарты. Инверсиялық жайғасу. Теріс температура. Шекті температура. Ашық резонатор және оның сапалылығы. Өздігінен қозу шарты. Ли және Фокс талдауы. Резонатордың жаңалық ретінде ашылуы. Ашық резонатордың элементар теориясы. Лазердің түрлері. Газдық (атомдық) лазерлер. Молекулалық лазерлер. Рубиндік және неодимдік лазерлер. Шала өткізгіштік лазерлер. Лазерды ғылым, техника және технология салаларында қолдану.

Конденсирленген күй физикасы: Симметрия элементтері және симметрия операциялары. Кристаллографиялық индицирлеу әдісі. Бүтін сандар заңы. Вигнер- Зейтц ұяшығы. Кері тор. Бриллюэн зонасы. Кристалдық тордағы рентген сәулелерінің дифракциясы. Әдістер: Лауэ, кристалдың айналуы, Дебай-Шеррер. Нүктелік және сызықтық ақаулар. Инертті газ кристалдары. Конденсирленген күйдегі атомдар мен молекулалар арасындағы өзара әсерлесу күштерінің түрлері. Байланыс энергиясы.

Қолданбалы физика: Сәулелердің биологиялық әсері. Дозиметрлік өлшем бірліктері. Радионуклидтер мен сәулеленуді қолдану. Ионизациялық сәулеленуді өлшеу тәсілдері. Ионизациялық сәулеленуден қорғану.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет