Кақкан қоңырқай. Момақан. Тек салқын ұшқын атқан жанары ғана



Pdf көрінісі
Дата30.01.2024
өлшемі0.86 Mb.
#490255
Мұхтар Мағауин Шақан шері




Мұхтар
Мағауин
Шақан
-Шері
Роман
БАСТАУ
немесе
эпилогка кіріспе
Жел
кақкан қоңырқай. Момақан. Тек салқын ұшқын атқан жанары ғана
өжет
кейіп, ер мінезін танытқандай. Байсалды кендік бар. Қайратына,
қажырына
сенген. ешкімге ырық бермеген асау жанның салқам бітімі.
Бірак
бұл — оң жағынан қарағанда ғана. Сол жақтан... Сол жақ бетте —
самайдан
иекке түскен бұжыр-тыжыр, терең, үш қатар тыртық. Қиығы
кеміс
, ызалы шегір көз шапыраштана түйіледі. Ұрты да жырық. Аппақ,
өткір
, сойдак тісі жаркырап тұр. Адам шошырлық. Қарсы алдынан
карағанда
адам шошырлық. Əйтсе де құбыжық емес. Өзгеше тұрпатты
пенде
.
Тұтқынның
ерекше болмысы жанар мен жарақатта, тіпті, арбиған
саусақ
, бұлшықты мойын, кең иық, зор кеуделі еңсегей бойда ғана емес
— ті. Киімі, киімінде еді ғажап ерекшелік. Тарғыл сары. Қызғылтым
реңді
сары тарғыл жолбарыс терісі. Үстінде қара жолағы ендей
пішілген
, түгі тусырылған жолбарыс жакы. Қайың бұтақ түймелері
ағытылған
ашык өңірінен іштегі камзол, кеудедегі көйлекке дейін
жырткыштың
терісінен тігілгені көрінеді. Бұттағы шалбар да жолбарыс
жонынан
. Аяқта — тықыр түк, күлгін сары пұшпақтан құралған жұмсак
байпақ
; қылтадан орай жүндес, жағал таспамен тартып қойыпты.
Басына
киген, екі иықты бүркей жапқан мол пішімді тарғыл шұбар
далбайдың
омырауға түскен қос құлағы да пұшпақ екен, ұзындығы
шынашақтай
, имек, өткір, қоңыр қошқыл тырнақтар тізіле саудырап
тұр
. Тұтқынның жанкешті, жыртқыш кейпін айғақтай түскендей.
— Бас киімді алу керек, — деді тарғыл жігіттің кеудесінен ғана келетін,
орысша
киінген, тақиялы, шəрке тілмаш. — Мəртебелі төреге құлдық
ұру
керек!..


Тұтқын
сонда ғана төреге — сырмақ, не кілем үстінде емес, жүкаяқ
сияқты
, бірақ арқалығы бар биік орындық үстінде, малдас құрып емес,
тізеден
бүгілген сирағы салбырап, өзіне сынай, тексере, бəлкім
таңырқай
қарап отырған төреге бет бұрды. Шашы ерапайсыз өсіп
кеткен
екен, түйенің шудасындай, иығына түседі. Бірақ сабалак емес,
майлап
, сəндеп, артына кайыра тарап қойған. Бет-аузы түгел түк.
Мұрты
оқтаудай, сақалы күйектей. Арасынан аузы əрең көрінеді.
Қалың
сақал-мұрт та, ұзын шаш та сап-сары. Төренің өзі де сары
шабдар
. Өңі ғана емес, киімі де. Екі иық — алтынды желегі саудыраған,
оқалы
, алакандай тақта. Омырау — сары ала шынжыр, тіпті. домалақ
түймелерге
дейін сары.
Төре
шегір көзін сығырайта жылмиып орнынан көтерілді. Ернін
жымырып
, қысқа, қан-селсіз, бозғыл саусақтарын уқалаган қалпы
қадала
карап турып қалды. Содан соң екі қолын артына айқастырды.
Қудды
шабынған жолбарыс.
— Мəртебелі төреге бас ию керек! Шəпкені... мынаны далой қылу
керек
! .. — деді тілмаш жолбарыстан ыққан қанденше қыңсылап,
тұтқынды
шыр көбелек айнала шəуілдеп. Енді болмаса аяқ арасына
кіріп
кетердей. Бейшара...
— Төреге иіліп сəлем беру керек! Құлдық ұру керек! — деді тілмаш
үздіге
сыбырлап.
Тұтқын
сөз мəнісін ұқпағандай, тілмаштың бетіне аңыра қарап аз
бөгелді
. Содан соң шапыраш көзі жыпылықтап, жарақат бет қатқан
көндей
жиырыла тыржиды да, сойдақ тістер ырсия ашылып, ар
жағынан
жөтелге ұксас, карлығыңқы үн шықты.
-һəоу-у-унн! һуу-а-абб! Хуу-һа-а-а-бб!..
Шэрке
тілмаш кеудеден ұрғандай қалталақтай шегініп, төрдегі, тіксіне
таңырқаған
, аңыра бөгеліп қалған төресінің аяғына бір-ақ жеткен.
Шибиген
саусақтары дір-дір етіп, жанқалтасын қарманды. Орамал
іздеген
екен. Шұбалта суырып, екі-ақ елі, қырыс-тырыс маңдайын
сүртінген
.


Төре
тез оңалды. Əуелі басын шайқаған. Қырындай шегініп, тілмаштан
аулақтаған
. Мұртын сылап, қадала қарап аз бөгелген. Содан соң жөтеле
мекіреніп
зорлана күлген.
-Хо-хо-хо!.. Ху-ху-ху... у...
Шэрке
тілмаш жаңғырыға қостады.
— Хо... ху... у...
Төре
шытынай түйіліп еді. Лоқсығын қайта жұтқан тілмаш қалтия
қалды
. Иығы қушиып, көзі төмендеп, мүсэпір, пұшайман кепке түсті.
Бетінде
күлкі ізі кайга көрінген, бірақ жанарындағы ызбар тарқамаған
төре
балағы бұратыла, сықырлай басып, тұтқынның сол жағына шыкты.
Тесіле
қарап, бет-аузындағы жарақат ізін байыптады. Содан соң
сыртынан
айналды. Оң жағынан карады. Көңіл қояр ештеңе таппады.
Қарсы
алдына шықты. Тұтқынның киімінің үлгісін, баға-нарқын
анықтағысы
келгендей, үңіле бере кегжие серпілді де, иек астынан,
жанарға
жанар қадап, тіке қарады. Бірақ арбаспады. Түйіле жемірген
калпы
аз тұрып, еріне күрсінді.
— М-мм, да!
1
 — деді таңдайын тақ еткізіп.
— Так точно, Ваше Высокоблагородие!
2
 — деді аяқ астынан шыға
келген
, қайта тірілген тілмаш.
Төре
самарқау қимылмен тұтқынның кеудесіне сұқ саусағын тіреді.
— Сен ким? Человек-джульбарс?
3
— Так точно, Ввве! — деді мүлде күш алған тілмаш шарылдай
ышқынып
.
Айбарлы
төре дэл осы сэтте ақырды.
— Малгчаать!
4
Тілмаш
қазықтай қағылған. Кеміс иегі ғана дір-дір етеді.
— Тттт... ввв...
Сұқ
саусақ кеудеге бата түсті. Найза тырнак жалаңаш денеге
қадалғандай
.


Төбеден
алаканмен салып қалса ғой, ауыз омырткасы опырылар еді.
Бірақ
тұткынның кеудесінде ыза да, кек те жоқ. Бағзыда ат үстінде,
кейін
аңшы соқпағында беттеспеген. Ең бастысы — аң емес, адам.
Жəне
жүйкесі берік, жүрегі қатты адам. Əсіресе шəрке тілмашқа
ақырғаны
ұнаған. Тұтқын бет-аузы шалбарлана жымиды. Жымиып
күлгені
тыржиып мазақтағанға ұқсас екенін білетін. Əмбе бас изеді.
Кері
шегініп, төренің быртық, боп-боз, сүйкімсіз саусағынан алыстады
да
, қолын кеудесіне басты.
— Шакан-Шері! Мені жолбарыс жүректі Шакан деп атайды бүкіл
Жетісу
. Шақан-Шері менің атым.
— Мм-м, да! — деді төре тағы да тамсанып. Тұтқынның бас-аяғына
бажайлай
қарады да, манадан бері бүрісіп, сөлбірейіп гұрған тілмашка
иек
қақты.
Қайтадан
жан біткен, қайтадан кісі қалпына енген тілмаш түкірігіне
шашала
шəлдүрлеп, ұғындырып жатыр. Əрине, жолбарыс жүрек
Шақанның
кім екенін. Жаңа қалада бұрын да талай болғанын. Бұл
жолы
дəл іргедегі ата-бабасының зиратына тəуап ете келгенін. Өзін
ұстағанда
мылтығы, қаруы бола тұра ешқандай қарсылық
жасамағанын
. Ақтығын. Заңға залалы, кісіге қастығы жоғын. Екі-үш
ауыз
сөз. Ашық, айқын.
Бірақ
сөз аяғы созылып бара жатты. Сөз аяғы созылған сайын төренің
өңі
бұзыла берді. Төренің өңі бұзылған сайын тілмаш та нығарлана,
жалдана
түсті. Төре сазбет ызбар тауып еді. Тілмаш түкірігіне шашала
қылқынып
, тұтқынға бұрылды.
— Сен... сен — бунтовщик! — деді шарылдай бақырып. — Сен
Кенисараға
қосылған! Сен Садықка шпион болған! Сен Его
Высокоблагородиеге
покушение ойлаған!
5
Қазак
. Қазақша сөйлеген сияқты. Бұнтопшысы не, Кинасара, Садығы
кім
? Пөкешен ойлағаны калай?..
— Теперь не уйдешь! Не уйдешь! — деді тілмаш алақанын уқалай
жайнаң
қағып. — Сен Көкбелесте болғансың, свидетель бар, ол көрген,


сен
кашқан! — А то мылтықты қайдан алған? Сен верный сын отечества
хорунжий
Жантайды аткан! Вот гнида! Вот шакал!
6
Кенет
бəрін ұқты. Мынау... кемиек, талпақ танау, тайқы маңдай —
көрден
қайта шыққан Жалтақ Жантай ғой! Өзінің аталас туысы. Сасық
шибөрі
... Ал анау — сары ала жолбарыс. Кəдімгі көп жырткыштың бірі
емес
. Кісі етін ғана жейтін жалмауызы. Жалмауыз жүрген жер
жемтіксіз
болмайды. Шибөрінің де тамағы тоқ. Қазір екеуі бірігіп
қараусыз
, панасыз жалғыз жаяуды алып жейді.
Денесі
дір етті. Өзінің кім екені есіне түскен. Жан адамға кеудесін
бастырмаған
Шақан! Жыртқыш атаулыға жасындай тиген Шері! Ер
туған
, ерлікпен күн кешкен жолбарыс жүрек батыр!
— һугха-угх! Уггх! һаоуңггх-хх... Угххх...
Жолбарыстың
жүрек тітірентер айбатты арылы қалт тынды. Жыртқыш
кейіпті
, жыртқыш дауысты тарғыл түтқын өңі қызара көгеріп, зілдене
безірейген
зор денелі, сары ала төреге бір, қуара қалтырап есі шыққан
лак
теке тілмашка бір карады да, кенег қарқылдай күліп қоя берді.
— Ха-ха-ха-ха!.. Хе-хе-хе-хе!.. Хи-хи-хи-хи!..
Əлде
төреге, əлде тілмашқа саусағын шошайтады да күледі, саусағын
шошайтады
да күледі. Əуелгі, өкіре ышкынған жабайы арылдан өзгеше,
табиғи
болғанымен, ыза, кекесінге толы ғаламат күлкі. Адамның төбе
шашы
тік тұрар үрейлі күлкі.
Күлкі
. Арыл. Күлкі...
Бəрі
күлкіден басталған. Əйелдің ерке, назды күлкісі. Баланың қамсыз,
шат
күлкісі. Осы, бірі жүрек қытықтар, бірі көңіл марқайтар, қия тасты
жарып
аққан бүлақ сыңғырлы қос күлкіні түманды шатқалдан лықи
төгілген
сел жаңғырықты дүлей арыл өшірген. Бар қызығын, өткенін,
болашағын
мұзарт құздан құлаған ақтүтек көшкін көмген.
— һугха-угх! һаоуңңгх-х!..
Бəрі
де жолбарыстың жүрек шайқар алапаг арылынан басталған.


I т а р а у
ҚАМЬІСТАҒЫ
ҮЙ
1
Қоңыр
түндік ауыр ысырылып, əрең ашылғанда жез құрсаулы қара
шаңырақтан
ұйыған сүттей кою жарықпен қоса ақтарыла төгілген
салкын
, таза ауа жиһазы шамалы, жасауы шағын, бірақ кең. əрі еңселі,
төрт
қанат киіз үй ішіне серпінді леп əкелген. Аязды, тымық таң.
Бозғыл
сары аспан шексіз биік, кіршіксіз таза көрінеді.
— Шашадан қар жауыпты, — деді киіз есікті серпе ашып, сырттан
құшағын
толтыра қамыс сүйрей кірген Ажар, — Жер-дүние аппақ.
— Алақай! — деді кішкентай Сəмен көйлегі шелтиіп, тұлымы
жалбырап
атып тұрып. — Сонар! Қан сонар! Ауға шығамыз!.. Ухх... —
деді
сосын тітіркеніп. — Суық. — Төрді — төсек үстін қаптай жабылған
киіз
астына кайтадан сүңгіп кетті.
— Қазір от жағамыз, құлыншақ, — деді Ажар. — Көкесі, сен тұра ғой
енді
, — деді сосын, шаңырақка қарап, бұйығып жатқан күйеуіне.
Бір
-бірден алып, тізелей опырып, қамыс сындыра бастады. Түбі үйде,
басы
шұбатылып далада, есік сыртында жатыр. Октаудай жуан, үш
күлаш
, төрт құлаш нар қамыс.
— Қандай жаксы!.. — деді Шақан керіле есінеп. — Қоқаңдаған,
дікіңдеген
ешкім жоқ. Тып-тыныш. Дұрыс болды, өңшең шуылдақтан
бөліне
көшкенім. Рахат. Иен камыс, кең дала... А, бəйбіше, ат кайда,
түйе
қайда?
— Құдай кедейлікті маңдайыңа жазған, — деді Ажар зілсіз. — Аңшы
атамның
екі үйір жылкы, бір келе түйесінен қалғаны — қара бура мен
кер
жорға ат еді, оның өзін сəскеде сұрадың...
Қамысы
қандай зор бұл Қапшағайдың. “Жансызда қамыс үлкен“ деген
рас
екен-ау... Енді Ажар тезек теріп, шөмшек жинап бейнеттенбейді.
Саусактары
сондай епті. Сытыр-бытыр... сытыр-бытыр...
— Менің малым — құмда өрген киік, қырда жортқан құлан, — деді
Шақан
.


— Тұр сол арқандаған жерде, қамыстың ығында, — деді Ажар жаңағы
сөзін
сабактап. — Əлгінде, түндік ашуға шыққанда көрдім.
— Бұлар да соныға бөгіп, қоңдансын, — деді Шақан. — Қаскыр жок
сияқты
ғой бұл жақта.
— Ой, алла-ай, жаңа жұртқа қонғанда тым құрса алыстан ұлыған бөрі
үні
естілуші еді. Тып-тыныш. Сауысқанның сарқылының өзі құлақ
жарады
. Бір түрлі елегізіп, ұйықтай алмадым. Жалғыздыққа мал екеш
мал
да тосырқайды екен, мен үйден шыққанда кер жорға қу даладан
окыранып
, қара бура мойнын созып шыр айналды. ..
— Бəрі жақсы, — деді Шақан. — Өте дұрыс болды, қайрылмай тартып
кеткенім
. Өзім би, өзім қожа. Атам көрмеген қорлыққа мен неге
көнем
? Атам кимеген ноқтаға неге мен бас сұғам? Дұрыс. Бəрі дұрыс.
— Қайдам, — деді Ажар күрсініп. — Төңірек түгел камыс... Тоғайдан
қалың
...
— Жалғыздық қиын саған, — деді Шақан қаптама киізді төмен ысырып,
басын
көтеріп. — Биылғы қысты өткерейік. Жаз шыға... Жаз шыға
жалайырға
— нағашыларыма барам. Қырық серкешімді алам. Содан
соң
, саған серік болатын “оймақ ауыз, қиғаш қас“... қалай еді, əлгі,
Сүйінбай
акын айтатын жырда...
— Жезтырнақ сұлу! — деді Ажар сыңғырай күліп. Түбіт шəлісін шешіп
тастап
, колына көсеу алды да, қамыстың бозғыл күлін ысырып, ошак
басын
тазарта бастады. — Алыстан іздеп қайтесің, төрем, осы меңіреу
ішінен
қалың бермей-ақ табамыз. Қорқам... — деді сосын тітіркеніп. —
Осы
үйді бір құбыжық торуылдап жүрген сияқты болады да тұрады.
— Жезтырнақ құрығалы қашан бұл өңірден, — деді Шақан жайбаракат.
— Бірден бас салмайды, əуелі бейбіт келіп, от басын барлап, бақылап
кетеді
екен. Содан соң ғана бұқпалап қайта оралады. Баяғыда Өтеген
батыр
өлтіріпті дейді ғой сондай жезтырнақты. Елге жайлы қоныс
қарап
, Жиделі-Байсынды іздеп шыққан сапарында. Кешегі Ағыбай
батыр
да кездесіпті. Бірақ онікі басқаша. Көзге түрткісіз қараңғы түнде,
сабалақ
жауын астында, қалың орман ішінде жалғыз аяқ жолмен келе
жатса
, астындағы Ақ-Ылақ ат пысқырып, тұра қалады...


— Ищаһ!.. — деді Ажар тітіркеніп. — Баланы қорқытасың...
Бала
қалың киіз астында, неше қабат, жылы сенсең керпе арасында
бұйығып
жатыр. Естіген жоқ. Естісе қорыққан жоқ. Қорыққан
Ажардың
өзі. Шақан қарқылдап күлді. Атып тұрып, Ажарды бас салды.
Сүйегін
сықырлата қысып, бауырына басты.
— Шын қорықсаң түнде неге мені оятып алмадың? — деді құлағын
аймалай
сыбырлап. — Екеуіміз де таң атқанша ұйықтамай шығатын
едік
...
— Қойсай, — деді Ажар қымсынып. — Балаңнан да ұялмайсың.
Кішкентай
Сəмен киіз астынан сығалай қарап, əкесі мен шешесінің
ойынына
күліп жатыр екен.
— Əуппа! Тұрдық! — деді Шақан апыл-құпыл сырт киімдерін киіп. —
Құлыншақ
, сен де тұр. Жылы қыстау жок, үйрену керек. Міне азамат!
Қазір
қырғауылға шығамыз.
— Өлə, отым сөніп қалыпты... — деді Ажар ошақтағы бозғыл күлді оңды
— солды көсеп, жылтыраған шоқ таба алмай. — Қайран
Талғардыңтезегі
...
— Тезектен басқа нең қалды онда! — деді Шакан кіржиіп. — Ол да
жаудың
малынікі... Қазір от жағамыз! — деді қайта жадырап. —
Қырғауылға
шығамыз.
— Қырғауылды қалай аламыз? — деді жақ жүні үрпиіп тоңған, сарғыш
кенеп
көйлек үстінен қоян кəзекейін киіп, енді қыналы, тері шалбарын
тартып
жатқан кішкентай Сəмен.
— Қамыстың шоғы қуатсыз екен ғой — деді Ажар. — Ошақтан қызу
кегкен
соң үй де тез суиды. Алдымен сексеуіл түсіріп таста.
— Бəйбіше! “Атан өлсе сойылар, атаң өлсе қойылар, бірақ мұндай қан
сонар
, маған қайдан табылар!“ — деген кім? Ақылды адам. Аңшы!
Яғни
, дүниедегі ең адал, ең батыл адам!
— Қырғауылды қалай аламыз? — деді Сəмен сұрағын қайталап.


— Былай аламыз! — Шақан ошақ басында бір тізесін бүгіп, жүрелей
отырған
Ажарды белінен кұшактады.
— Қойсай... — деді Ажар шынымен ұялып.
— Атқа мінеміз, — деді Шакан баласына мойын бұрып. — Қалай екенін
білесің
, — деді əйелінің құлағына сыбырлап. Ай орақты күміс сырғаны
шайнап
тастағысы келді. — Міне, былай, тізгіннен ұстаймыз... —
Ажардың
мұқият өрілген, жуан, қос бұрымынан ұстады.
— Саған дауа жок, — деді Ажар. — Ойынға тоймайды екенсің. Күн
құрғатпай
...
— Содан соң ғой, Жезтырнақтың қызын кішілікке түсіргелі жүргенім...
Атқа
мінеміз, — деді даусын көтеріп, баласына. — Мен — атқа, сен
-түйеге, апаң екеуің. Қолыма қос айыр дырау қамшы алам. Сен де
аласың
қамшыны. Барамыз өзеннен алысырақ, қамыстан, тоғайдан
аулағырак
жерге. Семіздіктен шайлап жатқан, жыпырлаған қырғауыл.
Өзі
қызыл, құйрығы ұзын, дуадақтай ірі. Дыр етіп ұшады. Мен соңынан
тұра
шабам. Қырғауыл тас лактырым жерге барып жалп етіп қонады.
Қашайын
десе, карға малтығып, жүгіре алмайды. Қамшымен бір-ақ
тартам
. Алда-жалда қайтара ұшып үлгерсе, əуелгіден де жақын түседі.
Онда
тіпті оңай.
— Егер жыңғылдың ортасына конса ше? — деп сұрады бала.
— Онда басқа бір қырғауылды көтереміз. Қүс көп. Іленің екі өңірі
толған
қүс.
— Содан соң?
— Содан соң, бір қырғауылды кағып түсірген соң, екіншісін үшырамын.
— Ал мен? — деді бала өкпелі үнмен.
— Сен?.. Сен ғой соның бəрін үстайтын. Далпылдап жатқан
кырғауылды
кездігіңмен бауыздайсың да, қоржынға сала бересің, сала
бересің
.
— Түйе көтергенше! — деді Сəмен мəз болып.


— От түтатып бер, бала тоңып калды, — деді бүл екі ортада қаншама
қамыс
сындырып үлгерген Ажар.
— Мен тоңғам жоқ, — деді бала. — Үй жылы.
— Жылы, — деді Шақан. — Іштен қос қабаттап киіз түтылған. Көрдің
ғой
кеше, іргені көміп, сырттан неше қабат қамыс тартып
тастағанымды
... Тамнан жылы бүл киіз үй деген. Бірақ қырғауылға
шығар
алдында от жағып, жылыну керек, қонақ көже ішіп, тойып алу
керек
... Солай, балақан! Бəйбіше, шакпақ қайда?
— Шақпақ кіседе түрған да, — деді Ажар.
— Шақпақ — кіседе, кісе — белде... — Шакан келіншегінің тығыз,
солқылдақ
белінен орай қүшақтап, қысып-қысып қойды.
— Төрде, киіз сыртында ілулі түр... — Ажар Шаканның бұлшығы
білеуленген
, жуан, дөкір білегінен жұмсақ алақанымен сипады. — Күн
көтеріліп
кетсе, кырғауыл жагып қалады, — деді майда үнмен.
— “Қырғауылы қызыл екен, қүйрық жүні үзын екен“... — деді Шақан
əндетіп
. — Қүлыншақ, сырттан қамыстың үлпек қуын сындырып
əкелші
... “Қырғауылы қызыл екен...“ — Əндеткен бойы керегені жағалай
тұтқан
калың киіздің басына ілінген ауыр белдікті алды. Оң жағында
бүйрекше
пішімді, үлкен, күмісті кісе, ортада құты, сол жағында ауыр
селебе
салынған сүйекті қын, салактаған оқшантай мен жез жиекті
дəндəку
. Дəндəкуден шақпақ пен оттығын суырды. Беті жалпақ,
жүмырша
ак тас, жапырақтай ғана, кызғылтым жолақты күрең тас.
Бірін
Талғардың өзенінен, екіншісін тауынан алып еді. Сүйкеп калсаң
от
ұшқындайды. Тасының өзі касиетті сондай коныстан қуылды.
Кеудесі
қыж қайнаған Шақан оттықты жанып жіберіп еді. алыс
көкжиектен
көрінген найзағайдай, көкшіл сары от жарқылдады, ізінше
ышкына
өкірген үн естілді.
Жалт
бұрылған Шақанды қақ маңдайдан жасын үрған. Маңдайдан
ұрған
жасын өне бойын көктей тесіп өткен. Төбе шашын үйтіп, қолқа
жүрегін
суырып, іші-бауырын талқандап, қара табанға темір қазық
болып
қағылған. Айқайлауға даусы шықпады, үмтылуға, əлденендей
қимыл
жасауға аяқ, қолы ырық бермеді. Дем тартуға да дəрмені


жетпей
, бақырайып қатқан да қалған. Есіктен тайдай сары тарғыл
мысық
сүғынып тұр екен. “Жолбарыс!..“
Құлағы
жылмиған, езуі аксиып, шегір көздерінен көкшіл ұшқын атқан
жолбарыс
босағадан аттаған қалпы, басын болмашы шайқап, сəл
кідірді
де, салқау басып, көлденендей кірді. Ала жыландай шиырылған
ұзын
кұйрығымен қос бүйірін кезек соғып, құныса тағандап, ышқына
өксіді
.
— һаоу-у-уңңх-х!..
Ошақ
пен есік арасында, таудай жолбарыстың қарсы алдында қалқиып
тұрған
құртақандай Сəмен шыр ете түсті. Сол мезетте қоқсыған күл
басында
бір тізерлеген күйі мелшиіп қалған Ажар да баж еткен. Шұбар
шері
дір жиырылды да, жаңағыдан əлдекайда қорқынышты үнмен
айбаттана
ақырды.
— Ху-у-һа-а-абб!.. Угһа-угх! Угх-хх!..
Төрде
, түскиізге арқасы жабысып, үнсіз, тілсіз қатып калған Шаканға
от
шаша қарап, атылуға ыңғайланғандай, жер бауырлап шөге бере
кенет
лып көтерілді де, кішкентай саусақтары тарбия, екі қолымен
бетін
көлегейлей кері шегінген Сəменді тышқан ұстаған мысықтай іле
тартып
, етпетінен түсірді. Оң аяғымен белінен баса домалатып,
ышқына
арылдаған қалпы кері шегінді. Келер мезетте сойдақ-сойдақ,
сап
-сары, қарыс сүйем қос-қос азулы жеміт аузын арандай ашқан да,
шырылдай
дір қаққан дəрменсіз баланы бел ортадан қаржи тістеген;
басын
кегжитіп, езуінен айбат шаша гүр етіп, бүктеле бұрылған да, киіз
есікті
серпе ашып, сыртқа бір-ақ қарғыған.
Алдымен
əйел ес жиды.
— Ойбай, Шақан!.. Құрыдық! Құрыдық! Жолбарыс! Сəмен! Сəмен!..
Адырайған
, кан толған көзінен бұршақтай жас ағып, сүріне тұрды да,
далаға
ұмтылды. Қолында көсеу. Шақан сонда ғана сұмдыктың бар
салмағын
санасымен ұққандай, абалақтап жан-жағына карманды.
Қолына
не мылтық, не найза түспеген. Буын-буыны дірілдеп, сүйекті
қыннан
селебені əрең суырып, ентелей ұмтылды. Көзінің алды
қарауыта
калбалақтап, оңды-солды соғыла сипаланып, есікті зорға


тапқан
. Аяз қарыған салқын ауа бірден кеудеге ұрып, жер дүниені
жапқан
ақ кебін көзін шырадай ашты.
Жолбарыс
ұзамапты. Əудем жерде, Сəменді көтере тістеген қалпы,
тышқан
алған мысыктай, жоны күдірейіп, көлденеңдей шұбалып тұр.
Безектей
шыңғырған баланың аяк-колы тырбаң-тырбаң етеді.
Шақанның
жан даусы сонда ғана шықты.
— Сəмен!.. Құлыншак!.. — Селебесін білеп, табаны жерге тимей тұра
жүгірген
. — Ажар! Ажар!.. Токта! — деді келер мезетте ентіге айқайлап.
Ажар
тоқтамады. Жолбарыска жақындап қалған. Көсеуін көтере
қоқақтап
, ышқына бақырады.
— Кет! Кетпəлекет! Кет! Таста! Тасга! ..
Тарғыл
шері адамның айбарынан ыққандай бұға бере шегіншектеді де,
бөксесімен
қырындай айналып, бетін бері бұрды. Ширатылған
құйрығымен
қос бүйірін кезек қамшылап, төрттағандай бүкшиді де,
езуінен
арылдады. Содан соң сылқ еткізіп баланы тастай салған.
Етпеттей
түскен, бет-аузын қан жапқан құртақандай бала сары тарғыл
денесімен
жарты дүниені жауып тұрған жыртқыштың алдынан
еңбектей
қашты. Жер сүзе жығылып, шаткаяқтай көтерілді. Екі-үш
аттап
барып қайтадан тоңқалаң асты.
Жолбарыс
балаға қараған да жок. Аспанды тітірете гүр еткен де, бүл
кезде
есік пен тордей келіп қалған əйелдің басына бір-ақ қарғыған.
Ажар
үнсіз, тілсіз, бүктетіле қүлады. Құтырына тарпынған жолбарыс
азу
тістері ак қарға шағылыса ырсиды да, сұлық денені желкесінен
алып
көтере бере қарш еткізіп жалғыз-ақ шайнады. Жалғыз-ақ шайнап,
мойнын
үзген соң, езуінен қан шаша арылдап, басын кегжите қараған
Шаканға
. Таяқ тастам жерге келген, бар сұмдықты көз алдынан
өткерген
Шақанға. Содан соң шегіншектей тағандады. Үлкен, доп-
домалақ
, шегір көздері от ұшқындай шапыраштанып, арқа жүндері
кірпі
түктене тікірейіп, жер бауырлай құнысты. Болмашы ғана иірілген
құйрығының
ұшы дір-дір етеді. Келер мезетте...
Келер
мезетте Шақан өзінің шырқырап қашып бара жатканын аңдады.
Күпсек
қарда əлдебір түбіршекке соғылып, омакаса жығылған. Сары


дию
үстіме міне түсер деп басын қорғалай берген. Жоқ. Сары дию
артта
. арқан бойы жерде, жаңа ғана өзі төбесін ойып, мойнын үзген
жемінің
үстінен аса күдірейіп, гүрілдей өкіріп тұр екен.
— һуу-а-а-бб!.. һа-оу-у-убб!..
Жырткыштың
үрейлі, қатқыл үнімен жалғас, əлсіз, бірақ одан
əлдеқайда
қоркынышты дауыс жетті құлағына.
— Көке-е!.. һөөө.. Ө-ө-ө!..
Жалғыз
ұлы, бес жасар, кішкентай Сəмен. Тəлтіректей басып, сүріне
етпеттеп
, əлдеқайда қашқысы келеді. Тырбаңдап, еңбектей қашып
барады
. Жолбарыстың ар жағында. Аулакқа қарай.
Шақан
атып тұрды. Қолы бос екен. Қарымсыз селебе де жоқ. Үйде
білтелі
кара мылтык бар. Бірақ үйден жолбарыс жақын. Ал бала... тіпті
жақын
... Жолбарыска. Жүгіру керек. Мылтық... бала...
Жолбарыс
Шаканның ойлануына, ес жиып, дəт бекігуіне карап тұрған
жоқ
. Өліктің үстінен аттап, бері қарай жүре бере қалт бөгелді. Алғашқы
жемін
тастамас əдеті ме, əлде дəрменсіз əкеден көмек тілеген сəби
даусы
өзіне тартты ма, кері бұрылды да, екі-ақ қарғып, жан даусы шыға
шырқыраған
баланы іліп алды.
Бойындағы
бар үрей сап болған, дəл осы сəтте өлім, тек қана өлім
тілеген
Шақан ақыра ұмтылды. Жолбарыс назар аударған да жоқ.
Бұрынғыдан
да кішірейіп кеткен, жансыз салактаған құртакандай
сəбиді
қапсыра тістеген қалпы орғи жүгіріп, көз көрімге ұзады да,
артына
бұрылып, киғаштай бере аз бөгелді. Келер сəтте түйе бойламас
калың
қамыс ішіне кіріп жоқ болды.
2
Арада
апта өтпей, Қапшағайды өрлей, Іленің сол жағасына орнаған
барлық
ауылға, Алатауды көбелеген Түрген, Талғар, Алматы, Қаскелең
бойындағы
елге сұмдық хабар тарады.
Кісі
етін ғана жейтін жалмауыз жолбарыс шығыпты!


Шақан
дейтін жалғыз үйлі аңшының əйелі мен бес баласын қатарынан
жепті
! Біреу, екеу емес, үйірлі жолбарыс. Тегіс жалмауыз!
Бүл
Шақан ешкімге бас имеген ер жігіт екен. Ер болмас қисыны жоқ.
Кеше
Саурық батырдың үзеңгісін үстаған, Алмалы Сайдағы қанды
үрыста
қаза тапқан Масак-мергеннің жалғыз ұлы!
О
, сүм заман! Жолбарыстың жалғыз-жарым малға шапқанын естуші
едік
, адам аулағанын кім көрген!
Ер
туған азамат тегіс қан жүтып өлген соң ит-құс та басынды...
Даланың
тағысы түрыпты, өз ішіңдегі бөктергі мен күйкентай
самүрыққа
жем тасығанын қайгерсің. Ербиіп атқа мінбеген Жалтақ
Жантай
ақ патшаның сенімді нөкері болып шықты. Үстінен қүс
ұшырмайды
.
Сол
Жантай екен, жаңағы Шақанның қыстауына қала түсірген. Жерін
тартып
алып, малын талауға салған. Аруакты атадан туған ер жігіт
топқа
кайран, оққа қалқан таба алмай, қорлық пен зорлыкқа да төзбей,
қылышын
сүйреткен қысты Іленің етегіндегі калың қамыс ішінде
өткермек
болып, ауа көшеді ғой. Сөйтсе, Шақан қонған қамыс — үйірлі
жолбарыстың
жатағы екен...
Бүдан
ары əңгіме əлденеше тармаққа бөлінетін.
Шақан
жалғыз өзі жеті жолбарыспен айқасады. Бірақ өзінен əйелі ер
шығыпты
. Үйді торыған үйірлі жолбарыстың қүрсауы тарылған кезде
арлан
шеріге қарсы жалаң қылышпен үмтылыпты дейді. Шақанның
кішкене
баласына дейін садақ тартып, қайрат қылыпты. Ақыры, тілсіз
жау
коя ма, тəуліктен астам айкастан соң дүлей жыртқыш бір үйлі
жанды
тегіс алып жеген...
Жоқ
, түгел емес, əйел ғана қазаға үшыраған. Жолбарыс қүндақтағы
сəбиді
ала жөнелгенде атқа міне сала артынан қуады ғой, өзі өліп,
баланы
арашалап қалады...
Үйірлі
емес, жалғыз-ақ жолбарыс. Əйел де, бала да аман. Өлген—
Шақанның
өзі. Азанда, жаңа ғана түтін тұтатып жатқанда үйге
жолбарыс
кіріп келеді ғой. Есіктен кіреді де, от басында жылынып
отырған
баланы тышқан ілген мысықша бас салады. Тіс батырмай,


домалатып
ойнай бастайды. Шақан қанжарын қайрап отыр екен дейді.
Арыстанша
атылады. Арсыл-гүрсіл айқас басталады да кетеді. Ақыры
қайраты
асып, жолбарысты өлтіреді, қансырап өзі де өледі...
Қайсы
шын, қайсы лақап — біліп болмайды, анығы — күні кеше ғана ер
танылған
Масақ-мергеннің жалғыз ұлы — дұшпаннан тепкі көріп,
иенге
ығысқан Шақан тілсіз тағының талауына түскен.
Алдымен
Алатаудың етегіндегі ата жұрты жеткен. Садақты, найзалы,
сойыл
, шоқпарлы қырық шақты кісі. Қаралы үйге ат қойып келді.
Өлдіге
балаған бауырлары тірі болып, құдайға мың шүкір тəуба айтқан,
қазаның
артына кайыр тілескен, өз бастарын да қатерге байлап
жолбарыска
шыққан.
Шақан
əуелде өкпе айтпады, кейін ризашылык танытпады.
Тұнжыраған
да отырған. Жібімеген. Жібімеген қалпы қаралы қоныста,
калың
камыста жалғыз өзі қала берген. “Балам мен əйелімнің жылын
күтем
...“
"Шақан! Құрыдық! Құрыдық, ойбай! Сəмен! Сəмен!..“
“Кет! Кет пəлекет! Таста! Таста! Кет!..“
“Көке-е! өкее...ө-ө-ө...“
Қос
қолдап басын ұстады.
”Мен қо... һо... рық-тым!.. — дейді өкси күрсініп. — Зэрем ұшқанда... —
Екі
құлағын ұрғылап, басын шайкайды да, шұбыра ұзап, қырға
көтеріліп
бара жатқан ағайындарынын артынан үзіле көз сүзеді. — Не
қалды
енді... Не бар...“
”Өткен оңалмайды, берік бол!“ — Ағайынның ақырғы сөзі осы еді.
Ұзамай
Іленің арғы бетінен ана жұрты жеткен. Түйе тіркеп, құр ат
қосақтаған
, қаншама қоржын бөктерген, қарулы жиырма жігіт. Таяу
төңіректегі
елге хабар салып, қазаның артын өткерді, біреулерге
көзінше
базына айтып, біреулерді сыртынан батыра сөгіп, өздерінің
кең
пейілін, таза жүрегін танытты, ақыры ашуға мініп жолбарыстың
жымына
аттанған.


Шақанның
еңсесі жазылмады, көңілі сейілмеді. Ықылас, пейілін
танытқан
, бірак жетекке ермеді, үгітке көнбеді. Қаралы қоныста, құм
мен
ну шектескен меңіреу ішінде жалғыз өзі қала берді. “Балам мен
əйелімнің
жылын күтем...“
“ һуу-а-а-бб!.. һао-оу-у-унн!..“
“Көке-е-е!..“
”Ойбай!.. Құрыдық!“
”Сэмен!.. Сэме-е-нн..“
“Угха-угх! Уггх!.. Аоуңңхх!..“
“Мен... қорықтым...-деді Шакан іші тарыла өксіп. — Қорыкқаньғм
сондай
...“ — Нағашылары Іленің алашабыр қар басқан көкше мұзынан
шұбыра
өтіп, қарсы қабақка, белге шыкты. Ошарыла тоқтап, артқа
қарап
тымақтарын бұлғады. Қимастықпен қоштасып, ары асты.
”Ажар! Ажар!... Тоқта!..“
“Еркексің ғой, Шакан, есіңді жи!“ — Нағашының соңғы сөзі осы еді.
“Угха-угх!“ — Шақанның құлағы төбеден ұрғандай тарс ашылды. Тек
екі
шекесі ғана ши басын тербеген өлкек желдей əлсіз шуылдайды.
Шақан
айғыз-айғыз қоңыр бұлтты кірлеуіт аспанға қарады. “Мен... мен
корқар
ештеңе қалған жоқ!“
3
Ағайын
: берісі — бір заманда жыңғылдай қалың, тораңғыдай биік
болған
, бұдан бес ата, элде алты ата бұрын Жонғардан асып төгіліп,
қамсыз
елді көшкіндей көмген қатал қырғыннан соң құмға біткен
селеудей
селдіреп, қатарынан қалған, қауқары қайтқан, бірақ еңсесі
басылып
, есінен танбаған аз ғана ру Шыбылдың бас көтерер жігіті,
аксакал
, қарасақалы, арысы — Алатау мен Іленің ортасын ен жайлап
отырған
, батыры кетіп, бағы кайтса да барынан арылмаған, тобы
тозбаған
қалың Шапыраштының тілеуі бір ер-азаматы болатын. Бастап


келген
— Жалтақ Жантай атқа мінгелі дүниеден баз кешіп, құрым
күркесінде
отырып қалған кəрі тарлан Қүба-мерген.
Аттары
қалжаурап жеткеніне карамастан, жігіттердің бір тобы кеш
батқанша
жер шалып қайтты. Екінші тобы құмнан сексеуіл тартып,
ойдан
қамыс шапты. Қалғандары мал сойып, қазан көтерген.
Кешіне
шыңылтыр аяз, көбік қарлы алаңқайда, əлденеше жерден
үздіксіз
жағылған от қоршау ішінде аттар каңтарыла суып, адамдар
ертенгі
айқасқа əзірленген.
— Жолбарыс аулау — қазақтың ата дəстүрі, машықты өнері, — деген
ашық
аспан астында, алаулы от басында ет жеп, сорпа ішілгеннен
соңғы
əңгіме-кеңесте Қүба-мерген. — Төріне тарғыл жолбарыс
ілінбеген
үйде найза үстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда
ұзын
аққан Сыр— Дария, қамысы калың Шу бойы қаптаған жыртқыш
екен
. Ал Іленің етегінде жыпырлап жүрсе керек. Шұбар шері, тіпті, аң
қағып
Алатаудың сай-саласына шығып кететін. Күні кеше ғана анау
заңғардан
— Жасыл көлден балалы жолбарысты өз көзіммен көрдім. Е-
е
, ол да бір дəурен екен. Ол заманда, біз білген заманнан арғы заманда
ұл
табар əйел жолбарыстың жүрегіне жерік болады екен. Жолбарыстың
жүрегін
жеп, талғағы таркаған ана мың сан жаудан қайтпайтын кара
болат
батыр туады екен. Қазіргі қатын немене... тұз құрт, ашыған көже...
Соны
көре тұра кейінгі балаға жасықсың, жамансың деп кінə қоямыз...
— Жолбарыс — ерекше киелі махұлық, — деді содан соң кеудесін кере
дем
алып, — Бағзы бір кезде тəуіптер сүйегін ұнтап дəрі жасайтын, етін
қактап
, өтін кептіріп, майын шыжғырып, ең аяғы ұма безі мен
қамшысына
дейін кəдеге асырагын. Кірпігі ғана кимылдап жаткан
зағип
құлан таза жазылғанын, қаукары қайтқан шал жас тоқалдың
баурын
балаға толтырғанын көрдік. Өтіп кеткен соң бəрі ертегі...
— Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар, — деді жұрт
жайланған
соң. — Ерлігі мен мəрттігі адамда жок. Бірак өз бетімен
тимейді
ғой ешкімге. Орманның иесі, қамыстың қожасы. Арғы заманда
бұл
өңірде арыстан да мол болған екен. Аң патшасы деп аңыз қыламыз
ғой
. Сол айбынды арыстанды казақ жерінен айдап тастаған — осы
жолбарыс
екен. Ханның қаһарынан батырдың қайраты басым түскені


сияқты
. Енді міне... Батыр барымташыға айналды. Адам азғанда аң
қайтпек
. Ана Жалтақ Жантайдың кісі егін жеген жырткыштан
айырмасы
қанша...
— Бұл сойқанды шерінің пысы бар, — деді көнетоз жолбарыс жакысын
қымтай
жамылып. — Алғаш көрген адам есінен танып, құлап қалса
ғажап
емес. Табаны жерге тимей тұра қашуға шамасы келсе, жүйкесі
берік
болғаны. Тарғыл перінің өзін айтасың, ізін көргенде төбе
құйқасы
шымырлайды-ау адамның. Ал ақырған үні... неше қыр астынан
естілсе
де үрей туғызарлық. Жолбарыстың ізін көріп тітіренбеген, үнін
естіп
үрей бумаған, жүзін көріп жүрегі шайлықпаған — жан иесі емес,
жын
— шайтанмен шатысты дүлей бірдеңе болғаны. Көрген соң, білген
соң
, бастан кешкен соң айтам, — деді.
— Құдайым адамға өзгеше туыс берген... — Құба-мерген қайтадан
көтерілді
. — Қайраты кем болар, қажыры артық. Айласы кем болар,
ақылы
артық. Аңның тісі мен тырнағы ғана бар. Сенің бойыңда бес
қару
. Алыстан атасың, жақыннан шабасың. Күш пен қүрал, парасат пен
амал
өз алдына, адаммен айбар таластырар махүлық жоқ. Мен отыз
жыл
жолбарыс ауладым. Кісінің каһарынан ықпайтын жыртқыш
көрмедім
. Адамның аруағы аскар таудан да биік. Ойлап тұрсың,
хайуанат
атаулы жан үшін, тамақ үшін алысады, ал кісі ұлының керегі
баска
. Пенденің касиеті де, қасіреті де осында болса керек. ..
— Айтсаң — арман, бүксең — кұса, — деді жеңіл күрсініп, — түптеп
келгенде
, бəрін ақ найзаның ұшы, ақ білектің күші емес, топтың
дүмпуі
, мылтыкгың түтіні шешеді екен. Енді сен тыныш ұйқы мен
тəтті
тамақтан өзге қамы жоқ жануарға айналып барасың. Елдің
тұғыры
— ер деуші едік. Онымыз бекер болды. Ез екен. Ту ұстап, тұлпар
мінген
Саурық қайда? Бұта корғалап, бас сауғалаған Жантай қайда?
Батыр
Саурыктың сүйегіне мүк шықты. Жалтақ Жантайдың арқасына
жал
бітті. Кеше келелі кеңес, ордалы отырыс күні заман бұлай шырқ
айналар
деп кім ойлаған. Ойлаған. Білген. Білгендіктен басын қатерге
тіккен
. Ақыры қан жұтып қазаға ұшыраған. Енді міне... Үлығың —
майыр
, ұлың — жандайшап...
Кенет
шəу етіп ит үрді. Баташыларға жолдағы ауылдардың бірінен
косылған
бұралкы барақ төбет. Қан-жынға, кемік сүйекке тойып, адам


аяғынан
аулағырақта, шабылған қамыс түбінде, құйрығына тұмсығын
тығып
, бүктеле бұйығып жатқан. Атып тұрып, əудем жердегі бозара
сағалданған
қамысқа қарап шабалана тызақтап, алға ұмтыла бере,
кенет
каңк етіп, кері кашты. Алауды коршалай отырған кісілердің
арасына
тығылған. Құйрығын бұтына қысып, бұратыла жаутаңдайды,
арык
сүйектері ырсиып, дір-дір етеді. Сол мезетте қосақтай
қаңтарылған
аттар да үбір-дүбір болды. Құлақтарын қайшылай
пысқырып
, əлдеқайда жалт— жұлт карайды. Құба-мергеннің ері
алынбаған
ұзын күрең айғыры ышқына кісінеп көкке шапшыды.
— Жолбарыс! — деді Құба-мерген. — Тыныш! Қозғалмандар, дыбыс
шығармандар
!
Түнекті
тесе қарап, мұрты жыбыр етті де, беліндегі оқшантайдан жеке
атар
оқ алды. қасында, сексеуіл томарының үстінде жаткан мылтығын
ұңғы
аузынан сүмбімен оқтады. Отырған орнында еңкейе бере,
мылтықтың
киік мүйіз кос айыр сирағын жазды, ошақтан шала жанған
қамыстың
тұкылын алып, білтеге от қойды. Шынтағына сүйене,
етпеттей
жатып, ұмсына кезенді.
Тып
-тыныш. Əлдеқайдан сықылықтай ішек тарткан күлкіге ұқсас үн
естілді
. Шибөрі. Аттар шылбырын кере тартып, тапырақтай шошынған
калпы
қимылсыз тұр. Кенет күрең айғыр баяу оқыранды. Құба-мерген
жеңімен
басып білтені өшірген.
— Кетті, — деді өкінішті үнмен.
“Уһ...“ — дескен жұрт, еркін дем алып.
— Шын... өзі ме? — деді жігіттердің бірі.
— Жезтырнак не пері, — деді екінші жігіт. Бейқам күлді. — Аспан
тұлданып
, сел соғардай, адамның еңсесін басып, жүйкесін тұсайтын
пəле
ғой мынау...
— Тс-с... — деді Құба-мерген... От əпер дегендей, саусақтарын
жыбырлата
, сол қолын созды. — Жоқ, — деді келер сəтте, сыбырлай
сөйлеп
. — Кетті, бірақ ұзаған жоқ. Торуылдап жүр. Міне, міне, ну
жақка
шықты. Абай болындар! Садақтарынды сайландар! Маған емес,
аттарға
қараңдар. Ə, пері. ..


Қайтадан
мазасызданып, пысқыра тапырақтаған агтар бұл жолы тез
тыншыды
. Оның есесіне жаңа ғана отқа түсе жаздап, жұрттың астына
кіріп
кеткен бұралқы төбет көтерілді. Арқа жүні тікірейіп, адамның
жүйкесін
тырнай, дарылдап, үзіп-үзіп үреді.
“Кет!“ деп əлдекім теуіп жіберіп еді, бұралқы төбет қаңк етіп, от
басынан
атқып шықты да, кенет бойын ыза буғандай, арылдай
абалақтап
, жаңа ғана каншама жұртқа қатер ұясы тəрізді көрінген
қараңғы
қамысты бетке алып, салбалақтай жүгірген.
— Қайт! — деді Құба-мерген айқайлап. — Қап, мына сорлыны-ай. Кə!
Кə
!
Бұралқы
төбет сарабдал қамыска жете бере қаңқ етіп жалт бұрылды.
Сол
сəтте қалың қау қақ жарылған да, бір шоқ сары ала қамыс жел
қуған
жалындай лап үшып, бейшара төбетті ұмар-жүмар көмген. Сары
ала
құйын түн түнегін көктей тескен найзағайдай жарқ еткізіп, кос
жасыл
от шашты да, əп-сəтте қалыңға кіріп жоқ болды.
— Алла! — дескен жігіттер. — Жын ба, пері ме?..
— Өзі! — деді Қүба-мерген. — Ойпыр-ай, жолбарыстың ит етіне жерік
келетінін
білуші ем. Бірақ мынау нағыз сойқан екен, а! Қатарынан тізе
қосып
қырық кісі отырған жерден ойып олжа əкетті!
— Апыр-ай, садақ тартып та үлгермедік кой...
— Садақ тартканды айтасың, түстеп тани алдың ба?
— Жел ме, құйын ба? — десті жігіттер жамырай дабырласып.
— Кінə менен, қарбаласта білтені уқаламаппын, күйік басып, мылтық
от
алмады, — деді Құба-мерген.
— Обал-ай, — деді əлдекім. — Ит те болса несібе іздеп соңымыздан
еріп
еді.
— Итті əкетпесе, атыңа шабатын еді, не өзінді алатын еді, — деді
екінші
жігіт əзілдей күліп.
— Иттің жаманының өзі адамға ырыс əкелмек, — деді Құба-мерген,
мылтық
мойнындағы шұбатылған білтенің ұшын тазартып,


шиыртпактап
жатып. — Шерінің қанды басы бері бұрылды білем.
Құдай
қаласа...
* * *
Тоқымдарын
астына төсеп, ерлерін басына жастап, ақ қар үстінде
кезектесе
ұйықтаған, тыныстаған адамдарды, суыған аттарды
қоршалай
, əлденеше жерден алаулата от жағып, қарулы, сақ, сергек
қалыпта
түн күзеткен жұрт таң ата жапырлай атқа қонды. Құйысқан
түбі
— терістік — шүбарта, шытынай мұз қатқан, кең айдыны, ағысы
мол
тұстары сұрғылт, суық өңмен үйіріле төңкеріліп, тілсіз
шымырлаған
, төбесін бозара мұнартқан бу шалған Іле өзені. Мандай —
түстік
бет — берісі қоңыр алалана мүлгіген жиделі тоғай, жыңғылды
жыныс
, шоқ-шоқ шилеуіт, арысы — кей түста қызыл жалқындана, кей
тұста
ақ күміс ұшқын ата құбылған құм шағылдар. Екі каптал —
бастарын
үлпек қар тұтып, жапырақтарын қырау көмген, жоғары мен
төменді
, көз жетер алапты тегіс жапқан қамыс мұхиты. Үп еткен жел,
шың
еткен дыбыс жок. Тек адам тұрағынан несібе іздеген, таяу манда
ағаш
басына қонақтап, камыс түбіне қорғалап, берекесіз
шықылықтаған
сауысқан үні ғана тыныштықты бұзғандай.
Өңшең
қаба жал, құшақ құйрық, қақпан бел, жуан мойын, жүндес
аттарға
мінген аңшылардың ұзын саны қырықтан астам. Мылтық екеу,
садак
жеті-сегіз, қалған жұрт найзалы, шокпарлы, сапылы — ала-құла
каруланған
. Түнде от торып, олжа əкеткен шерінің жұқалтаң, кіршіксіз
аппақ
қар үстіне аттамалап түскен, тарбақ алақандай, бедерлі ізі əлде
доңыз
шұбырған, əлде қоян тапаған енсіз жалғыз аяқ соқпақ — жабайы
аң
жымына бастап əкелген. ¥шы желек, балағы саржағал, оқтаудай
жуан
, түйелі кісі көрінбес биік қамыс сыңси тұтасып тұр. Тек əр жерде
тарам
— тарам үңгіме қуыс — көлденең сокпақтар қарауытады. Аттылар
екі
үзеңгісін қамыстың сояуы соғып, беттерін қияқты жапырақ
сабалап
, əрең жылжыған. Тағымен алысу, нысаналы оқ ату қайда,
көңілге
қорқыныш ұялап, əркім-ақ оң мен солға кауіптене қарай
бастаған
. Тобы мол болғанымен, аралары ашылып, шынжырдай
созылған
жігіттердің əркайсысы өзін қараңғы түнде қалың жыныста
жалғыз
қалған жетім лақтай сезінген. Тарғыл пері бір бүйірден дүрсе
ұмтылса
, қарбандап қару көтергенше, қай-қайсысын да алып түсердей.


Мана
Құба-мерген айтып еді, ең алдағы жəне ең арттағы адамға ғана
қатер
деп. Алда өзі. Артта Шақан. Екеуінде де білтелі қара мылтық.
Жолбарыс
ақыра атылса, шақпақ шағып үлгере ме. Шақпақ шағып,
білтені
тұтатса, кезеніп, атуға мұрша келе ме. Атса, маңдайды қақ
жарып
, немесе қос жауырынды қырқа тесіп тигізе ала ма. Əйел —
шəйіт
, бала — құрбан, калған жұрттың амандығы олжа болар еді. Бірақ
мана
ешкім тіс жармаған. Енді ешкім күмəн танытпайды. Намыс қиын.
Жігіттің
намысы ғана емес. Рулы ел намысы. “Алаштың алтынды туын
көтердік
деп мақтанатын Шапырашты, Саурық батыр өлген соң шілдің
тезегіндей
тоздьГ. Бұл рас. “Елге сыйлы ердің жалғыз тұяғы еді,
қыстаудан
қуып, коныстан аластады, торғай пана тұтар бұта құрлы
болмадьГ
. Мұнысы былай, не... артык; қорғауға кауқары жетпегені хақ,
түре
куған ешкім жоқ. Шатақ шығарған, ағайынға өкпелеп, ауа көшкен
Шаканның
өзі. “Інін құм көмген тышқандай көрінгенге жем болып
жатыр
. Бəрі жабылып бір тарғыл мысыкка шамасы келмедГ. Бұл — жан
төзбес
қорлық. Сүйекпен кетер сөз. Рас, эзір ешкім айтқан жоқ. Бірақ
айтады
. Кешегі, кісі жеген жолбарысты тірі жіберсе. Тым құрса,
қорқытып
, үркітіп, осы өңірден аластамаса.
Аяқ
асты, сыңси тұтасқан оң мен сол айқынырақ көріне бастады.
Қамыс
басы аласарып, күмістей құбылған. Күн шығыпты. Аттар
алаңсыз
пысқырынады. Адамдар да, көбі алғаш рет куə болғалы тұрған
аңшылыққа
бой үйренгендей, дэтке қуат тапты. Сəлден соң шұбалаң
топ
ашық алаңқайға шығып, алды-артын жинаған.
Қар
беті қорыс із. Əр жерде шашыраған қан табы көрінеді. Бір жақ
бүйірде
екі қүлаштай жер мүздактана еріп қатқан екен. Жолбарыс
жатқан
орын. Қан ізі — кешегі бейшара төбеттің өзі соңынан ерген
жұртка
калдырған ең соңғы белгісі. Тым қүрса, сабау құйрығының ұшы
да
жоқ. Арық ит етінен өзгеше тəбет алған аш жолбарыс түк калдырмай
жеген
. Тіпті, кан көбірек шашылған жерлерді қарши қауып, құмарын
əрең
басқан тəрізді.
— Таң бозында кетіпті, — деді аттан түспеген қалпы еңкейіп, қамшы
сабымен
жолбарыстың орнын түртіп көрген Құба-мерген. — Немесе
одан
да ерте. Қарны тоқ, қамы жоқ. Сыртқа шықса керек. Қырқа беттегі
жиделердің
бірінің түбінде, əйтпесе шок қамыстардың ығында, жылы


күнесте
жатыр. Кім біледі,-деді сосын. — Өз ізін өзі кесіп, бірер жүз
қадам
жерде бізді торуылдап тұруы да мүмкін. Қайткенде де қалың
жыныс
ішінен таба алмайсыз.
Аңшылар
жыртқыш ізін бұдан ары қумай, əуелгі жолдарымен
шұбырып
кері шыққан. Содан соң ғана қамыс орманын көбелей із кесіп
еді
. Құба-мергеннің жорамалы дұрысқа айналды. Жолбарыс меңіреуден
шығыпты
да, асықпай аяңдап, аулаққа беттепті. Бірер шақырым жерде,
ауыл
аумағындай ойпаңда, онша биік емес, бірак ұйыса өскен қалың
камыс
көрінген. Аңшылар алыстан орағытып, айналып өтті. Шыққан із
жоқ
.
-Ал, жігіттер, — деді Құба-мерген. -Бауырларыңды жеген
жалмауыздың
тарғыл мойны тұзаққа ілінді. Көрмедім дегенің екінші
рет
беттескелі тұрсың. Ол — аң, сен — адамсың. Ақылың артық, айлаң
артық
, қайратың басым, карымың ұзын. Қазір сойқанды пері ана
саржағал
қамыстың бір жерінде, сені көріп, жүрегі тітіреп, жаннан
күсіп
жатыр. Құдай сəтін салса, сүт пісірім уақыт өтпей-ақ шұбар
тонын
сыпырып, Шақанның иығына жабамыз. Арам етін қарға,
кұзғынға
тастаймыз! Ырысымызды лайлап, тынышымызды бұзған,
ананың
желкесін қиып, баланың жұрымын үзген жеміт хайуанға не
қылсаң
да рауа. Тек əркім өз міндетін мүлтіксіз атқарсын. Іске сэт!
Шынжырдай
тарқатылған аңшылар оқшау қамысты оқ шалым жерден
күргейлей
коршады. Тек өзен бет — калың қамыс бағдары ашык. Бұл
тұсқа
араларынан ені жүз қадамдай көше қалдырып, қарама-қарсы екі
қатар
түзеп, Құба-мерген мен садақшы жігіттер орналасты.
Шөміш
шеңбер кұраған жұрт қаруын сайлап, демдерін басқан соң
Құба
-мерген тымағын көтеріп белгі берді. Сол сэтте шептің қарсы,
қырқа
бетіндегі жігіттер дабыл қағып, улап-шулап алға жылжыған.
Мақсат
— жолбарысты қамыстан тықсыра айдау. Өзен беттегі қалыңға
өтер
жолға шықса болғаны, жапырлай, кесе атқан ок астында қалмақ.
Арғы
шеп жолбарыс жасырынған қамысқа тақаған сайын қос бүйір де
қысыла
түскен. Адам айқайымен қосыла аттар кісінеп, арнайы ала
шыққан
даңғыра, кепшік, шыңдауыл үні жұқалтаң қар басқан
тақыршаққа
жаңғырығып, дүние азан-қазан болған. Адам атаулы


дегбірінен
айрылған. Аттар осқыра тапырақтап, дүние шайқалақтай
толқып
тұрды.
— Сабыр, сабыр, жігіттер! — дейді Құба-мерген қатқыл күңгірт үнмен.
— Қазір шығады. Асықпандар... Аралыққа түскснше атпандар!..
Астындағы
омырауы салқы, кеудесі биік күрең айғыр жолбарыс аулауға
емес
, жылқы қайыруға мінілгендей, томаға көздері жаркырап, кең
танаудан
құшақ-қүшақ бу атып, серпінді байсал танытады.
Бұл
кезде даңғыра, дабылды, шоқпар, найзалы қуғыншылардың алғы
тобы
қамыска ілінген еді. “Апыр-ай, кісі етін жеп дəніккен жалмауыз
пəле
адамнан қорыкпайды деуші еді, карсы шауып, біреуді жазым
қылмаса
нетті,“ — деген ой қинап тұр Құба-мергенді. Бұл қатерден
бейхабар
жігіттер əбден қызған, тізгіндерін ірке ұстағанмен, тоқтаусыз
жылжып
, қалыңға кірді. Манадан бері қанша қараса да жолбарыстың
қайда
жатқанын шамалай алмай тұрған Құба-мергенге кенет ортадан
бергі
ойдым қамыс басы дір етіп, жапырыла қозғалғандай көрінді.
— Келе жатыр! Сайланыңдар! — деген салқын ұнмен садақшыларға. —
Саспаңдар
... Араға түскенше... Əне!
Жігітгер
оң қолдарына ұстап, сайлап тұрған жебелерін қандауызға
салды
. Бірақ ешкім ештеме көрмепті. “Қайда? Кəне?“ — дескен, бұрыла
қашуға
бейімделгендей, пысқыра тарпынып, тынышы бұзылған аг
басына
əрең ие болып.
— Қазір толайымен шығады. Алдын барлап тұр, — деді Құба-мерген.
Қара
мылтығын ыңғайлап, беліндегі дəндəкуден шақпакты қу алды. —
Қазір
... Иə Алаш! Иə, Қарасай бабам!
Бергі
қапталдағы жалдана өскен қалың қамыстың көлеңкелі тасасында,
сарғайған
сояулармен астаса, тек мойны ғана қылтиып, қимылсыз
тұрған
— шабдар шерінің өзі екенін Құба-мергеннің қарақты көзі емес,
əккі
түйсігі таныған. Əлде қабан қорыстаған жерге кеш біткен шолақ
қамыс
па... Жоқ, бұл ара жаңа ғана бір деңгейлес болатын. Тəжірибелі
аңшы
қамыстың бергі бетін тегіс тінте қарап шыққан. Сезікті ештеңе
жоқ
. Кенет жаңағы тапал қамыс үстіндегі биік үлпек болмашы
шайқалды
да, қалыңнан тайдай тарғыл жолбарыс атқып шықты. Бой


сала
жүгірмей, желе жортып, тура ашыққа — қарымды садақ, қанды
мылтық
құрылған аран аузына карай беттеді. Құба-мерген шың еткізіп
шақпақ
шағып, білтеге от қойған. Манағы сыбыр-күбір басылып,
демдерін
ішіне тартқан садакшы жігіттердің астындағы діріл каққан
аттар
, бірі кейін шегінсе, бірі бүйірлей ығып, əуелгі, тəртіпті қатар
бұзылды
. Ал арыдағы, əлі ештеңе көрмеген, қалыңға бойлай кірген
үркітушілер
дабырлай шулаған қалпы, бастары ғана қалтақтап, əрең
жүзіп
келеді. Құба-мерген тебіне емініп, берекесі кашқан топтан
оңашарақ
шығуға ыңғайланып еді. Дəл осы мезетте садақшы
жігіттердің
бірінің жүйкесі шыдамады. Мезгілінен бұрын, əрі асығыс
тартылған
жебе нысаналы жерге енді ғана іліне берген жолбарыстың
қарсы
алдына, жұқа қар, құмды топырақты бұрқ еткізіп, камыстай
шаншылған
. Жолбарыс төрттағандап тұра қалды да, бүктеле бұрылып
кері
салды. Сəтті мезет туар-тумастан істің қисыны қашқанын андаған
жігіттер
жапырлай садак тартысқан. Орғи жүгірген жолбарыс кенет
ұзын
құйрығымен бір жақ бүйірін салып қалып, киралаң ете түсті.
Бірақ
жығылмаған. Жəне бөгелмеді. Иайзаларын шошандатып.
шоқпарларын
бұлғап, қатарласа даңғырлап келе жатқан жігіттерге
қарай
тура салды.
Адамдар
қамданып, аттар үркіп үлгермеді. Арылдай бүктелген
жолбарыс
серіппедей созылып. басқалардан сəл озыңкы, қабырғасы
бітеу
қара қасқа ат мінген қара құлын жақылы жігітті тарпа басқан.
Қара
жақылы жігіт жыртқыштың екпінімен анадай жерге ұшып түсті.
Қара
қаска шыңғыра кісінеп, көкке шапшыды. Жолбарыс жығылған
кісіге
ұмтылған жоқ — мөңкіген аттың үстінен де түспеді. Екі езуінен
кан
шашып, қара қасқа азбанды қаба жал жуан мойыннан қарш-қарш
шайнаған
. Шыңғырған даусы шығанға жеткен жануар тізелері бүгіліп,
шөкелей
қүлаған соң арр етіп, қалың қабырғаны қаусата сөкті. Бірақ
аял
қылмады. Кегі таусылды ма, бір сəт абдырып, артынша ақыра
каптаған
жұрттан ықты ма, ырғи жүгіріп, аулаққа қарай қашты.
— Өзен жақ қапталды ал! Шашырай шап! — деген Құба-мерген ышқына
айқайлап
. — Қырға... қырға қарай тықсыр!..
Қикулап
, ұрандап, екпіндей ұмтылған жұрт жолбарысты қамыска
жібермеді
. Бой салып қашса да ұзай алмаған, ыза қысса да, қарасы көп,


қайраты
мол адам ұлынан ығысқан жыртқыш ойыса жүгіріп, төрт-бес
тораңғы
өскен құмдауыт белге шықты. Ол арада да табан тірей алмай,
ары
асты. Тақыршақ, шилеуіт жазық еді.
— Тым жақындама! Тыксыра түс! Ұзаққа шаппайды! — деген Құба—
мерген
серіктеріне.
Шынында
да, арада екі-үш шақырым өтпей, жолбарыс құйрығы салаң
етіп
, қалт бөгелді. Артына бұрыла бере мойнын күжірейтіп, ақсия
ақырды
да, созалаң қимылмен көлденендей айналып, қарсы қарап тұра
қалды
. Тілі салактаған, екі бүйірі солк-солк етеді.
— Қоршаңдар! — деді Құба-мерген. — Қорықпаңдар, карымы жетпейді.
Алдымен
мен атам, мылтық даусы шығысымен, онды солды оқ астына
алындар
!
Жігіттер
желе шауып, жолбарысты алыстан шеңберлей қоршады.
— Енді тақалындар. Жетпіс қадамға! — деді Құба-мерген айқайлап.
Садақтар
сайланған. Найзалар алға созылған. Жігіттер тебіне емініп,
алға
жылжыды. Аттар манағыдай емес, пысқыра тарпынып, дірілдей
елендесе
де, тапырақтап шегінген жоқ, иелерінің ырқына көнген.
Төңірегі
тарылған жолбарыс теңселе шайқалақтағандай епетейсіз
қимылмен
алды-артына, жан-жағына қаранып, айбаттана арылдады да,
ширатыла
сірескен құйрығымен қос бүйірін баяу, бірақ тынымсыз
ұрғылап
, бауырымен жер сыза тағандады. Жылмиып түрегеле бере азуы
жарқырап
, езуі айырыла ақырды. Басын шайқап, ауыр басып алға қарай
екі
-үш аттады да, кенет төрт аяғын бауырына жиып, құныса бере,
жойқын
қимылмен ырғи атылды. Сол мезетте қара мылтық та гүрс етіп
қорғасын
кұсқан. Жолбарыс ақша қарды бұрқырата тоңқалаң асып
жығылды
; сол сəтінде ұмар-жұмар атып тұрып, қайта секірді. Созыла
серпіліп
екі шылбыр бойындай жерге лып түсті де, сəл-пəл бөгеліп,
бүгежектей
бере тағы карғыды.
Жолбарыс
қарсы шапқан топтың қақ ортасында білтелі мылтығын
сайлаған
Шақан да тұр еді. Ызалы жыртқыш жойқын серіппедей, көз
ілеспес
қимылмен алғаш ырғығанда-ақ аттар ышқына шұрқырасып
жалт
берген; бір жігіт ерден ауып түсті, екі-үш жігіт жын буғандай


тулай
қашқан аттарының тізгініне ие бола алмай, айдалаға лағып кетті.
Ал
Шаканның астындағы Жүндікер төрт табанынан бірдей қазықтай
қағылып
, тұрған да қалған. Қалшылдай толқып іш тартады. Шақан Құба
— мергеннің ауыр оғы дөп тиіп, ұшып түскен, бірақ қайта көтеріліп,
екінші
мəрте ытқыған жолбарысты асықпай көздеп, пгүріппені басып
еді
, тарс еткен дүмпу орнына майда сытыр — құлаққа ұрған танадай
тыныштык
орнағанда жүрегі суып кетті: карбаласта білте тұтатуды
ұмытыпты
. Бұл екі ортада таяқ тастам жерге түскен жолбарыс үшінші
мəрте
атылған. Сол атылған бегі, Шақанның дəл аяғының астына,
мойны
ішіне қайырылып, бүктеле жығылды. Жоннан, кос өкпеден, кара
қабырғадан
— əлденеше жерден сояулана шаншылған бес-алты жебе
шерінің
ақырғы серпімін ауада қырқыпты.
— Найза! Найза сал! — деген дауыс жетті Шаканның құлағына.
Қанды
аузымен жиырьша жер қауып, құйрығы қамшы сокқан жыландай
шиыршық
атып, ышқына өксіп жаткан жолбарысқа бірнеше жігіт
қатарынан
найза ұрды. Жұрт топырлай аттан түсіп, апыр-жұпыр
болысқан
.
Шақан
сонда ғана өне бойын суық тер жауып кеткенін андады. Ал
астындағы
кер жорға буы қайнаған қазандай бұрқырайды. Сүмектеген
қара
тер. Шақан буын-буыны əлсіз дірілдеп, жерге түсті. Сол кезде ғана
көрді
. Жүндікер аттың асты көл-көсір, сап-сары: жолбарыс шапқан
сəтте
шүмегі ағытылып кеткен екен. “Менің өзім де бұтыма жіберіп
қоя
жаздадым“, — деп ойлады Шақан.
Жоннан
, қос өкпеден, кара қабырғадан, бірі — бойлай, бірі — салактай
қадалған
қауырсын жебелер түбі шашырай тамшылап, бүйірдегі
корғасын
оқ ойған үңірейген жара шымырлай сыздықтап, қызыл қанға
малшынған
, созылып, зорайып кеткен, бірақ осыдан бір сəт қана
бұрынғы
алапат айбарынан айрылған өлі жолбарысты найза бойымен
өлшегенде
тұмсықтан құйрығының ұшына дейінгі аралық екі құлашқа
сəл
-ак жетпеді.
— Өзім алған, жұртпен бірге соққан жолбарыстың ұзын саны осымен
он
жеті, — деді Құба-мерген. — Бірақ дəл мұндай ірісін көргем жоқ. —
Бір
қолмен қанды тұмсығынан, бір қолмен жүндес иегінен ұстап, аузын


ашып
көрді. — Аузы бүтін, тісі түгел... Жалмауыздың дəл осы екеніне
көңілім
сеніңкіремей тұр-ау...
— Сонда, мерген аға, тісі бүтін, қаруы қапысыз жолбарыс кісі жей
алмай
ма? — деген жігіттердің бірі күмəнді кейіспен.
— Жейді. Егер жарақатты болса. Біз мана жабыла аттық. Міне,
көрдіндер
ме, жанай тиген жебе арткы санын сойып өткен. Жазылып
кетеді
. Оның есесіне шерінің көңілінде адам баласына деген өшпес кек
байланады
. Жара өлесі болмағанмен, ауыр болса, айталык, темір масақ,
иə
қорғасын ок қара етте қалса, өшпенділік тіпті күшті. Міне, кісі жеу
осыдан
шығады. Немесе жолбарыс азу тісі түсіп, əбден қартаяды. Аң
аулауға
қауқар жетпейді. Сонда адамға шабады. Шынында, адамнан
əлсіз
, адамнан қорғансыз жандық бар ма. Тырнақ та, тіс те жоқ... Тек
əдіс
— айласы, білімі мен қаруы. Орыстың өресі неге биік шықты?
Ойландар
өздерің. Мына, Ысты Көбек дарқан соққан білтелі қара
мылтыққа
құрметпен қарайсыңдар. Кеше Іледен өтіп, бүгін Есік,
Талғарға
бекінген майыр Пері-Мешел сүйреп келген топты, асынып
келген
іштесер, бердеңкені көрдіңдер ме?
Осы
мезетте арттан бір атқа мінгескен екі жігіт жетіп еді. Алыстан
айқайлап
, дабырлай келген. Алдыңғысы — мана жолбарыс атынан
аударған
бозбала. Амандығын көрген соң қарайлауға мұрша келмеген.
Əдемі
құлын жарғағының оң жақ өңірі дал-дұл. Артындағы серігі
ырғып
түсіп, қолтығынан сүйемелдей берген. Аттан ауыр түскен жігіт
аяғын
еркін ала алмай, тəлтіректей басып, қызыл жентекті аппак қар
үстінде
созыла жатқан тарғыл шеріге сұқтана қарады.
— Əй, сен жараланып қалғанбысың? — деп еді Құба-мерген.
— Жай, əншейін, жамбасымды сызып кетті, — деді бала жігіт
жайбарақат
сөйлеуге тырысып. Бірақ өңі боп-боз еді. Зорлана жымиды.
— Екпіні сондай қатты екен... Жылдамдығын айтсаңшы. Найзаны кезеп
те
үлгермедім...
— Шырағым, тізе бүкші, — деді мосқал қарасакалдардың бірі. —
Көрейін
, не сызат екенін.


— Атым ат-ақ еді, — деді жігі г бұрынғыдан əрмен бозарып. —
Қамбардың
қара қасқасындай...
Жігіттің
белін шешіп жібергенде жұрт тегіс ах ұрды. Қызыл қанға
боялған
күдері шалбардың ауы дал-дұл, жігіттің жамбас тұсы
алақандай
қызыл қошқыл жара. Əлдекім тонын шешіп жайып, жарадар
жігіггі
жерге отырғызды. Етігін суырғанда Құба-мергеннің өзі жағасын
ұстаған
. Қоныш пен балак қанға толып кеткен екен. Ең киыны — жара
аузынан
əлі де сыздықтап кан ағып жатыр.
— Тез от жақ! Қайсыңның тоқымың ескі, құрымынан кесіп əкел! — деді
жаңағы
қарасақал.
Келер
мезетте бұта, шөп, қу шөмшек жиналып, от жағылды. Əлдекім
ескі
тоқымынан кесіп əкелген алақандай құрым отқа тосылды.
Күңірсіп
жанған киіздің бір жағы толқына быжып, ысты, калың күйеге
айналғанда
қарасакал, өңі қашып, есінен тануға шақ отырған, бірақ
қыңқ
етіп дыбыс шығармаған жігіттің əлі де қаны шыпшып жатқан
жарасының
үстіне басып еді. Бала əлсіз ышқынды да, есінен танып
калды
.
— Қан тоқтады! Ер жігітке бұдан ауыр жара да жүк емес! — деді Құба—
мерген
.
Шынында
да, кешке қарай жаралы жігіт есін жиып, əжептəуір
көтеріліп
қалды. Ал соғылған жерде терісі сыпырылған жолбарыстың
денесінен
ескі жарақат ізі андалмаған.
— Басқа! Бұл — баска жолбарыс... — деді Құба-мерген түңіле қол
сілтеп
.
— Баска емес, өзі, — деді емші қарасақал. — Қазадан бері бір апта өтті,
қайда
жүр?
— Айналып соғады, — деді Құба-мерген жерге қарап. — Бірақ қашан?
Ертең
бе, келер аптада ма, аргы айда ма? Міне, гəп сонда...
— Мына Тоқайдың қара қасқа атын улайық, — деді жігіттердің бірі.
— Жолбарыс жемтік жемейді, — деді Құба-мерген. — Басқа аң алған
жемге
жəне тимейді.


— Баска аң емес, жолбарыс алған жылқы, — деді карасақал. — Əлгі сен
айтқан
жалмауыз бүгін-ертең келсе, əуелі қарайған үйге шаппай,
көрнеу
жемге түсер. Қаукары кем, дайын асқа бейім дедік қой...
— Бұл да жөн, зияны жоқ, — дескен қалған жұрт. — Бүгінше ең дұрыс
амал
осы.
Тоқайдың
қара қаскасының мойны опырылып, кабырғасы қақырай
сөгілген
екен. Неткен дүлей күш. Қарасақал таңырқай жүріп, өлген
атты
тағы бірнеше жерден кызыл етін көрсете шабақтап тілді, қол
сиятындай
ғана қуыс жасап, ішін жарды. Артына бөктерген қоржыннан
кос
уыс күшала алып, жемтіктің іші-тысын, бас-аяғын тегіс улап
тастады
.
Түн
тыныш өтті. Ертеңіне беті бері қараған, тіпті, жолдастарымен
əзілдесіп
отырып ыстық сорпа ішкен жаралы Тоқай Шақанның қара
бурасының
қос өркешін орай салған қом үстіне жатқызылды, ағайын—
туған
арада бес-он күн өтпей қайта оралуға уəде қылып, атқа конды.
Түнере
тұқырған, ешқайда бармаймын, балам мен əйелімнің жылын
күтем
деген Шақанға уəж айта алмаған, қолқа салмаған.
4
Нағашы
— іргедегі Іле мен қияндағы Қаратал арасында кең қоныска
қожалық
етіп отырған, қыста қос капталдағы қос өзеннің бойын,
етектегі
Көкше теңіздің қолтығын — калың қамыс, бұқпа ұйықты
ықтап
, жазда өрге — жүз тарау өзен бас алатын, қалың карағай, көк
шалғын
, салқын самал Жоңғардың төсіне көш түзейтін, саны мол,
дəулеті
ауыр Жалайыр ішіндегі малымен емес, басымен өз тұрғысынан
озған
əлді атаның бірі еді; жорық жылдары ердің аруағын сыйлап,
қалыңсыз
ұзатқан кыздарының артында калған жалғыз жиен жуан
ағайындарынан
теперіш көріп, ана жұртына карай ауа көшіпті, жұқа
мұзда
Іледен өте алмай, түнемеге тоқтағанда үйірлі шері шауып, əйелі
мен
баласы қазаға ұшырапты, арыстандай алысып, бала мен əйелдің
өлігін
тілсіз дүлейден арашалап қалыпты, солай да солай екен, ер екен,
мəрт
екен, енді қазанын артын күтіп, қаралы коныста, жолбарыс
жымының
аузында жалғыз өзі отыр екен деген емескі хабар жетісімен,


жалаңаш
аязда көгере катқан жалтыр мұздан ат, түйелерін жетектеп,
кұрық
ұстап, жалғыздап өгкен, жағаға жиналысымен жапырлай ерге
қонып
, жапа-тармағай ат қойып, ой бауырымдап түскен жиырма
жігіттің
көздері құрғак, қабактары қатулы еді.
Жігіттің
үш жұрты бар; ағайын — күншіл, кайын — сыншыл, шын
тілеуқор
, ең жақын туыс — нағашы дескен. Құдамыз — Алатауды ендей
жайлаған
, тоқсан бақсы, сексен ақын шыққан сауыкшыл ел еді, батыры
бөрі
басты ту ұстаған, бағланы айыр қалпақ жұрт ұстаған ордалы қауым
еді
, жетім балаға торғай құрлы пана таппады, ерінен айрылған соң
елдігі
де тозыпты, бізге өкпесі жоқ десті. Атқа мінгендері жөн, арттан
келгендері
жөн, бірақ елуі жиылып екі тышкан соғуға жарамапты десті.
Үйсіннің
үлкені, алаштың ағасы — біз, көрсін, естісін, білсін десті.
Жиеннен
аяр мал жок деп, қаралы үйдің гөңірегін кан сасытты. Екі күн
тұрып
күтіп, ат шаптырым жердегі алыс, жақынды тегіс атқарған соң,
іріктеліп
, тандалған, жаланып шықкан жеті жігіт қастарына қаралы
Шақанның
өзін алып, тура жолбарыстың жымына бет қойды.
Нағашылар
қабағы қырауытып аттан түскен алғашқы күні, бел жазып
шешінер
, шешінбестен, кеше ғана құдалары күшаламен улап кеткен
кара
қаска аттың жемтігін барып көріп, ішек-сілелері ката күлген. Бес-
алты
сауысқан өліпті. Екі карсак, əлдеқайдан қаңғып келген арық ақ
төбет
өліпті. Сауысқан удың басында қатқан, қарсақ əудем жерге жете
жығылыпты
. Ақ төбет қу бұта шайнап, артқы аяғымен бауырын тырнап,
аузынан
көк көбік ағып, қатты азаптанған екен, бірер шақырымнан соң
кұлапты
. Текті шерінің өлексе татпайтынын білмеген жұртқа не рауа
дескен
. Ертемен жер шолып, ескілеу болса да шиыр із түскен, ең
бастысы
— жан-жағы қалың қамыс, ал бір жақ беті қар суы сойған
тақыршак
жылғалы, яғни, адам өтер оңай жолы бар тұйықтың қақ
ортасына
, ескі түбірге өздері ауылдан арнап əкелген семіз, доп-
домалақ
өгізшені жуан қыл арқанмен берік байлады. “Сенде жаза жоқ,
бізде
шара жоқ“, — дескен, əлдебір жамандықты сезгендей, өкіре
жұлкынған
жануардан кешу сұрай бата окып. Құрбанға байланған
қоңыр
өгізшеге жолбарыс үшінші күні ғана шауыпты. Ертемен тақау
жерден
, биік жиде басынан қарауыл қарап келген жігіт аптыға сөйлеп,
жануардың
жайрап жатканын, бірақ жолбарыстың өзі көрінбейтінін
айтқан
соң-ақ, сапылар сайланып, найзалар қайрала бастаған.


Жігіттердің
кейбірі өгізді қасқыр жарған шығар дегендей күмəн
танытқан
, барып көру, анығын білу қажет дескен. “Шерінің өзі, — деді
ең
жақын əрі ең үлкен нағашы Қара-батыр. — Жолбарыстың ізі түскен
жерге
бөрі жуымайды. Қойға жұт қасқыр — шерінің жеңсік асы.
Өгізшені
басқа емес, жолбарыстың өзі алуы хақ. Тіпті, қасқыр жесе де
қайраның
жоқ. Ендеше, артын күту керек. Анық, жолбарыстың өзі.
Қазір
қарны тойған, жақын жерде баспалап, жемін күзетіп жатыр.
Сенімді
, сақ. Кешке дейін ол төңіректі жан баспаса, еркінсиді, біржола
батылданады
. Ал түнде, жас етке, тəтті етке қайтадан тұмсығын тыққан
кезде
көп сезік туғызбай, жакын келу оңай“. Осыған тоқтаған.
Нағашылар
түйеге тендеп жап-жаңа алты қанат кереге, алпыс уық,
қалың
туырлық əкелген еді. Жолбарыстың өгізге шапқаны
анықталысымен
-ақ карауыл жиде түбіне апарылды. Алдымен, керегені
кос
қабаттап, қабырғасы бітеу, үш қанат, дөңгелек каңқа кұрылған.
Басқұрмен
неше қайтара таңып, арқанмен шандып, сықырлата тартып
тастады
. Содан соң кереге басына қос қабаттай бекітілген уықтарды
қатарластыра
топтап, өзара, карама-қарсы, көлденең, қиғаштай торлап,
оны
да қыл арқанмен əлденеше қайтара байлады. Ішіне он шақты адам
еркін
сияр, бітеу, асты-үсті торлы, жатаған күрке болып шыққан.
Кейбір
жігіттердің онсыз да берік, кажеті болмас дегеніне қарамастан,
Қара
— батыр күрке төбесіне қалың қоңыр туырлықты қаптай
жапқызды
. Мүнымен де бітпепті. Күркенің сыртына, төрт тараптан
бірдей
көлденендей байланған тіреуіш ағаштар бекітілді. Ал іштен,
керегенің
үш көгінен жоғарырақка кесе көлденең айқастырылып екі
бақан
тағы байланған.
— Пəлі, түрпагыңа болайын! — деді Қара-батыр күрке жасалып біткен
соң
өзінен-өзі масаттанып. — Пері соқса да козғалмас. Төбеміз берік.
Уық
қанша мықты десеңдер де, жолбарыс секіргенде сынбай түрмайды.
Киізсіз
, жалаңаш қүрса, опырылып ортаға түсуі де ықтимал. Оны да
көргеміз
. Тек, жігіттер, бүрын да айтқам, қарбаласта қия жерге тоқтап
жүрмейік
. Алдың да, артың да тегіс болсын. Шері бар күшімен
қүйындай
соққанда тіреуіш берік үстай алмайды. Торлы керегенің
аударылып
түсуі оп-оңай. Ол да өткен біздің бастан. Не керек, түстік
қой
талай майданға. Ең қиыны — шерінің шабуылы емес. Айбарлы
болса
да аң, адамның пысы басып, айқасқа шыдамай тайқып кетсе —


сол
жаман. Бар еңбегің зая шығады. Ал шапса... қүдайдың бергені. Ол —
ашықта
, жалаңаш. Сенің қолыңда қарымды найза, өткір сапы бар.
Оныңтырнағы
мен тісінен келер кер жоқ. Тек шатынай жарқыраған
көзінен
ықпасаң, өңмендей өкірген үнінен сескенбесең болғаны. ..
Қызара
қүлактанып күн батты. Салбырай қарауытып түн түсті.
Шағырмақтана
жарқырап ірі, көгілдір жүлдыздар туды. Толыса төгіліп,
қамысты
алапты тегіс үйыған боз мүнарға көміп, бір жак бүйірі кеміс,
актаңдақ
ай шыкты. Сайдың тасындай, атпал сегіз жігіт іргесінен
көтеріп
, төбесі жабык тор күркенің ішіне енді. Белдерінде сапы,
колдарында
шолақ найза. Қара-батыр Шаканға мылтығын да
алғызбаған
. “Күндіз болса бір сəрі, шақпақты шақылдатып, отты
жарқылдатып
, білте тұтатканша жолбарыс бой жасырып үлгереді,
алыстан
ату қиын, ал бетпе— бет айқас үстінде қатеден өзіміздің
біріміз
жазым болармыз, бүл шіркінді бос арқалама“ деген. Садақ та
біреу
-ақ. Қорбаңдап жақ тартар кең жер кайда деген. Тек əуелгі сəтте
ғана
керек.
Түнгі
қамыс тарғылдана қарауытады. Балағы — ақ кар, басы — ай
нүрына
шағылған сары ұлпа; арасы демін тарта баспалап түрған
жолбарысқа
толы сияқты. Бірақ жігіттер сергек еді. Кейбірі кереге
көгінен
, кейбірі ортадағы ашамай кермеден ұстап көтерген торлы
күрке
жеп-жеңіл: жерсоғар сағанақ қар көміп ұйыса бұйраланған
қалың
қауды сипай сызып келеді, бірқалыпты алынған аяк сықырынан
бөтен
дыбыс жоқ. Өзен жақта сатыр етіп мұз жарылды. Əлдеқайдан
өкси
сақылдап шибөрі ұлыды. Сол мезетте дəл аяқ астынан тарғыл
шерінің
қарлыға ышқынған арылы естілген.
— Уггха-уугхх! Угхх!
Жігіттер
демдерін ішіне тарта қалт тоқтады.
— Иə, сəт! — деді Қара-батыр күбір етіп. — Иə, аруақ! Саспаңдар! —
деген
сосын жігіттерге дем бере сөйлеп. — Əлі əжептəуір жер. Іс оңына
келер
, жел қарсыдан.
— Ана, қылауыта оқшырайған қамыстан ары айналғанда, — деді
карауылшы
жігіт.


— Үйді түсіріндер, — деді Қара-батыр.
Торлы
кереге жеңіл батып, қарлы шөп үстіне қонды.
— Тоқпан! — деді Қара-батыр садақ асынып, қорамсақ байланған
жасамыс
кісіге. — Өзің білесің. Қапысыз көзде. Мүлт жіберме.
Жалпасынан
түсірмессің, бірақ жебең дарымай жүрмесін. Қайтсең де
жарала
. Кейінгісі — азаматтың қайратына байланысты. Ал, жігіттер, —
деген
өзге жұртқа. — Жұмыстарынды жақсы білесіңдер. Тек қарбалас
болмасын
. Бет алдарыңа келгендерің сайысасыңдар, қалғандарың
керегенің
етегін басасыңдар. Алда-жалда күрке аударылса, тең
жартымыз
харап боламыз. Кезек тимей найза сілтей алмай қалам деп
тарынбандар
, шері құтырса, бэріңді де жарылқайды, қарың талғанша
қарбаңдайсың
əлі. Айналмаға жете бере сəл аялдап, тың тыңдаймыз.
Енді
дыбыстарыңды шығармандар. Жолбарыс күркеге тура шапқанға
дейін
. Ұмытпандар, көрген бетте тоқтап, керегені түсіреміз. Ал кеттік.
Иэ
, Алаш! Иэ, Бақтияр бабам!
Айналмаға
дейінгі жүз кадамнан астам жер — берекесіз өскен сояулы,
түбіртек
, ойқы, шойқы, жүріске аса жайсыз болып шықты. Аңшылар
аяқтарын
бір мезетте алып, шешімтал салмақпен баяу жылжыған.
Межелі
тұска жақындаған сайын жүріс байсалдана түсті. Кенет элдене
күтір
етті. Өгіздің ортан жілігі, иə бел омыртқасы үзілгені. Алып
мысықтың
əуелі азу тісімен катырлата сүйек уатқан, содан соң
салпылдатып
ет шайнаған дыбысы, ырсылдай рақаттанып, қайтадан
жемге
ауыз салғаны анык естілген. Кешкі асына жаңа ғана кіріссе
керек
, тэбеті қатты, қимылы шұғыл.
— Тоқпан!.. — деді Қара-батыр күбір етіп.
Күркені
ортаңғы, керме белдіктен ұстап келе жатқан Тоқпан садағын
ыңғайлап
, алға шықты.
Осы
сəтте жолбарыс та гүр еткен. Аңшылар қалт бөгелді. Қимылсыз,
тілсіз
қатып қалған. Төңірек тегіс тыншыған меңіреу сэт ұзаққа
созылмады
. Шері қайтадан жемге бас қойды. Сірескен, мұз-тоң
өлімтікті
сүйрете жұлқылап, қаржи шайнап жатыр.
— Тез! — деді Қара-батыр ышқына сыбырлап.


Аңшылар
нысаналы түбек қамысты орағыта берген. Алдарынан ені мен
көлденеңі
алпыс-жетпіс қадамдай, ай сəулесі құйыла төгілген, аппақ
далаң
ашылды. Далаңның ортасынан ауа бере, арғы бетте, көлденендей
түсіп
, атан өгіздей тарғыл мысық жатыр екен. Алдында теңкие
коқырайған
жемтік.
Қырсыққанда
, бұлар орағытқан күргей қамыстың іргесі су сойған
жыра
, төмпешікті түбіршек екен.
— Алға! — деді Қара-батыр жігіттерді асыктырып.
Күрке
екі-үш қадам артық жүрістен соң ғана жерге қонды.
Амалсыздан
.
Бұл
кезде жолбарыс бүйі шақкандай атып тұрған. Мойнын бұра бере
аспанды
қақырата ақырды. Содан соң бөксесі бұралып, алға қарай
аттай
түсті де, төрттағандай бере тағы арылдады. Сəл-пəл құныса
шегіншектеп
, жытыра қашуға ыңғайланған. Осы сəтте Тоқпанның
ұшкыр
жебесі де капысыз ұрып еді. Жартқыш ақыра аспанға шапшыды
да
, құйрығымен бір жақ бүйірін салып қалып, жасыл көздері жарк етіп,
аңшыларға
қарай екпіндей ұмтылды. Тоқпан екінші мəрте атып үлгеріп
еді
. Шері как мандайдан күрзі соққандай төрт аяғымен бірдей
табандап
, тұра калды.
— Алға, тегістеу жерге! — деді Қара-батыр. — Іргеге берік болындар!
Найза
! Найзаға!
Күрке
жаңа жерге қонып үлгермеді. Құтырына өкіріп, сүріне ұмтылған
жолбарыс
оқ жыландай агқып, жойқын салмақпен үйшіктің кақ үстіне
түскен
. Айқаса қабатталып, айқыш-ұйқыш байланған уыктың
əлденешеуі
катарынан сатырлай сынды. Өкси арылдаған жолбарыс
құтырынған
қимылмен табан астындағы қалың киізді жұлқылай
шайнады
. Уық сақырлай үгіліп, үйшіктің төбесі опырыла майысқан.
Бірақ
қалың киіз жыртылмады. Тəжірибелі жігіттер найза ұрмаған.
— Дайындал! Бекем бол! Төрт тарапқа бірдей!
— Қазір түседі!..
— Егекті басыңдар! — дескен бір-біріне күш бере сөйлеп.


Кенет
жолбарыс жерге ытқып түсті де, құйрығы шиырыла арылдап,
үйшікті
шыр айналды. Ашық жер таппаған соң дағдарғандай, мысық
табандай
шегініп, аз бөгелді. Содан соң төрт аяғын баурына тартып,
серіппедей
шаншылған. Тор көз керегені тұпа-тура ұрып еді. Үйшік
сықырлай
шайқалақтап, төңкеріле жығылуға шақ қалды. Бəлкім,
төңкеріліп
те түсер еді. Шерінің қатты серпіні кереге көзінен ұрмас
бұрын
кеудеден көк сүңгі кадалған. Найзасы жолбарыска дөп келген
жігіт
серпінге шыдамай, қарсы қабырғаға ұшып түсті. Ызалы жыртқыш
ышқына
өкіріп, сағанақка ауыз салған. Осы кезде тор көзден өтіп тағы
бір
найза ұрылды. Жолбарыс жаңа алғаш қадалған, иесінің колынан
шығып
кеткен найзаны сүйрете шегінді де, тіксіне арылдап, қарыс
сүйем
жерден қаржи қырқып тастады. Сосын тағы да өндіршектей
ұмтылған
. Керегеге алғы екі аяғын тіреп, қауырсын жебе салбыраған
қызыл
тарғыл арқасы айға шағыла, аузынан қан шаша күркілдеп, торлы
сағанақтарды
қарш— құрш шайнайды. Қос бүйірден қатарласа, тағы да
екі
-үш найза ұрылды, карсы алдынан селебе сілтенді. Өне бойын қан
жапкан
, омырауы дал-дұл, тайдай жолбарыс қанша жерден
шабақталып
жатса да шегінбеген. Көздері ажал отын шашып,
ұзындығы
сынық сүйем, өткір, жуан азулары аксия арылдай қан бүркіп,
қолдарындағы
қаруларын суық еппен қапысыз сілтеп жатқан екі
аяқтыларды
қалқалаған тор ағашты тынымсыз шайнай берді. Акыры,
қос
табандай кергіген беті, алдыңғы екі сирағы кереге көзіне кептеліп,
қабырғаға
асылған күйі бір сəт бөгеліп қалып еді. Қара— батыр қолтық
түбінен
найза салды да, шірене итеріп, сағағына дейін бойлата тықты.
Мойны
кілт тартылған жолбарыс қанды ауызы қарыса ашылған қалпы,
дірілдей
серпіле бере, кенет оқыс босап, бүктеле кұлады.
Төбесі
салбырай опырылған, бір жақ қанаты талқан болған көлеңкелі
күрке
ішінде өлі тыныштык орнады. Келер сəтте бойды құрсаған ауыр
салмақ
қапыл босап, екі иінінен дем ала енгіккен жігіттер жадырай
күліскен
. Күркенің іргесін көтере шығып, жаңа ғана қаншама жүртка
катер
төккен, енді төңірегін тегіс жентекті қанға бөктіріп, қимылсыз,
тілсіз
жатқан, ай жарығында сары тарғыл емес, үсті-басын əлеміш
қоңыр
бояу басқан, қызғылтым шүбар көрінген тайдай жолбарысқа
сүктана
қарасгы. Қай-қайсысынын көңілінде де жеңіл кірбің, аз-маз
аяныш
бар еді.


— Неткен ерлік! — деді алғаш найза ұрған жігіт. — Апыр-ай, бір
кайтпады
-ау!..
— Əуелгі жебе құйымшақ түбіне қадалыпты. Тіпті жеңіл жара. Бас
сауғалауы
оп-оңай еді...
— Кекшіл екен...
— Мəрт десеңші!
— Иə... — Қара батыр мұртын ширатып, жеңіл күрсінді. — Ер. Мəрт.
Бірак
ерлік — еңсе жаздырып, мəрттік — мұратқа жеткізер заман өтіп
кеткен
. Қас батыр қазаға ұшырамақ. Қас жаман жан сауғаламақ. Өлі
арыстаннан
— тірі тышқан. Жүрмес пе еді мына шері де өзінің қалың
қамысы
арасында. Қорлыққа көнбеді, басынғанға шыдамады — қарсы
шапты
, қазаға ұшырады. Жасанған жауға, жаңбырдай оққа карсы ұмтыл
— сен де жалпаңнан түсесің.
— Сонда... қалай?.. — деп еді жас жігіттердің бірі күмілжіп.
— Осылай, — деді Қара-батыр кеудесін кере бой жазып. — Қорғалап
күн
кешкен қоркаудан жасанған жауға қарсы шауып қаза тапқан
жолбарыс
артық. Қаншама қоян алдың, қайсысы есіңде. Ал мына
жанкешті
шеріні ұмытып көрші. Балаңның баласына айтып кетесің...
Жүрек
пен жасыннан жаралған жолбарыстың тұкымы кұрыр күн де
алыс
емес!... — деді сосын сəл мұңайып.
* * *
Шақанның
: “Ешқайда көшпеймін, əйелім мен баламның жылын
күтем
“, — деген сөзі тым тосын естіліп еді. Нағашылар тағы бір күн
бөгелді
. Қамыстың ең қалың түкпіріндегі неше тарау жолбарыс
жымына
бірнеше жерден аумағы арба дөңгелегіне жуық, ауыр қақпан
құрды
, кос құлаштай сүйретпе шынжыр ұшына балуан жігіттің екеуі
жабылса
əрең қозғардай дөңбек ағаш, түбірлі томар байланған.
Иісшілдігі
шамалы, кадамы ауыр тарғыл патша тап басса, қуатты
серпінмен
шарт шауып, капысыз арқандамақ. Атып жығу оп-оңай.
Жілігі
үзілген, жансыз темірді жын буа шайнап, азу тістеріне дейін
сынған
, бұрала ашығып, қауқары кайтқан, қарымы қысқа жолбарысты
арылдата
шапшытып тұрып, шоқпармен ұрып алу да қиын емес. Бірак


мұның
бəрі — қақпанға түскеннен соңғы іс. Ал оған дейін... қамыс
қалың
, жым — жүз тарау, қатер мол. “Апыр-ай, — деген Қара-батыр
қиналып
. — Тым құрса, ел аралап, қайғыңды сейілтіп қайтсаңшы. Мен
білсем
, кісі жейтін жалмауыз жер басып, осы Іленің бойында əлі жүр.
Қатер
аузына калай тастап кетеміз...“ Шакан шынымен босаған.
Нағашының
пейіліне. Қазаның қырқын өткізген соң ойланып көрмек
болды
. Оған дейін де жалғыз қалмақ емес.
Бүгін
-ертең Құба-мерген қайтып келмек. Қара-батыр да үйіне барып,
шаруасын
қамдап, бірер аптада кері оралмақ болды. Одан соңғысы...
Оған
дейін өте көп уакыт бар. Шақан əлі ес жимаған. Əлі ой тұйығынан
шықпаған
. Кесімді токтамға келмеген. Жоқ, ой да бар, максат та бар.
Тек
. .. осы коныста, дəл осы арада шешілмек бір түйін қалған. Содан
соң
... Оны өмір, тағдыр біледі.
5
Кіндік
əке Құба-мерген мен нағашы аға Қара-батыр Іленің иен
жағасында
, қопалы қамыс ығында калған тұл үйге бір шамада қайтып
оралды
. Құба-мерген алғаш қауышқаннан аттанып кеткенге дейін
сүлесоқ
, мəңгүрт кейпінен жазбаған, өткенге қайғысы көрінбеген,
барға
канағат, ризашылығы танылмаған, меңірейген де отырған
талайсыз
баламен бірге қыстап шығуға, қатерді бірге бөлісуге бекінген.
Ал
Қара— батыр қазаның қыркын атқарған соң, өз ортасынан опа
таппаған
бақытсыз жиенін қайтсе де көшіріп əкетпек ниетпен келіп
еді
. Қаралы қос иесіз болып шықты.
Үстін
қалың қар басқан, ақ шатырлы, абажадай төрт қанат қоңыр үйдің
біржола
адыра қалғаны қу даладан танылған. Төңірегінде шұбыртқан
із
, карайған белгі жок. Киізі қайырылған, жармасы жұлынған есік қана
жер
түбінен үңірейіп көрінеді. Бір үйлі жанды тегіс жалмап жұтқан,
жаңа
құрбандық тілеп тұрған дию-перінің жеміт өңешті аран аузы
сияқгы
.
Бірі
түстіктен, бірі терістіктен шыққан, иен жұрттың сойқанды кебін
алыстан
танып, ат басын іріккен, көздері көріп, жүректері түршіксе де,
күні
кеше ғана Саурық, Байзақ батырлармен үзеңгілесе атқа мінген


Масақ
-мергеннің шаңырағы құлап, түтіні өшкеніне көңілдері сенбеген
екеу
бірінен бірі сүйеніш іздегендей, қарсы жүрді.
Бауырларына
мұз катып, солыктай ганаураған екі ат ауыздығын қарш—
құрш
шайнайды. Еңселері басылған, кабақтары түскен екі кісі əлде
шарасыз
өкініштен, əлде дəрменсіз реніштен үзеңгіге шірене
ширығып
, тістерін шықырлатады. Батыр мен мерген тұнжырай
табысып
, тілсіз ұғысқан, сол үнсіз, тілсіз қалпы, оқтын-оқтын ауыр
күрсініп
қойып, өнімсіз аяңмен қаралы үйге əрең келген.
Керініс
сырттай қарағаннан əлдеқайда үрейлі болып шықты. Қос
жармалы
сары есік шотқа шалынып, тоқпаққа түскендей мылжа-
мылжа
: бетін зерлеген оюлы сүйектері пышырай сынған, ағаш
жақтаулар
жаңқалана уатылған, топса үзіліп, ілгектер опырылған. Үй
іші
астан— кестен: ошақ аударылып, қазан төңкерілген, киім, төсек
шашылып
, текемет, кілемдер ұйпалана жапырылған. Есіктен төрге
дейін
, кей жерде шашырай төгілген, кей жерде ұйыса аққан қан; ыдыс-
аяқ
, кереге, ши, жер мен төсеніш — тегіс қып-қызыл ала. Адам мен
ажал
бетпе-бет келген, арпалыса айқасқан ғаламат күрес ізі айқын
танылады
.
Батыр
мен мерген бойларын бекітіп, сыртқа шықты. Ақ қар. Меңіреу
тыныштық
. Тым құрса сауысқан шықылы естілмейді. Дəл іргеден
басталып
, үш тарапты тегіс жауып жатқан қалың қамыс бозара сыңсып,
мүлги
шытынап түр. Аласа аспан сүрлана шаңытады.
— Сорлы бала қайтпай қаржысқан екен! — деді Қүба-мерген көкірегі
карс
айрыла күрсініп.
— Атадан асып туған ер... қадірін білмедік, — деді Қара-батыр түнере
тұнжырап
.
Екеуі
құбылаға бет койып тізерлей отырды да, дұға қайырды. Бар
мақамына
келтіріп, құран оқыған — Қара-батыр еді, еңсегей бойлы,
арық
Құба-мерген ұзын сүре аяқталғанша неше бүктеліп, қозғалақтап,
үңірейе
ызғар төккен есікке қарағыштап, əбден берекесі қашкан.
“Аллаһу-акбар“ айтылып, бет сипалар-сипалмастан атып тұрды да,
еңкеңдеп
үйге кірді. Абалақтап əлдене іздеді. Текемет, кілем астын,
ірге
, бұрышты карады.


— Мылтык қайда? — деді сосын. — Найза мен кісе қайда? Жолбарыс
кісі
жейді, ағаш пен темірді жемейтін еді ғой... Өлə, — деді сосын. —
Шақанның
өзінің сырт киімдері де көрінбейді...
— Апыр-ай, — деді Қара-батыр да дағдарып. — Адамда иман қалмады.
Ойран
болып жатқан үйді тонаған қандай бейбақ!
— Батыр-еке, — деді Құба-мерген өңіне қан жүгіріп. — Біз тірі адамға
жаназа
оқыдық білем... Əлдебір сұғанақ келсе, өзге дүниеге тиіспей ме?
Мұнда
басқа гəп бар. Меніңше, жиеніңіз жолбарыспен алысқан. Алып
жыққан
. Содан соң... əлде ауыр, əлде жеңіл жаралы, əйтпесе, он екі
мүшесі
бүтін, киімін киіп, жарағын асынған, атқа мінген де елге қарай
тарткан
... Көрмейсіз бе, қалың қар жауып, бар ізді жасырғанын.
Əйтпесе
сайрап жатар еді...
— Аузыңа май, — деді Қара-батыр күмəнді үнмен. — Тек... кешелі,
бүгін
өткен іс емес, бір хабары естілсе керек-ті. Əйткенмен сөзің
қисынды
. Бірақ жолбарысымыз қайда? Шелекті қан, ойранды топырға
қарағанда
, өлімсіз тынған кеп емес...
— Терісі сыпырылған жолбарыстың сүйегі, тым кұрыса, сүйектен
калған
қаңқасы таяу жерде жатуға тиіс, — деді Құба-мерген.
Екеуі
үй іргесінен бастап, таяу төңіректі — жерошақ басын, қамыс
қалкасын
тегіс тінтіп шықты. Ағайындар мен нағашылар келгенде
сойылған
малдың қар астында калған, сыртынан қарға, құзғын
шоқыған
қан-жынынан басқа белгі көрінбейді. Жіптіктей үміт оңай
үзілген
. Үй ішін жинастырып, маңдайшаға қайырылған киіз гұтпаны
түсіріп
, сыртынан тақтай жарманың жұканасымен бастырып. үстінен
қамыс
жауып, үңірейген есікті біржола бекітті. Тұл қалса да адам
тұрағы
, жайрап жатпауға тиіс. Атқа ауыр отырысып, қырға — бірер
шақырым
жерде, жатаған төбешік басындағы Ажар келіннің моласына
бет
түзеген.
Етекке
жетіп, аттан түсер-түспесте көрді. Көздеріне сенбеген. Өткен
аптада
, осыдан он шақты-ак күн бұрын өздері басына келіп кеткен
жалғыз
кабірдің қасынан дəл сондай, үстін аппақ қар басқан, бірақ
аласа
, жатаған жаңа бір үйіншек пайда болыпты...


II т а р а у


ЖОЛБАРЫС
ЖЫМЫ
1
Құмдақ
сарғыш топырақты алаңқайларын ұйыскан өлең, түп-түп қияқ,
сирек
сояулы ши басқан, тілше жапырақтары құм теңізді Сары-есік
шөлінен
сокқан аңызак лебімен бозара қалтыраған, гырбык бой,
тікенек
бұтақ жыңғыл тоғайы тұтаса жиырылып, қамысты алап — неше
жылғы
қуы сарғая қатып, жаңа өскіні бунақтан-бунақ қуа жарыққа бой
созған
, асты қорыс, қау, үсті тұяқ батпас тұтас көрінетін, желекті көк
боз
кілем кейіпті, мүлгіген меңіреумен астасар қалың жынысгың қақ
ортасында
, діңі құшақ жетпес жуан, бұтақтары арбақ-сарбак, неше
тарам
, жапырақгары қалың, еңсесі биік, андағайлап ай даладан
көрінетін
жалғыз түп жиде астында жолбарыс жатағы бар еді. Аң
патшасының
əлденеше əулеті тұқым өсіріп келе жатқан кұтты ұя.
Аумағы
оншакты қадамдай жайдақ жатақтың үсті көлеңке, асты қу
шөп
, ескі жапырақ. Қабат-қабат, құрғақ əрі жұмсақ. Төңірегі тұйық —
ку
томар, тікенекті бұта, ұйысқан шырмауық — тышқан жорғалап өте
алмас
бітеу қабырға. Тек жыңғылды тоғай жақта калыңның астын
көктей
тескен, жер астынан казған ін сияқты, тар əрі ұзын үңгіме бар.
Сырт
дүниемен катынасар жалғыз жол. Көздерін жақында ғана ашқан,
бастары
үлкен, аяктары добал, құйрықтары кысқа, тықыр қызыл тарғыл
жүнді
үш шөнжіктің енесі — қабырға жабағысы жартылай ғана түскен,
бауыры
босаң, емшектері салпыңқы қаншыр жолбарыс жаңа ғана осы
жолмен
өз ұясына оралған. Аузында бел омыртқасын опыра, кесе
көлденең
тістеген, жоны күдіс, мойны бітеу, өне бойы қылшық түкті
тайдай
қабан бар. Төрттағандай жылжып, ішектей созылған тар
үңгімеден
əрең өткізіп еді. Қаншыр осыдан үш кар бұрын күшік
өргізгеннен
бері бас сұқпаған, бойы тағы да ауырлаған шақта
үйреншікті
əдетімен кайта оралып, ұяның аумағын кеңейтіп, астын
жөндеген
соң, тіпті, күшіктеп, біржола орнықкан соң да тек өзі ғана
жүрген
қатынас жолы жаңа өскін шығып, бұтақ басып, енсіз, тар,
үңірейе
қарауыткан, бұрма-бұрма ұзын қуысқа айналған-ды. Осынысы
жаксы
. Қаншыр жатақта күнұзақ отырмайды. Ауға шығады. Ал
күшіктерге
қатер көп. Бөрі емес. Қаракшы болса да, қауқарын білетін,


есті
макұлық. Шерінің иісі шыққан жерден айналып өтеді, ал жатақтың
маңынан
жүрмейді. Қатер — түлкі, қарсақ сияқты жылпың, мəліш
тістілер
. Доңыз сияқты тоңмойын тұяқтылар. Бірі алып жесе, бірі
жарып
өлтіреді. Болашақ аң патшасына бəрі қожа. Əзірше. Жаз
ортасына
дейін. Одан соң... тіршілік жаңа бір арнаға түседі. Қарсақ,
түлкіден
бойлары озып, анасымен бірге ауға шығады. Күн өткен сайын
бұғанасы
бекіп, денесі тұлғалана береді, күш үстіне күш қосылады,
кешегі
дəрменсіз, маубас тарғыл сапақ үш-төрт қар басқан соң алып
денелі
, алапат күшті жыртқышқа айналады. Аң патшасы. Қамыс гіен
тоғайдың
қожасы. Бірақ... тіршілік оңайға түспейді. Өйткені патшалык
— тырнақ пен тісте. Бəрі корқады, бəрі ығады. Бəрі де жек көреді. Бəрі
де
оздерінің онімсіз омір, болмашы тірлігін сақтағысы келеді.
Жолбарыстың
тартып алғаннан баска амалы қалмайтын. Тынымсыз
күреске
— өз өмір, өз тірлігі үшін алысуға мəжбүр болған.
Бүгін
де сондай алыстың бірін басынан өткерді. Əдеттегідей сəтті
шешілді
, жеңіспен аяқталды, олжамен тынды. Жатақтан бірер
шақырым
жерде, тоғай ортасындағы ашық алаңкайда шок қамыс түбін
қопара
актарыстап жатқан, азу тісі ырсиып, жотасы дөңкиіп, анда-
санда
ракаттана қорс етіп жем алған, шиыртпақ кұйрығын
шолтаңдатып
, сығырайған көздерімен жан-жағына жіті қараған қоңыр
қабанды
көп торыды. Əуелде жер ыңғайы келмеген, одан соң желдің
ығы
түспеді, бəрі оңалғанда доңыздың өзі мөлшерден тыс сақтық
танытқан
. Ақыры, əбден тояттаған қабан жиырыла жер бауырлап
жатқан
жолбарыстың тура өзіне карай жүрген. Бетпе-бет келсе
алғызуы
киын. Əрі жер тар. Əккі жыртқыш арылдай атып гұрған.
Қапелімде
катты шошыған доңыз ышқына қорс етіп, кұйрығын көтере
жалт
берді. Есебі түзу жыртқыш серпіле агылған. Бірак қабанды бел
ортадан
баса алмады, сəл-пəл жетпей түскен. Төрт аяғын бауырына
жиып
, екінші мəрте атыла беріп еді, əуелгі үрейі таркаған, енді қашса
басын
жоярына көзі жеткен тоңмойын доңыз шыр айналып, қарама-
қарсы
қарап, төрттағандап тұра қалды. Қабанның езуін айыра сорайған
аппақ
азуына іреле түсуге шак қалған жолбарыс арылдай айбаттанып,
жалы
түксиген, көздері шытынай тесіп, құйрығы тынымсыз
шолтандаған
тайдай қабанды шырқ айналды. Қайда барса да алдынан
күржиген
мойын, өткір тұмсық, сойдак азу карсылаған. Аздан соң


доңыздың
өзі шабуылға шықты. Ентіге қорсылдап, тапырактай
айбаттанып
тұрады да, дүрк ұмтылады. Шегініп барып, қайтадан
сестенеді
. Алғызар түрі көрінбейді. Мұндайда өнімсіз аңдысты қойып,
баска
жерден басқа бір нəпака іздеген тиімді. Бірак жолбарыс аш еді.
Соңғы
екі күн бойы ештеңе ілінбеген. Кейінгі екі күн ғана емес,
ілкідегі
бес-алты апта бойы — іші бауыры тартыла, сүйек-сүйегі
шытынай
, жаны ышқына ыңыранып, үлкендігі мысықтай ғана,
шибиген
арық, едірейген үлкен, ақтандак қара құлақты добал бас,
тіссіз
қызыл иек, саңылаусыз жұмық көз, бірінен бірі əдемі үш шөнжік
тапқаннан
соңғы күндерде əбден арып-аршыған. Ұяның дəл іргесінен
аң
аулауға болмайды, тым алыс шығу — бөпелер үшін қатерлі. Оның
үстіне
, дəл биыл қыс катты, кар калың болып еді, шошқа азайып,
қарақұйрық
ауып кеткендей. Қоян мен түлкі де, кұр мен қырғауыл да
жылдағыдан
кем. Əйтеуір сəтті ау сирек. Əлде қимыл бұрынғыдай емес,
қартая
бастады ма... Құрсағы қызыл етке толмаған, бойындағы бар
сөлін
бауырындағы күшіктер сорып алып жатқан, əбден арыктаған
қаншыр
бүгін айрықша ашулы еді. Қайраты мол, акылы келте кабан да
қаһарына
мінген сиякты. Шегіне қорғанып, қалыңға сіңіп кету орнына
шерімен
күш таластырып тұрып алды. Сонысы түбіне жеткен.
Жолбарыс
шыр көбелек айналып, оңнан, солдан құйындай соғып,
екпіндей
шабуылдады. Ақыры денесі бітеу, епетейсіз қабан еркін
айнала
алмай қалған бір мəурітте жолбарыстың қарыс қайшылы азуы
бөксені
еңсере қаржып өткен. Жатаған кұйымшақтан сүмектей аққан
қан
жыртқыштың тəбетін ашып, қайратын арттыра түсті. Кеп үзамай
торт
аяқтай секіріп, доңызды шөке түсірген. Əуелі жуан желкесін
қиып
, содан соң қалың май астындағы қабырғасын қақырата
талқандап
, кердең қабанды біржола тыныштандырды. Өзі де ентігін
баса
алмай бірталай жаткан. Əлі қүрып шаршапты, ең қиыны —
қаталап
өліп барады. Бірақ су алыс еді. Оның үстіне ұядан таң бозында
шыкқан
, шөнжіктер аш, əрі қарауылсыз жатқанына көп болды.
Алдымен
қабанды жагаққа жеткізіп тастау керек.
Дөңкиген
доңызды көлденеңінен, қапсыра тістеп, үя аузына қажымай
жеткізіп
еді — қалың жыңғыл, бытысқан шеңгел, мия мен шошқатікен
арасындағы
үңгіме жол мүлде титықтатты. Əйтеуір бəрі аман. Бəрі
орнында
.


Жиде
түбінде, үнтала үйыскан жапырақты, шөпті калың төсеніш
үстінде
біріне-бірі иек сүйей, бүратыла мүлгіп жатқан үш шөнжік
енелері
келмек қуыстан бітеу, кап-кара пəле көрінгенде бастарын оқыс
көтеріп
, біріне-бірі тығылыса, қалт тынған. Ізінше енелерінің тарғыл
төбесі
, одан соң керіле аттаған төрт аяғы көрінгенде ырсылдай
масаттанып
, атып түрысты. Енелері мойнын кегжите, қаржи көтерген
қара
пəлесін сылк еткізіп тастай салды да, етпетінен жата кетті.
Арсаландай
жүгірген шөнжіктер енесінің баурын тұмсықтай бастаған.
Қаншыр
амалсыз орнынан тұрды, теңкиіп жатқан кабанды желкесінен
сүйреп
, жатақтың бір жақ бүйіріне шығарды. Шөнжіктердің ештеңеде
шаруасы
жоқ, енесінің аяғының астында, дымқыл тұмсыктарымен
қатар
-қатар салбыраған емшектердің бірінен соң бірін түрткілейді.
Бойлары
жетпей, ауызға түсіре алмай жүр. Жолбарыс қабанды жаралы
бүйіріне
аударды да, ұйыса қатқан қанды жалады. Тышқан алған
мысықша
рақаттана быр етіп, шөнжіктеріне карады да, ұзын, қып-
қызыл
тілімен тағы жалады. Баска бір астан дəм татуға, табиғат
еншілеген
сыбағаға бет бұруға шақырғаны. Шөнжіктердің алдымен
туған
үлкені, əрі ең ширағы енесінің айтпағын басқадан бұрын
түсінген
. Алдыңғы екі аяғымен қабанның кеудесін баса көтерілді де, ақ
май
, кызыл ет аралас жаралы қабырғаны жалап көрді. Үнамаса керек,
қайтара
татпады. Екінші шөнжік иіскеген де қойған. Ал үшіншісі əлі де
емшектен
дəмелі, əбден ызаланып, пырсылдай ентігіп, төрт аяқтың
арасына
ерлісі-қарсылы соғылып жүр. Бір сəт бойы иіген қаншыр
күшіктерінің
кешеден бері аш екенін жаңа ғана түсінгендей, жиде
түбіне
карай еріне аттады да, бауырын созып, бір бүйіріне жата кетті.
Шөнжіктер
ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз
созғылауға
кіріскен.
Аш
күшіктеріне амалсыз тоқтаған, іші-бауыры ауырлап, ең жаманы —
өңеші
құрғап, тілі кеуіп, қаталаған жолбарыс аса жайсыз күй кешіп еді.
Бар
медет — таяудағы үш күнге жетер мол азық бар. Шөнжіктер де
сүтке
тоймақ. Əрі қан иісіне үйрене бастайды. Енді бірер аптадан кейін
— келесі сəтті олжа үстінде жас етті жұлмалап ойнап, тəтті сөлден дəм
алады
, тағы үш-төрт сəтті аудан соң аз-аздап жеуге де үйренеді. Көп
ұзамай
емшектен шығып, таза етке көшеді. Бірақ туған ұядан
жерімейді
. Үйіне толып. бұғанасы бекуі қажет. Сонда ғана жаңа өмір


басталмақ
. Шөнжіктер қайда барса да енесінен қалмайды, күн озған
сайын
зорайып, тұлгалана түседі. Аңшылыққа, əдіс-айлаға жетігеді,
өмір
сүру тəсілдеріне машығады. Ақыры, өздері де тайдай тарғыл
шеріге
айналған шақта туған анадан, бірге өскен бауырлардан ажырап,
өз
тірлігін ғана күйттеген, жеке жортар жыртқыш кебін таппақ.
Кəрі
қаншыр өзі есебін білмейтін, нешеме кар басқан ұзақ ғұмырында
əлденеше
рет ұя баурады. Қақаған аязда күшіктеп, бар шөнжігі аштық
пен
суықтан қатып қалғаны бар. Жазғы аптапта күшіктеп, бар
шөнжігін
шибөрі мен түлкі жем қылғаны бар. Көктемгі жылымықта да,
күзгі
кара суықта да басы түгел болған емес. Төрт шөнжіктен біреу, үш
шөнжіктен
екеу қалады. Оның өзі өсіп, өне келе əр түрлі пəлеге,
көлденең
кеселге ұшырайтын. Тек биыл ғана бауырындағы үшеу
шетінемей
, аман-есен бой көтеріп келеді.
Талай
майданды басынан өткерген кəрі қаншырдың өзі де дəл осылай
өскен
. Бəрі емескі, бəрі бұлдыр. Алыс. Сол алыста қалған, күңгірг көп
суреттің
ішінде айқын таңбаланған, ешқашан ұмытылмас бір көрініс
бар
. Туған, өскен жері биік еді. Дəл іргеде сұрғылт шудалы ақбас тау.
Төңірек
тегіс қалың ағаш, сылдыраған су. Кыста калың қарлы жұмсақ
аяз
, жазда тамылжыған ашық күнді қоңыр самал. Аң жыртылып
айрылады
. Бірақ кəрі қаншыр, — ол кезде, əрине, сүйкімді шөнжік, —
созыла
сомданып, енесімен бой таластырған жылы бұлар мекендеген
аңғарды
қорқынышты қос аяқтылар басып алды. Шөнжік, кейде
қалтиып
өздері жүретін, кейде көнпіс, төрт аяқты, əлдебір мақұлыққа
мініп
алып, ой, қыр, орман. тоғай демей, шарк ұратын тынымсыз
құбыжықты
бұрын да білетін. Алыстан бой созып та, жақыннан
баспалап
та көрген. Енесі буын-буыны қалтырап, арқа жүні дірілдей
қорқушы
еді. Алыстан қарасы шалынса, тайқып кетуге, қапелімде таяу
жерден
ұшырасып қалса, дыбыссыз, қимылсыз, үрейлі кейіпте камыс,
қоғамен
, бұта, талмен астаса бой жасырып, қайткенде де көзге
түспеуге
тырысатын. Енді міне, осы қорқынышты кос аяктылар дəл
іргеден
шықты. Қарсы беткейдегі аз-маз ғана тайқы, түгі тусырылған
тепсеңге
жапырлата, дөңгелек, аппақ бірдеңелер орнатты. Үялары
екен
. Иісі бой тітіретер ащы түтін салып, қызыл тілі қу даладан үрей
туғызар
, лаулай жалаңдаған сансыз от жақты. Онды, солды қапыла
қозғалысып
, шулап, дабырлап, тау арасын, кең аңғарды азан-қазан етіп


жіберді
. Қаншама мал жығылып, төңірек қан сасыды. Қос аяқтылардың
өзгеше
жат, үрейлі лебімен жарыса, майда, сүйкімді, тəтті тағы
қаншама
иіс жеткен. Шөнжік əуелде қорықса да, бойы үйрене келе,
жақынырақ
барып көруге құмартып еді. Енесі артына қарайлатпады.
Екеуі
түн жамыла жортып, ойға түсті. Ал ойда сау тамтық жоқ, қос
аяқтылардың
мекен-жайынан, ізінен, сайман, мүлкінен, əйтеуір бір
белгісінен
бос жер көрінбейді. Екеуі таудан тарамдана басталып,
төмендеген
сайын ұлғая берген, асыға, сарқырай акқан өзенді құлдай
жорткан
еді. Ұшан сулы кең дарияға жетіп бір-ак токтады. Қамысы
мол
, тоғайы қалың, аңға бай. Қауіп-катері де аз сияқты. Бірақ ең үлкен
сор
— аранын ашқан ажал осы арада күтіп тұр екен. Жаңа қонысқа бой
үйренген
, орныға бастаған алғашқы қыстың қапалактаған, аязды,
тымық
түні болатын. Ауға шыққан. Бітік қамыс арасындағы көне
жолбарыс
жолмен сыбдырсыз, жеңіл басып келе жатқан. Енесі алда.
Бұл
көбік қар үстіне бадырая түскен үлкен іздерді нақпа-нақ, толтыра
басып
, артта келе жатқан. Өзінің өсіп, жеткенін, күш-қайраты
кемелденгенін
айқын сезінген, үлкен айқаска асыкқан кейіпте,
сабырсыз
қимылмен ентелей түседі. Кенет түн тыныштығын қақ жара
əлдене
сарт етті. Енесі өкіре тулап, көкке атылған. Ышқына ақырып,
əлденені
шақырлата шайнаған. Жер тырналап, өзімен— өзі жағаласып,
қамысты
жапыра ойран-топыр салған. Жас жолбарыс əуелде шошына
жалт
бергенмен, ытыра қашпай, анадайға барып, состиып тұрып қалып
еді
, үзамай қайтып келді. Енесі өкіре ышқынып өзінің алдыңғы аяғын
шайнап
жатыр. Сонда ғана сүмдық қайдан келгенін андап еді. Алдыңғы
аяққа
жіліншіктің қақ ортасынан бір пəле жабысыпты. Енесінің
қашырлата
қан шашып шайнап жатқаны — сол, жуандығы өзінің
кұйрығындай
, дөңгелене шиырылған, екі шетінде жалпақ қос құлағы
бар
, əлденеге тіркелген, əлденеге байланған жансыз жау екен. Енесі
мойнын
кайыра көкке карап, іші тартыла ақырды да, көзі түнекті тесе
жарк
етіп, бір сəт солықтай тыншыды. Бұған қарап, жарасын ауырсына
өксіген
. Жас жолбарыс енесінің қан саулаған аяғын жалады. Сол кезде
шын
түршігіп еді: алдыңғы сирақты кос қабаттай сығымдап, берік
қапқан
имек пəледен кос аяқтының иісі шығады!.. Қарыса қатқан пəле,
енесі
қанша қаржыса да, майып болмады. Сүйретіп кетуге төрт
тараптан
бірдей бекітілген, ұшы сом қазықтарға байланған жуан
шынжырлар
ерік бермеді. Бейшара анасы алыспен, арпалыспен танды


əрең
атырып еді. Күн шығар-шықпастан дүниедегі бар сұмдықтың
ұйтқысы
, ереуілдей атка мінген кос аяқтылар да келіп жетті. Жас
жолбарыс
жан сауғалай қашқан. Аяғы шырмалып, карымы қысқарған
анасының
ең соңғы майдан үстіндегі, қорқыныштан, жалыныштан ада,
айбарлы
үні мəңгі-бақи құлағында қалды. Кешіне жүрек тоқтатып,
пəлекетті
жерге қайта оралған. Неше айналып, тың тындап, баспалап,
əрең
келіп еді. Күндізгіден де ксңейе түскен опыр— топыр алаңда кей
жерде
шашырай, кей жерде ұйи төгілген, енді бір жерде молынан аккан
кара
қаннан баска белгі қалмапты. Сынған қамыс ұшына жабыскан бір
шоқ
жүннен енесінің өзгеше иісін таныған жас жолбарыс ажал
алаңынан
өкіре қашты.
Өзенді
құлдап иенге бет түзеді. Қалың нуды басты, сыңсыған
камыстардан
өтті, тоқтаусыз жүре берді.
Əуелде
жалғызсыраған. Бірақ өзі тектестермен кездесу — онша үлкен
қуаныш
емес екен. Ашықкан. Алайда, табиғат сыйы — тырнақ пен тіс,
еп
пен айла, ең бастысы — енесінен үйреніп үлгерген азды-көпті
тəжірибе
өзегін талдырмаған. Қырғауыл мен қоян қалың. Ірі, қайратты,
əйтсе
де өзінен əлсіз андар да көп. Бірде үйірлі шошқаның қорығынан
шыққан
. Əуелі тарпа басып мегежінін алды. Екі күн армансыз жеп,
əбден
тойынды. Ізінше таяу төңіректі тіміскілей сүзіп, арқалары қоңыр
жолақ
жеті-сегіз торайды кезекпе кезек, түгел аузына түсірген. Содан
соң
-ак машықты аңшыға айналды.
Жаландап
жалғыз жортқан. Қамыс пен тоғай сырына, əркилы андар
мінезіне
, үлкен тіршілік заңына қаныққан. Қыраулы күзде сүйкімді
серік
тапты. Астыңғы бір азуы сынық, сары тарғыл, зау арлан еді. Екі
аптадай
тынымсыз ойын салған. Қыс бойы бірге жүрді. Жылымық
түспей
оңай айрылысқан. Қаншыр қопалы ну ішінде алғаш рет
бауырынан
иіді.
Жем
мол еді. Тіршілік жеңіл еді. Тек... баяғы салкын ауа, сылдыр бүлақ,
өзі
бауыр көтерген көк алқап есінен кетпей-ақ қойғаны. Аңсары ауды да
түрды
. Ақыры, екі шөнжігі де соңынан еруге жараған шақта ескі
мекеніне
тартты. Кесапаты мол қос аяқтылар кеткен болуға тиіс.
Кетпесе
де өркеш-өркеш сеңгір таудың етегін түгел жауып, əр ағаш
түбінде
біреуден қарауылдап тұрмаған шығар. Ақбас тау қайда,


көкжасыл
қолат кайда, өзен бойындағы, баяғы енесі қазаға үшыраған
түсқа
да жетпеген. Тапа-тал түсте сүргінге ұшырады. Екі шөнжігінен
қатар
айрылып, сока басы əрең құтылған.
Үрей
буып, елес қудалаған қаншыр өзінің үйреніп калған жаңа
мекеніне
қайтып оралды. Біржола орнықты. Тек бауыр жазып, еркін
бастыға
алмай-ақ қойды. Қыста шақылдаған аяз. Жазда аңызақ ыссы.
Аязға
үйренгенмен, ыстыққа шыдамайды. Бір жақсысы, сарғыш суы
иіріле
аққан үлкен өзен дəл іргесінде. Қаншыр айрықша ыстык күндері
суға
түскенді жақсы көруші еді. Су бетінде тұмсығы ғана көрініп,
қаптал
шомады. Арғы бетке өтіп, қайнап тұрған құмға созылып жата
кетеді
. Суға қайта түсіп, ағынға карсы жүзеді. Бойы сергіп, күші
тасқындап
шығады, дүр сілкініп, ойнактай секіріп аз-кем тұрады да,
созыла
басып ауға аттанады. Бірақ салқын сулы өзен артта калған, ал
қайнай
өртенген күн кайда барса да төбенде — көлеңкелі, саялы жердің
өзі
бүк, ыссы. Жолбарыс қамысты шарлайды, тоғайды тінтеді,
шығандап
құмға да кетеді. Тəтті еттен тарыккан емес. Ыстық қаннан
тұмсығы
ажырамаған. Бірақ кеңірдектей тойған, алаңсыз, қамсыз
жатқан
сергек күндердің өзінде көкейінде бір түйткіл болатын, ішінде
əлденендей
олқы қуыс тұратын, көз алдына үзік-үзік, буалдыр сурет
келетін
. Ол — заңғар тау етегіндегі орманды, самалды көк белес еді, ол
— көз ашып, бауыр көтерген, тіршілік кебін алғаш түйсінген туған
жерге
сағыныш еді.
Аштықтан
дымы құрып, шөлден ындыны кепкен кəрі қаншыр, салақтап
бос
жатқан қу шандырды езгілеп, іші-қарын суыра созғылаған,
тұмсығы
жұмсақ, демі жылы үш шөнжігі, əлде көңіл жұбатар бірдеңе
тапты
ма, əлде ештеңе шықпасын андады ма, емшектен ажырап, əдепкі
ойынға
кіріскенде, бүгінгі ау сəтті аяқталғанмен, біржола титығын
құртқанын
, бұдан былай қара күш, ұзақ күрестен гөрі еп пен айлаға
көбірек
жүгінуі қажетін түйсінді. Бұл кезде шөнжіктер енесінің үстіне
шығып
алып еді. Бірі арқасына асыла мінсе, екіншісі құлағын
тістелейді
. Үшіншісі тұмсығын жалап, күндегідей ойынға шақырады.
Қаншыр
тұра коймаған соң шөнжіктер сұлык созылған ұзын, шұбар
құйрыққа
жармасты. Бірі ұшынан тістеп, шірене созды, екіншісі бел
ортасынан
алып, бір бүйірге сүйреді, содан соң кім жеңсе, сол жұлып
əкететіндей
-ақ. əркайсысы өз жағына тартып таласа бастады. Ақыры


ентіге
бырсылдап, өзара алысып кетті. Тістерін батырмай созғыласып,
кезектесе
аударысып, үшеуі үш жак болып күрескен ойын да үзаққа
созылмаған
. Ақ тандак қара құлақты кенже шонжік аяқ астынан
əлдебір
қу сүйекті ала қашып еді, дөңгелене жүгірген, жеткен, үстаған
жерде
аз-маз алысып, қайтадан айқыш-ұйқыш шапқылаған қуыспақ
басталып
кетті. Бірінен бірі сұлу үш шөнжіктің қамсыз ойынына қарап
көңілі
өскен, жатақтың бір жақ шетінде азу тісі ырсиып, бүйірі қызыл
қанға
малшынған, теңкие жығылған қоңыр кабанға көзі түскенде
мүлде
тоғайған кəрі қаншыр су ішіп келмек болып, орнынан
қозғалақтай
беріп еді. Кеудесін тіктегенмен, бауырына аяғын жиып,
бөксесін
көтеріп үлгерген жоқ, дір етіп, қайта шөкті. Тарғыл белдеулі
ұзын
құйрык өзінен өзі ширатылып, жер сабады. Арқа жүн тікірейіп,
желке
күдістеніп, іш тартылған да, сойдақ азу арасынан, бүрлене
толқыған
көмейден айбатты арыл шыққан. Қосаяқ!
Бұл
— жолбарыс туысты, өзгеше Қосаяқ еді. Үсті басы түгел сары
тарғыл
. Тіпті, төбесіне дейін шұбар түк. Жатаққа қатынар жалғыз жол
— үңгіме ішімен тоңқаңдап жылжып келеді. Жолбарыстан аумайды.
Тек
беті ғана баска. Беті емес, жаркырай ұшқын атқан сəулесі
өңменнен
өтіп, ту құйрыққа, төрт аяқтың мүйізгек табаны мен шеңгелі
тастай
төрт бақайына дейін көктей шанышқан ғаламат көзі.
Төрттағандай
жылжыған жаналғыш пəлекеттің алдыңғы, оң аяғында
жүзі
суық, ұзын қара таяғы бар. Қосаяк үңгіме аузына екі қабан
бойындай
жер калғанда етпеттеп жата кетті. Сүйретіп келе жатқан,
түбі
шомбал, ұзын таяқ алға созылды. Сол сəтінде жарқ етіп от
жағылған
. Күңірсіген, жіптіктей ғана от. Жалынды өрттен де
қорқыньппты
.
Жолбарыс
мысықтабандап шегіне бере, бауырына аяғын жиды.
Жалғыз
-ақ секірім жер. Бар бөгет — үңгімені қаптай жапкан қалың
бұта
. Бірақ серпіле қарғып, бар екпін, қуатымен төбеден түссе,
Қосаяққа
қорғаныш бола алмайды. Жолбарыс жер бауырлай созылып,
өткір
құйрығымен өзін өзі қос бүйірден кезек қамшылады да, ышқына
ар
етіп, бар күшімен жиырыла берген.
Дəл
осы сəтте аспан кақырай күн күркіреді. Қара жер қарс айрылып,
ортада
үңірейген қара кұрдым пайда болды. Аяқ астындағы тиянағы


ғайып
болған жолбарыс терең құз түбіне құлдырай жығылған. Жерге
түскенін
, бар сүйегі уатылып, борша-боршасы шыққанын сезген жоқ.
Бір
— ақ құлаш қуыс темірден тұтанған жай оты мың батпан салмақпен
кəрі
қаншырды қақ маңдайдан ұрған еді. Жыртқыштың тұяқ серпуге де
шамасы
келмеген.
Қырқылған
бұтадай үнсіз, дыбыссыз сылқ түсті. Сəулелі дүние мен
меңіреу
түнек арасындағы меже — жарқ еткен жалғыз-ақ сызық екен.
2
Қосаяқ
қаркылдап күлді. Еңбектей жылжып үңгімеден шықты. Қара
мылтықтың
буалдыр түтін сыздықтаған, оқ-дəрі иісі мүңкіген аузынан
сүйді
де, керіле бой жаза беріп тағы күлді. Айғыз-айғыз, бүртік-бүртік
жарақат
басқан беті быржия қатпарланып, күн күйдіріп, жел қақан
қоңыр
өңі суық ызбар шашып, дүниеде жоқ, ерекше тұрпат, каһарлы
мақлұқат
кейіпке түсксн. Күліп емес, айбат тоге арылдап тұрғандай.
Арыл
күлкі қалт тынды. Қосаяқ серпіле атылуға ыңғайлана берген
қалпы
шөкелей жығылған жолбарыска да, əуелде не болып кеткенін
андамай
, үрпие үдірейген, енелері етпеттей құлап, көк түтін тараған
соң
, күн сайын өздеріне тек қуаныш кана əкелетін, беймəлім сырлы
үңгіме
қуыстан əлдебір корқынышты жау шығып, алдыңғы екі аяғын
көкке
көтеріп, бауырын жаза шаншылып тұрып арылдай айбаттанғанда
домалана
сүрініп тұра қашқан, бой жасырар пана таппай, жиденің
жуан
діңін калқалаған, тарпа басар қатер белгісі танылмаған соң,
қылт
-қылт сығалай бастаған шөнжіктерге де назар аудармады.
Алдымен
қу бұтақ жинап, ағаш сындырып, сыртқа шығар жалғыз жол
— үңгіме аузын бітеді, сыртынан иыктан сыпырған жолбарыс жақысын
жауып
, үстінен ауыр мылтықпен бастырып қойды. Басынан мол
пішімді
жолбарыс далбайын алып, самайдан, мойыннан сорғалаған
терін
ысқылай сүртінді. Жолбарыс жатағына тəн, көңіліне соншалық
байсал
берген, қолқа кабар, күлімсі ауамен кеудесін кере дем алып, аз
бөгелді
. Содан соң білегін сыбанып жіберіп, шөнжіктерге қарай қадам
басты
.


Үшеуі
үш жаққа тым-тырақай қашқан. Бірак жер өлшеулі. Жан-жағы
берік
, үй орнындай ғана дөңгелек алаңқайды айнала жүгіргеннен баска
шара
жоқ. Кенже шөнжік оп-оңай тұтылды. Қалған екеуі жан-дəрмен
жидеге
өрмелеп шығып кеткен. Екеуі екі жакта, жуан, əрі биік бұтакта
тырмыса
күжірейіп отыр. Тіпті оңай болды. Ағашқа мысықша
өрмелеген
Қосаяқ желкелерінен қыса ұстап, тырнамак болып аяқтарын
тарбитқанына
, қызыл иектен жаңа ғана қылтиған кішкене азуларымен
тістемек
болып, аузын аша тыпырлағанына қарамастан. екі шөнжікті
бірінен
соң бірін жерге түсірді. Үялас үшеуін мойындарынан күрмей
іліп
, қатарластыра көгендеп, жиде түбіне байлады. Бір бұрышта теңкие
созылып
жаткан қоңыр қабанға қарап, тыжырына жерге түкірді де,
беліндегі
қыннан қайқы бас, өткір кездігін суырып, өлі жолбарыстың
касына
келді. Екі көз ортасынан тиген, тайқи ұрған ауыр қорғасын ок
төбе
сүйекті қақ айырып, көгілжім сұрғылт мыйды қызыл күрең қан
араластыра
ірей талқандап өткен екен. Бір жақ шекеден жылыстай
ақкан
қан əлі тыйылмапты. Қосаяқ тізерлей отыра қалып, жылы қанға
сұқ
саусағын батырды да, тілімен жалады. Тамсана жұтынып, тағы
батырды
. Тағы да рақаттана жаланды. Осы ретпен жолбарыс қанынан
жеті
мəрте дəм татқан.
Жеңісті
жекпе-жектен кейін жау қанын ішетін көне рəсімді аткарған
соң
Қосаяқ былқ-сылқ жатқан өлі жолбарыстың зілмауыр денесін
шалқалата
аударып, екі қабырғадан екі томаршамен орнықтырды да,
табанынан
іріп, терісін соя бастады. Машықты жұмысы болса керек,
түндіктей
теріні əп-сəтте-ақ сыпырып тастаған. Жаңа, жұмысқа
кірісер
алдында белінен шешіп, ағаш бұтағына іле салған кісесінен
аузын
түйе байлаған дорба алды. Іші толы тұз екен. Теріні қаудыр
жапырақ
үстіне кере жайды да, үстіне тұз септі. Уқалап, барлық жеріне
бірдей
езе таратқан. Қапырық күн əсеріне қарсы алғашқы амал.
Олжасын
ыңғайлап біткен соң, енді не істесем екен дегендей, үйме—
жүйме
тығылысып. үрпиіп отырған, мысықтан сəл ғана қалқыңқы,
бірақ
мойны жуан, кеудесі зор, омырауы салқы, аяқтары сом, тықыр,
тығыз
түкті қызыл тарғыл шөнжіктерге караған. Не білді, не сезді?
Көрді
, андады. Өте дүрыс. Енесі алып келсе ғой, дəл өздеріндей адам
баласын
— кішкентай сəбиді қабырғасын қаусата шайнап, рақаттанып
тұрып
жер еді. Дəл қазір жей алмас, енді бірер айдан соң құныға бас


қояры
анык. Өскен соң... Өскен соң өзі-ақ аттанады. Енді үш-төрт
жылдан
кейін қалың тоғай ішінде, ну қамыс арасында, кез келген
жерде
бетпе-бет кездессінші... кімнің өліп, кімнің қалары белгісіз.
Аңшылық
атаулы бүгінгідей сəггі аяктала бермейді.
Жолбарыс
аңшысы ұйып қалған аяғын жазып, еріншек қимылмен, қыл
шылбырға
көгендеулі тұрған шөнжіктерге жақындады. Дəл алдарына
келіп
жүрелей отырды. Ешкайсысы ықпады. Қимылсыз күйде қалт
тынған
. Аңшы ышқына ыржиып, итше ырылдап еді. Қорыкпады. Қол
созып
, шеткі, ең кішкентайын ала берген. Құртакандай қызыл тарғыл
шөнжік
лып етіп алдыңғы оң аяғымен салып қалды да, ызалана
ырылдап
, білектен қарпыды. Күш аз, тіс тұқыл. Аңшының қолы ауырған
да
, қанаған да жоқ. Бірақ ішін тарта таңырқаған. “Шөнжік деп
қомсынба
, мысық емес — жолбарыс“. Жолбарыс. Жолбарыс
болғандықтан
да... Аңшы шөнжікті желкесінен кысып тұрып, көгеннен
босатып
алды. Тарғыл күшік қайтадан дəрменсіз, сəби кепке түскен.
Сəби
... Кенет Қосаяқтың кеудесінен өксіген айқай шықты. Тырбаңдап
тұрған
шөнжікті шолақ құйрығымен қоса, артқы екі сирақтан ұстады
да
, керіле құлаштап, жерге сокты. Қолы-басы дірілдей, кұтыра
қимылдап
, қалған екі шөнжікгі де шешіп алды. Екеуін екі қолымен
шиыра
сілтеп, жиденің жуан діңіне ұрды. Жасына жетпей жау қолына
түскен
, бір салғанда-ак бастары айрылып, омырткалары үзіліп,
кабырғалары
қаусаған жолбарыс балалары шиқ етіп дыбыс шығаруға да
шамалары
келмей, демдері үзілген.
3
Мейірімсіз
Қосаяқ — Шақан еді. Елден аулактап, иенге шыққалы. аптап
жазда
жастыққа басы тимей, тоғай тінтіп, қамыс сүзіп, құм кешіп,
қакаған
қыста қар астына түнеп, мұз үстіне от жағып, тынымсыз із
кескелі
, бөріше бой түзеп, жолбарысша жалғыз жортқалы қаншама
заман
. Күн, ай есебін білмейді, жыл санамайды. Тəңірінің төрт мезгілі
онсыз
да алмасып жатыр. Күн мен түн тынымсыз кезектеседі. Бəрі де
адам
еркінен тыс. Бұлт шығады — жаңбыр, иə кар жауады. Жел тұрады
— дауыл, иə боран соғады. Тоқтата алмайсың. Ендеше, құмырсқа,
жолыңды
біл.


Шақан
өз жолын білетін. Қапшағайдан Құйғанға дейін Іленің екі
жағасын
, Топар, Қара өзек, Жиделі аталатын үлкенді-кішілі
тарамдарын
тегіс сүзіп шықты. Аумағы айшылық Көкше теңізді қыс,
жаз
демей, барлық түбек, қойнауын тазарта тінтіп, екі мəрте айналып
өтті
. Əлі талай сүзбек, талай айналмақ. Өйткені Шақанның өз есебі бар
еді
. Ай, күн есебі емес. Мал, жан есебі емес. Жолбарыс есебі.
Балқаштың
сыртында — Арқа бетте бес-алтау. Шығыста — Алакөл
атырабында
, Лепсі, Ақсу өзендерінің етегінде оншақты. Берірек —
Қаратал
аңғарында екі-ушеу. Қайда барсаң сыңсыған қазақ, қаптаған
жылқы
мен қой. Жолбарыс түгілі бөрі бой тасалар жер қалмағандай.
Тек
Іленің етегі ғана. Қоныстан тысқары емес. Бірақ тоғайы бітік,
қамысы
тутас. Əрі жазға карай, ел қан жайлау — салқын самалды
Көкжотаға
шығып кеткенде мүлде иен калады. Сондықтан да көп. Əлде
қырық
, елу. Əлде жетпіс, сексен. Жүзден асып кетуі де мүмкін. Көп.
Бірақ
сансыз емес. Сансыз болған. Ел өскен сайын азая берген. Енді
міне
. Көп болса жүз.
Бұл
— тірі жолбарыстың есебі. Өлі жолбарыс — ага-бабасы нешеме
ықылым
заманнан бері соғып алған тарғыл тағы емес, тек өзі — осы
жолға
түскеннен бері өзі ғана аулап, терісін сыпырған жолбарыс саны
нақты
— осымен отыз бес. Үлкенді-кішілі шөнжіктерімен қосып
санаса
екі есе.
Отыз
бес. Өзі тілеп отыз бес мəрте ажалмен беттесіпті. Отыз бесінде де
жеңіп
шығыпты. Ойлап тұрса, ең оңайы, ең олжалысы — бүгінгі айқас
екен
. Істің сəті ғана емес, жігіттің еп, қайраты, əдіс, айласы шешкен.
Бірақ
жүйкем тітіркенбеді, кеуілім қобалжымады деп айта алмас еді.
Тітіренген
, қобалжыған. Жолбарыстың ізін көргенде дір етпес жүрек
жоқ
. Шерінің кылпуын шалғанда лоблымас дəт жок. Ал бетпе-бет
келгенде
... темір өзек, корғасын табан керек. Ізденіп, тіленіп жүрсең де.
Бұл
жолы да солай болған. Кəрі қаншырды өзеннің арғы бетінен көріп
еді
. Бірнеше күн із кесіп, ештеңе іліндірмеген. Із бар, жаңа із.
Тоғайдағы
саздауыт көгалдан көреді, жағадағы қиыршық құмнан
көреді
. Тіпті, қамыс арасынан екі-үш күн қатарынан желініп, төрт
бақайы
ғана калған мегежіннің қан-жынды қалдығын тапқан. Қаптаған


із
. Бірақ өзі жоқ. Із ойламаған жерден шығады, күтпеген жерден үзіледі.
Ақыры
тапты.
Аспандағы
күн дөңгелене зорайып, балқи ұшқындаған кызыл сары шоқ
темірге
айналған. Қамыс іші қою ұйыған қапырық ауа. Тоғайдың өзінде
кең
тыныс жоқ. Шақан талды, жайпақ жағаға тыр жалаңаш шешініп,
бұл
тұста ағысы баяу, беті тымық Іленің суына шомды. Малтуы
шамалы
болғандықтан, айдынға шықпай, жиектей жалдап, ағынға
қарсы
жүзген. Бойын сергіткен салкын суды қызықтап, шешінген
жерінен
əжептəуір ұзап кетіпті. Сол кезде көрді. Əуелде қарсы беттен
сары
ала көлеңке селбең еткендей еді, ізінше үлкен балықтың шоршып
құлағанындай
, бірақ одан əлдеқайда зор дыбыс естілді. Үлкен суда кісі
жұтатын
жайын болады десетін. Бойы сескенген Шақан суға төнген тал
бұтағынан
ұстап, жағаға шықты. Шыққан бетте ішегін тарта
таңырқаған
. Тура қарсыда, өзеннің қақ ортасында суды сүзе айырып,
əлденедей
наһан балык жүзіп келеді. Қалтқыша қылтиған тұмсығынан
үшкіл
бұрышты толқын тарап, бүкіл денесі су астында найкала
малтыған
— балық емес, жолбарыс екенін Шақан келер сəтте ғана
андады
. Жүрегі зырқ етіп, табанына түскен. Қару алыста. Шыға қангуға
жар
жағасы бітік. Тіпті, ойланар уақыт қалмаған. Жолбарыс тұпа-тура
жүзген
беті өзеннің ортасынан аса берді де, өрге карай, бір қырын
салды
. Кісіні көрмепті. Бірақ кез келген сəтте көруі мүмкін. Шақан
қалың
бұта арасына тығыла түскен. Жолбарыс иманын айтып, дəтін
əрең
бекіткен Шаканнан он шақгы қадамдай ғана жерден. түктері
ағынмен
толқына құбылып, əсем жүзіп өтті де, қалт бұрылып жағаға
беттеді
. Тұмсығы тықыр, таргылы қалың, зор денелі жолбарыс шылбыр
бойы
ғана шамада, өзенге көлденендей жығылған ағаш сыртында судан
салп
етіп атқып шықты. Дөкір үнді алып мысыкша бырс етті де, дүр
сілкінді
. Жолбарыстың үстінен шашыраған су тамшыларының
жапыраққа
сіркіреген дыбысына дейін естілген. Шақан демін ішіне
тартып
, бүрісе түсті. Бірақ өзінен бес-ақ қадам жерде ата жауы
отырғанын
андамаған жолбарыс оны көп қинамаған. Тағы бір сілкініп,
керіле
есінеді де, қалт тынды. Төбе құйқасы шымырлаған Шақан ақыра
тұруға
шақ қалды. Бірақ келер сəтте əріректен бұтаға бұта соғылғандай
əлсіз
дыбыс естілген. Тағы да өлі тыныштық. Шақан қимылсыз, тілсіз
қалыпта
көп отырды. Көлеңкеше қозғалатын, қандай калыңда да


сыбдырсыз
, тысырсыз жүретін жолбарыстың бұл арадан алыста екенін
толық
түйсінгенмен, сактықтан зиян жок. Ақыры су кешіп, мылтығына
əрең
жетті. Жар басынан андып отырып, кешке қарай жолбарыстың
қарсы
бетке қайта жүзіп өгкенін көрді. Білте тұтатып, су ішінде
алақандай
ғана тұмсықтан, жағаға шықкан соң қақпақтай қос
жаурыннан
нысанаға іліндірген, бірақ шүріппені баспады, мүлт
кетермін
, тигізсем де жалпасынан түсірмеспін, шошытып алармын деп
қауіптенген
. Ертеңіне тоскауыл жасады. Мылтығын құрып қойып, екі-
үш
күн күтті. Ақыры бұл — арлан емес, қаншыр екеніне, арғы бетте
шөнжік
толы ұясы барына көзі жеткен соң, сал буып, өзі де өзеннен
өткен
. Жолбарыс жатағын оңай тапты. Алыстан, биік ағаш басынан
қарауылдап
, азаннан аңға шыққанын да, түс ауа тайдай қабан алып,
қайтып
келгенін де көзімен көрді. Мана барлап қойған ін аузына
келгенде
бір сəт қобалжып, тəңіріден күш, аруактан медет сұраған.
Дəтін
бекітіп, жолбарыстың үңгіме ініне еңбектей кірген. Осыдан
бұрын
неше мəрте атқанындай, бұл жолы да кас жауын қақ маңдайдан
жайратып
саларына сенген. Бірақ сенімнен ерлік басым болатын. Ал
ажалға
бас байлаған жанкешті қимылға нəр берген — өшпенділік еді.
4
Жылдан
астам ұзақ сапардан соң Аркадан жақында ғана оралған. Ол
жақтағы
қаймағы бұзылмаған қалың қазақ риясыз қарсылап еді.
Алаштан
асьш туған ұл деген. Батыр барымта қуып, бүркіт тышқан
аулаған
заманда кейінгі жас балаға жол көрсетер аға деген. Ақсақал
батасымен
алкады. Аналар ортадан ойып, отау көтеріп беруге
құмартқан
. Ару кыз... аяулы жар бар бақытын осының жолына байлады.
Өшкені
жанып, өлгені тірілетін еді. Бірақ өшпенділік — кеудеде қыж-
қыж
қайнаған асау ыза еркіне қоймады. Тұрақтай алмаған Балқаштың
жонын
еркін жайлаған каны бір қарындас арасына. Қанша
толқығанмен
, етігінің басы бері қарай бұрылды да тұрды.
Бұл
— көк теңізді жағалап, сары даланы көбелеп жүрген екінші сапары
еді
. Алғашқы жол аса қиынға түскен; жемнен тарықпаса да, Балқаштың
шығыс
бөлігіне қарай ауысқанда, бір жақ қапталы — жағасы қалың
қопа
, сыңсыған қамысты ащы теңіз, екінші қапталы — ақ селеу, боз


жусанды
сұр жазық болып келетін бірнеше күндік жолда шөлден ұша
жаздаған
. Ойламаған жерден қалың жаңбыр жауып қана тірі қалып еді.
Шақан
көп жерде теңіздің дəл жағасындағы саздақтан жарты құлаш
кұдық
қазса, мөлдір, тұщы су табарын білмепті. Білмегендіктен де
атынан
айрылды. Өзі итжандылығынан ғана аман шықты. Бірақ бұл
тарапта
жолбарыс жоғын анықтаған.
Ол
— жаз еді. Елдің карасын көзі шалса да, маңына бармаған. Көлденең
жұртпен
ұшырасудан қашқан. Солай кашқалақтап жүріп қой, жөн
білмей
шөлге түскені. Балқаштың түстік тұмсығы — батпақты
шығанактан
айналып жаяу аттанған екінші мəрте сапарында да елден
қашты
. Бірақ ұшыраспай тұрмаған. Арқаның алапат боранды қысы
жақындағанда
каншама мал мен жан Көкше теңізден пана табады екен.
Құрағы
тұтас, қопасы мол түбек атаулы толған қой. Жел өтінен тыс
тымық
ұйықта жауын-шашынға ұшырамай, алты ай қыс бойы соныға
бөгеді
де тұрады. Ой мен қыр қаптаған жылқы. Боран соқса, қалың
қамыстың
ықтасын қойнауларына түседі, күн ашылса, түгі жалтырап,
құрым
көде, калың қияқты беткейде тебіндейді. Əлбетте, мал бар
жерде
адам да бар. Орны тұраксыз жылқышылар қостап отырады. Ұзақ
қыска
бір-ақ қонған койшылар қараша, құрым болса да қазан ошағы
мол
, жатар орны кең үй тігеді. Қыстау салуды ін қазып, үңгір қалаумен
парапар
көретін, бір мезгіл болса да жерге орнығуды аса қолайсыз іс,
керек
десеңіз, қорлық санайгын біраз жұрт ауыл-аймағымен ықтасын
қолтыктарға
коныпты. Туырлық, үзік қос қабаттан. Іштен қалың киіз
тұтылған
. Ортада алаулап от жанады. Жылы үй, таза ауа. Өздері
қыстауға
қонып, басы артық мал мен малшыларын бөлігі шығарған,
иіс
, көңіс үстінде отырған ағайындарын қыжыртып күледі. Дарқан
өмір
бізде дейді. Кең дүние біз үшін жаратылған дейді. Ал Шақанға
бəрібір
еді. Ешкімге ұқсамас өз тірлігі бар. Өз жолы бар.
Алғашқы
қарды Сарышыған түбегінде басты. Желсіз, тымық, ұзақ
түнде
бірқалыпты, токтаусыз қапалақтаған қар таң ата аяк астындағы
сортаң
жазықты, алыстағы қырат, белесті, көз көрім алапты тегіс тап-
таза
, калың, аппақ мамықпен бүркей жапқанда, кеше ғана бозара
сұрланып
жатқан теңіз шаңқан көк гүске енген. Алыс көкжиектен,
теңкие
төңкерілген ұшан су үстінен қинала қызарып шыққан күн
шапағының
өзінде көгілжім рең бар. Кең тынысты шыңылтыр ауада


салмақсыз
, ірі түйіршікті, сиқырлы құмдай сусыған көбік қарды
тобықтан
кешіп, соншалық жеңіл жүрген. Кеше, жер қарада сұлбасы
шалынған
ну түбектің қайың, теректі, иіле сіресіп, тығыздала түскен
қалың
қау басқан жіңішке мойнағынан жүрегі дүпілдей аттады. Құба-
мерген
талай əңгімелеген сырлы қоныс. Баяғыда, ақ патшаның
дүмпуіне
шыдамай, Арқадан ауған бүлікшіл хан осы, қорғанышы берік,
малға
жай, жанға тыныш түбекте ең катерді қысты өткеріпті. Неше
жылғы
тынымсыз сүргіннен ес жиып, түстіктегі елді дəргейіне
келтіріпті
, қылышы қынабына сыймай, тағы да жорық жолына түсіпті.
Шақанды
голқытқан — хан бас тіккен катерлі іс емес, Құба-мерген куə
болған
канды ұрыстар да емес, əкесі — сол дүбірге косылып, дұрбелең
жылдарда
басын жойған, ат жалына қолы еркін жетпеген жалғыз ұлын
жетім
қалдырған қайран көкесі; ол да осындай кыраулы күндердің
бірінде
осы мойнақтан аттаған, дəл осы түбекте шерік түзесіп, караңғы
көрге
қарай нық қадам басқан. Шақан осыдан екі жыл бұрын, қақаған
кыста
тал, терек жапкан жіңішке мойнақты аңдамай, тұсынан өте
шығыпты
. Қайырылуға кеш болған. Енді арнайы келіп тұр.
Түбек
иен екен. Көлеңдеген қара, көлбеген түтін жоқ. Адам лебі, мал ізі
байқалмайды
. Бірақ иесіз емес. Биік терек түбінде, жапырақ төсеніп,
қамсыз
, еркін тыныстаған Шақан таң алдында жолбарыстың өктем
арылынан
оянған-ды. Тұспалы тура шықты. Түбекке бойлап ене
бергенде
қарсы беттен — калың түкпірден өкси іш тартқан мауығыңқы
үн
естілді. “һуун-уунн!..“ Қыналаған қаншыр. “һу-унн.. — Кел! Кел!
Мен
мұндамын!“ Ішін жалаған ыстыққа ем іздеген, үміт пен торығу
аралас
өзгеше əуен. Кенет əлдеқайдан үзіліп-талып, нақты жауап жетті.
“һауңгх!! — Мен! Мен бармын!“ — дейді жалғызсырап, əлде айқас тілеп
шабынған
арлан жолбарыс. Бір сəт құлак шьщылдаған тыныштық
орнады
. Келер мезетте екі жақты жұбаптасу айқын мағына тапты. “Кел,
кел
! Мұнда, мұнда!..“ — “Қазір, қазір! Барам, барам!..“ Кенет қақ
желкеден
, тым жақын жерден аршынды, ызалы дауыс шықты. “һаауңгх-
ауңгхх
!.. — Жоқ, мен! Менікі!“
Тың
тыңдап, із бағып, өте сак келе жатқан, мауыққан қаншырдың
алғашқы
əнінен соң-ақ бұта тасалап, бой жасырған Шақан қай
дауысгың
қай шамадан шыққанын нақты танып та үлгермеді, калың қар
жапқан
, бітеу шалғын ұйыса бұйраланған ашық аласқа шері-мияуға


басып
, ыңырси үздіккен үнмен жеңіл жорткан сары бауыр, үлкен
қаншыр
шыға келді. Көлденеңдей бере қалт тынған. Сол мезетте
Шақанның
дəл қасынан əлденедей сары жел зу етіп өте шықты. Артта
жолбарыс
барын, оның қазір таяу жерден өтерін біліп, қай жақтан
қараса
да көзге оңай шалынбас қалың бұта ішінде отырған Шақан
сескеніп
те үлгермеді. Бауыры жазылып, секіре жортқан арлан
қаншырға
қарай тіке тарткан. Екпінін бəсеңдетпеген қалпы есік пен
төрдей
келгенде қар боратып, төрт тағандай тұра қалды. Қаншыр
дөрекі
дауыспен мауыққан мысықша пыр етіп, кұйрығын соза, белін
қайқайта
, жер бауырлай керілген. Содан соң майыса толқып, арланды
айналып
өтті. Айрықша ұнаса керек, пысқыра пырылдап, тұмсығына
тұмсық
тигізіп жаланды да, еркелей сүйкенді. Содан соң бауырын қарға
көміп
жата кеткен.
Осы
мезетте мана алысырактан үн қатқан екінші жолбарыс та жетті.
Бауыр
жүні толық түлемеген, шабысы ауыр, бесті аттай ұзын,
дөңбектей
жуан, төртпақ, кəрі арлан екен. Қаншырға қараған да жоқ.
Бұрын
келген, түр-тұлғасына салса өзінен əлдеқайда еңселі, бар бітісі
қайрат
пен кажырдан ғана құйылған айбарлы жас арланға бас салды.
Қайтпас
жаулық жолындағы қос жыртқыш шапши тіктесіп, аяқтары
айқаса
арылдасты да, каржыса шайнасты, езулерін қан жуып,
кұйрықтары
жер сабалап, жұлқыса бұратылып, кабаттаса құлады.
Тымық
ауаны ызалы айбат шашқан арсыл-гүрсілге толтырып, қар
бората
алысып, төңірегін ақ түтек топырға айналдырды. Келер сəтте
кақ
айрылып, мысық табандай шегіністі, құйрықтарымен қамшыласа
жер
бауырлап, қаһар шаша айбаттанып, аяқтарын бауырға жиды да,
құйын
көтерген қызыл сары жалындай атылысып, өзін-өзі жұлып,
өзімен
-өзі арпалысқан үйдек— түйдек, біртұтас денеге айналды.
Бұталарды
жапыра тапап, оқшау өскен жас кайың, топтана шыққан
ешкі
талдарды сытырлата сындырып, тепкінді серпін, қуатты
тегеурінмен
, қайыспас қайрат, мұқалмас қажырмен, күшке күш, ызаға
ыза
қоса, өшпенді кекпен ғаламат күреске түскен қос жолбарыстың
тұншыққан
арыл, қыстыққан айбат толы үндерінен қақырай сөгілген
жара
, шашырай төгілген қан ғана емес, азапты айқас боршалаған
тəннің
түршіге тітіренген қиналысы айқын аңғарылган. Бірақ шегініс
жоқ
, не салтанатпен, не қазамен аякталар жанкешті соғыс. Өйткені бұл


— ер намысы гаразыға түскен айқас еді. Одан да мəндісі — ертеңгі
нəсіл
үшін, өзінен соңғы ұрпақ жалғастығы үшін талас еді. Ал ұрғашы
— дəл осы сəтте араздық себебі болған, екі арланның біріне ажал
шақырған
, енді алапат айқастың тезірек бітуін ғана күткен қаншыр
шыдамсыздана
орнынан тұрып, сынған бұта, жапырылған шөпті
иіскелеп
, кеудесін керіп, кұйрығын созып, мауыға жер бауырлап, əбден
берекесі
кетті. Оған да кінə жок. Өмір еншісі, табиғат сыйы. Əуелі кім
кездессе
. Сосын кім жеңсе. Ал мына, бірі — жас, қайратты, бірі — əккі,
кажырлы
екі арланның оңайлықпен жеңісер түрі көрінбеді. Үсті-
бастары
қызыл канға батып, айрылыса тоғысып, шапши шайнасып,
түйдектеле
алысқан беттері қалыңға кірді. Шақан мойнын қанша
созғанмен
, əр тұста, биік теректердің басына қонған ұлпа қарлардың
дір
етіп төгілгенінен бөтен ештеңе көрінбеді. Арыл мен гүжіл де
алыстап
, əлсірей түскен. Бірақ айқастың тоқталмағаны, қайта əбден
қызып
, ең қанды, ең қатерлі, шешуші сəтіне жеткені андалған. Қаншыр
құлағы
жымиып, мойнын соза тың тыңдаған калпы, мысықша шоқиып,
теріс
қарап отыр. Не болса да акырын тосқан, келешектен үміті
кесілмеген
кəрі жесір сияқты. Шақан бұта, талдарды тасалап, айнала
жылжып
, майдан алаңынан елу-алпыс кадамдай ғана жерге жетті.
Қапысыз
нысана. Бірак мылтыққа от коюдан тартынған. Арландар
айқасының
артын күтпек. Көп уакыт өткен жок, тоғай түкпірінен
ышқына
қарлыққан арыл естілді. Əлде дəрмен кетіп, қансыраған
тəсілім
дауыс, əлде жауын бүктеп жыққан, өзінің де дымы құрыған
жеңіс
үні. Қаншыр дір етіп атып тұрды. Бауырын жазып керіле бере,
төрт
аяғымен бірдей тарпи шашып, қар боратты. Үздіге дауыс салды.
“һəууун-һуунн... — Сен екенсің ғой... бар екенсің ғой! Кел! Кел! Мен
мұндамын
— ...уунн...“ Сол сəтінде қалыңнан көзі шатынаған, езуі
жыртылған
, үсті басын қызыл ала қан жапқан, жатаған бітімді бесті
айғырдай
зор жолбарыс шыға келді. Кеуделей желген беті каншырдың
касына
тақай бере, екі бүйірін соға ентігіп, тілі салақтап, теңселіп
тұрып
калды. Бұл — мына арттан жеткен, сабалақ бауыр кəрі арлан еді.
Жаңа
ғана жас арланға қылымсыған қаншыр мынаның қан төгіп,
қыршын
қиып келгеніне де, əлі кұрып, есеңгіреп тұрғанына да
қарамады
, шыр айналып кызықтыра бастады, тұмсығына тұмсық
тигізді
, бауырындағы қанын жалады, бөксесімен сүйкеніп, кеудеден
итермеледі
, ақыры ырқына көндірген. Жас жолбарыспен қан кешіп


алысқан
, бар қайратын сарқыған кəрі тарланның əлі де бір тарпым
қауқары
бар екен. Шакан мылтыққа от қойды да, қаншырды желкеден
бүріп
, төрт аяқтай сауырлаған каксал арланды күдірейген қос
жауырыннан
нысанаға ала бере, білтені кайта өшірді. Обал болар деген.
Адам
үлы ғана емес, жан-жануар атаулының бəріне тəн, дарқан тəңірі
сыйын
лайламайын деп отырып, апаш-құпаш, сəтті мезетін өткізіп
алыпты
. Енді жолбарыс екеу. Маужырай керіліп, қатар жатыр. Біреуін
жалпасынан
түсірдің. Екіншісі көрмей ме. Үңғысы үзын қара
мылтықты
қайта оқтағанша төбенді ойып, желксңді қимай ма.
Батырлық
жолын — жолбарыс аушы дейтін ата кəсібін жаңа бастаған,
əлі
тəжірибе жинактап үлгермеген Шақан жүрегі ер, мінезі мəрт
жолбарыстың
жолдасқа опасы жоғын, дене қызған, таң ауырлаған кезде
ғана
серіктесетінін, əманда жалғыз жортып, жеке басы үшін ғана тірлік
кешетінін
əлі бағамдап, танымаған еді. Қайрагы кемел жыртқыш
тобымен
жүрген кездің өзінде адамнан ығатынын, қазір орнынан
айқайлап
атып тұрса, нешеу болса да жылыстап жөнелерін білмейтін.
Көңілі
шынымен-ақ кілегейлене бастады. Шегінер жол тағы қиын
сияқты
— тысыры, сыбдыры аңдалмай қалмайды. Артын күтіп, бұға
түскен
. Бірақ қаруы сай, айқаска əзір. Сүт пісірімдей уақыт өткен жоқ,
ентігін
басып, есін жиған, үстінен жылыстай аққан кан
қарақошқылданып
ката бастаған саркідір арлан қайтадан күшіне енген.
Білтеге
от қойған Шақан тағы да шүріппеге қолы бармай, бөгеліп
қалды
.
Енді
ғана шын жарастық тапқан егіз жолбарыс орындарынан
созаландай
тұрды да, калың қауды бүркей жапқан күпсек қарды
кеуделей
тіліп, еркелене ойнап, алаңқайдың екінші жағына шықты.
Қатерден
жаңа ғана аулақтаған Шақан уһ деп дем алып үлгермеді, кəрі
тарлан
жаңағы алмағайып, қатерлі күресінің тағы бір төлеуін сұраған.
Шақан
басын шайқап, жерге түкірді. “Пəтшағар, жан иесінде мұндай
ынсапсыздық
та болады екен-ау!..“
Анық
аңдады, қос жолбарыс тым қамсыз. Таяқ тастам жерге барсаң
байқамайтын
. Бірақ... дəл қазір емес. Қайткенде де аң патшасы.
Қайткенде
де тəңірі ісі. Бауыры жазылсын, жұбы ажырасын деген.
Оның
үстіне кешеден бері тамақ ішпеген. Келген жолымен кері қайтты.


Арғы
бетке шыға бере, өзінің мана, таңертең жүріп өткен ізі үстіне
баттиған
үлкен, үлкен болғанда, əрқайсысы қарсақ ізіндей жуан төрт
бақайлы
, үшбұрыш түйе табанды — тарбия жазылған алақан
аумағындай
зор, доп-домалак жолбарыс ізі түскенін көрді. Бір жерде
төрттағандап
, қимылсыз тұрыпты. Табан астындағы қар еріп,
мұздақтанып
қалған. Сонау, түбек мойнағынан арыдан соңына түскен
екен
. Мына жерде артынан аңдып. баспалап тұрған. Сосын, қаншырдың
жалғызсырай
мауыққан үні шыққан кезде бəрін ұмытып алға — ауыр
жара
, артық бейнетке, немесе, аяусыз ажалға карай тұра шапқан...
Шақан
жолбарыстың адам ізін басудан именбейтінін бұрын да аңдаған
— əлде əуесқой əдет, əлде əккі жыртқыштық, қайткенде де ауыр
салмағы
бар іс, дəл осы сапарда үлкен қатерден қалғаны анық-ты.
Қалай
аңдамаған. ІІе қар сықырын, не бұта сыбдырын естімепті. Əрине,
шерінің
жүрісі, қимылы өзгеше. Бірақ бұл да саппас. Иə... Шаршаған.
Тынығу
керек. Екеу болар, үшеу болар, тұйық түбектегі жолбарыс
ешқайда
қашпайды. Тек осылар ғана емес. Теңіздің қолат, қойнауы
толы
сияқты. Биыл осы маңайды қыстайды. Қырып салады. Тек сабыр,
сабыр
керек...
Шақан
түбектен ұзап шығып, өзі кешке, түнемеге аялдар алдында
алыстан
көзі шалған, теңізге мінбелей біткен тар сайлы белеңге ден
қойды
. Аса қолайлы көрінген. Егегі қалың қарақат екен. Ағып кеткен,
сауыстана
тізілген. Кеш пісіп, бітеу қатқандары да бар. Шақан бірнеше
уысын
теріп жеп, тандайын жібітті. Содан соң күркеге орын таңдаған.
Алдыңғы
беті ғана ашық, төңірегі бітеу үйтаска тоқтады. Қатерсіз, əрі
отын
-суы жақын. Көңілі жайланған соң, қонышынан жіңішке, ширата
өрілген
, шумак-шумақ қыл алып, тоғай бойлап, құрға, қоянға тұзақ
құруға
кірісті. Қысқы қонысқа қолайлаған қуысына қайтып келіп,
күрке
тігілмек жерді тастан тазартты. Сосын таяу маңнан бітісі түзу
қайың
қия бастады. Сүйретіп əкеп, бұтақтан арылтып, бастарын
байлап
, кісі бойынан биік, шошақ қаңқа тұрғызды. Тал кесіп, шыбық
өріп
, қамсаған соң, бау-бау қамыс орып, қабырғасын қалындап жапқан.
Етегін
таспен бастырып, қармен көміп қойды. Еңкейіп əрең кірер
кішкене
есігі бар, кісі созылып еркін жатар жып-жылы қос пайда
болған
. Тіпті, аяз какап кетсе, қамысты ысырып тастап, от жағуға да
болады
. Шақан беліне байлаған бақырын алып, босағаға койды. Кісесін


шешіп
, төрге ілді. Мылтығын қабырғаға сүйеді. Баспана. Адам мекені.
Тек
төсек жоқ. Əзірше құрақ төсеген. Ертең қызыл тарғыл түгі
құлпырған
қымбат тері салынады. Тек оқ-дəрі өлшеулі. Бірақ
Балкаштың
жыртқыш жалмауызын тұкым-тұяғымен құртуға жетеді.
Жолбарысқа
ғана жұмсау керек.
Қос
құрылып бігкен шақта кеш те батқан. Өзегі талғанын айрықша
сезінген
, жүріс діңкелетіп, ұйкы жеңіп, əбден қалжыраған Шақан кеш
бата
тұзақтарын қарауға шықты. Аркада қырғауыл болмайды. Бірақ аң,
құсы
мол сияқты. Үйден қырық қадам ұзамай жатып, аяқ астынан пыр
етіп
үйірлі шіл ұшқан. Көз көрім жердегі ағаш басы ескі ұядай
карауытқан
, тоқ-тоқ шоқынып, бүршік шақкан құр. Қар беті шимай—
шатпақ
ізден көрінбейді. Тышқанның неше атасы. Күзен, қарсақ, түлкі.
Бірақ
ең көбі — коян сияқты. Жеке-жарым жортқан емес, шұбыра із
салған
; жалғыз-ақ күнде адам аяғы əрең батардай тапалған тарау-тарау
жым
. Осындай жым бойына, қатар өскен екі ағаштың арасына
құрылған
алғашқы тұзақтың өзіне лақтай ақ қоян түсіпті. Тағы бірнеше
қадамнан
соң, тал басында далбырлай асылып тұрған үлкен қара құр
көрінді
. Бар тұзағын адақтамай-ақ олжаға кенелген Шакан қолма-қол
бауыздалған
, қызыл қаны ақ қар бетіне тамшылаған ак қоян мен қара
құрды
салақтата ұстап, жедел басып қосқа келді де, лаулата от жақты.
Алдымен
жүнін асығыс жұлып, қарнын тазалап, істікке шанышып,
сумандаған
жалынға майын шыжылдата, семіз құрды қақтаған.
Дүниедегі
тəтті тамақ екен. Жұқ болмағанмен, əжептəуір əлденіп
қалды
. Бөгелмей қоянның терісін сыпырып, аяқ астында тұрған көл
суына
жуып, мүшелеп бұзып, бақырашқа асты. Түннің бір уағында,
самсаған
суык жұлдызды ашык аспан астында, ұядай жылы қос
алдында
, қызара толқыған шоқ басында жылы ет жеп, ыстық сорпа ішіп
отырғанда
озін дүниедегі ең бақытты, ең азат адам сезінген. Күрке
есігін
жаппаған қалпы, босағадағы толқи құбылған қызыл шоққа қарап
жатып
, қамсыз ұйқыға кірген.
Шақан
ертеңіне де, арғы күні де үйінен ұзамады. Күрке болса да,
көсіліп
жатар баспананы сағыныпты. Күздің қара суығында тынымсыз
тіміскіленген
, еш жерде бел бүкпеген азапты сапардан шаршапты.
Еркін
тыныспен шымырап ұйықтамаған суық түндерден қажыпты. Ет
жеп
, сорпа ішіп əл жиды. Армансыз ұйықтап, əбден тынықты. Қос


төңірегін
барлап, аң мен құстың молын көрді. Əйтсе де, қыраулы,
боранды
күндерде астан тарығып қалмас үшін қырға шығып, шаңырақ
мүйіз
зау құлжа атып алды. Қарнын ақтарып, қан-жыннан
арылтқанмен
, көтеріп жүре алмады, көк талдан сүйреткі жасап, үйге
əрең
жеткізген. Енді кос артынан шарбақ токып, шағын шошала
жасады
. Арқардың етін мүшелеп бұзып, көлденең сырықтарға самсата
байлап
қойған. Арада апта өткен соң ғана, жаңа кар жауған кан сонар
күні
таң бозында жолбарыс жайлаған тұйық түбекке келіп кірді.
Қай
тарапка барсаң да қайнаған тіршілік еді. Қырда қаптаған киік,
тауда
шығандай өрген арқар. Тоғайда бұка мойын бұлан, елең кұлақ
елік
. Қамыста шұбырған шошқа. Ағаш басы қаптаған құр. Аяқ асты —
секендеген
қоян, пыр-пыр ұшқан шіл мен бұлдырық. Мың тарау шимай
із
. Сан қилы дыбыс. Бір кезде дүбірлі қиқуға толған, енді қоныстан тыс
қалған
, тай шаптырым аумағы бар шағын түбек те мұлде караң емес
сияқты
. Қар беті толы айқыш-ұйқыш тышқан ізі. Көсіле жортқан қоян.
Баспалай
баққан тұлкі. Енді бір тұста кең аланды көлденеңдей кесіп
үлкен
қабан өтіпті. Бірақ бұршақты сел алдындағы тымырсық сезіледі.
Тіпті
, үйір-үйме, сида көк тал басында əредік отырған құрлардың өзі
сақтықпен
, еппен шоқынатындай. Тек ала қанат сауысқан ғана еркін.
Осы
өңірдің шын қожасы солар сияқты. Жекелей де, тобымен де ұшып
жүр
. Əрине, жолбарыс жайлаған жерде жемтік мол. Жемтік мол жерде
ең
алдымен құзғындардың құдайы жарылқайды. Бірақ ақыр түбінде
өздеріне
азық тауып берген иесін аранға жығады. Бұл жолы да солай
болды
. Шақан сауысқандардың ұшып, конғанынан, əртүрлі үнмен
шықылықтаған
даусынан қай тұста жемтік жатқанын ғана емес,
жолбарыстардың
өздерінің де қай шамада жүргенін анык шамалады.
Алдымен
бұқпантайлай, еппен жылжып, із кескен. Түбек түкпіріндегі
қалың
қамыс жақтан шығып, кайың, тал аралас тоғай бетке өтіпті. Кең
адымдап
, бірінің ізін екіншісі дəлме-дəл баса жүрген. Əлде екеу. Əлде
үшеу
. Бес-алтау болуы да мүмкін. Жоқ, ең үстіндегі із үлкен арландікі.
Кəрі
арлан. Табанының бүріне дейін тозған. Үйірлі болса, артта жас
жолбарыстар
, ересек шөнжіктер жүруге тиіс. Солай болды. Ойпаңға
біткен
, жеке өскен қара ағаш түбіне жете бергенде, алда келе жатқан
каншыр
көлденендей ойқастап, арланға еркелеген сиякты. Бір орында
шыр
айналып, əжептəуір жерді тапап тастапты. Бірак арлан бөгелмей,


алға
жүре берген. Енді бармақтары тарбиған, дөп-дөңгелек, үлкен
іздердің
үстінде қаншырдың сида, сопақша ізі айқын көрінеді. Арлан
ізін
дəлме дəл баса да бермейді. Алга еміне асыққаны байқалады.
Шақан
жолбарыс соқпағымен тура жүрмей, көлденеңдеп, елу кадамдай
қырын
шықты. Əу баста жіберген қатесін жаңа үққан, ендігісі тек
өлермендік
қана. Ашыкка шыққанда, əрине, көзге түсті. Қазір кос
жолбарыс
катарынан баспалап, мұның əр қимылын бағуда. Енді
атылған
бетте алып түсер он-он бес кадам жерге келуін ғана күтіп
жатыр
. Көлеңкесі қашып, сида теректер тарамдана, айқын көрінген,
жап
-жарық тоғай ішін қанша тінте қарағанмен, сезікті ештеңе
шалынбады
. Анау — жартылай кар баскан, жапырағы түгел түспеген
көлденең
бұтақ, анау — шіріп құлаған қу ағаш... Жолбарыстар тоғай
шетіне
тоқтамай, ары асыпты. Əйтсе де Шақан сақтығын күшейте
түсті
. Мылтығын ыңғайлап, шақпағын қолына алған. Шиырылған
шерінің
серіппедей созылып, ытқи атылар сəтінен қас қағымдай ғана
озса
бітті. Жерде болмаса, ауада атып үлгереді. Үлгермеуі де мүмкін.
Жолбарыс
ізімен қапталдаса, қырындай жылжыған беті тоғай шетіне
ілінер
-ілінбесте шақпақ шағып, қара мылтықтың майлы білтесіне от
қойды
. Неге екенін өзі де білмейді, жолбарыстың тым жақын екенін,
тіпті
, аяқ астында жатқанын бар жүйкесімен сезінген. Жүрек қалыпты
соғады
. Қол дірілсіз. Дем салқын. Қисық өскен қайыңға мылтығын арта
сүйеніп
, ілгеріге, жан-жағына қараған. Ештеңе жоқ. Бекер сезіктеніпті.
Білтені
өшіре бере дір етті. Манадан бері қаншама рет көрген,
жыртылай
қар көмген қу бұгағы — бауырын, тамағын ақтаңдақ түк
баскан
, сары тарғыл жолбарыстың өзі екен. Он-ақ қадам жерде. Жалғыз
емес
, екеу. Əнеугі ойын əлі тарқамапты.
Шақан
бір сəт аңырып тұрып қалды. Неткен тойымсыз пəтшағар.
Баурынан
жараған бедеу ат үстінде шалкая шіренгенде қола үзеңгіні
қақ
айырар ер жігіттің жылдық жұмысын жолбарыстың кəрісі
айналасы
бірер аптада атқарып кететін болды ғой!.. Шақанның
караптан
қарап тұрып ызасы келді. Мұның обал, сауабын ойласа, ай
бойы
артын күзетеді екен. Қазір арланды жусатады. Одан соңғысы
құдайдың
қолында.


Нысана
өте қолайсыз еді. Төстей шоңқиған арлан ары қарап, қиғаш
жатыр
. Шақан құлақ шекеден кесе көздеді. Қарауылды мүлтіксіз алып,
шүріппені
дірілсіз тартқан. Мылтықтың құлағы оттыка кептеле
тірелгенде
аспаннан жай ұрғандай селк етті. Қырсыккан кұдай. Əлде
жолбарыстың
пысы, əлде білтенің қарая жанып, күлденіп кетуі —
мылтық
от алмаған. Шақан майлы шуданы укалай тазартып, қолы сəл-
пəл
дірілдеп тұрып, қайтадан шақпақ шақты. Əдетте бірден ұшқын
шашып
, қу тезекке шоқ түсіретін асыл жарқырай қылауланғанмен,
жіңішке
білте эрең тұтанды. Ал жолбарыс тас атып, дабыл қағып
жатсаң
да ештеңе сезер емес. Сол ес пен түс арасында, ажалдың қайдан
келгенін
аңдамаған күйінде, арттан, құлақ шекеден ұрған ауыр
қорғасын
қақ мандайды қақырата талқандап өткенде қасасы
жиылмаған
, өңкие созылған қалпы сылқ түсті.
Шақан
таңғы аязбен шытынаған тоғайды жаңғырықтырған гүрсіл
басылып
, көз алдын көлегейлеген қара көк түтін тарқамастан, жіті
қимылмен
мойнындағы окшантайдан жеке атар оқ алып, ұңғыға салды
да
. ұзын сүмбімен нығыздап оқпанға түсірді. Қолма-қол шақпак
шағып
, білтеге от қойған. Бірақ атып үлгермеді. Жан серігін аударып
тастап
, ышқына қашқан екінші жолбарыстың шұбатылған құйрығы
мен
боз ала таңын ғана көзі шалып калды.
Бірақ
адам сияқты, жан-жануардың да кесімді тағдыры бар. Қаншыр
тіпті
оңай түсті. Ертеңіне, анада кəрі арланмен таласта қирай жеңілген,
бауырдағы
көк ет ескі торсықтай сөгіліп, ішек-қарны шұбатылған,
ақыры
қансырап өлген жас жолбарыстың өлігін тапты. Сауысқан
шоқып
тастағанмен, аязда сіресе қатқан терісі көп бүлінбепті. Еншілі
олжасын
тастап кетуге қимай, қалай сыпырудың амалын ойлап
отырып
, арлан жолбарысша ақырып көріп еді. Үқсайды. Өзіне-өзі риза
болып
, тағы дыбыстады. Сол кезде əлдеқайдан қаншырдың созыла
уілдеген
даусы жетті. Серігін жоқтап жүрсе керек. Шақан тағы да
арылдай
жөтелген. Енді қаншырдың үні жакынырақ жерден естілді.
Шақан
биік айыр бұтақгы, жуан еменнің басына шығып, мылтығын
сайлады
. Танылып қап, үркітіп алармын деген қауіппен одан ары
жұбаптаспады
. Тек бір рет қана, қысқа қайырып, ышқына өксіген. Көп
ұзамай
қаншыр да көрінді. Жеңіл жортып, дəл емен түбіне келді.
Қауіпсіз
жерде отырған Шакан өкпесін тесе, кара қабырғадан атып еді.


Жолбарыс
етпетінен түсті де, атып түрып, кайта жығылды. Ағаш
басындағы
ажал мергенін осы кезде ғана көрді. Алып түспек болып,
шапши
атылды. Биік бұтаққа жете алмаған. Бірак тайсалмады да
қашпады
. Арылдай қан құсып, үсті-үстіне секірген. Емен түбі опыр-
топыр
, қып-кызыл қорыс болды. Шақан айқайлап көрді, мылтығын
шошаңдатып
көрді. Жолбарыс бұрынғыдан əрмен ызаланды, əлсіреп,
құлау
орнына күш үстіне күш қосылғандай. Бір жолы, тіпті, Шақанды
аяғынан
іліп түсуге аз-ак қалды. Омыртқасын үзген екінші оқтан соң
ғана
құлаған. Арты салбырап қалса да, алдыңғы аяғымен тыпырлай қар
боратып
, қан-қан, сойдақ азуларымен опырып мұз шайнап, көп
қиналды
. Əрең тыншыған.
5
Балқаштың
қамысы енсіз, тоғайы жұтаң Арқа бетінде жолбарыс аз еді.
Тұйық
түбектегі жеңіл еңбек, мол олжалы сəтті аудан соң теңіз
жағалап
, əлденеше күн сонарлағанда көмескі, жалғыз-ақ ізге жолықты.
Қырға
шығып кетіпті. Қалың күртікгі омбылай ойған, үстін қырбақ қар
басқан
сорап жетегімен бүл да ошақты қос іргесінен аулақтаған.
Жолбарыс
əуелде жеңіл жортып, түп-түп ши, қалың қияқ өскен
жазаңды
кесіп өтіпті де, қары күпсек, тобылғылы шұбарға ілінген соң,
əр
төбенің басына бір шығып, карауыл қарапты. Одан ары қайтадан
ойға
түсті ме деп еді, ап— айқын, аумағы атан түйенің табанындай
ғана
, бес-алты жасар жолбарыс ізі алда қарауыта керілген қалың
қараған
жаққа беттепті. Əлде каңғыбас, əлде машықты сүрлеу,
үйреншікті
кəсібі бар пəле болды. Қайткенде де қара мылтықтың канды
аузынан
кұтылмақ емес.
Кеш
батып қалған еді. Шақан бір түп тал өскен ықтасын мүйіске
бүрылды
, коде жұлып, шопшек сындырып, шырпы түтатты, қу ағаш,
үлкен
томар жинап, алау жақты. Белде, кіседе жүрген, қатқан-құтқан
жол
азығын қаужап, от басына, қар үстіне қисая кеткен.
Түнере
көлеңкеленген акшулан қар мен самсай жанған жұлдыздан
баска
сəуле жоқ, кап-караңғы түн ортасында кермек дəм, жайсыз
сезіммен
селк етіп оянды. Əлдеқайдан жылқы шұрқырағандай. Басын
көтеріп
, тың тыңдап еді, тып-тыныш. Түс көрген, не құлағы шулаған


болды
. Жолбарыс жақы қанша жылы болғанмен, тоңазып калыпты.
Ошақта
қабара қызарған бозғыл күл ғана көрінеді. Қайран сексеуілдің
шоғы
. Шақан от орнын қағыстырып, күйелеш, шолақ шалаларды қайта
тұтатты
да, үстіне мол етіп отын үйді. Сапымен кесіп алған көк тал
быкси
бытырлап, шалқи түтіндеп, əбден берекені кетірген. Ақыры
пысылдай
шыжылдап жана бастады. Енді қауіп жоқ. Жолбарыс дəл
желкенде
тұрса да отқа шаппайды. Шапқан қайда, кыр асып, бой
тасалауға
тырысады. Бірақ ұйқыдан маза қашты. Шакан кісе түбінде
жатқан
, қол басындай арқар етін отқа қалап, жылытып жеді, шөлдеп,
тал
түбіне тұнған аппақ қардан уыстай шайнады, алыста, жайқын
теңіздің
арғы бетінде қалған, табиғаты да, болмыс, бітісі де мүлде
бөлек
, қысы жұмсақ, саясы мол, туған өлкесін есіне алды. Ол жақтағы
ел
-жұрт, мұның өлі-тірісінен бейхабар ағайын— туған, Іленің
ұйығындағы
адыра, тұл, қараша үй... Аса жайсыз хал кешкен.
Дөңбекшіп
, отыра алмады. Ақыры таңды күтпей, шығыс жактан
жарқырай
толқып Есекқырған туысымен, елең-алаңда кешегі ізге
қайта
түсті.
Долбары
дұрыска шықты. Жұлдыздар көмескіленіп, жарым аспан сүтті
мұнарға
шомғанда жылқы тебініне кездесті. Ізден жаңылды, бірақ
барар
бағыты айқын. Көп ұзамай, азынай кісінеген айғыр дауысы,
шұрқыраған
қалың жылқы дүбірі естілген. Алда кең ойпаң, қопалы көл
көрінді
. Төңірегі бозара қарауытса, ортасы эр жеріне бір қылтанақ
біткен
ақ тақырдай жазылып жатыр. Жылқы үйіріле жосып, қырат
бетке
шығып кетіпті. Бір шеті мүлде шашырап, элдеқайда маңып
барады
. Баран атты жалғыз жылқышы кұрығын шошаңдатып, малдың
артын
жинап жүр. Жіңішке дауыспен ышқына айқайлап қояды.
Шақанның
алдынан өзі шауып шықты.
— Əй! Елмісің, жаумысың? Адамсың ба, аңсың ба? — деген анадайдан.
Астындағы
есік пен төрдей торы айғыр ауыздығын кере шайнап,
осқыра
тапырақтайды. Маңдайы биік, құлағы ықшам арғын тымақ
киген
бала жігіт екен. — Ой, арткы аяғымен жүріп келе жатқан
жолбарыс
екен десем, шошайған мылтығың бар ғой, — деді содан соң
ақсия
күліп. Тебіне жақындап, ізетпен сэлем берді. —
Ассалаумағалейкүм
, аға! — Бірақ қол ұсынбады, атынан да түспеді.


— Жолбарыс шапты ма? — деді Шақан.
— Ой, аға, зэремнің ұшқанын көрсеңіз... — деді бала жігіт қыз дауысты,
əуезді
үнмен. — Үзеңгіден аяғын шығарып, керіле дем алды. — Бір
жетім
емген саяқ көк тай бар еді. Түн ортасында ғой деймін. Тіпті шет
кетіпті
. Қайырайын деп жүре беріп едім... сап-сары сапалақ... көзі тура
шоктай
жанады, шайтанның отындай жап-жасыл... Оқтай атылғанда...
бейшара
тай шөкесінен жығылды. Ат үстінен қалай түсіп
қалмағанымды
өзім де білмеймін. Астымда жуас кер бесті бар еді,
қалай
үйықтасам да қалт етпейтін. Жолбарыс та қарғыды, бізге емес,
жаңағы
тайға, кер бесті де шүрқырай қашты... Ал менің үнім өшіп
қалды
ғой деймін. Сондай қорқақ екем... Ал сіз ғой, ештеңеден
қорыкгіайсыз
.
— Оны қайдан білесің? — деді Шақан салғырт қалыпта.
— Білем, — деді бала жігіт. — Сіз — Үйсін Шақан-Шері батырсыз.
“Шақан-Шері...“ Шақан екені анық. Шерісі тағы рас. Дəп солай.
Шақан
-Шері!
— Ел айтады. — Бозбала барлай қарап, азғана бөгелді де, аттан түсіп,
Шақанның
қасына келді. Көксауыр саптама етік, оқалы сары тон киген,
нəзік
бітімді жас екен. Үлбіреген дөңгелек жүз, жапақтаған үлкен, қара
көз
. Бетінің үшы шыққан күнмен лыпи қызарып, қорғаншақтап тұрып
калды
. — Ел айтады, — деді сосын ұзын, қайқы кірпіктерін тура қадап.
— Шақан кеше Қоқанды Алатаудан асыра қуған, ханның өзі кайрылып
кеңес
сұраған Саурық батырдың немере інісі екен дейді. Ағасы жаудан
арманда
өлген соң, елін аздырған, жерін сатқан жуандардың қорлық,
зорлығына
шыдамай, жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналып
кетіпті
дейді. Күндіз — адам, түнде — жолбарыс... Шақан-Шері!.. Бірақ
мен
сенбеймін. Əкем айтады, үстіндегі киімі тегіс жолбарыс терісі
екен
дейді, киім тапшылығынан, немесе сəн үшін емес, ау кезінде
оңайлықпен
көзге шалынбас үшін. Жұрггың айтып жүргені сол дейді.
Өткен
жылы, жоқ, алдыңғы жылы, мен онда əлі кішкентаймын,
біреулер
көріпті сізді. Əкем іздетті, таба алмай қалды. Біздің бір
жылқышы
ізіңізге түскен екен, кəдімгі адамның ізі дейді, содан күн
ұзак
жүріпті, сосын кешке қарай... — бозбала Шақанның жел қағып, аяз


сорған
қызыл шырайлы жүзіне қадала қарап сəл бөгелді, — кешке
қарай
əлгі адам ізі өзінен-өзі жоғалып, жолбарыс ізіне айналып
кетіпті
...
— Апыр-ай, — деді Шақан таңырқап. — Мүмкін, жолбарыс кісінің ізін
басқан
шығар, — деді сосын жігітке жақындай түсіп. — Із үстімен
жүретін
əдеті бар ол шіркіннің.
— Ой, көп сөйлеп кеттім, — деді бозбала. — Жолбарыс анау, тайды
жəукемдеп
жатқан. Жылқы анау, бытырап кеткен. Мен тұрмын мұнда.
— Шегіншектеп барып, атына мінді.
— Қорқасың... — деді Шақан.
— Қорқамын, — деді жігіт. Ақсиып күле бере езуін жиып алды. —
Əлде
... Сен қайдан шықтың? — деді тізгінін кымтай ұстап. — Түнде
жылқыға
шапқан сен емеспісің? — Атының басын тартып,
шегіншектей
түсті. — Қазір адамсың, — деді сосын жайбарақат. —
Тиіспейсің
. Ал ана жерде... барсың ба, жоқсың ба, қазір анығын
білеміз
... — Аулакқа, жолбарыс жылкы жыққан қалың қопаға қарай
тұра
шаппақ ыңғай танытқан.
— Əй, əй... — деді Шақан қолын ербендетіп. — Өзің қорқақтың ішіндегі
есері
екенсің. Əй, ана, жем үстіндегі жолбарыс күндіз, түнге
қарамайды
, алып түсіп жүрмесін!
— Бар ғой?.. — деді бозбала бүктей ұстаған қамшысын əлдеқайда
шошайтып
.
— Егер түнде жылқы алғаны рас болса, бар. Жемге тойса да сол
төңіректе
жатыр.
— Сен мүнда түрсың ғой?.. — деді бозбала қамшы басын Шақанға
тіктеп
.
— Сен де жігіт атанып жүрсің-ау, — деді Шақан мына коркактан
біржола
түңіліп. — Жылқыны қалай бағасың мына түріңмен?
— Мен жылкышы емеспін, — деді бозбала. — Жылқышылар ауылға
кеткен
, көш алдынан. Қорқақ та емеспін. Қорықсам қайтып кетер едім,
түнгі
күзетке шыққан өзім, жылқы шүрқырай берген соң... Сынай қарап


аз
тұрды. — Мен жігіт те емеспін, — деді сосын сақылдап күліп.
Басынан
тымағын жұлып алды. Төбеге шиыршықтай салған қос өрім
шаш
тарқатыла төгіліп, иыққа орагылған.
Шақан
Меңсұлумен осылай кездесті.
Арқа
қыздарының мінезі ашық келеді екен. Сөзі сынықсыз, жүрісі
еркін
. Алдымен Шақанға ат ұстап əкелді. Шылбырымен ноқталап,
астына
ішпек салып берген. Содан соң екеуі түнде жолбарыс жылкыға
шапқан
жерге қарай жүрді.
Тай
да, жолбарыс та жоқ. Жылқы тебіндеп, ойыла көгерген қалың
шалғынға
бата түскен із ғана жатыр. Жолбарыс ізі. Тек ойлы-қырлы,
төмпешікті
жерлерде ғана тайдың артқы сирағы қарды сыза осып
өткен
. Меңсұлу жолбарыстың алып күшіне қайран қалып, бас
шайқаумен
болды. Жыртқыштың қайратын жақсы білгенімен, бұрын
мұндайын
көрмеген Шақан да таңырқап келеді. Алда, қыр астында
қорысы
мол, қалың қамыс бар деген Меңсұлу. Қозы өрісіндей жер.
Ауыр
жүк көтерген жолбарыс мойны талып, белі қайысып, бір сəт
бөгелместен
, сол қалыңға келіп кіріпті. Дəл казір соңынан бару тым
қатерлі
. Бой тасалауы қиын емес. Қарсы шабуы тіпті оңай. Білте
тұтатып
та үлгермейсің. Бірақ əбден тойынған жолбарыс жем касында
жата
бермесе керек. Күн еңкейе баспалап барып, тайдың қалдығын
табады
да, не қамыс ішінде, не кар астында жасырынып, шерінің қайта
оралуын
күтеді.
Кешіне
қыз əкесі Атабек ақсақал жібермеді.
“Жалғыз қызым ағаларына еліктеп, ерке-шора өсіп еді, соның
садакасы
, жемтік үстінде олжа дəметпеймін“, — деген.
“Аң болса да киелі, өзіңмен табыстырды, менен салауат, қасқырға
беретін
қотыр тай, жесін, тойсын, жөніне кетсін“, — деген.
“Апта аспай төрт жолбарыс бір басыңа ауыр болар, ерліктің өлшеуі,
тəуекелдің
шегі бар, сақалымды сыйласаң сабыр ет“ — деген.
Алайда
, дəніккен жолбарыс он шақты күннен соң тағы да жылқыға
шауып
, малға шығын салмағанмен, жұртқа үрей туғызып, береке
кетіргенде
өз қолымен бата берді. Төрден ұңғысы қырлы, сұп-сұр, дүмі


жылтыраған
жап-жаңа орыс мылтығын əперген. Шақпақ тегіршікті,
желге
, жауынға қарамай, жедел атылатын жойқын қару. Шақан
сырмінез
нəрсе, өзім үйренген білтелі артық деп. алмаған. Атабек
аксакал
əлдекайдан, сандық түбінен жағасы биік, жеңі ұзын, етегі
бітеу
, сауытқа ұқсас, шұбар ала киім шығарды.
— Жолбарыс көбе! — деген. — Осы үйдегі, атадан қалған ең асыл
мұрағат
...
Жайланып
отырып, жолбарыс көбенің хикаясын айтып еді.
— Баяғы, кара қалмақты жұртынан бостырып, біржола жеңіп алған кез
болса
керек. Біздің Арғын-Ата баласы Сары-Арқаны ендей жайлап,
салтанатқа
бөгіп отырады ғой. Мыңғырған мал, майлы қоныс елге
байсал
, берекет берсе, ерге күш, қуат кұймақ. Жылқы — жалды, жігіт —
жоталы
заман. Үлкен əкеміз Жауқашар батыр он жетіге келгенде күші
бойына
сыймай, мұнартып жүреді екен дейді. Мен туғанда жаугершілік
біткенін
қарашы, елден ерлігімді асырар едім деп. Сонда бабам
жарықтық
осы жолбарыс көбені өз қолымен жасап, ұлының үстіне
кигізеді
де, бар, мықты болсаң, мына, бізбен құдандалы үйсін ішінде,
теңіздің
арғы бетінде кісі жейтін жалмауыз жолбарыс шығыпты,
сонымен
алыс деп қоя береді ғой. Қақаған қыс екен, соңында каншама
нөкері
бар, көкше мүзбен Балқаштан өтіп, Іленің сағасына шығады.
Сіздің
ауыл болса керек. Кісі жер жалмауыз заман азып, ел тозғанда,
жүз
жылда бір-ақ рет көрінсе керек. Өз ғұмырымда ондайды естігем де,
білгем
де жоқ. Ал жылқыға қаскыр да шабады. Сонымен, Жəкең Ілеге
жетсе
, ондағы ел ұлардай шулап отыр дейді. Əлгі жолбарыс жалмауыз
ғана
емес, зымиян да болса керек. Жұрттың жаппай қарулы кезі,
əйткенмен
, ешкім шара таппапты. Көзге көрінбейді, қолға түспейді.
Бірақ
апта аралатпай бір кісі жейді. Жалғыз-жарым адам ауыл
арасында
жүруден қалыпты. Мал — бағусыз, от — жағусыз дегендей.
Атыңнан
айналайын Жаукашар бабам өңшең балуан, шетінен садақшы
нөкерлерін
тастап, осы жолбарыс көйлегін киіп, беліне қылыш байлап,
колына
найза ұстап, жалғыз өзі жаяу шығыпты дейді ғой. Іздегенге —
сұраған
, көп ұзамай-ак кездеседі. Атан өгіздей жолбарыс аркан бойы
жерден
атылғанда найзамен қарсы алыпты. Өндіршектен енген көк
сүңгі
қара қабырғаны жарып шыққан екен дейді. Сонда жолбарыс,


кейінгілер
асыра айтпаса, Жəкем шірене толғап тұрған найзаның
кайың
сабын қарш шайнап тастап, батырдың өзіне бас салған екен
дейді
-ау. Теке тірес алыса кеткенде, арыстан Жəкем шерінің екпініне
шыдамай
, шалқалай жығылыпты. Жолбарыс үстіне кона түскенде
көтере
тұрған екен. Көтере тұрғаны — денесіне закым келмеген. Қыл
арқаннан
жолбарыстың тырнағы, тісі өтпейді. Күш алған соң қоя ма,
кылышты
киғаштай суырып, бел омыртқадан оса шапқан екен дейді. Е-
е
, жалған-ай десеңші... Содан, Жəкең жарықтық нағашыларынан біздің
əжемізді
алып, батыр аты шығып, елге оралады. Тағы да отыра
алмайды
. Бар ермегі жолбарыс аулау болады. Сол əуелгіше, шолақ
найза
, жалаң қылышпен жаяу шығып кете берсе керек. Жан-жануар,
құрт
-құмырсқа, бақа-шаян — он сегіз мың ғалам ішінде тəңірінің өз
шапағатынан
қаққан, басқаға басыбайлы құрбанға берген жан иесі жоқ.
Кісі
баласы оны ұқпайды да, астам іске барады. Жəкең жарықтықтың
да
мейманасы тасыса керек, жауға түспеген қаруын жазықсыз жануарға
жұмсай
береді, қырған сайын құнығады... Содан артық айтқандар
қырық
жетінші дейді, кем айтқандар жиырма бесінші дейді, əйтеуір
пəленбайыншы
жолбарыспен алыс үстінде өзі де иман табады ғой,
жаның
жанатта болғыр. Мына қыл көбеден кінə жоқ, денесіне тырнақ,
тіс
тимеген, жарықтық, ажал ғой, шерінің ізіне түскенде бір сəт қана
қалт
кетсе керек, жолбарыс айналып, арттан соғады дейді ғой, артынан
келіп
қарғығанда төбесі ойылып, мойын омыртқасы үзіліп кетіпті. Ол
да
тегін кісі емес, жолбарыс тимепті дейді, кешіккен соң іздеп барса,
мəйіті
сол қалпында екен... Е-е, фэни дүние, одан бері де каншама
заман
өтсе керек. “Елу жылда ел жаңа, жүз жылда — казан“ деген. Ел
екі
мəрте жаңарып, ғүрып, салтың, жарғы, низамың мүлде өзгереді...
Жэ
, балам, бір көбе ішінде екі өлім жоқ, киіп ал...
Жолбарыс
көбе өгіз тарамыспен сірестіре тігіп, шеңберлей өрілген
жуан
кыл арқаннан жасалыпты. Жылқының ту құйрығынан тығыз
есілген
, бітеу шығарылған арқан сауыт ақ, қара, күлгін жүйкелері
кезектесе
алмасқан, шүп-шүбар. Сүңгі өтіп, қылыш кеспестей берік.
Ақсакал
бісміллэсін айтып, өз қолымен кигізгенде етегі тізеге түсіп,
жеңі
алақаннан асты. Көлкілдеп тұр. “Денесіз жігіт емессің, Жауқашар
атаң
тым ірі болған екен-ау“, — деді Атабек ақсақал. Көбенің жеңін


қайырып
, белін буды. Межелі жерге Шаканды өзі апарып тастаған.
“Артыңа абай бол!“ — деген айрылысарда.
Жолбарыс
көбе біршама ауыр болғанымен, қимылға қолайлы сияқты.
Шақан
өзін жеңіл, эрі қауіпсіз сезінді. Ал малшабар жыртқыштың
кешегі
ізіне түскен соң, көңілі айрықша көтерілген. Көз алдына ерке-
шора
Меңсұлу — құрық алып, тымақ киіп, жылқы қайырған бозбала
кейпінде
емес, қосетек көйлек, кəмшат бөрік, алтын теңгелі өңіржиек
таққан
мақпал қамзолды бойжегкен қыз кейпіндегі Меңсұлу келе
берген
. Осы, жылы жүзді сурет жетегімен атты кісі көрінбес биік боз
караған
ішіне кірді.
Аркадағы
жолбарыстың əдеті де өзгеше. Қамысқа үйірсек емес. Несіне
қызықсын
. Аумағы шағын, тұрқы аласа, мал тапаған, ұйпа-тұйпа қамыс
арасында
Іле бойындағы каптаған шошқа жоқ. Аң атаулы ойдым-
ойдым
, үзік-үзік тоғай ішінде. Көбіне габылғысы калың, қарағаны бітік
қырда
. Атабек ақсақал: “Бұл жақтың жолбарысы да көші-қонды тэуір
көреді
, жазда өзен, жылғаларды қуалап, Қорғалжынға дейін өтіп,
Арқаның
беліне шықса, қыста киік соңынан Бетпақтың шөліне де өтіп
кетеді
, бірақ қайда шығандаса да Балқашқа қайтып оралады,
бұрынғылардың
айтуы солай“, — деген. Рас болар. Алғаш келгенінде
дəл
осы атыраптан жолбарыс ізін ұшыратпаған. Енді міне, екі белес
арасындағы
кең қолатта кейде тұтаса, кейде үйіріле өскен, аумағы
құнан
шаптырым, арасы қалың қау, биік, бітік боз қараған ішінен
жолбарыс
іздеп келеді. Қыста жылы, жазда қоңыржай, аңызақ құмы,
шақырайған
күні жоқ, шаруаға қолайлы қоныс екен. Қар қалыңдап, аяз
қатаяр
мезгілге сақтап отырған қорық. Меңсұлу ауылының құтты
ұйығы
. Кенет аяқ астынан қоян қашты. Ірі, гушадай ак коян. Жолбарыс
алыс
деген сөз. Бірақ Шақан өзінің не мақсатпен келе жатканын жаңа
ғана
толық түйсінген. Сейіл, серуен емес. Қатерлі ау. Ширап,
жинақылана
түсті. Өзінің эдепкі кебін тапқан. Шақан-Шері! Тағы да
Меңсұлу
. Ажар... тым ұяң еді. Жасканшақ емес, биязы. Ер екен. Ер ұл
табар
ана... Ерге серік асыл жар... Шақан қатайып алды.
Қараған
іші тарам-тарам. Қоян жымы шұбырынды жол сияқты, сайрап
жатыр
. Шанжау елік ізі, əр бұтаның түбін тіміскелеген, шиыртпак
бұлынды
түлкі, қарсақ ізі. Көбі ескі. Ал түнде, жылқыға шабуыл сəтсіз


аякталған
соң қалың карағанға келіп кірген жолбарыс ізі əр қадам
сайын
айқындала түсті. Бір көлденең қайырмада аулағырақтан қылпуы
байқалған
əлде қоян, əлде еліктің жолын тосып, төрттағандап ұзак
тұрыпты
. Табан асты көк мұзға айналған. Баспада соншама баққан
сабырдан
нəтиже шықпапты, жолбарыс еріне аяңдап, ары қарай асқан.
Таң
алдында ғана. Немесе таң ата. Осыдан ет асым бұрын. Яғни, жақын
манда
жүр. Аяқ астында жатуы мүмкін. Тоқтаусыз жүріп, ұзап кетуі де
ғажап
емес. Шақан беліндегі селебесін ыңғайлап, шақпақты дəндəкудің
тиегін
ағытып қойды. Жер тар, атып үлгерсе жаксы. Жаңа, аксакал
ұсынған
орыс мылтығын алмаған екем деген өкініш бар. Бірақ ол
ойынан
тез айықты.
Ілгері
, оң қапталдан, əжептəуір жерден сауыскан сарқылдады.
Шақанның
іші жылып қоя берді. Енді жобадан жаңылмайды. Жұрт жек
көреді
осы сауысканды. Қанатының аласы үшін. Ал Шақан қаншама
қарыздар
. “Сарқылдай түс, сауысқаным, — деген күбірлеп. — Тарғыл
қарақшыны
көзден таса қылма. Жолбарыс жемтігіне армансыз
тойғызам
өзінді бүкіл əулетіңмен!“ Бірак дəл мынау — берекесіз
сауыскан
болып шықты. Аздан соң осы қалындағы аң, құс атаулыны
Шақанның
өзінен сақтандырып: “Ойбай, ойбай! Əне жүр, əне жүр! Кеп
қалды
, кеп қалды! Сақ бол, сақ бол!..“ деп, бір ұшып, бір коныгі,
тынымсыз
сарнай бастаған. Бұдан жаман болмас деген тəуекелмен тас
лактырып
қуып, əрең құтылған.
Мана
сауысқан сарқылдаған тұста неше күннен бері аш жолбарыс қоян
алған
екен. Бір-ақ секіріп, тарпа басқан. Ақ қар үстінде бага түскен екі-
үш
тамшы ғана қан көрінеді. Жеп үлгермеген сияқты. Кеуделеп жата
бере
атып тұрып, секіре қашыпты. Сезік пе, сақтық па. Көп ұзамай,
қалың
қараған ортасындағы ашық алаңға шыкқан соң көлденендей
тоқтап
, аз бөгелген де, кере аттаған жедел аяңмен ары асқан. Шоқ
бұтаны
айнала бере, асығыс талкандап, азғана жемін жепті. Жерде ор
қоянның
құйрығының ұлпа ұшы мен жарты құлағы ғана калған екен.
Осыдан
соң-ақ аң мен адам арасында біреуінің басы бəйгеге тігілген
андыс
басталды.
Бұрын
кісі тарапынан қудалау көрмеген, малға шауып, қорқауланған
жолбарыс
бой салып қашпады. Қалың қарағанды шыр айнала із


тастаған
. Екі-үш жүз қадамдай ілгеріде жүрген де отырған. Бір рет
қарама
-карсы, шабынып жата да қалып еді. Шақан білте тұтатып
үлгермеді
, əрі жер алыс, нысана қолайсыз. Мылтықтың зəрі өңменінен
өтті
ме, əлде адамның пысы басты ма, құйрығын шұбалтып,
көлденендей
бере, қайтадан ығыса жөнелген. Із ыңғайымен жүрсе де
жолға
емес, алға қарап, əр бұтаны, əр шөпті бағып келе жатқан Шақан,
қоян
алған сон бұрынғыдан да ашыға түскен, ызалы жолбарыстың
жүйкесі
жұқарғанын анық пайымдады. Бірақ қарсы шаппаса керек.
Оңнан
, не солдан. Баспалап жатып, тұсынан өткізе бере. Немесе арттан.
Қайырылып
ізге түсіп. Артыңа абай бол деп еді аксакал. Бірақ
жолбарыстың
төтенше қимылға шешінер түрі көрінбеген. Ұзап барып
жата
кетеді. Шақан тақаганда қайта жылжиды. Тек аралык жақындаса
түсті
. Қылпуын шалмағанмен, ізінен танылды: арда шері дегбірден
айрылыпты
. Енді аңшының да төзімі таусыла бастап еді.
Кенет
арт жақтан, тым тақау жерден сауысқан шықылықтады. “Келе
жатыр
! Сак, сақ бол!“ Кім? Шақанның өзі, əрине. Жолбарыс ізі қалың
қарағанды
айналып, бір бүйірге тартқан екен. Шакан да із жөнімен
айнала
бере, кенет қос жаурыны бірдей шым етіп, калт бұрылды.
Тізерлей
отыра қалып, қара мылтықты киік мүйіз сирағына орнатты да,
шақпақ
шақты. Майлы білте быкси түтіндеп, сыздықтай тұтанған.
Шакан
етпеттей жатып, он шакты қадам жердегі, жаңа ғана өзі өткен
қысаң
жолды нысанаға алды. Ешқандай дыбыс жок. Тып-тыныш. Күйе
бастаған
білтені өшіруге ыңғайланды. Сол сəтінде сықырсыз,
сыбдырсыз
, мысық табандап, көлеңкедей жылжыған зау шерінің
ақтандақ
омырауы көрінді. Бетпе-бет кездесуді күтпеген жыртқыш дір
етіп
, тұра қалған. Шақан демін тарта бере шүріппені басты.
Төңірек
тегіс отпен жарақтанып болған бағзы бір заманда, басқаның
өнерін
көзбен көрмесе де, көңілмен ұққан, ағашқа түйін гүйіп, темірге
тіл
бітіре алатын казақ дарқаны соккан, өз бойынан он есе артық
міндет
атқарып, талай сыннан өткен білтелі қара мылтық көк жалын
шашып
, иык соға тарс атылғанда, құйрығы шиырылып. төрт тағандай
берген
жолбарыс кеудеден жүз батпан шоқпар ұрғандай. лықси
шегініп
, шоңқайып отыра кегті. Бірақ жығылмаған. Шақан жолбарысты
астылы
-үстілі, карыс сүйем, сап-сары төрт азуы аз-маз ғана айкаса,
бозғыл
тілі мен қан қызыл көмейі ажал төге ашылған аран ауыздан


көздеп
еді. Ауыздан кірген ауыр корғасын мойын омырқаны үзіп,
желкеден
шықса, жолбарыстың сырттаны болса да жер гарпуға шамасы
келмей
, етпетінен құлары хақ. Құламады. Əлде толқыныстан, əлде
асығыстан
сəл төмен ұрыпты. Өндіршегінен қызыл қан шапши
саулаған
жолбарыс шайқалактай тұрып, аспанды қақырата ақырды.
Аспанды
қақырата ақырды да, тəлтіректей басып, алға аттады. Алға
аттай
бере, аузынан қан шашып, ышқына өкірді. Шиырылған құйрығы
аш
бүйірін сабап, төрт аяғын бауырына ала бере, жел көтерген қызыл
жалындай
атылды.
Шақан
жолбарыс ақыра көтерілгенде мылтығын лақтырып тастап атып
тұрып
. қорғануға қам жасап еді. Сол мезетінде-ак қуатты серпіннен
анадай
ұшып түсті. Аралық алыс па, ауыр жара адым тұсады ма,
жыртқыш
еркін іліндіре алмапты, еш жері мертікпеген. Бірақ орнынан
тұрып
үлгермеді, арылдай құтырып, локси қан құсқан жолбарыс
тышқан
баскан мысықша, төбеден қона кетті. Быртиған бақай
ұшындағы
жуан, өткір, ілгек орақ тырнақтарымен тарпи тырнап,
жөтеле
қан шашқан аран аузы тура тамаққа төніп келе жатты. Үстінен
ауыр
салмак басса да, денесіне тырнак батпаған Шақан жолбарыспен
жанталаса
алысқан қалпы, сол жак білегімен басын қорғалап, оң
қолымен
беліндегі селебесін суырды. Дөп-дөңгелек, үлкен жасыл
көздері
шатынай ұшқындап, ауыр, ыстық демі бет шарпыған долы шері
қыл
арқанды жуан жеңді жұлқи тістеп, шақырлата қысқан сəтте
Шақанның
қылпыған сұр селебесі де аш колтықтан бойлай сұғылып
еді
. Адамның аруақ шақыра ышқынған, аңның жаиы шырқырап, қинала
өкірген
үні қабаттаса шықты. Сол қолы білек ортасынан сақыр етіп
сынғанын
анық естіген, еш жері ауырмаған Шақан селебені бойлата
толғап
барып, қайта суырған. Дəл осы сəтте бір жақ бетін үш тармақ
жалын
шалып еді. Сол жак көзін қызыл жалқын, көк теңбіл толқын
басып
, аузына кан толды. Бірак бойына тың күш құйылғандай.
Жыртқыштың
аузындағы жаралы білекке бар салмағын салып, шірене
көтеріліп
, жолбарыстың қара қабырғасына қайыра қанжар ұрды.
Шашала
өксіп, буындары бүгіле бере сылқ шөккен, езуі жиырылып,
аузы
ашылып, желке жүні тікірейе дірілдеп, артқы аяғымен жер
тырнаған
тайдай жолбарыстың астынан əрең шықты.


6
Теңіз
бетін көгере шытынаған, кемерлене дөңгеленіп барып, жиегі
аласа
, бояуы оңғақ, бозғыл, тайқы аспанмен жымдасатын жайқын мұз
құрсады
. Мұз үстіне алашабыр кар түсті. Арқа беттен екпіндей жел
соғып
, мың сан жылан сумаңдай ысқырған жылжыма боран тұрды. Аяз
катайып
, күн шеңбері тарылды. Сатырлай айрылып, тұтаса сірескен
бозғыл
меңіреу бүкіл түстік өңірді өлі алапқа айналдырған. Жер шеті,
тіршілік
шегі осы сияқты.
Қырдан
озып, ойдан шығып, теңізге бойлай сұғынған тұйық түбек —
меңіреу
мен дүлей аралығындағы құт мекен сияқты. Жонның ұйтқыған
бораны
жок — қапалактаған, жұмсақ кар ғана бар. Теңіздің өкпек желі
жок
— қамыс басы суылдаған, ағаш басы тербелген леп қана бар. Мал
азғана
— мініс аттары мен үйірлі қысырак жəне мың қаралы қой —
ұйықта
, қопада бөгіп жатыр. Жел өтінен ықпайтын жылкы кырда
тебіндесе
де, күн райын андап, ақпанның кейде əлденеше күнге
созылар
ақырғы боранын бағып, таяу төңіректе жүр. Жалғыз Атабек
аулы
ғана емес, кыстауы Балқаш жағасынан бұйырған біраз жұрт
ықтасын
мүйістерге мінбелей қонған.
Көк
теңізді жиектей көк түтін шұбалтып, ауыл мен ауыл арасына жол
түсті
. Соғым сойылып, ағайын-туыс, құда-жекжат, сыбай-сыйлас
арасында
кезек шақырыскан, қонақасы, түстік жескен, қыска күнде құс
салып
, ит жүгіртіп сейіл аулап, ұзақ кештерде əңгіме, жыр тербеп, əн
мен
күй тыңдаған — көшпенділер өміріндегі жазғы жайлаудан соңғы ең
мазаң
, ен күйлі мезгіл — қыстауға жаңа орнықкан дарқан шақ еді. Жаз
басы
— мереке болса, қыс басы — қызық. Жазда жау шабар деп кім
айтпақ
, қыста жұт болар деп кім қайғырмақ. Елдің көңілі жайланып,
ердің
белі шешілген кез еді.
Атабек
ауылы — түбектің ықтасын түкпіріне қонған он бес үй.
Меңсұлу
— кіші əйелден туған кенже қыз екен. Атабек ақсақал үлкен
үй
— бес канат ак ордада əлі өңін жоғалта қоймаған, жүзінде қайғы
табы
бар, етжеңді, егде бəйбішемен ғана калыпты. Шақанды қасынан
шығармады
. Күндіз табағы, қымызы бірге, кешке төсегі қатар.
Жолбарыстың
аран аузына түсіп шыққан сынық білек шымырлай


қышынады
— жазылуға тақағаны. Бұратыла салдырып, мүлде бос
қалып
еді. Тері — жарақатсыз, сырты бүтін, бірақ сүйек күлпарша
уатылған
екен. Əлдеқайдан ат шаптырып алдырған сыныкшы
жылқының
майымен сылап, саусағының үшымен сипалап отырып
үлкен
сынық, ұсақ жаңқаларды тегіс орнына түсірді. Содан соң қайың
тактамен
орап, байлап тастаған. Енді міне, кəдімгі қол қайта өсіп
шыққандай
. Тек сəл-пəл ғана қисая біткен сияқты. Ал беттегі, саулай
аққан
қаны омырауына құйылып, бүтін-тамтығы жоқ, ғаламат
қорқынышты
көрінген жара осы ауылдағы тəуіп əлдебір шөп май
жағып
, жапырақ орап емдеген соң, тез қотырланды. Жара, кəдімгі жара.
Тек
көзінің қиығы алайып, езу еті қаша біткен. “Бəрекелді, жарақат —
жігіт
көркі“ деген Атабек ақсақал тəуба айтып. Алайда Шакан өз
жарасының
өзгеше тұрпатын анық андады. Адам түгілі аң шошитындай
кепке
еніпті. Ренжімеген. Қайта, сонысы ұнап еді.
Атабек
аксақал əңгімешіл адам екен. Елдің өткені туралы хикаясы,
бүгіні
туралы кеңесі таусылмады. Осы, өздері отырған қоныстың ғана
тарихы
неше кешке жетердей. Ал Шақанның құлағы тыңдағанмен, ойы
алыста
. Кең өмірге, бұйығы тірлікке біржола беріліп кетем бе,
антымнан
аттап, аруаққа шет болам ба деп қорыққан. Мұңсыз пенде
жоқ
, бірақ дəл өзіндей шерлі қайда бар. Жалғыздық, түз кешіп, жеке
жортқан
жабайы өмір ғана мұның еншісі. Тек құлан-таза жазылуды
күтіп
отыр. Көз бүтін — бет садаға, қолдан айрылса, бəрінен айрылғаны
емес
пе.
— Ел иесіз, кой серкесіз, — дейді Атабек ақсакал ауыр күрсініп. —
Баспақ
, тана — пұл болды, ақылы кеміс — би болды. ¥лыс ұлтарақтай
іріп
, тырнақтының шеңгелінде, азулының езуінде кетті. Аға сұлтан
деген
ұлық шықты, майыр деген бүлік шықты. Кім пайымдап, кім
уайымдап
жатыр... ¥ққан, баққан ерде не кайран бар. Бүгінгің мереке,
ертеңің
не болар... — деген.
— Арғын-Ата — алты арыстың жағасы, үш алаштың тірегі деуші еді
бізді
, арқа белің опырылып сынды, аяқтан əл, қолдан дəрмен кетті,
ендігі
үміт — қалған казақта, — деген. Алатаудың етегін жайлап,
Көкжотадан
Сырдың сағасына дейінгі ұлан байтақ аймақты толтыра
қоныстанған
ел жайын сұрастырған. Шакан жарытымды жауап бере


алмады
. Айткан азғана сөзіне ақсақал қанағаттанбаған. Бірақ жас
қонағына
деген ықылас— құрметі кемімеп еді. — Е-е, төсектен жеріп
түз
кезер жөнің бар екен, бірақ балалықпен беріден кайырып отырсың,
жұртыңа
өкпелеуің орынсыз, — деген.
— Тəнірі тағаланың құдыретті пəрменімен жаратылған он сегіз мың
ғаламда
басы артық бір нəрсе жоқ. Қара жерде қыбырлаған
құмырсқадан
көк аспанда шарықтаған кыранға дейін, су сүзген
балықтан
шөл кешкен құланға дейін қилы кейіпті, қаншама махлұқат
бар
екен, соның бəрінің өз несібесі, өз орны болса керек. Хақ тағала
біріне
бірін селбестіріп, біріне бірін бақтырып койған. Бірақ түп иесі —
адам
. Ендеше, орнынды біл, карауыңдағы жан-жануарға жазықсыз
жапа
шектірме. Қожайын екем деп коқандай берген акыр түбі қу далада
қалар
, — деген. — Адам арасында да атадан азған, жолдан жаңылған
кісілер
ұшырасады, аң алжасса не жорық, — деген сосын. — Бір жаман
естен
танды деп елден қалай айнырсың, бір жыртқыш етектен шалды
деп
жерден қалай безерсің. Бір ауылдан жеріген бар қазақты жат көрер;
жерде
жазық жоқ, елде кінə жоқ, бар пəле кісісінде, ендеше, заманның
ауқымын
таны, адамның амалын тап, — деп, тұнжырай тоқтаған.
— Орнында бар оңалар, — деген тағы бір күні. — Кең қоныстың төрт
бұрышын
кернеп, сары дала, самал тау, шалқар дария — айналасы алты
айлық
құт мекенін лықа толтырып отырсың, ұрпағыңа қандай жау
жəбір
жасар. Кие — көпке қонады. Байлық — баста. Жарлылық —
жалғыздықта
. Тек... ердің еңсесі басылмасын, əйелдің ажары сынбасын.
Елу
жылда ел жаңа — жаңарып жатқан шағы болар. Жүз жылда қазан —
қара
боран алда болар. Біріншісі емес, соңғысы да емес. Жаңаның бəрі
жаман
болса, елден не қалатын еді. Қазанның бəрі қара болса, жерден
не
қалатын еді. Елің конысында, жерің орнында. Ендеше, байбалам
салма
, байыз тап. Бұға берме, бұғананды бекіт. Есінці жи да, еліңді
ұйыстыр
. Заман бізден озып, сізге жетті. Алысарың аң емес — адам.
Күшің
білек емес, білікте, білік емес, береке-бірлікте. Түлкінің
құйрығы
да, бөрінің азуы да мұрат əкелмес, жолбарыстың жүрегі мен
жүйкесі
, ебі мен қайраты шешер ендігі істі, — деп серпіле тоқтаған.
Шақанның
беті жазылды. Қолы бітті. Көңілі жайланды, көкірегі кеңіді.
Іші
қайнап, жаңа қатер — тарғыл перімен бетпе-бет келетін, күш пен


айла
, дəт пен ерлік сынға түсетін айқас сəтіне асыққан. Күн
құлактанып
туған, мұз құрсаулы теңіз үсті сарғыш мұнарға бөккен
күндердің
бірінде, ұлы сəскеде, есігі айқара түрілген, ошағында қызара
шалқып
от жанған бес қанат ак орда төрінде, күміс зерлі, үлкен қайың
тегенені
ортаға алған, кою, салқын қымыз үстінде өзін үш ай бойы
бағып
-қаққан, қалтқысыз сыйлаған ауыл ағасынан рұқсат сұрап еді.
Атабек
ақсақал жұдырығы түйілген екі қолымен тұқыра жер тіреп,
үнсіз
аз отырды.
— Балам, — деген сосын. — Менің төрт түлігім сай — малдан кемдігім
жоқ
. Жаудан өлген екі ұлдың ізін басып, жеті немере өсіп келеді —
жаннан
кемдігім жоқ. Бірақ... басым көп, барым түгел дей алмаймын.
Жеті
емес, жетпіс немере сыяр еді бауырыма. Алты ауыл емес, алты
арыс
қараса еді аузыма. Мына кең дала жаяудың аяғында кетпес үшін,
ана
мыңғырған мал жебірдің көмейінде кетпес үшін... алаштан асып
туған
аруақты ер керек. — Аксақал ауыр күрсініп, тағы да бөгелді.
Содан
соң иығын көтеріп, еңсесін жазды, сақалын салалап, үнсіз
жымиды
. Өз қолымен сапырып, екі шараға да толтыра қымыз құйды.
Мұртын
сылап, ыдыс шетінен сыздықтай дəм алды да, сөзін қайта
сабактады
. — Сені алғаш көргенде жолбарыс перісі Жауқашар атамның
аруағы
алдымнан шықты ма деп едім. Атаға жете туған сырттан
екенсің
. Адасып келген жоқсың, кұдай айдап, аруақ жетелеп əкелді.
Енді
менің үйімнен безер жөнің жоқ. Тұрпатың — тумаса да туғандай.
Мен
сендей ерге əке болуға жарамайтын жаман шал емеспін. Төріме
төсегіңді
сал. Бел балам бол. Асық жілік ұстатып, ат шаптырып той
жасаймын
. Ақ орда тігіп, атаулы еншіңді бөліп беремін. Ілгеріде қалың
керей
, артта сыңсыған найман — қалаған жерімнен қалыңдық ойнатып,
келін
түсірем. Ұрпақ, үрімің өз кіндігімнен өрген немере,
шөберелермен
араласып, тең өседі. Асып жатса — менің мерейім, елдің
қуанышы
. Тəңірі тартқан сыбағаңнан безбе. Осы ошақтың басында кал,
— деген.
Бұл
— Шақанның көңілмен аңдаған, көптен күткен сөзі еді, сонда да
тосын
естілді, ерекше толқытты. Ойланса, бүгежектеп, бөгелсе,
қарияның
ырқынан шыға алмасын анық пайымдаған. Шұғыл, əрі
асығыс
жауап берді.


— Əке, мен асық жілік ұстап, ақ отауыңа кірмесем де, өзімді туған
ұлдай
көрем. Тек. ..
Шақан
тамағы түйіртпектеліп, сөйлей алмай калды. Енді болмаса,
еңіреп
жылап, ақсақалдың аяғын құша жығылардай. Бар айтканын құп
табардай
.
Атабек
Шақанның көңіл күйін кəміл таныды. Бірақ басқаша ұкты.
Сирек
ақ сақалды, қызыл шырайлы аққұба өңіне қан жүгіріп, жанарын
төмен
салып, бөгеліп қалды.
— Əлде... — деді сосын тамағын кенеп, сабырлы, майда үнмен, — бөтен
байыбың
бар ма... Біздің... — Ақсақал мүлде қызарып кетті. — Біздің
Арқа
қыздары бұла өседі, ерке келеді... Қылыкты, көрікті...
— Жоқ!.. — деді Шақан. Даусы шығып кетті. — Мен... мен татымаймын!
Көңілің
көл екен, əке. Бірақ мен... мен — құдайдың қарғысына
ұшыраған
адаммын. Мен... мен тірі кісі емеспін, əке. Молам казылған,
сүйегім
көмілген. Айтқам өзіңізге. Енді жазмыштан озмыш жоқ. Қашан
жолбарысқа
жем болғанша жалғыз жортам. Обалыңызға калам, əке. ¥л
болсам
отыра алмаймын, күйеу болсам, көндіге алмаймын. Қайғы
аркалатам
. Рұқсатбер, əке. Батаңды бер...
— Оралып, алдыңызға келем, — деді ақсакалдан бата алып, риза, қош
айтысқан
соң, көңілі босап. — Бес жылдан соң. Келмесем... жаназамды
шығарып
, құран аудартыңыз, əке...
Бірақ
кете алмады. Əуелде апта бойы өзінің қыскы күркесінде жатқан.
Бəлкім
, жаз шыққанша жатар еді. Қашып шығуға — өзгеден емес,
өзінен
өзі қашуға тура келген. Содан соң тасбақа тон жамылған Көкше-
теңізді
кемерлеп, шығысқа жол тартты. Жүруінен еруі, ілгерілеуінен
айналымы
көп болды. Сөгіле ойдымданған күпсек қарда екі-ақ рет із
кескен
. Бой салып қудаламады. Мүлде тазартып кетсе, несіне қайтып
келмек
. Көп ұзамай, шатырлап мұз ашылды, теңіз беті сапырылыса
толқыған
шұбар сеңге толып, қырдан жас көде. балауса жусан иісі есті.
Күн
озған сайын дымқыл ызғар жұмсарып, күн қызуы арта түскен.
Қырат
жасыл мақпал жамылды. Ойпаңды қалың құрақ, биік шалғын
басса
, жар жағалаған, су кемерлеген сары қамыс көгере тарғылданып,


бүкіл
əлем жаңа бір кейіпке көшті. Теңіз беті тазарып, түстіктен жылы
леп
ескен.
Кезекті
еруге кештете токтаған Шақан таң ата теңіз жағасына шығып
еді
. Қарсы бетте, созсаң қол жетер, тай шаптырым жерде теңізге сарғая
үңіліп
, сұғына тоқтаған қылыш жүзді түбекті көргенде қалт тұрып
қалған
. Бозара толкыған суға түйетайлана құлаған кенересін қалың тал,
ұйпалак
қамыс жапқан, орта тұсын сирек бұталы, иір-иір құм басқан
түйе
мойнақ түбек киялай түскен күн сəулесімен қызыл сары ұшқын
ата
құбылады. Туған өлке Жетісу жерінің қиыр мүйісі. Көрмесе де
естіген
. Сары-Есік аталса керек. Балқаштың қылша белі. Осы тұста
теңіз
екіге белінеді: батыс жақ — сұрғылт, көгілжім, шығыс жақ —
тұнық
көк жасыл. Тұщы көл мен ащы көл тар бұғаз арқылы ғана
жалғасып
жатыр. Теңіз қайтқан жылдарда элді аттың қос қабырғасына
қос
арқа қамыс буып, су астындағы жал құмдарды қуалай, қия жол
салып
, кешіп өтуге де болады дейтін. Кешіп өтуге.
Шақан
келген жағына қарады. Дарқан ел. Меңсұлу ауылы. Бет алған
бағытына
қарады. Ащы сулы өлі теңіз. Аңызақ дала. Оң қапталға —
қарсы
бетке көз тікті. Медиен құм. Аптап шөл. Бірақ туған жермен
жалғас
. Бұл атырапта Балқаштың суы тұщы. Жағалай журсе... шөл де,
құм
да жоқ..
Шақан
мас адамдай сенделіп аз тұрды да, кенет белінен селебесін
суырып
, асыға қапалақтап қамыс оруға кірісті. Қу ағаш жинады, тал
шыбық
шапты. Ақыры, бау-бау қамыс буып, арқа-арка ағаш байлап,
біріне
-бірін қосып, шағын сал құрады. Жапырақ, бұтағы қалың көк
талдан
ескек жасады. Түс ауа теңізге түскен.
Су
беті тыныш еді. Бірақ эжептэуір ағыс бар екен. Шығысқа, көк
айдынға
қарай. Жүзгіштігі шамалы Шақан көңілі кобалжығанмен, кері
бұрылмады
. Қырындай тартып, асыға ескен. Егер ағысқа қарсы күшті
жел
тұрса, салды айдап, кең айдынға қуса, Меңсұлу ауылының тұсынан
шығар
едім-ау деген парықсыз ой келді. Ауыл көшіп кетті. Иен жұрт.
Иен
жағалау. Иен жұрт, иен жағалауда ісініп-кепкен өлік... Тірі болатын
еді
. Бірге көшетін еді Арқаның төсіндегі кан жайлауға. Отыратын еді
боз
отауда, ал шымылдық ішінде, Меңсұлумен ойнап-күліп... Тірі. Тірі
аруақ
. Қары талғанына қарамай, сілтей ескен. Ағыс көңіл түкпіріндегі


саламат
ауылдан аулаққа карай қуған құрау-құрау жаман сал шыр
көбелек
айналып, солға қарай ойыса берді, ойыса берді. Ақыры, түбек
тұмсығына
ілінбей, ашық теңізге өте шықты. Бірақ бұл кезде ағыс
элсіреген
. Тіпті, қарсы жағаға қарай толқыған сырғыма иірім пайда
болды
. Шақан бие сауымдай уақыт бейнеттеніп, Сары-есік түбегінің
бел
ортасынан, тымық мүйістен құрғаққа ілінген.
Жағаға
шыққан бетте жер құшып, жер емес, құм құшып, етпетінен
жата
кетті. Өмір! Өмір лебі еседі. Құмның эр түйірінен, судың эр
тамшысынан
. Көгере бүршіктенген ешкі тал, сарғая құлақтанған
қамыстан
...
Шақан
кейінде қалған Арқа бетке қарады. Теңіз жиегі көкбуырыл
шудалы
, жағал-жағал толқын. Алыс қырда соншалық етене, сұрғылт
сағым
бұлдырайды. Өзі талақ етіп кеткен дарқан тірліктің елес,
көлеңкесіндей
. Тамағына өксік тығылды. Іші-бауыры езіліп бара
жатты
.
Кенет
жер тарпып, атып тұрған. Бүгіле бере оқыс ышқынған. Ыза, кек,
өкінішке
толы шарасыз үн. Ашынған айқай емес, аңыраған жылау емес.
Ақыра
арылдаған айбат. Жолбарыс үні.
-Угха-угх! Угхх! Аоуңңгх! Аунгхх! Угхх!!..
Іле
, Балқашты, Лепсі, Қараталды — бүкіл Жетісуды неше мың жылдан
бері
еркін жайлап келе жатқан жолбарыс қауымына қара түнек ажал
төнді
.
Тарғыл
шерінің əдіс-айласын, мінез-құлқын жетік білетін, болат
кайрат
, темір жүйке Шақан көп үзамай білтелі мылтықты тастап,
шақпақ
тегіршекті, сегіз қырлы жаңа іштесермен қаруланбақ. Бірақ ең
басты
каруы — қатерден қашпайтын, ажалдан именбейтін жолбарыс
жүрек
болатын.
7
Шөнжіктің
қызыл тарғыл, мақпал терісі оңай сыпырылды. Алдымен
бірі
. Содан соң екіншісі. Үшіншісі. Үлкендігі кебістей ғана, қос езуден
ит
тістері жаңа қылтиған, аузы ашылып, қүлақ тесігі үңірейіп,


кабырғалары
канталап, омыртқасы шодырая үзілген, бірінен бірі
аумайтын
, бірінен бірі сүмпайы, шибиген арық үш өлексе — оның да
терісі
сыпырылған, айқаса карысқан, сынық сүйем, өткір азулары
ырсиған
, төбе сүйегі талқандалған басы шодырайып, бүлшықты мойны
білеулене
түскен, сирақтары тарамыстана сомданып, құйрығы
сабаулана
ұзарып, ыңыршақ қабырғалары, теңкиген арам денесі тірі
кезіндегіден
əлдеқайда айбынды көрінген, етек толы емшек безінен
сарғыш
сүт сыздықтай тамшылаған жалаңаш каншырдың баурына
тасталды
. Осылай жатсын. Апта бойы, ай бойы, жыл бойы. Қаскыр
жуымайды
жолбарыс жатағының маңына. Бірак шыбын-шіркей бар.
Құрт
-құмырсқа бар. Солардың жылдық несібесі. Жаз ортасы аумай-ақ
күні
кеше осы төңіректі əдепкі арылымен-ақ жайқап жүрген аң
патшасының
саудыраған ақсөңке сүйектері ғана қалмақ. Бір үлкен, үш
бала
жолбарыс. Енесі акыра тұрмайды. Ауға шықпайды. Баласы асыр
ойнамайды
. Күн санап өспейді. Жарық күн нұрын жансыз сүйектер
ғана
қызықтамақ. Саудыр сүйек. Ал мұның баласының сүйегі де калған
жоқ
.
“Көкеее... һөөкк... һө-ө-ө...“
“Ойбай... Шақан... құрыдық... құрыдық... Кет пəлекет! Кет! Таста!
Таста
...“
“һууа-а-бб!.. һу-о-оу-у-унн!..“
Шақан
-Шері, ол кезде жай ғана Шақан, тіпті қоянжүрек, қоркақ
Шақан
, жалмауыз жолбарыстың қамыстағы үйге қайтып ораларына
кəміл
сенген.
Айсыз
, жұлдызсыз меңіреу түн еді. Көрдей қараңғы. Көрден де
караңғы
. Əлде түн ортасы. Əлде таң алды. Əлде бір ұйқыдан соң. Тып—
тыныш
. Ашық шаңырақтан аспан реңі байқалмайды. Қалың бұлт
басқан
. Қалың, кара бұлт аспанды емес, жер бетін, жетім, тұл үйді, кара
шаңырақты
бүркей жапқан. Аспан да, жер де жоқ. Айсыз, жұлдызсыз
меңіреу
түн ғана. Түннің бір шамасы. Жаралы жыландай шұбатылған,
өлшеулі
межесінен айрылған уақыт азаппен, əрең жылжиды.
Бір
заматта, қалғып, кірпігі айқаса бере, жүрегі дір етті. Төбе құйқасы
шымырлап
, жон арқасынан суық тер құйылды. Төрде отырған Шақан


беліндегі
дəндəкуіне қол салып, шақпағы мен оттығын алды. Тізерлей
түрегеп
, алдында тұрған, биік мосы ағашқа құрылған мылтығының
дүмін
сипалады. Жылтыр, жұмыр ағаш сұп-суық екен. “Сабыр, сабыр“
дегендей
. “Мен барда қауіп жоқ“ дегендей. Шақан демін ішіне тартып,
сыртқа
құлақ түрді. Тып-тыныш. Тек өз жүрегінің атқалақтай соққан
дыбысы
ғана естілді. Бірақ жалғыз емес еді. Не түндіктен шайтан кірді.
ІІе
іргеде дшо-пері, жезтырнақ түр. Кенет үйге бірдеңе сүйкенгендей
болды
. Ізінше қинала күрсінген дыбыс шықты. Сол сэтінде сарт етіп,
сүйкей
үрған ауыр соккыдан кереге шытынап, киіз дырылдаған.
Жолбарыс
! Шақанның қыр арқасында, үй сыртында тұр.
Шақан
шакпақ шағып, майшамды тұтатты. Шақпақ жарқылымен коса
төрт
қанат киіз үйді тітіреткен арыл естілген. Жолбарыс керіле
түрегеп
, бар салмағымен асылса керек, уық омырылып, үзік жыртыла
сөгілердей
, кереге басы майыса сықырлады. Кісі тұрағына келген, адам
иісін
андаған соң біржола еркінсіген жыртқыш анадағы жалмауыздың
нақ
өзі екеніне көзі жеткен Шакан бойына тың күш құйылғандай, кең
тыныс
, қажырлы байсал тапкан. “Кел! Кел бері, жалмауыз!..“ — деген
дауыстап
. Жолбарыс қалт тынды. Өлі тымырсық орнаған. Содан соң
есік
алды сытыр еткендей көрінді. Шақан қу шырпыны шамға тосып, от
алды
. Білте тұтатуға эзір отыр. Əлсіз дыбыс оң қапталдан шықкандай.
Əлде
ауыр ыңыраныс, элде ызалы ысыл. Не болса да жан түршігер,
түсініксіз
дыбыс. Анығы — жолбарыс үйді айналып, іште отырған
адамды
алып жер қуыс іздеп жүр. Шақан өзінің ақымақтығына, тым
құрса
керегенің екі-үш көзін жалаңаштап қоймағанына өкінді. Енді
есік
ашқаннан басқа амал жоқ. Бірақ ол үшін жолбарыстың үй
сыртында
тұрғанын анық білу керек. Қайдан білесің, жүрген ізі
сезілмейді
. Жоқ, міне. Есік алдына қайта келді. Ышқына өксіп. калт
тынды
. Жактауды тырнап көрді. Содан соң арылдай акырған. Тапты. Ең
жұқа
жер, ең элсіз жер — есік. “Кел!.. Кел, жалмауыз!..“ — деді Шақан да
ышқына
ысылдап. Жолбарыс жарма есікті табанымен салып қалды.
Əлде
топса, элде тиек күрт етіп сынған. Бірақ есік ашылмады. Іштен
көлденен
сырық байланған еді. Бэрі дұрыс, бэрі есеп бойынша. Шакан
қара
мылтығының білтесіне от қойды. “Кел, кел, қанішер!!“ — деді
тістене
кезеніп. Жолбарыс аршындай ышқынды да, сірэ, шегініп серпін
алса
керек, есікті бар салмағымен соққан. Көлденең сырық опырыла


үзілді
, жарма қақ айрылып, есіктен лап берген жел лебімен жалп етіп
сөнген
білте шам сэулесінде сап-сары жолбарыстың жасыл ұшқын
атқан
əзірейіл көзі, арандай ашылған қып-қызыл аузы, асты-үсті айқаса
шаншылған
қанжардай жарқыраған қос азуы көрінген, сол мезетте
Шакан
да шүріппені басты. Мылтық даусын естіген жоқ, қара түнек қақ
айрыла
тілініп, қу темір ұшынан отты найзағай шашылған сəтте енді
мүлде
дэрменсіз болып қалған қаруын тастай бере, беліндегі селебені
суырды
. Селебені суырар-суырмастан лып етіп, бір бүйірге секіріп
түскен
. Секіріп түсер-түспестен жаңа ғана өзі мылтық құрып отырған
мосы
ағаштың шатыр етіп сынған, элдененің дүңк етіп құлаған
дыбысын
естіді. Ізінше төрдегі жүк аударылды, үй іші опыр-топыр
болды
. Шақан керегеге аркасын тіреп, бірі қарулы, бірі қарусыз екі
қолын
бірдей алға созған калпы, тізесін бүгіп тұра қалған. Төр жақта
қоламтада
қалған шаладай, көгере ұшкындап, толқи сөніп, жалғыз шоқ
көрінеді
. Шақан күреске түсер балуандай шабынған қалпы, тұтамдай
жылжып
, қатерден аулақтауға тырысты. Көгерген шоқ та толқи
қозғалып
, соңынан ерген. Кенет Шақанның құлағы тарс ашылды:
ышқынған
арыл, ақыра зəр төккен айбаттан адамның бас сүйегі қақ
айрылардай
. Келер мəурітте өкірген үн тұншығыңқы қырылға ауысты.
Жолбарыс
өкси шашалып барып, қалт тынған. Бұл кезде дəл аяқ астына
жеткен
жалғыз шоқ та қызара күлгінденіп барып жалп етіп сөнді. Бірак
Шақан
селебесін білеген қалпы, босағада тағы қаншама замат табандап
тұрған
да қойған.
Таң
ата көрді. Ауыр қорғасын оқ жолбарыстың сол жақ көзінен тиіп,
кұлақ
шекесін қақырата талқандап өткен екен. Соның өзінде Шақанды
алып
түсуге шак қалған, əп-сəтте орын ауыстырып үлгермесе, мойны
үзіліп
, бел омыртқасы сынып, жыртқыштың астына түседі екен.
Шақан
жалмауыз жолбарысты артқы сирағынан сүйреп, топса, тиегі
жұлына
сынған есіктен əрен асырды. Ақ қар үстіне көлденең салған.
Жалғыз
ұлын жеген, жас əйелін өлтірген, енді өзін паршалауға шак
қалған
жалмауыз арыстай болып, сұлық созылып жатыр. Бар бітісінде
ызғарлы
сұлулық бар. Енсіз, əрі қысқа қара жолақты, керіскедей
қызғылтым
сары. Тығыз, майда түгі жаңа атқан таң жарығында,
кіршіксіз
кар үстінде калы кілемдей кұлпырады. Əзірейіл əдемі болады
деп
кім ойлаған. Өлі əзірейіл.


Шақан
үйді сырттап. жолбарыстың түндегі ізін бажайлай тексеріп
шықты
. Бір ғажабы, жолбарыс оң жақ артқы аяғын қорғаншақтап
басады
екен. Ізі онша батыңқы емес. Ақсақ жолбарыс болды. Бірақ
төңірек
тегіс шиыр. Əуелі алыстан торуылдаған. Содан соң іргеден
айналған
. Бір емес, неше рет. Өзі отырған тұсқа келіп, қабырғаны
тырнаған
кезде ғана андапты. Үйықтап жатса, есік бұзылған сəтте ғана
оянбақ
екен. Ал келген ізі... Қамыс ығында, арқанда тұрған Жүндікер ат
осқырына
дыбыс берді. Жануар. Обалын ойламапты. Əлде, алып жесін
деді
ме. Алып жесін, содан соң жемтік қасында, қамыста жатып
қарауылдаймын
деді. Ақымақ. Ат, жай ат емес, бəйгеге шауып жүрген
ат
тістейді, тебеді, дəрмені жеткенше алысады. Алып жеу қиын емес,
бірак
серпіле атылу керек, аз— маз еңбек, бэлкім, тіпті, эжептэуір
арпалыс
керек. Ал адам... Тісі мен тырнағы, серпіні мен тепкісі жоқ.
Жеңіл
олжа. Дəніккен жыртқыш үшін ең оңай жем. Жеді ғой анада...
Шақанның
өне бойын дірілді ыза буды. Асықпай, салмақпен басып,
үйге
кірді. Опыр-топыр қорыс екен. Шашылған, төгілген қан екен.
Жинаған
жоқ, қараған жоқ. Босағадан кереге басынан үлкен ақ балтаны
алды
. Жүзі қылпып тұр. Бойындағы зэрлі айбары тарқамаған қалпы
теңкиіп
жаткан жолбарысты екі-үш айналып шықты. Əуелі аязбен
катайып
, қарыса бастаған жуан мойынды жаңғырыққа салды. Екі-ак
ұрып
, қанды басын ұшырып түсірді. Содан соң артқы аяғын. Добал
сирақ
тірсек үстінен киылған. Бірақ балта жүзі катты бірдеңеге тиіп
еді
. Жарқ етіп, ұшып түсті. Оқ. Кэдімгі, мылтық оғы. Тек домалақ
қорғасын
емес, ұштығы болат, сопақша бітімді, өзгеше оқ. “А,
жалмауыз
!“ — деді Шақан тістене дауыстап. — Сауап болған! Өзіңе сол
керек
еді, сары сапалақ!“ Бірак жолбарысты бұдан ары бұтарламады.
Ашуы
сап басылған. Көңілін аяныш биледі. Өзіне. Өзінің көз алдында
кеткен
эйелі мен баласына.
“Мен де өлдім, — деп ойлады. — Сол күні жалмауыз жыртқьпп мені де
алып
жеді. Мен жоқ адаммын. Тəнім сау, жаным олген. Мен —
өлікпін
...“
“Ендеше, мені екінші қайтара ажал алмайды, — деп ойлады. — Ажал
алса
да, жолбарыс алмайды. Жолбарыс алмаса, мен қорқатын ештеңе де
қалған
жоқ“.


“Мен ештеңеден корықпаймын, — деп ойлады. — Неден корқам, катын
жоқ
, бала жоқ. Өзім де жокпын. Мен — жоқпын. Жолбарыс та жоқ
болуға
тиіс. Еркек, ұрғашысына қарамаймын. Бауырында баласы болса
тіпті
жақсы. Мен жолбарыстың тұқымын құртам! Мен — жолбарыс
жүректі
Шакан!“
“Мен бар екем, — деп ойлады. — Бар екем. Көрім қазылған жоқ. Атым
өшкен
жоқ. Сонда қалай... Жоқ. Мен — өлгем. Мен алдымен баламды,
содан
соң əйелімді өз қолыммен ажалға бергемін. Көз алдымда
жегіздім
. Өзім жедім. Содан соң өлдім. Міне, қаралы үй алдында қызыл
қаны
актарылып, басы бір бөлек, аяғы бір бөлек, арыстай созылып
жатқан
— мен! Шапырашты Шақан! Ал мына мен — түрегеп тұрған,
жаны
жоқ, сүлдері бар, аты жоқ, аруағы бар — Шақан емес, тарғыл
жолбарыс
, ендеше, менің атым — Шері!
Қуанып
кетті.
“Шері! Шері! Менің атым — Шері!“ — деді үш мəрте айкайлап.
Ал
Шақан... Шақан марқұмның жаназасын шығару керек. Арулап көму
керек
...
Əудем
жердегі жатаған төбе басында, арманда кеткен Ажар
марқұмның
жанынан тоң топырақты сүймендеп, таяз көр қазды.
Суық
сірестіріп, тоңазып қата бастаған жолбарысты анада сойылған
тай
терісінің үстіне салып, атпен тартып əрең жеткізді. Құбылаға
қаратып
басын қойды, кесілген аяғын орнына салды, адамша арулап
көмді
.
Үйге
келіп, бар қару-жарағын асынды да, атқа мініп, жүріп кетті. Басы
ауған
жақка емес, Іленің ойына — қамысы қалың, жолбарысы мол иен
өңірге
. Жанкешті тірлікке біржола бел буып, өзіне өзі риза болып бара
жатты
.
Құтсыз
коныстан бір қонаға жерге ұзаған соң ес жиып. жан-жағына,
өзінің
бас-аяғына қараса — бəрі бұрынғыша. Кəдімгі адам. Шері де,
пері
де емес, Шақан. Баяғы Шакан!
Бірақ
ер жігіт дəл осы арада қателескен. Шакан болса болар, баяғы
Шақан
емес. Ол Шақан шынында да қамысты түбекте, төмпешік


басында
, таяз болса да қайтып шықпас көрде қалды. Кеше корғансыз
шекеден
ауыр ок тиіп, қазаға ұшыраған — Шақанның өзі еді. Тарлан
шері
де табиғаттың бұла перзенті болатын. Тіршілік заңымен, ұрпақтан
ұрпаққа
жалғасқан өмір жорасымен тиесілі несібесін жеп, тоғай
аралап
, қамыс кезіп, жер басып жүріп жатқан. Кісі жолын кеспеген,
адам
баласына жамандык ойламаған. Күндердің күнінде түрлене
құбылған
тарғыл теріге қызыққан бір жауыз баспалап келіп, қапыда
жаралаған
болатын. Жазылмас жара машықты өнерінен айырған,
аштық
пен ызалы кек қатарынан қыскан жолбарыс тайғақ жолға түсті,
əуелде
қорқақтай бастап, əдіс-айламен жеңіп, дəніге келе именбей
шауып
, тарпа басып, оңай олжа, тəтті тамак тапқан — адамның
қылпуын
шалса жыны құрысатын, кісі етін жеуді əдепкі кəсібіне
айналдырған
жалмауыз болып шықты. Кек — кекке жетелейді екен,
жауыздық
— тек жауыздық қана туғызады екен, ендігі кезек Шақанға
жетіп
еді.
Бойында
жалғыз-ақ сезім қалған. Кек! Қан!
Шақан
-Шері тымық ауаны, бүкіл төңіректі жаңғырықтыра, қарқылдап
күлді
.
III т а р а у


САРЫ
ҚҰМНЫҢ ШАПҚЫНЫ
1
Бағзыдан
бағзы, атамнан атам заманда Іле өзені Көкше теңізге
казіргідей
күнбатыс тұмсықтан емес, бел ортадан құяды екен. Төбесі
көк
тіреген Ерен-Қабырғаның қарлы шыңдары мен мұзарт
шатқалдарынан
өзек жарып, меңіреу Борқора мен жасыл Кетпенді қақ
айыра
арна салған, ылдиға озған сайын қоры молайып, табаны кеңейе
түскен
, Алатауды етектей өтерде күнгей қапталдан жамырай кұлаған
ағыны
катты, суы тұнық мың сан бұлақ пен ондаған өзеннен күш алып,
шалқи
керіліп, байсал тагақан, жанат Жетісудың күре тамырындай
зəмзəм
дария жалаңаш шағыл, бұйрат барқан, ен-байтақ Сарықұмды
белінен
басып, жазираға бойлай келе, əлденеше салаға тарамданады да,
кең
алап атырауды нуға толтырып, мəуеге бөлеп, мөлдірей төгілген
беті
, көкжиекпен астасар ұшан су — Сары-Арқаға жонын төсеп, алып
шортандай
иірілген Балқаштың бауырында əрең тыныстаса керск. Ол
кезде
дарқан Іленің екі қабағы моншақтай тізілген қорғанды кент екен
дейді
. Ұрымнан Шынға тартылған, аралықтағы, алыс қиырдағы
қаншама
жұртты байланыстырған көне Жібек жолы дəл осы тұста
терістікпен
жалғас жаңа тармак тауып, аралары бірер күндік, қаптаған
қала
арқылы теңіз шегіне — Сары-Есік түбегіне барып бір-ақ тіреледі
екен
дейді. Енсіз Ұзын-Арал бұғазынан карсы бетке — қол созым
жерде
көрініп тұрған боз белдеулі жайпаңға қайықпен, салмен өту оп-
оңай
. Ар жағы — малы ыңырсыған, жұрты күңірсіген қалың ел — Сары-
Арқа
. Ол заманда Жетісу үздіксіз керуен, тиімді саудамен, самсаған
кентімен
, құнарлы топырақтан нəр тартқан, қызулы күн мен мол судан
күш
алған мəуелі бақ, өнімді егінімен, құйқалы коныста қоралап өрген
қой
, ен далада қостап жайылған жылқысымен — дəулет, байлығымен
ғана
емес, інісі іждағатты, ағасы салауатты, ақсақалы абыройлы болған
келісті
тірлікпен, əйелі бала бағып, еркегі еңбек бағып, əркім өз
шаруасын
берік білген, аламан атқа мініп жер ұстаған, азамат билік
құрып
ел ұстаған іргелі ұжымымен, тек өз ішінде ғана емес, кең
даланың
төрт тарабын қоныстанған аталас ағайындардың бəрімен
ынтымақта
болған ордалы елдігімен сəулетті екен дейді. Түптеп


келгенде
елдің байлығы да, жүрттың қүты да Жер-Ананың, Су-Ананың
мейір
— шапағатының арқасы екен.
Аңызға
сенсеңіз:
Байлыққа
бөккен, дəулетке масайған жұрт құдайын ұмытады.
Мейманасы
тасыған ел əуелі үлкен орда ішінен кішкене отау тігеді.
“Ортақ өгізден оңаша бұзау артық“ депті. Мұнысы рас, егер өгіз —
кəдімгі
соқа тартагын өгіз, бұзау — кəдімгі сүт еметін бұзау болса.
Айтып
отырғаны əлгі, қара жерді жалғыз мүйізімен көтеріп түрған Көк
Өгіздің
өзі болса ше? Сонымен, азғана даудан соң оңаша бұзауға қол
жетті
. Бірак күйлі көрінгенімен, сүтсіз калған бұзаудың бабы
табылмайды
. Жаңа күтім керек, өзгеше бап керек. Төзім керек, шыдам
керек
екен. Бөлінбей қалған өгіздерден, тұқыл өгіз емес, мүйізді
бұқалардан
қорғау, сактау керек екен. Ең бастысы — бір бұзауға қараған
қаншама
жұрттың береке-бірлігі керек екен. Оқшау отау, оңаша бұзау
иелерінің
төрт кұбыласы сай келгенмен, дəл осы жағы жетімсіз
шығады
. Əке мен бала дауласады, аға мен іні жандасады. Ақыры, Көк
ордаға
батпаған, Көк өгізден именген ежелгі дұшпан оңаша отауға,
жетім
бұзауға бас салады. Шығыстан құжынай қаптаған қалың қол
Жетісудың
шегіне енсе де, еліне кіре алмапты. Жұрт жиын, əскер мол.
Қарсы
шауып, қаржыса айқасады. Елін сақтап, жерін корғап қалады.
Бірак
биіктен етекке төгілген, күн озған сайын іргелене, бекіне түскен
жауды
қайыра айдап тастауға куаты жетпейді. Андысқан, арбасқан
заман
туады. Ақыры, “Аңдыған алмай қоймайды“ деген, дұшпан жаңа
бір
амал тауыпты. Жын сыбырлады ма, дию кеңес берді ме, қыл
мойынға
— күре тамырға қол созған. Іле өзенінің тау қыспағынан өтіп,
кең
аңғарға шығатын тұсынан, сол кабақтағы ойпаң беттен дарияның
биік
кабағына қарай киғаштай тартып, əрі кең, əрі терең ор каза
бастайды
. Қарулы сан мың əскер ай қазыпты дейді, жыл казыпты дейді,
ақыры
, қиялай өрлеген алып тоған — құрғақ, жаңа арнаны дарияның
дəл
іргесіне əкеліпті дейді. Əкеліпті де, ұлан асыр той жасапты. Той
жасапты
да, ойдағы елге суық жарлықпен шапқыншы аттандырыпты.
Сіздің
құдайдан біздің құдай зерделі шықты депті. Сіздің ұлыстан
біздің
ұлыс мерейлі шықты депті. Күре тамырға лөкет пышақ көлденең
тіреліп
тұр, жан барда тəубаға кел, аякка жығыл, құлдыққа көш;
жаныңды
бер — басың өзіңде, елінді бер — еркің өзіңде депті.


Жүрекжұтқан
жұрт жирене күліпті дейді. Арыстан туған азамат
арындап
ат ұстапты дейді. Сол жерде күтсін, арада апта өтпей, қан
майдан
үстінде көрісеміз депті дейді. Күлкі — езуде тыныпты, ат —
кермеде
тыныпты. Елші ауыр сəлем арқалап, кері кайтқаннан соң, бір
күн
өтіп, екі күн өтіп, үшінші күн дегенде таңертең ұйқыдан оянған
жұрт
мың жыл бойы шалқып, толқып дəл іргеден ағып жатқан, жүз сан
арық
, мың тарау кəріз арқылы жалпақ даланы мəуелі баққа ұйытқан,
сай
саласы, тармак-бұтактары бүкіл өлкеге нəр құйған жайқын
дарияның
мүлде сап болғанын, кеше шүпілдей толкыған арық қуарып,
лықи
аққан кəріз үңірейе қарауытып бос жатқанын, тас шегенді
сардоба
түбінде ғана өлшеулі су калғанын көреді. Дүркірей атқа қонған
қалың
əскер куарып калған жетім арнаны бойлай шауып, уəделі күні
майдан
даласына келсе... — о, керемет! — қайран Іле — ұлыс өзегі Іле
дария
сол жақ биік қабақты қақ жара қазылган, ені кең, табаны төмен
жаңа
арнаға аунап түсіп, маң далаға — құмды, тақырлы өлі алапқа бет
қойыпты
... Дұшпан мерейі үстем шықты. Күре тамыры қиылған, даласы
қурап
, қаласы тозған — елдік емес, тірлік қуар кепке түскен жұрт
қаскөй
жауға табанды қарсылық көрсете алмайды. Онсыз да шаңы
шыққан
дала иен калады, онсыз да қаңыраған қала қирап тозады. Күні
кеше
ғана неше тарау өзен жапқан жасыл жазира қуара солып, жан-
жақтан
жеміре жылжыған құм қыспағына түседі. Əлбетте, қылышпен
қаржысып
, найзамен салысып, жау тепкініне төтеп берген, жұртынан
босса
да, жалауы жығылмаған біраз жұрт өзен бар жерде өмір бар десіп,
дарияның
жаңа аңғарына — жалаңаш тақырды көктей өтіп, бұйрат
шағылдар
мен шұбар барқандарды сөге тіліп, тың арна тапқан, енді
Көкше
теңізге батыс жақ тұмсықтан тоғылған Іле бойына ірге
аударады
. Тек бұрынғы құнарлы қоныс жоқ, қаймағы тұтас ел жоқ —
қала
да тұрғыза алмапты, егін де сала алмапты. Бірақ баланың өзегі
талмайды
, ердің тынысы бітпейді. Жылқышы-Ата, Шопан-Ата,
Ойсыл
-Қара, Зеңгі-Баба — төрт түлік мал екен қазақты бар қиыннан
алып
шыққан. Ендігі жерде аттың жалы, түйенің қомы шешеді көп істі.
Тəуба
, ырысымыз шайқалғаны бар, ортайғаны жок, мал сүмесіне
қараған
ел бұл жалғанда ештеңеден кемдік көрмейді десетін
ақсақалдар
. Ал бұл кезде ескі қонысты — қалалы, мəуелі атырау бойын
жер
астынан өніп, қаптай көшкен қалың құм басып қалған еді.


Ғылымға
сенсеңіз:
Шөл
өзендерінің мінезі кұбылма. Борпылдак жыныс арқылы жол
тарткан
дарияның табанына лай батпақ пен қиыршық құм тұнады, екі
кабак
жыл озған сайын кемерлене береді, ақыр түбінде, арада əлденеше
жүз
жыл өткенде өзен арнасы төңірегіндегі жерден əлдеқайда биік
болып
шығады. Су ерекше қатты тасыған, жер шытынай сілкінген бір
заманда
, немесе, жарды үңгіп тоздырған басқадай табиғи себептен,
əлдебір
тұста өзен кабағы жырылып кетеді, сол сəтінде-ақ дария лықси
төгіліп
, жаңа жол табады, мүлде басқа тарапқа қарай ағады, ескі арна
құрғап
, ол өңірдегі бүкіл тіршілік өзгереді, табиғат басқаша кепке
түседі
. Немесе: адам, иə хайуанаттар əлемі табиғатқа кері əсер ететін
жағдайлар
бар. Қалың ормандар ысыраппен қиылып, өртеліп, біржола
жойылады
, шөп пен бұта мал аяғында тозады, нəтижесінде жердің
қыртысы
бұзылады, осыдан соң бүкіл өңірді құрғақшылық жайлайды;
егер
əлгі орман, тоғайлар шөл мен жазира шегінде тұрса, тамыры
сөгілген
, тиянақ, тіректен ада жылжыма құм сырғи көшіп, тіршілік
атаулыны
жалмап жұта береді, жұта береді. Африкадағы Сахара шөлі
сияқты
, Іленің төрт тармақ, бес тармақ ескі аңғары — бір заманда
Жетісудың
ең шұрайлы пұшпағы болған Сары-Есік-Атырау да осындай
апатқа
ұшыраған...
Бізге
, яғни Авторға сенсеңіз:
Аңыздың
айтқаны — ақиқат, ғылымның түйгені — шындық, екеуі де
рас
. Күші асқан, мейманасы таскан Адам Жер-Ананың бетіне таңба
түсіреді
, тəнін жаралап, тынысын тарылтады, қанын сорып, сөлін
сығып
, қалқан. корғаныштан айырып, кеселді дертке жол ашады.
Өткенін
бағаламаған, ертеңін ойламаған, тек бүгінгі барын ғана
қызықтаған
жүрт атыраудың аңын қырғаны да, ағашын тауысқаны да
күмəнсіз
. Өлшеусіз еккен егіннен жер тозған, есепсіз шашқан судан
дария
таязыған. Ағысы қайтқан, арыны басылған өзен табанына кұмды
лай
түнбағанда қайтсін. Тынымсыз тырмалған жерден қыртыс кетіп,
құнар
қашпағанда қайтсін. Ақыр түбі егін топырақтан жериді, дария
арнадан
жериді. Өз ісің. Жау келсе де жазық сенде. Жеріңнің азған
түрін
аңдаған шығар. Еліңнің тозған сиқын таныған шығар. Берекең
азаймаса
, беренің сөгілмесе, дəл іргеңнен көр қазуға қарымы қалай


жетпек
, батылы қалай бармақ. Шықкалы тұрған көз, үзілгелі тұрған
омыртка
. Бұдан жүз жыл бұрын келмепті. Екі жүз жыл бұрын алмапты.
Баспаған
. Батпаған. Ендеше, жазық Іледе емес. Елде де емес. Ерде.
Сенде
. Бəрімізде.
Пəн
окымаған, ғылым тауыспаған Шақан Іленің арнасы ауғанын
əлдеқалай
естігені бар. Жау шауыпты. Жағаны қазыпты. Өрдегі суды
етекке
құлатыпты. Ел қоныстан ауыпты... Емескі аңыз. Естіген де
ұмытқан
. Қай ертегі жадында тұрмақ. Енді ойласа, бəрі қисынды
сияқты
. Бұдан неше жүз жыл бұрын суалған көне арна габан астында
жатыр
.
Əуелде
жалаңаш шағыл, бұйра барқанды қақ жара созылған қолат
аңғарды
бітісі өзгеше ойпаңға балаған. Созылыңқы сайды бойлап
азғана
жүрген соң, көлденеңдей құлаған құм жоталы мойнақтан асып
түсіп
еді, жаңағы шолақ аңғардың қайтадан казылып шыққанын,
иретіле
бұралып, көз көрімге дейін шұбалып жатқанын, керек десеңіз,
өзгеше
бітімді, суағар ойпаң екенін көрді. Етекке қайта түсіп,
бажайлай
қарағанда күмəні қалмады: аңыздағы ескі арна.
Екі
жак кабак та айқын бедерленген: көбіне түйетайлана құлаған
жарлауыт
, немесе бұйралана шошайған құм шоқымен астас кия беткей.
Енді
бір тұстарда заманында су кемірген, бітеу, қатқыл, тіке қабырға.
Топырағы
қыртыс-кыртысымен жолақтана шұбарткан биік жар шұрық
— шұрық. Шақшак пен карлығаш ұялары. Сансыз ұя. Осы, кабырғаны
куыстай
үңгіген ұяларда мың сан жұмыртқа салынған, сары ауыз
балапандардың
шүпірлеген шиқылы байсал аққан су сылдырымен
астаскан
, қылыш қанат, айыр құйрық қарлығаш, бауыры мамық, тамағы
үлпек
шақшақ су бетін сүзе ұшып, жарды жағалай, кырды көбелей
ұшып
, ұядағы балаға жем тасыған. Сондай бір дулы, дарқан тірлік
болған
. Ал казір суылдаған канат та, шүпірлеген балапан да жоқ.
Үңірейген
ұялар ғана тұр. Көбінің аузын жел улеп, көбінің қуысы
кеңіп
, сондай сиқысыз, өлі кепке түскен.
Жайлы
ұя қайда, жапырлаған құс қайда — шалқи төгілген дариядан
тамшы
қалмаған. Табан асты — жарыла шытынаған сортаң гақыр — əр
жерде
шоқтана шаңытқан итсигек қана көрінеді, бұл — арнаның темір
астауға
тірелген терең, ойпаң тұстары. Көбіне-көп жер аласарған, шаң,


топырақ
, құм басып, арна биіктеген. Мұндай тұстарда алашабыр өмір
елесі
бар: сабаны шыға қураған сирек баялыш пен шаңыта бозарған
жатаған
торғайоты көрінеді, сояулана түктенген сұрықсыз қарабарақ,
жайлы
конысын жаңа тапқан, сойдия тікенектенген жантақ пен
теріскен
көзге шалынады. Əр тұста жар жиектей шоқ-шоқ қызыл
жыңғыл
өскен екен. Шөп пен бұта қысқы қар суынан, коктемде, күзде
əлдеқалай
сіркіреп өткен жанбыр тамшысынан ғана нəр алатыны, Жер-
Ана
өз перзенттерінен біржола жеріп, бар тілек Көк-Атада ғана
қалғаны
айқын анғарылады. Бір заманда, бəлкім, су деңгейі астыда,
аркан
бойы төменде ғана тұрғанда қақ ортаға бірнеше түп қатын
сексеуіл
біткен екен, жер астындағы су біржола қашқан соң ол да
аптапқа
шыдамай, тұқым— тұяғымен омырыла құлапты, қожыр-қожыр
қара
гомар, жуан, бозғыл күрең, нірмек діңдер жансыз ағаш емес,
жапырыла
жығылған адам — осы өлкені жайлаған, алапат апатқа
ұшырап
, қырғын тапқан кісілердің қаңқа сүйектері сияқты.
Кеше
ғана құм төсінде қалың молаға ұшырасып еді. Бейуақта, дөңес
үстінде
жалдана қарауытқан сексеуіл тоғайы сұлбаланған. Тақап
келгенде
ескі, жаңасы аралас, тарамдана сербиіп, тығыз өскен қалың
сексеуілден
бойы озып, сұғына сорайған, қарауыта үңірейген əлдебір
қабырғалар
көрінді. Жақындаған сайын көңіл азынатар тылсымды
сурет
айқындала түсті. Шекесі кетілген, төбесі тесілген, кейде тіпті
шаңырағы
құлап, астыңғы орамы ғана қалған, қызыл қыштан, ақ
кіріштен
тұрғызылған үлкенді, кішілі, дөңгелек, қырлы күмбездер;
құлағы
мүжілген, есігі құлаған, қақ ортадан айрыла сөгілген,
қабырғасы
қисайған, көбіне жетім бұрыштары ғана сорайған төртқұлақ
бейіттер
; жер болған қабір, тегістелген молада есеп жоқ. Көз көрім
жерді
түгел алып жатқан байтақ зират — аруақтар қаласы сияқты.
Қаншама
заманнан бері жан жуықтамағаны бейіттердің тозған,
көнерген
түрінен ғана емес, бойлай өскен сексеуіл мен қалың
жыңғылдан
, сексеуіл мен жыңғылдың молдығынан ғана емес,
бытырлаған
бұта, қабаттаса айқасқан, тарбақ— сарбақ ағаш, шіріп,
тозған
ку томардан танылатын. Шақан аруақтар шаһарын бастан аяқ
кесіп
өтті. Адам ізін, тіршілік белгісін таппаған. Аң мекені,
жырткыштар
жатағына айналыпты. Аруақ-шаһар шегінде, тозаңыта
батқан
сары күрең күннің ақырғы шапағында, бозғыл қырбақ тұзы


шығып
, сораң тартқан топырақты оя түскен арлан жолбарыс ізін айқын
танып
еді. Екі күннен бері соңына түсіп келе жатқан жұмбақты
жыртқыш
. Сақтықты мүлде ұмытыпты. Аруақ-шаһардың терістік
шегіне
шыға берістегі, қабырғалары қызыл қыш өрнекті, біршама бүтін
сақталған
сегіз қырлы күмбез іргесінде, дара біткен, бұтақтары тарбия
жайылған
биік тораңғы түбінде істікке қадаған сүф етті майын
шыжылдата
отқа қақтап отырғанда есіне түсті. Астапыралда — зират
шегіне
енгеннен бері неше өліп, неше тіріліпті. Шақан күйіп піскен
еттен
тарамдап нəр алды да, арқасында байлаулы жүретін, бүгін мүлде
жеңілейген
жалпақ көн горсықтан бірер жұтып, шөлін қайырды. Ас-су,
керек
-жарағын арқалап, мылтығын мойнына ілген қалпы тораңғы
басына
шықты да, айыр бүтаққа жайғасып отырып, ұйқыға кетті. Елес
шалмай
, түс көрмей, тыныш, əрі қатты ұйықтапты. Таң сəулесімен,
шегіртке
шырылымен оянды. Керіліп бой жаза бере көзі атыздай
болған
. Тораңғы түбіндегі құм ұйпа-тұйпа, жолбарыс ізінен көрінбейді.
Тарғыл
пері түннің бір уағында келген. Биіктегі адамды көріп, шарасыз
қалыпта
ағашты шыр айналған. Содан соң Шақанның дəл астына
жатып
, дем алған. Ақыры, оңай олжадан күдер үзіп, жайына кеткен.
Немесе
, осы манда, таяқ тастам, бір секірім жерде жемін бағып отыр.
Ғажабы
бұл емес, талай жолбарыстың терісін сыпырған, жыртқыштың
мінез
-қүлқы, əдіс айласына жетік Шақанның ешқандай сыбдыр
сезбеуі
. Биікке шықтым деп соншама қамсыз ұйықтаған. Шерінің
келгенін
көрмесін, түрғанын, жатқанын андамасын, көкке қарап шыр
айналғанда
тысырын естімесін, тым құрса күлімсі иісін тануы, катер
белгісін
түйсініп, сезуі керек еді ғой! Əлде... жолбарыс емес, жын-пері
ме
. Жоқ, кəдімгі тарғыл тонның өзі. Ізі сайрап жатыр. Асы аз, суы
тапшы
Шақан мылтығын сайлаған қалпы, тораңғы басында əжептəуір
уақыт
отырды. Акыры, шөл қысып, ыза буып, тəуекелге бекінген.
Мылтықтың
шүріппесін қайыра ұстаған қалпы, сырғып жерге түсті.
Тораңғының
қара қожыр, жуан діңіне арқасын гіреп, сыбдыр шықса
тарс
атуға ыңғайланып тағы біраз тұрды. Сосын сығалап, баспалап,
ашыққа
жеткен. Шегіншектей жылжып, сексеуіл мен жыңғыл басқан
Аруақ
-шаһардан қырық қадам ұзағанда екі иінінен əрең дем алған.
Енді
қатер жоқ. Жолбарыс екеуі тең қарулы. Тең емес. Айдаладан
жайратар
жасын ұстаған əккі аңшы басым.


Аруақ
-шаһарды іргелей із кесіп еді, жолбарыс жайымен адымдап иен
қиырға
— қалың құм ішіне тура тартқан екен. Əлде ашық ұрыска
шақырғаны
. Əлде аулақта бас сауғаламақ. Бірақ елес болмаса, жын-пері
болмаса
, аңызак шөлге неге шықты? Шақан үлкендер сөзін есіне
түсірген
. Молалы жерде су бар. Сулы жерде ел бар. Болған. Баяғыда.
Бəрі
де. Əуелі су көшті. Су соңынан ел кетті. Өлі мола ғана қалды.
Əйтсе
де жолбарыс мінезі жұмбак еді. Шақан артына қарайлап аз
бөгелді
де ізге түсті.
Тарғыл
шеріні бұдан бұрын да құмда қудалағаны бар. Өнімсіз тірлік.
Сен
бір шағылға өрлеп келе жатканда, ол екінші бір тұрғыдан иектеп,
сексеуіл
, не жыңғыл көлеңкесінде дем алып, немесе қызылша мен
теріскен
түбінде баспалап жатады. Сен жақындағанда орағыта жүріп,
кезекті
барқанға асады. Ұзағысы келмесе. Жаңа ғана ірі аң ілген
токтықтан
еріншек тартса. Əйтпесе, орғи шауып, оп-оңай ұзап кетеді.
Уілдеген
жел құм бетіндегі қандай таңбаны болмасын əп-сəтте
тегістеп
жібереді. Тапқыш болсаң іздеп көр. Бірақ қарақұйрық аулауды
кəсіптеген
құм жолбарыстың өзінің сусыз тірлігі жоқ, қайткенде де
өзен
аңғарынан, көл төңірегінен көп ұзамайтын. Ал мынау — аңшыны
мазақ
қылғысы келгендей, мұнарта сарғайған көкжиекке тура
тартыпты
.
Ауа
тымық еді. Аспанда теңгедей бұлт жоқ. Шөлде күн шапақтанбай,
қызара
толқымай, төңкеріле дөңгеленіп, тез шығады екен. Сап-сары.
Найза
бойы көтерілмей-ақ көмір мен көрікте балқыған ақ болатка
айналды
. Аспанның сұрқы қашып, бозғыл түске енген. Белес-белес,
бұйра
тарғыл құм беті тіке қадалған күн сəулесінен от алып, толқынды,
шіліңгір
леп шашады. Мұндай ыстықта есі түзу адам мен аң көлеңке
қуса
керек. Шақан жолбарыстың көп ұзамасына, əлденендей тораңғы
тұбіне
, не сексеуіл тасасына жатып, тыным аларына күмəнданбаған.
Мый
қайнаған ыстықта, қапырық көлеңкеде бұйыға маужырап жатқан
жолбарыстың
талайын атқан. Шеңберлей айналып, көлденеңдей кесіп
қанша
шалса да. із əуелгі, тура терістік бетке тартқан түзу бағытынан
жаңылмады
. Тіпті, жүрісін жеделдете түскендей. Бүйрат белестерді
баса
өткен із сүлбасын желсіз жылжыған киыршық бүркепті.


Ыстық
соғып, шөл қыса бастаған Шақан түс ауа осы қүрғак арнаға
ұшыраған
. Жолбарыс ізінен де осы тұста айрылып еді. Жай ғана із
қумаған
, із соңынан су іздеген, бостан-босқа қаңғымайтын құм
жолбарысы
əлденендей көлге, не бұлақ, өзенге бастап апарар деп
ойлаған
Шақан өзінің иен шөлде қалғанын, таяу гөңіректе — үш-төрт
күндік
жерде ел де, су да жоғын, қиян құм ішінде қаталап өлуі мүмкін
екенін
сонда ғана пайымдады. Бар үміт көне арнада. Ойпаң тұстарына
қак
тұруы мүмкін ғой. Қар суы не жаңбыр суы. Құм арқылы өтетін
өзендердің
үзіліп барып, кайта жалғасып кететіні болады. Əлдебір
жерде
сылдырап су ағып жатса несі бар. ¥шан дарияның көне өзегінде
бір
тамшы нəр қалмауы мүмкін емес. Жолбарыс тегіннен-тегін иенге
бет
түзеген жоқ. Суат бар. Таяу маңда.
Ескі
арна ілгерілеген сайын қуара түсті. Тіпті, табаны таязып,
жайдақтана
бастаған. Тозған сексеуіл мен шытынаған жыңғылдан өзге
сербиген
бұта көрінбейді. Шақан жағаға шықты. Толқындана
буалдырланған
, мұнарта шаңытқан құм теңізінен көз қарығардай.
Шетсіз
, шексіз. Тіршіліксіз, тұлдырсыз. Сарықұмның қақ ортасы —
жан
иесіне аяушылығы жоқ, мейірімсіз, шапағатсыз, аңызақ шөл,
бірлі
-жарым адам емес, ордалы ұлыстың басын жұткан жеміт аран
құрдым
.
Шақан
торсығын сарка төңкеріп, ең соңғы тамшы суын ішті.
2
Дарияның
кең арнасынан ағыс қашқан соң, сай-сала, жылға,
жыраларды
бойлай тамыр жайған жүз тарау бұлақ түгел тартылады.
Бүкіл
атырау бойындағы шаканды, қамысты көлдер тегіс кебеді.
Қайнаған
тұмалар мен шүпілдеген құдықтардың көзі бітеледі. Мөлдір
судан
нəр, қызулы күннен күш алған қара жер кұрғай үгітіліп, шытынай
жарылып
, сəн-көркінен айрылады, тірлік-тынысы тарылып, өң-
шырайы
мүлде өзгеше кепке көше бастайды. Алдымен бау-бақша,
жасыл
шөп, гүл— бəйшешек қурайды. Одан кейін тал мен шілік солып
семеді
. Содан соң өлім кезегі көк терек пен күміс жидеге жетеді. Бойы
биік
ағаштан жалғыз тұқым — жуан діңі қыртысты, мың тармақ
тамыры
терең, аңызақ шөлге де, аптап желге де төтеп берер темірөзек


тораңғы
ғана қалады. Барлық жерде емес. Бір кездегі ойпандар мен
жылғаларда
, ескі арнаның терең иірімдерінде. Оның да етегін құм
басқан
. Бірақ еңсесі түспеген. Бағзы бір замандағы даркан тірлік
елесіндей
, қарауыта бой созып, теңге жапырақтары желмен жамырап,
өзінің
өткенін жоқтап, жалғыздығына налып, бозара сыңсиды.
Жалғызсырамас
, жыламас жөні жок. Төңірегі — тірлік-тынысы, бітіс-
болмысы
өзгеше, жат нəсіл. Мекені — жаңа кепке енген, жаңа кейіп
тапқан
жат жер. Токтаусыз, толассыз жылжып, мындаған жылдар бойы
өскен
, өркендеген, шырайлы тірлік кешкен, енді қан тамыры қиылып,
əл
, қуаттан, қорғаныш, қарекеттен аирылған құнарлы, құйқалы өлкені
біржола
жаулап, қаптай басқан сары құм — кенеусіз, келеңсіз,
мархабатсыз
сары құммен қоса өндіген жүзгін мен түйесіңір, аксора
мен
коянсүйек, жыңғыл мен сексеуіл... Əйтсе де... Құм топаны көмген,
тапалған
, тұл қалған, бар сөлі құзар тереңге қашқан Жер— Ана тіршілік
нəрін
үзбеген соң, бейнет шеккен жарлы болса да, азап шеккен жалқы
болса
да тамыр тартып, жапырақ жайып, ұрпақка-ұрпақ жалғап,
ғасырдан
-ғасыр озып, күн кешіп келеді...
Аспан
мұнарта айналып, жер сағымдана қызып, ауа өкпе өртер ыстық,
тыныс
буар қапырық, коймалжың, əрі құрғақ буға айналған сəске түс
əлетінде
шөл қысқан, тілі ісіп, бар тамыры тарылған Шақан терең
арнаны
бойлай біткен тораңғы тоғайына жетіп жығылды. Ес пен түс, өң
мен
елес арасында қыбырсыз, қимылсыз ұзак жатқан.
Қалтырай
сыбдырлаған бозғылтым, теңге жапырақтар қоңыр самал
желпиді
. Ауа кең, жерде салқын сыз бар. Шулыға кепкен қан жылымык
ағыс
тауып, құрысқан тері, қаткан тарамыс, кураған талшық атаулы
дымды
нəр тартқандай, жанары буалдырлана ашылып, өн-бойы салыға
сергіген
Шақан əлдебір кезде қос қолдап жер тірей бас көтерді. Қарсы
алдында
жылан көздері сығырая мөлиіп, шұнақ типыл құлаққа жете
сыналай
айрылған, қарыс сүйемге жуық, кеберсі, қу жағынан қос айыр,
қызғылтым
сары, ұзын тілі жаландай сумаң кағып, тұрқы сала құлаш,
жуандығы
бура мойнындай, тарғыл келес тұр екен. Кəдімгі, шөл иесі —
жақын
туысы шегіртке, аталас бауыры жылан, алысырақ ағайындары
бақа
-шаян, тышқан — тінтінектеп күн кешкен жəндік атаулыны түгел
алып
жейтін, тынымсыз қарақшылык кұратын алып кесіртке. Өзі
тіршілігінде
талай көрген, кісінің қылпуын шалса болды құм боратып,


тұра
қашатын сұмпайы мақұлық. Желкесі күжірейіп, тамағы бүлк-бүлк
етіп
, сынай қарайды. Əлде бұдан бұрын адам көрмеген. Əлде дымы
құрып
, жалпасынан жатқан жалғыз жаяуды қатер санамайды. Шакан
аяғын
жиып, еңсесін жазғанда білеу құйрығы шұбала шиырылып, көн
кабыршақты
қызыл тарғыл арқасы дір етті де, сұрғылт шұбар бүйірін
солықтай
соғып, бақайшақтары кұмға кіре, төрттағандап тұра қалды:
“Неше күндік азығым...“ Кенет Шақанның күлкісі келді. Жолбарыс
батпаған
батырды жыбырлаған кесіртке алып жейді. Қызық емес пе.
Шынында
, мына келес өзін неше күнде жеп тауысар екен?.. Ыза болған.
Тамағы
кеуіп, тілі оратылмай тұрса да, көмекейден əрең дем тартып,
айбаттана
ақырды. Ақырғанға ұқсас дыбыс шығарды. Төрт аяқтай
секірді
ме, əлде ұзын, білеу құйрығымен серпілді ме, қызыл тарғыл
келес
астындағы құмын бұрқ еткізе шашып, атқи қашкан. Ақымақ.
Ақымақсың
деді Шакан өзіне өзі. Жаңа сонша үрейленбей, бойын
үйретіп
, аз-маз алдарқатсаң ғой, таякпен ұрып алатын едің. Содан соң
күре
тамырын киып, қызыл қанына тоятын едің. Көн қабыршақты
келесте
кан болса. Қан. Кесіртке қаны. Шақанның көзі қарауытып,
жүрегі
лоблыды. Кесіртке каны аузына желімдей жабысып. ішкі,
сыртқы
бар ағзасын былғағандай. Созалаңдап, орнынан əрең тұрды.
Мүмкін
су бар шығар. Иретіле шатқаяқтап жүріп кеткен.
Самалды
, көлеңкелі тораңғы тоғайының аумағы ауыл қотанындай ғана
екен
. Бір жағы — жіңішке саршұнақтардың іні шұрық-шұрық тескен,
түйетайлы
, биік жар. Екінші жағы — кураған текесақал, қараматау
өскен
, кей тұста бұратыла шиырылған жолақ құммен астасатын сортаң
тақыршақ
. Ал тоғай іші қата семген құмдақ топырақ еді. Бір тамшы су
жоқ
. Судың нышаны жок. Қазса... неше құлаш жерден су шығар еді.
Неше
кұн қазбақ, немен казбақ...
Күн
екінтіге ауыпты. Бірақ өзгеше тымырсық көрінеді. Жер мен көк
демін
ішіне тартып, күңірсіген ауа көкірекке зіл батпан салмақ
түсіргендей
. Шақан қарсы бетке — аспаны кірлеуіт, бозғыл күрең, жер
мен
көк арасында тұлдыры жоқ терістік шығысқа көз салып еді.
Көкжиектен
қылтия будақтап, ірімшіктей ақ сары бұлт көтерілді.
Жалдана
ширатылып, жоғары өрлеп барады. Өрлеген сайын аумақтана,
айдындана
түсті. Аздан соң жайыла тарап, жарым көкжиекті жапқан.
Төңкеріле
аударылған, толқына тулаған астыңғы кабаты лайсаң қара


қошқыл
, бүктеле шумақталып, серпіле суырылған, деме-демде биікпен
таласа
шалқыған үстіңгі жағы отқа түсіп шыққан жез қаңылтырдай
қызғылтым
бурыл түске енген, кенеусіз күш, тегеурінді екпінмен лықи
төгілген
ғаламат бұлт жарым дүниені булықтыра басып, гуілдей
азынап
, уақыт озған сайын жақындап келе жатты. Шақанның құлағына
саршұнақтардың
бей-берекет шақылдасқан дыбысы жеткен. Оларға
жауап
ретінде шөл торғайының əлсіз, үрейлі шиқылы естілді.
Əлдеқайдан
қара ала қанат көк тағанақ ұшып келіп, тораңғының қалың
жапырағының
арасына сүңгіп кетті. Анадайдан, кəрі тораңғы түбінен
дүңкие
домаланған құлақты кірпі тоңқандай жүгіріп өтті. Аяқ астынан
шыға
келген жұмыр бас, жасыл кесіртке құйрығын шиыра шошайтып
сəл
тұрды да, кенет төрт аяқпен бірдей бората құм қазып, суға
батқандай
жоқ болды. Мана жансыз ағаштан бөтен тірлігі танылмаған
құмды
шөл жау шабар алдындағы көшпелі ауыл сияқты, абыр-сабыр
кепке
түсіпті. Шақан сонда ғана айқын таныды. Құм дауылы. Құм
дауылы
келе жатыр.
Гуіл
жақындай түсті. Төбедегі күн оқыс тұтылғандай, аспан қарауыта
үңірейіп
, төңірек түнекке батты. Сол сəтінде-ақ жер-дүние шулай
азынап
, ауаны қызыл күрең түтек көмген. Пана іздеп қалыңға карай
қашқан
Шақан қосарлана біткен, жуан, биік тораңғының түбіне əрең
жетті
. Сол сэтінде-ақ жын-перінің ордасы қалың пердемен
қалқалағандай
сезінді. Таяқ тастам жер көрінбейді. Қу жапырақтар
қалбалақтай
жүзіп, ұсақ құм түйіршіктері үйіріле ұшып, бетті, қолды
шымши
ұрғылап жатыр. Бірақ түтек те, дауыл да жоқ. Құм ойранының
бар
салмағын көтеріп алған, мұндай апаттың талайын басынан
өткерген
тораңғы тоғайы — алапат толқын ұрған, асты үстіне
төңкерілген
долы теңіздің жан жағынан күрке жартастармен
қоршалған
тымық қойнауы тэрізді. Аздан соң ағаш басын тербей
шулаған
жел үніне, төңіректі тегіс тұмшалаған, уақыт озған сайын
калындай
түскен тылсым түнекке бойы үйренген Шақан еркін дем
алып
, тораңғының жуан, қара қожыр діңіне арқасын сүйеп, көкке
мойын
соза, көзін жұмып, сұлық отырды да қойды.
Мəңгіре
мүлгіп, көзі ілініп кеткен екен. Селк етіп оянды. Түннің бір
уағы
. Немесе кеш əлі батпаған. Бəрібір. Қараңғы. Қоюлана түскен,
түтаса
түскен дүлей қараңғылық. Тораңғы басы шуылдап, жел азынап


түр
. Құм бораны күшейе түскен сияқты. Шақан қайтадан көзін жұмды.
Көзін
жұма бере тағы да селк етті. Атып тұрған. Бұл жолы анық. Бетін
сипалап
еді. Қолы дымға тиді. Жаңбыр! Сап-салқын, ірі, ірі болғанда
бұршактай
жаңбыр тамшысы. Шақан қармалай сипанып, ашықка
шыккан
. Шығар— шықпастан қаңғалақтай шайқалып, кері шегінді.
Қойын
-қонышы ысгык кұмға, əлі ыстық, жай ғана ыстық емес, шыны
ұнтағындай
өткір, жан тітірентер сүйкімсіз қиыршық құмға толып
кеткен
. Құлақ, мұрны кептеліп калса керек, ал аузы шықыр-шықыр
етеді
. Қайдағы жаңбыр. Мұндай аптап шөлде жаңбыр жауа ма. Жаңбыр
емес
, топан төгілсе жерге түсе ме. Шақан калыңға кайта кірді. Бірақ
жаңағы
, егіз өскен жуан тораңғыны таба алмаған. Түбінде мылтығы
калып
еді. Мейлі. Сипалап жүріп, басқа бір жуан ағаш ығына жайғасты.
Аузы
толған шыны құмды құрғақ, үлкен, үлкен болғанда сиырдың
тіліндей
, жансыз тілімен қанша толғаса да тазарта алмаған. Ақыры, тісі
шықырлаған
, ұрты толған қалпында тағы да мəңгіріп ұйықтап кетті.
Есеңгіреген
қалпы, тозақтың қак ортасында, жынның ойнағында
жаткандай
, мəңгүрт хал кешкен.
Сап
тыныштықтан оянды. Тамыр тарылып, құлак шулаған, тыныс бітіп,
дене
салыққан қатерлі тыныштық. Дауыл да, боран да жоқ. Лүп еткен
леп
білінбейді. Төңірек көз шағылар жарық. Дөңгелене толысқан аппақ
күн
найза бойы биікте тұр. Жер əлемді қуыра шыжғырып барады. Азан
емес
, тал түс кезіндегідей. Ешқашан батпаған, бетін көлеңке шалмаған.
Сəт
озған сайын қызуын күшейтіп, бозамық жалын шашып, неше жыл,
неше
ықылымнан бері шақырайып тұра берген. Бар ғаламдағы емір
анасы
күн құмды шөлде тіршілік атаулының жауы екен. Бұған
карағанда
кешегі түнекті дауыл жанашыр досың сияқты. Тым құрса
шыжғырмай
, тірідей қақтамай өлтіреді ғой.
Шақан
сандала қалталақтап жүріп, мылтығын əрең тапты. Тапқан беті
бүктетіліп
отыра кеткен. Сол сəтінде бетіне салқын тамшы тиіп еді.
Шақан
тер деп ойлаған. Өлім алдындағы ең соңғы ащы тамшы. Қан
кеуіп
, бар тəнің қурай бырысқан шақта да тер шығады екен. Ажал тері.
Жағын
сипай бергенде қол сыртына тағы бір тамшы тамды.
О
, тəңірі! О, қасиетті тораңғы! Қара қожыр қабықты жуан діңнің кісі
бойы
жердегі томпақтана біткен безінен ақ мөлдір сөл тамшылап тұр


екен
. Тораңғыны құшақтай екпеттеген Шақан дымдана жарылған
қабық
арасынан сынаптай жылтырап шығып, көз жасындай домалана
үзілген
өмір нəріне ауыз тосты.
Білмейді
, əлде сүт пісірім, əлде бие сауым уақыт өтті. Шөлі қанбаған,
керісінше
, қаталай түскен, бірақ тамағы жіпсіп, ұрты дымданған
Шақанның
дымы құрып, тізесі бүгіле берді. Жүрелей отырған. Ауыз
ашулы
— көкте. Енді тəңірі тамшысы да нəрлене, молыға түскендей.
Үзіле
мөлдіреп, тынымсыз құлап жатыр. Тырс етіп кебір тілге түскен,
ыстық
діріл қуа тамаққа қарай жылжыған əр тамшы денге қуат, қанға
тыныс
əкелгендей. Шақан созыла босап, қолын жастанып, тораңғы
түбін
орай үйірілген тығыз, əрі жүмсақ қүм үстіне шалқалай жатты.
Бір
кезде көзін ашса, зəулім биіктегі теңге жапырақтар тасасынан
көктей
озған сəуле тіпе-тік, өткір екен. Талтүс. Енді өлмейді. Бір
заматта
тораңғы басы көлеңке тартты. Қатерлі көлеңке. Кеш. Тағы
каншама
уакыттан соң төбеден жүлдыздар сығалады. Қыр сəулелі, ірі,
аппақ
. Артында не түрғаны белгісіз қараңғы түн.
Əл
жимаса да, ес жиған, бүгіні мен ертеңін анық байыптаған Шақан
таң
атқанша жатса да шөлі қанбасын ұқты. Шөлі қанса да ажал араны
жақындай
түспек. Қаталап өлген мен аштан өлгеннің қанша айырмасы
бар
. Ай бойы, жыл бойы жата алмайсың ғой бүл жерде. Ертеңгі аптапты
күтпеуге
, тезірек жолға шығуға, бойда қуат барда алға үмтылуға
бекінді
. Басқаша амал да жоқ еді.
Ширақ
қимылмен орнынан түрды. Тек... қалай карай жүруі керек?
Келген
жолы — анық. Үш күндік шөл. Көлденең кесіп Ілеге жеткенше
тамшы
су жоқ. Өлесің. Жол қандай анық болса, қаталап өлерің де
сондай
анық. Алдағы жол... ол тіпті ұзақ. Он күн. Бəлкім он бес, жиырма
күн
. Кепкен арна. Аңызақ шөл. Ол да өлім. Əйтсе де мүлде сəулесіз
емес
. Бейтаныс жер, сырмінез өңір болғандықтан. Шақан жіті адымдап
тораңғы
тоғайынан шықты да, үңірейе қарауытып түрған арнаны
бойлай
, төмен қүлдап жүріп кетті.
Күн
арқан бойы көтеріле, жер-дүние шайқала толықсып, сағымдана
балқи
бастағанда биік арнаны көбелей құлаған төрт-бес түп тораңғы
көлеңкесіне
аялдады. Əр ағаштың түбіне бір барып, қаншама


тіміскілесе
де көзіне ештеңе шалынбады. Пышағымен тораңғы тонын
жарып
, тым кұрыса дымданған белгі берер ме екен деп каншама тұрды.
Жоқ
. Шақанның өмірін, бəлкім, өмірін емес, азабын ұзартқан нэрлі
ағаш
артта қалыпты.
Күн
еңкейе жүріп кетпек еді. Басы зеңгіп, өне бойы қорғасындай ұйып,
орнынан
тұра алмады. Аңызақ леп кешкі салқынмен алмасып,
төңіректі
тегіс түн лебі —ажал лебі жайлағанда эрең көтерілді. Алға —
тек
қана алға жылжуы керегін, сүйектері саудырап төгілгенше жүре
беруі
қажетін кэміл ұққан.
Айсыз
қараңғы түн. Екі кабағы үңірейе өңкиіп, табаны бозара созылған
кең
арна. Жаһаннамаға бастайтын даңғыл сияқты. Əр жерде бытырай
сербиген
сексеуіл — қаншама жылдан бері мұның жолын тосқан
аруақтар
. Итсигек екені, жантақ, теріскен екені белгісіз, төмпешікгене
үдірейген
— мұны осы қиян құмға айдап экелген жын-шайтан.
Рабайсыз
, қазанның түп күйесіндей қараңғы аспандағы суық
жылтыраған
жұлдыздарға дейін төңкеріле айналып, шэт-шэлекей
араласып
кеткен, айнымас темірқазық кана қақ мандайда мүсіркей
жымындайды
.
Кейде
тұзы бұрқыраған сортаңды. кейде, пышырай жарылған тақырды,
көбіне
жыланжондана үйірілген құмды басып, бірқалыпты, тоқтаусыз
жүрген
Шақан таң ата жер бедеріне əлденендей өзгеріс енгенін аңдады.
Бұл
кезде арна таязып, көлденең құм жоталармен бітеле бастап еді.
Шақан
өзеннің (бір кездегі өзеннің) оң жақ кабағынан, құланиектей
бозарған
жарық сұлбасында созыла үйілген, өркеш-өркеш бірдеңеге
көзі
түсті. Өзі кұмда ұшыратқандай бейіттер ме деп еді. Тағы біраз
жүрген
соң, енді сол қабақтан, жаңағыға карағанда шағындау,
өркештене
құлазып жатқан, бітіс-болмысы айқын, құм төбелерден
мүлде
бөлекше, аумағы ауыл орнындай ескі дөмпеш көрінді. Түстік
бұрышы
қырлы, тіпе-тік екен, жаңа шапақтанған күн нұрымен қызара
толқынады
. Қабырға. Адам қолымен қаланған əлде қорған, əлде зират
қабырғасы
.
Өзен
арнасы қайтадан төмен түсті. Алдынан тағы бір түсініксіз сурет
тартылған
. Кеше мəн бермеп еді. Құрғақ сала кейде оңнан, кейде
солдан
ойыла кертіліп, төменгі беті биік, жал топырақты тарам


шығатын
. Енді мүлде айқындалып көрінді. Тоған — даладағы егінге су
түсіретін
алып тоғандардың көмейі екен! Мұның өзінің аулы Талғар,
Алматы
мен Қаскелең өзендерін жиектей қазып, арық тартатын да,
тары
суғаратын. Ал мынау — əрқайсысы сондай бір-бір өзенге парапар
кең
тоған!
Соңғы
күндері көзбен көргендерін санамен салмактамапты. Енді демін
ішіне
тарта таңырқады. Шөл қысып келе жатса да. Қаны ұйып, басы
зеңгіп
тұрса да. Ертегі... бала кезінде естіген ертегі еліне жетіпті. Бəрі
рас
болғаны ғой. Бəрі рас... Əкесі айтып еді. Іленің ескі атырауы құтты
қоныс
екен, құжынаған ел, бықыған мал екен деп. Атабек ақсақал
айтып
еді. Біз Жетісу мен Жайықты, Сыр-Дария мен Сары-Арқаны —
жарым
дүниені алып жаткан дарқан даланы керней толтырып
отырғанда
... пай-пай, кім сенер, сондай да сондай болыппыз... деп.
Тыңдап
отырсаң... күн — мейірлі, жер — шырайлы, ер — əлді, су —
нəрлі
... су... бір жұтым су... бір тамшы... жарты тамшы... күн... қуыра
шыжғырып
барады. Қан шулықты... Бас — темір. Аяқ — ағаш. Темір
балкып
барады. Ағаш қатайып, ауырлай түсті. Əлде керісінше. Бас —
ағаш
. Аяқ — темір. Ағаш лап етіп өртенеді. Темір — казықтай кағылып,
құмға
сіңеді. Өзімен бірге Шақанды да ала кетеді...
Шақан
кешке жетпесін анық білді. Жүрсе де. Жатса да.
Қадам
қыскара берді. Неше рет сүрініп тұрды. Əйтеуір мылтығын
тастамаған
. Жастанып өледі. Жатса... Тыныш қана ұйықтап кетсе...
Арна
тақырлана түсіп еді. Тіпті, құмды лай тілгілеген ағыс ізі бар.
Көктемгі
қар суының, əлде, кездейсок жауған нөсердің ізі. Мұндай
қуара
тұлданған шөлге қар жауады, жаңбыр тамады деп ойлаудың өзі
қисынға
келместей. Бірақ анық. Арна табаны көктемде — биыл болмаса
былтыр
, алдыңғы, одан арғы жылы, немесе бұдан он, жиырма жыл
бұрын
, əйтеуір бір заманда су іркіліп, батпақ болған, артынша
шақырайған
күн қызуымен быт-шыт жарылып, қылтанақ шықпас қу
тақырға
айналған. Жауын жауғаны, су келгені қызық болғанмен, дəл
осындай
жерде өлу қызық емес. Шакан өзінің күн қақтаған, тарамысы
үзіліп
, бырдай шашылған аксөңке сүйектері көктен құйылған, жылға,
сайлардан
құлаған, əлдеқайдан пайда болған мол су ішінде — өзі тірі
кезінде
бір жұтымы табылмаған, қарғыс атқан қырсық су ішінде шөлі


қанып
, қалқи жүзіп жүргенін ойша елестетті. Қызық. Бұл да кызық
екен
. Қарқылдап күлді. Күлдім деп ойлады. Бірақ желімдей жабыскан
ауыз
ашылмаған. Құрғақ, құрғақ емес, бырыса кеуіп қалған жансыз
көмейден
күңгірт қырыл — төрт аяғы байланып, өткір пышақпен
бауыздалған
малдың тəсілім дыбысына ұқсас бірдеңе естілген.
Шақан
жиекке шығып, көлеңкеде — таяу маңда тораңғы көрінбесе,
сексеуіл
түбінде, сексеуіл болмаса, жыңғыл, жыңғыл болмаса, жантақ,
жантақ
болмаса... ештеңе болмаса... əйтеуір ашық жерде, мына көр
табанынан
, кең даланы, іргелі ұлысты сусыраткан, сан мың халықтың
түбіне
жеткен, енді мұның да басын жұтуға ыңғайланған опасыз
арнадан
аулағырақ өлуге бекінді. Əлде қазіргі тышқан ізі, əлде бір
замандағы
су торғайлардың ұясы, шұрық-шұрық тесік, кей тұста қуара
қабақтанған
, кей тұста түйетайлана аласарған жарға қарай жүрді.
Ыңғайлы
жер тауып, еңбектей тырмысып, кең дүниеге шықкан.
Шықкан
бетте кеудеге мөлдір леп ұрды. Көл! Кəдімгі көл! Жағасы
құрақты
, сирек қоғалы. Суы бар, су болғанда адам ішетін сұйық, тəтті
суы
бар көгілдір көл. Дөңгелене біткен, ұзыншақ. Бір жақ ұшығы
көгере
бой түзеген калың тораңғы. Самалды, саялы, сұлу көл. Мұнарға
асылып
, толықси тұнып тұр.
Шақан
кеңкілдеп күлді. Əлде жылады. Жоқ, күлді. Аузын ашып, өкіре
дыбыстап
тұрып. Күлмегенде. Аяқ астында қаншама су жатыр. Ай
жатып
іш, жыл жатып іш. Айлап ішсең, жылдап ішсең, ғұмыр бойы
ішсең
таусылмайды. Тауыса алмайсың. Іше де алмайсың. Өйткені көл
жоқ
. Су жоқ. Сағым. Сағым ол. Сорлы-ы, сорлы-ау, шөлдегі сағым.
Ғайыптан
шықпаған, елестен тумаған. Бар. Дүниеде бар көлдің суреті.
Бірақ
ол көл қырық күндік жерде... Қиямет қайымның қыл көпірінің ар
жағында
. Солай. Шакан-Шері!..
Кенет
көгілдір көл толқи тербетілді. Бұйрат жоннан бір үйір құлан
шұбыра
төгіліп, суға жақындап келеді екен. Құлан болғанда да ерекше.
Аяқтары
құрықтай ұзын, жіңішке, сұрғылт белдеу, үзік-үзік. Жондары
жоталы
, қабырғалары биік, шолақ жалдары ауамен астаса желпінеді. Ең
алдындағы
, үйірден озғындай шыққан келте құйрық, құмык бауыр
құбақан
айғыр ойқастай көлденендеп, алдын, жан-жағын шолды да,
аршындай
желіп, көлге тура түсті. Соңынан бүкіл үйір — тай, қодығы


аралас
он бес-жиырма құлан тегіс суға бас қойған. Тұнықтан бойлай
ішіп
, еркін сулап жатқан құландардың үстіне бір қора қарақұйрық
құлады
. Жапырлай қаптап, тізіле су сүзген қалың қарақұйрық көлдің
бір
жақ бетін бурыл бояуға көмген. Кенет көлдің екінші жақ шетінен
соңына
үш шөнжік ерткен таудай жолбарыс көрінді. Балпаңдай басып,
жиекке
тақаған да, көкке бауырын төсеп, жата кеткен. Шөнжіктер
кимелей
асығып, суға түсті...
Шақан
қалт тоқтады. Өзінің жүгіріп — шайқалақтай толқып, өкпесі
өшіп
, дымы құрып, алға қарай еңкеңдеп келе жатқанын сонда ғана
андаған
. Қолында мылтығы жоқ. Бірақ жолбарыс та жоқ. Көл де жоқ.
Қаптаған
қоңыр да жоқ. Бəрі елес. Шақан еміне ұмтылды. Тоңқалаң аса,
құм
қаба жығылып, кайта тұрғанда құландардың қырға көтерілгенін,
каракұйрықтардың
да біртіндеп суаттан шығып жатқанын көрді. Ал
жолбарыс
көбейіпті. Үлкенінің өзі əлденешеу. Бірақ əп-сəтте айналып
өтер
шағын көлдің екінші жақ бетіндегі аңда шаруасы жоқ, олар да
сулап
. салқындап жатыр. Көзі тұманытып, буын-буыны босаған, екі
иықтан
, жон аркадан, қақ төбеден — бар жүйке, тамырдан неше жүз
батпан
салмақ езіп, дымы құрыған Шакан ышқына түрегеп, бірнеше
қадам
басты, етпеттей жығылып, еңбектей жылжыды, кайта тұрып,
тағы
жығылды. Бір кезде манадан бері көз алдында, тымык ауада
асылып
тұрған көлдің құлдырап төмен түскенін, бірақ жоғалып
кетпегенін
, кенересі айқын сызылып, суы толқына буланып, еністе —
қарсы
алдында жатқанын көрді. Сағым емес. Елес емес. Түс емес.
Шақан
сенді. Алда көл жатқанына. Осы жаңа ғана сол көлден қаншама
қоңыр
аң суаттағанына. Өзінің соның бəрін көргеніне. Қазір де шын
көрініп
тұрғанына. Бір-ақ нəрсеге сенбеген. Өзінің тірі екеніне. Мана,
құрғак
арнадан биік қабаққа шығар сəтте жан тəсілім қылса керек.
Содан
соң алдынан (о дүниеден) мол су ұшыраған. Шыны сол. Өлген.
Құр
сүлдер, қу аруақ. Ақыл, ес жоқ. Дəрмен, дауыс жоқ. Аяқ, қол, кеуде
мен
бас жоқ. Тек ине жасуындай сəуле — жан сэулесі ғана бар.
Тұрды
ма, жүрді ме, еңбектеді ме, домалады ма — білмейді. Су — асты
құмдауыт
, сэл жылымық суды, кэдімгі, қолмен ұстап, көзбен көруге
болатын
, сұйық, ауыр, мөлдір суды шалп еткізіп, етпеттей жығылды.
Басын
батырып, тұншыға шашалып, қомағайлана жұтты. Əуп деп дем


алып
, қайтадан батты. Сүңгіп ішті, қылқылдата ішті, сораптап ішті.
Белден
аса жалдаған қалпы, бар киімін сыпырып, бүкіл денесімен ішті.
Шөлі
қанбаған. Қарны қампиып кетті. Іші сыздап, кеңірдектей ыкылық
атты
. Бэрібір шөл. Ындын құртып, аңқа кептірген, дария, теңіз тілеген
жеміт
шөл. Шақан тереңге бойлай түсті. Көл табаны қиыршық екен.
Салкын
. Түбі тұмалы көз сиякты. Шұғыл тереңдеді. Бойына күш
құйылған
Шакан сүңги малтып, су бетіне қайта шықты. Көзі шырадай
жанған
.
Дəл
осы сэтте — дүние бұлдырай сұлбаланып емес, бар бітіс, бояумен
айқын
бедерленіп, нық танылған шақта тура қарсы бетте — аркан
бойындай
ғана жерде, тықыр құрақты жайпақ жағалауда бірі шоқиып,
бірі
жер бауырлап, енді бірі көлденеңдей созылып, қатарынан үш
жолбарыс
жатқанын көрді. Үш үлкен жолбарыс. Əріректе, шалғынды
көгалда
элде үшеу, элде төртеу — бір топ қара кұлақ, қызыл шөнжік
алысып
ойнап жүр.
Шақан
қалт тынған. Шегініп, сырт айнала бере, қайтадан жолбарыс
жағалауға
бет бұрды. Қияс шіркін эдетте арттан шабатын. Бір емес, үш
жыртқышқа
қатарынан желке тосу — өзіңді өлімге байлағанмен
парапар
... Мұнысы да өнімсіз эрекет екен. Қапысыз катер аузында тұр.
Ен
қамыс ішінде, жолбарыс жымында адасқан лақтан дэрменсіз. Əйтсе
де
шалқалай жүзіп, ажалды жағадан аулақтауға тырысты. Ептеп
алыстай
берді. Кенет мойнына ұп-ұзын, сұп-суық бірдеме оратыла
соққандай
болды. Су жылан ба деп сескене шошып еді. Дэл қасынан
суға
қарыс сүйемдей батқан ұзын, сұлу денесі толқына тербеліп, сары
жолақ
, тығыз, мақпал түктері жайыла кұбылып, тайдай жолбарыс
жүзіп
өте шықты. Мөлдір суды как айырып, тұмсығының ұшы ғана
көрініп
, бір қырын тартып барады. Шакан тереңге шым батып, қайта
шыққанда
жолбарыс та карсы жағаға — самалдап, жайбарақат жаткан
ағайындарына
қарай бұрылып еді. Шақан қарбандай жүзіп, қара жерге
аяғы
əрең тиді. Бар ісі бос далбаса екенін сонда ғана ұқты. Аумағы
əудем
жер, алақандай гана көл пана да, таса да бола алмайды.
Жолбарыстар
жүзіп те, айналып та өте алады. Қашса қуып жетуі тіпті
оңай
. Шақан жағаға тақаған қалпы, су ішінде отырып, əртүрлі амал
ойластыра
бастады. Ана шетте биік тораңғылар өсіпті. Қазір судан
шыға
жүгірсе, жетіп үлгереді. Үлгермеуі де мүмкін. Үлгерсін. Биік


ағаш
басында апта отыра ма, ай отыра ма. Əлде түрегеп, ештеңе
көрмегендей
, салмақпен аяндап, аулаққа — ен далаға тура тартса
қайтер
еді?..
Жағадағы
жолбарыстар Шақанның басын көп қатырған жок. Əуелі
судан
шыққан қызыл тарғыл, зау шері дүр сілкініп алып, шұбала
аяңдап
, қырға беттеген. Одан соң екіншісі тұрды. Одан соң үш
шөнжігін
соңынан ертіп, бауыры салпы сары қаншыр кетті. Ең соңында
жалғыз
шөнжікті шұбалан жолбарыс та салқау басып, су жағасынан
аулақтаған
. Сілейген қалпы ысына суынып, дірдектеп отырған Шақан
дəл
желкеден пысқыра тасырлаған дыбыс естілгенде даусы шыға
жаздап
, əрең жүрек тоқгатты. Құйрық-жалы күнмен шағылысқан,
омырауы
салқы, бүйірі тоқ, жоны жалпақ ақбоз айғыр құлағын
қайшылап
, мойнын ие көлденендеп тұр екен. Əріде құлын, тай аралас,
баранды
, қылаңды он шақты жылқы көрінді. Шақан жиекте, суға
жартылай
батып, қорбиып жатқан киімдерін алып, жағаға шықты. Боз
айғыр
осқыра үдірейіп, тарпа ұмтылуға — жаңа ғана үйірлі жыртқыш
ортасынан
шықкан иесіне — адамға шабуға ыңғайланып тұр. Шақан
шегіншектей
жылысып, бір заманда қолда өскен, енді неше буыннан
бері
түз жайлап, тағы болып кеткен жылқылар тобынан əрең сытылды.
Сирек
біткен сексеуіл мен жыңғыл шоктарын тасалап, əжептəуір
ұзаған
соң ғана өзін біршама кауіпсіз сезінген.
Əуелі
кісесін көрді. Көлге құлай берер еңістен. Одан ары өзінің жүрген
ізі
сайрап жатыр. Із емес, шиыр. Кейде сүйретілген. Кейде домаланған.
Шайқалақтай
басып, қилы-қилы шимай сызған. Сол жобамен
мылтығын
оңай тапты. Жар басында қалыпты. Екі-үш шақырымдай
ғана
жер екен. Көл де, суатқа түскен аң да көрінбейді. Бірақ бар. Оған
куə
— үстіндегі, əлі дымы кеппеген киім. Аяқ басқан сайын солқылдай
шайкалған
, су толы мес қарын. Көл ойда. Көл деген — су. Көл деген —
өмір
.
Шақан
мылтығының ұңғысын құмнан тазартып, жақсылап тұрып
оқтады
. Сол сəтінде жарым дүниедегі — жалғыз атырау емес, бүкіл
Сарыкұмдағы
ең күшті махлұқат болып шыққан.
3


Шөлі
қанған, қайраты қабындап, тірлік-тынысы қалыпты жүйе тапқан,
сол
сəтінде-ақ өзін жарым дүниенің патшасы сезінген жалғыз адам
қарны
канша ашып тұрса да ең əуелі жолбарыс жатағын барлау
қажетіне
ден койды. Көлшікпен қапталдас, мана жыртқыштар шұбыра
асып
кеткен дөңге баспалай шықты. Құм мен топырақ бей-берекет
үйілген
, аумағы қозыкөш жерді алып жатқан өзгеше кеспірлі бұйрат
екен
. Бір жағы тораңғы тоғайына тірелсе, бір жағы шағылды, жансыз,
жалгіак
құммен ұласады. Ал ойқы-шойқы бұйраттың өзін қалың
сексеуіл
басқан. Бұқпасы, тасасы көп. Мынадай тоңірегі тегіс такыр
өлкеде
жолбасар жыртқыш паналауға аса қолайлы. Иек артпадан
бақылап
, қу даладан көріп отыруы да оңай, дəл қасына келгенше бой
тасалап
жата беруі де оңай. Із кесу, жер шолу аса қатерлі еді.
Жолбарысты
суат басынан тоскан ұтымды. Əлде қыркалай шалып,
жыртқыш
жатағының аумағын, бітіс— тұрпатын барлап шыққан дұрыс
па
. Алай да, былай да жөн. Су — касында, тамақ та алыс емес. Ай
жүреді
, апта жатады, тарғыл қарақшыны түгел қырып бітпей кетпейді.
Осыған
тоқтады.
Ал
қазір... Ұшар биікке шыкқан, алыстан көрінген боз отаудай дөгі—
дөңгелек
, акшаңкан күн қоңыр топырақ аралас сарғыш құмды өртей
лапылдап
барады. Күн қызуын, өзінің аш, əлсіз халін жаңа сезінген
Шақан
кенет қаталай шөлдеп, самалды көлеңкеге, салқын суға қарай
бұрыла
берген. Əлденеше шақпақ қатарынан шағылғандай, карсы
алдан
, тұйетайлы беткейден бірнеше жерден қызғылтым от
ұшқындады
. Қалт тұра қалып, кайта қозғалақтап еді, құм топырақ тағы
да
күнмен шағыла жарқылдады.
Ілгерінді
-кейінді, қатар-қатар, қорыс қазылған саршұнақ іні екен. Ін
аузындағы
бос топырақ үсті бата түскен, шашырай төгілген алтын
теңгелер
. Шақан алдымен біреуін алып көрді. Бедері өшуге айналған,
сəл
— пəл сопақша қызыл манат. Екіншісін, үшіншісін алды. Топырақты
аяқ
ұшымен қопарыстырып көріп еді, астынан тағы шықты. Əр ін
аузында
алтын жылтырайды. Үлкенірек індердің біріне үңіліп қарады
— көлеңкелі қуыс ішінде де асыл теңге жатыр.
Шақан
жан-жағына бажайлай қарады. Тек теңге ғана емес. Қыш
көзенің
сынығы. Көкала өрнекті сыр аяқтың түбі. Əр түрлі түсті, əр


қилы
кейіпті шыны моншақтар. Келесі төмпешікке шыққан. Етекте бір
жак
бүйірі тесілген үлкен қыш құмыра жатыр екен. Шашылған ыдыс
сынығынан
аяқ алып жүргісіз. Əріректе тіке құлаған жарлауыт —
қызыл
кесек қабырғаның жер бетіне шығып тұрған бұрышы екені
байқалады
.
Шөлге
түскеннен бері көз алдынан өткен қаншама төмпешік сонда
ғана
жинақты жүйе тапқан. Қала! Кешегі, одан арғы күнгі, бүгінгі
барлық
төмпешік — бір кездегі адам тұрағы. Керуен сарай, қарауыл
мұнара
. Ал мынау — қозы көш аймакты тегіс алып жатқан шұбар белес
— үлкен шаһар. Бəлкім, бас кала! Құм жұтқан өлі қала...
Сыртқы
— жалдана созылған жота — қамал қабырғасы болса керек.
Жел
улеп, күн қуырып, мүжілген, тозған, құм, топырақ басып, табаны
биіктеген
түйетайлы жотаның əр жерінде — оқ шалым шамада өңкие
бой
көтерген, аумақты дөмпектер көзге шалынады — тірек мұнаралар
сияқты
. Солай екен. Ортасы түсіп, қабырғасы жемірілген, кейде, тіпті,
бір
жағы омырыла ойылған, бірақ əлі де еңселі, айбынды. Қорған
дөңгелене
қайрылған бұрыштағы ең биік мұнара-төбеге шығып тұрған
Шақан
көне кенттің байтақ көлемін толық аңдағандай болды. Қатар-
қатар
созылған, кайшыласа орналасқан ойыс сайлар. Əр түрлі көлем,
кейіптегі
, тақталана орналасқан жыпыр-жыпыр төмпешіктер. Сол көп
шұбардың
арасында, көр қаланың ортасында абылайша кос бітімдес
оқшау
төбе аңдағайлап көрінген. Өзге үйіктерден еңселі, əрі жинақы.
Шақан
өлі шаһарды белінен басып, тура солай тартты.
Аяқ
басқан сайын өткен өмір, өшкен тірлік белгісі көбейе берген.
Жасыл
кенере, көк ала оюлы аяк, табақ, кесе сынықтары. Қызыл
қыштан
күйдірген, сырты бедер өрнекті көзе, əлде құман сынықтары.
Бордай
шашылған, тас па, сүйек пе, əйтеуір адам колынан шыккан,
əйтеуір
бір əжетке жараған, енді тозып, үгіліп, кұм-топырақка көміле
ағарандап
жатқан əлденелер. Осының бəрі тырбия өскен қатын
сексеуіл
гүбінен, қызара тікенденген жүзгін тамырынан, қураған
теріскен
мен жантак сабағынан өндіп жаткандай. Бір жерде жасыл
таты
көгере қабықтанған үлкен тай қазанның қисая батқан кенересі
көзіне
шалынды. Бозғыл тозаң, күлдей құмды ысыра қазып, айнала
тазартып
еді, аузын аша ақырған жолбарыс кейпіндегі үлкен құлағы


көрінді
. Шақан шірене тартқан, жер койнына бата сіңген өлі қазан
былк
етпеді. Тек Шақан қос колдай ұстаған жолбарыс құлақ қана,
қабыршық
таты сөгіле көгеріп, үнсіз ышқынғандай. Кет! Кет жайыңа!
Мен
— караң қалған, азалы қазанмын! Елден бірлік қашқан соң менен
де
ырыс көшкен. Ішім толған құм-шер. Бұзба тынышымды. Қазба
көрімді
. Өз тірлігіңді ойла. Аулақ! Аулақ! Шақан жаңа аршылған
кенерені
қайта жапты. Топырағын қалыңдап, үстінен сексеуіл
томарымен
бастырып қойған.
Нысаналы
төбешікке де жетті. Төңірегі ашық, тегіс екен. Базар орны,
немесе
орталық майдан. Ал мынау — əлде хан отырған, əлде би отырған
тұғыр
болса керек. Іргесі толған сүйек. Күнге күйген, бордай үгілген.
Аң
ба, мал ма, тіпті, адам ба — айырып болмастай. Шақан сары
топыракка
табанын тіреп, тырмыса өрлеген. Аяқ асты күтір-күтір етеді.
Əлде
құман, əлде көзе. Топырак асты толған сынық сияқты. Арқан бойы
түйетай
төбенің ортан беліне жете бере төменге қарап еді. Бас айналар
биікке
шыққандай, жүрегі лобылып, табаны от басқандай шаныша
шымырлаған
. Сол кезде көрді. Жаңа ғана жүріп өткен жолында ортасы
ойылған
, доп— домалак, аппақ бірдеңе жатыр. Жоғары өрлегенде
табанына
тіреліп, төменге домалаған нəрсе. Құман да, көзе де емес. Бас
— маңдайы үңірейе тесілген қу бас — адам басы екен. Ытқи ұмтылып,
төбе
басына шықты.
Төбе
басы жап-жалаңаш. Қылтанақ өспеген, тасы жалтыраған,
топырақтан
ада жалаңаш емес. Қылтанақ бар. Ұсқынсыз, сарбақ,
тырбық
, бұтақты, қалай өсіп, қашан қурағаны белгісіз бір түп жүзгін.
Топырақ
та бар. Қабыршақтана қатқан майда. ақсұр топырақ. Тек... тас
жок
. Тас орнында ағара жалтыраған маңдай, үңірейе карауыткан көз,
кетіле
тізілген тіс... бас... бас... бас... қаптаған қу бас! Шоқ жүзгіннің бір
жак
етегі, жел қаққан ба, жауын шайған ба, сойыла үңірейіпті.
Топырағы
көшкен тоқымдай жерден қаншама қу бас сығалап тұр.
Шақан
қураған жүзгінді шыр айналып бой тасалады. Сол мезетте аяқ
астына
, етекке көзі түскен. “Алла! — деді түршігіп. — Алла, өзің
сақта
!!.“ Шақан тұрған төбенің терістік беті бірнеше жерден ала-шабыр
жолактанып
, ақсөңке, теңбіл қоңыр түспен шұбарта сөгілген екен.
Қатар
-қатар бас сүйек. Қарақұсы ойылған, жағы сынған, тісі кетілген,
бірақ
айрықша іждағатпен бірінің үстіне екіншісі бастыра қаланған


мың
сан қу бас. Шақан адам басынан — өзінің бабаларының басынан
үйілген
төбенің үстінде тұр екен.
Қалай
қашқанын, қайтіп түскенін білмейді. Жан-жағына қараса, өлі
қаланың
екінші шеті екен.
4
Қасап
қырғынды көзімен көрген. Осыдан нешеме жыл бұрын.
Арқадан
қайтқан жаз еді. Өте сəтті жаз. Шақан Іленің етегін ұялы
қаншырдан
тазартқан. Табу оңай. Аңду оңай. Атып түсіру тіпті оңай.
Қайткенде
де жолбарыс перісі Шақан-Шері үшін машықты кəсіп.
Содан
соң саяқ арландардың соңына түсті. Серік іздеген қаншырдың
мауыққан
үнімен аңырай шақырады. Баспадан корғасын оқпен тосып
алады
. Тіпті, жолбарыстың терісін сыпыруға ерінетін болды. Жаңа
калаға
екі-үшеуін апарып, оқ-дəріге молыққан соң артық жұмыс көре
бастаған
.
Міне
, сол, каншама сəтті олжа əкелген мешін жылының күзінде
Шақанды
əлдебір жас жігіт іздеп келді. Іздеп тапты. Батыр аға, асыл аға
деп
ізетпен сəлем берген, құрметпен сөзге тартқан. Ал батыр аға сұңғак
бойлы
, ашаң өңді жас жігіттің сəлемін алмаған. Сөйлескісі келмеген.
Тек
кешіне, от басында, күңірси үйтілген каракұйрықтың етін жеп,
қырыс
— тырысы жазылған соң ғана əңгімеге құлак асып еді. Онда да,
хабаршыға
келген жас жігіт өзіне жақын ағайын болып шыққандықтан
емес
, баяғыда батакұрға келіп, жолбарыс қапқан бала екенін білген соң
ғана
. Бəрібір шешілмеген. Келіспеген. Менің ак патшада ақым жоқ
деген
. Өз ғазауатым өзімде деген. Сұлтаныңа сəлем айт. азуы алты
қарыс
хан да он жыл алысып ештеңе шығара алмады, құр əурешілік
болады
, қарындас жұртгың қанына қалады, койсын деген. Қамыстан
қамыс
сүзіп, соншама қиын— дықпен кездескен бауырының үлкен
үмітін
шорт кесіп, өзінің дүние ісінен аулақтығына тəнті көңілмен
жалғыз
кала берген. Кетерінде інісінің көңілін аулап, иығына
жолбарыс
жақысын жауып еді, шиті мылтықты коса сұрады, жолы
жеңіл
деп, қиылып тұрып алды. Орнына қуатты, əрі жаңа қару —
білтесіз
атылар орыс мылтығын ұсынды. Шақан бала үшін тиімсіз


айырбасқа
амалсыз келісті. Келіспеске қоймаған. Əлде ағасының
жарағы
жетік болсын деді. Əлде елге сенімі артар, ойланар деді...
Ал
Шақан өз тірлігінен таймады — жолбарыс əулетіне карсы жанкешті
соғысын
одан ары жалғастырды. Іленің басына өтіп, Шелектің бойын,
Шарынның
шатқалын сүзді — қан жайлау, қаптаған ел, қаншама
жұрттың
көзіне түсіп, шаршап, шалдығып, бос оралған. Бірақ
нəтижесіз
емес — Жетісуда жолбарыс əулеті тек Іленің етегінде ғана
қалғанына
анық көзі жетті. Əйтсе де, дарияның таудан кұлаған тармақ,
салаларын
түгендей кеткісі келді. Сол оймен Күртіні өрледі.
Бұл
кезде сарбалақ күз туған. Күн жылы, кеш салқын. Екі өңіріне көк
тал
, сида терек өскен, қамыс, қоғасына дейін мыртық, бірак ағыны
қатты
өзенді бойлап, биігінен кар мен мұз салбыраған ақжағал шыңдар
алдан
көлденендей тартылғанда кері бұрылып еді. Кенет күн күркіреді.
Дүмпіген
дауыс тау жаңғыртып, жазыққа төгілгендей, қабаттаса
шатырлап
, ашық аспан, тымық ауа түсініксіз дірілге толды. Келер
мезетте
тағы да көк тітіреген. Содан соң бей-берекет арсыл-гүрсіл
басталып
кетті. Шақан сонда ғана іс мəнісін ұқты: зеңбірек! Зеңбірек
пен
мылтық — үсті— үстіне атылып жатқан. Тек бұл жакта қала да,
қамал
да жоқ сияқты еді. Ендеше, ашық далада...
Күн
ұясына қонған кешкі қаракөлеңкеде жетті. Көк белес етегіндегі
жасыл
шалғын үсті жусаған өлік. Көбіне қырдан ойға қарай созыла,
қатарласа
құлапты. Қылышты, найзалы шидем шекпен, ала шапан. Аяқ
үзілген
, кол жұлынған, карын ақтарылған, кеуде қакыраған — адам
денесі
ғана емес, қанға малшынған қара жер де дал-дүл. Жоғарыда,
төбе
басында зеңбірек артқан арбалар сұлбаланады. Етекте қаптаған
адам
, алаулай жағылған оттар. Шаң-шұң дауыстар естіледі. Жеңісті
ұрыстан
соң жаңа ғана тыным тапса керек. Мыналар да тыным тапты.
Біржола
. “Ғазауат!“ О, бейшара! Қан иісі кеңірдегіне тірелген Шақан
лоқси
құсты. Ішек— қарны аузынан ақтарыла жаздап, қатты қиналған.
Əп
-сəтте бүкіл алапты қараңғы түн жапты. Шақан əлдекімдердің
күбірлей
сөйлесіп, майдан даласын аралап жүргенін аңдады.
Жолбарысша
жылысып, бой тасалаған. Алысқа ұзаған жоқ, шөп басын
қырау
көмген бозғыл тұманды суық түнде таң атқанша калшылдады да
отырды
. Таң ата бойы жылынды, есін жиды, бірақ қайта баруға жүрегі


дауаламап
еді. Біреулер атып салар, немесе ұстап алар деп емес, қасап
суретін
күн жарығында көруге қорыққан. Апта бойы ауырды. Ішкі
ағзасы
. Жүрек, жүйкесі. Бар денесі. Акыры, кездейсоқ ұшырасқан,
қашпай
, көлденендеп тұра қалған жас жолбарыс, жолбарыс емес, əлі
тұрқы
да толыспаған екі жасар жетім шөнжікті тапа тал түсте атып
алып
, шашырай шапшыған қызыл қан — болашақ қарақшының қызыл
қанын
көрген соң ғана қалыпты күйге көшіп еді.
Енді
ойлап тұрса, қорқынышты ештеңе жоқ. Өзінде де қан бар.
Шүмектей
төгіледі. Өзінде де бас бар. Дүңгіршекке айналады. Тісі
аксиып
, танауы сəңірейіп, көзінен құм саулап, домалап жатады. Анда.
Немесе
мұнда. Іленің етегін жартқыштан арылтқан, ен далада
алшаңдай
басқан жолбарыс жүрек Шақанның басы. Іленің ұзына
бойын
мəуеге бөлеген, Жолбарыс-кентте салтанат құрған бабаның
басы
.
Аңыз
айтушы еді:
Шалкар
дала каңсып қураған. Өзен жағалаған шаһарлардың бəрінің
тамыры
суалған. Тек бір-ақ жерде тыныс бар — өзені құрғаса да. көлі
сарқылмаған
бас орда — Жолбарыс-кент. Қаптай жылжыған жау
күндердің
күнінде астананы да қамайды. Ойдағы үйсіннің ең соңғы
тірегі
— жапандағы жалғыз шаһар апта соғысады, ай соғысады. Ақыры
суы
таусылған, тынысы тарылған, қару ұстар азаматы түгелге жуық
жер
құшқан қамал қақырай сөгіледі. Құлаған қабырға, қаусаған қакпа
арқылы
лап берген қанқұйлы жау мың жылдық шаһарды əп-сəтте дию-
перінің
ойнағына айналдырады: əуелі бала-шаға, қатын-қалаш, кəрі-
жас
демей, карусыз мың сан халықты харап қылады, содан соң сəнді
сарайларды
, мұнаралы ғимараттарды қиратады. Кеш батпай-ақ, көк
күмбездері
күндік жерден көрінетін байтақ қала күл-топырақ
үйіндісіне
айналады. Жау мұнымен тынбайды. Қираған шаһардың қақ
ортасынан
бар төбеден биік жаңа тобе — Жолбарыс-кент
тұрғындарының
басынан қаланған биік мұнара тұрғызады. Іленің ескі
атырауындағы
тіршілік біржола тоқталды деген сөз. Енді бұл өңірде
өлім
елесі ғана қалды деген сөз. Əзірейіл мұрасы. Ажал ескерткіші.
5


Шаһардың
терістік беті еңіс тəрізді. Жал топырақ — яғни көне
қорғанның
арғы жағы — тораңғы тоғайы. Аумақты, əрі калың. Манағы
топ
жолбарыс мекені осы болды. Қайратты жыртқыш шөл даладағы
коңыржай
көлеңке, самал салқынды тек өзі ғана иеленсе керек. Өте
жақсы
. Ну қамысты шарламайды. Сары далада сандалмайды. Тарғыл
қаракшының
өрісі өлшеулі. Суат — тораңғы. Тораңғы — суат. Үркітіп
алмай
(үріккенде қайда бармак) еппен қимылдаса, апта өтпей, тегіс
жамсатады
. Қай жерден қарауыл карап, қай тұстан тоспа жасайтынын
шамалап
келе жагқан. Жатаған төмпешікті орай біткен, тырбық, қалың
сексеуілді
айнала бере тұмсықка тұмсық түйісе қарсы кездесті.
Алыстан
іздеп келе жатқан жолбарысымен. Жаңа ғана, көлеңке бетте
сұрғылт
сары томар жатқан сияқты еді. Құм жолбарысы құм түстес деп
ойламапты
. Енді міне, басып кетуге шақ қалған кезде жыртқыш құм
шаша
атып тұрды да, төрттағандап, жербауырлай бере, азулары
сояулана
күнге шағылып, құлағы жылмиып, мұрты жиырылып,
айбаттана
ақсиды.
Шақан
таңырқап та, сескеніп те үлгермеді. Тек ажал сағаты соққанын
кəміл
түйсінген. Тағы да анық ұққаны — қыбыр етсе бітті. жолбарыс
бас
салмақ. Қаны суып, жүрегі мұздап, буын-буынынан əл кетіп,
мелшиді
де қалды. Жолбарыстың жасыл ұшқын шашқан дөл-дөңгелек,
үлкен
көздеріне тесіле қарап, соңғы сəтін күткен. Ал жолбарыс серпіле
атылуға
əзірленгендей, мысықтабандап шегінді. Шегіне-шегіне
шылбыр
бойы алыстады. Содан соң жер бауырлай бере құйрығымен
құм
сабалап, басын шайқап, езуінен ырылдады да, бүктеле бұрылып,
аулаққа
қарай екі-үш аттады. Артына қарай бере ышқына ақырды да,
бір
-ақ секіріп, дөңестен асып жоғалды. Сары құйын сияқты, сапалақ
пері
сияқты.
Құйын
да, пері де емес. Оған сексеуіл көлеңкесіндегі, ойылып, төсекке
айналған
жатағы, құмдак сары топырак үстіне бадырайып басылған
тарбақ
ізі куə. Ендеше, неге алып түспеді? Тышқан ілген мысықтай
тарпа
бас салмағаны қалай? Əлде, өз атымен аталатын өлі қаланың
киелі
кожасы ма. Мүмкін, аң емес, адам шығар. Бұдан нешеме жүз жыл
бұрын
осы қаланы қорғап қаза тапқан батырлардың бірінің қасиетті
рухы
. Жоқ, аң. Шақан аңның ізіне түсті. Сақ. Жинақы. Тақыс. Бұл — өзі
де
есебінен жаңылыпты, — жүз бірдеңесінші жолбарысы...


Аздан
соң биік жар басында тұрғанын көрді. Жары — етегін жел
сойған
, құмнан, топырақтан ада қамал қабырғасы — қамал
қабырғасының
бір бөлігі екен. Биік. Дəл ірге — жарлауыт ойыс. Терең
ор
ізі. Ор бойы, қамал іргесі қалың итмұрын. Шақан қамалдың жайдақ
төбесінен
жағалай сығалап, қанша қараса да сезікті белгі көрмеді.
Адамнан
қорықпас аң жоқ. Жаңа секіре қашқан шері бұл араға
аялдамаса
керек. Шақан жолбарыс ізіне қайта келді де, камал
қабырғасы
аласарып, жал топыракқа айналатын түйетайлы тұстан
етекке
түсті. Көне қамалдың қаншалык еңселі болғанын сонда ғана
аңдап
еді. Үш құрық. Бəлкім, төрт құрық бойы. Сіресе қаткан сары
балшық
балталасаң қайыспастай. Қара жермен қоса жаралғандай
мығым
. Қаһарлы. Жыртқыш дұшпан жакындап келу кайда, айдаладан
айбындардай
.
Кенет
Шақан таяқ тастам жердегі қалың итмұрын арасынан өзіне
əлдекімнің
тесіле карағанын аңдады. Шегіне бере мылтық дүмін
иығына
тіреді. Бірақ атып үлгермеген. Қуатты серпіннен шалқалай
жығалды
.
Еш
жері ауырған жоқ. Естен танған жоқ. Бірақ өң мен ұйқы арасында,
үрейден
де, үміттен де ада, мəңгүрт күй кешкен. Бөренедей добал,
темірдей
салмақты орақ тұяқ, тарғыл аяғын кеудеге тіреп, дəл үстінде
тайдай
қызыл жолбарыс тұр еді. Астында жаткан адамнан
жиренгендей
, бет-аузы рабайсыз гыржиған, мұрты жиырылып, сойдақ
азулар
сарғая қайшыласқан. Ажалдың суық зəрі сасық лепті болады
екен
. Шақан өзінің бетіне — жолбарыс тырнағы мəңгіге таңбаланған
жарақат
бетіне жылымық, қоймалжың, бір тамшы сілекейдің үзіліп
түскенін
бар жүйкесімен сезінді. “Өлдім!..“ — деген ой келді. Сол
сəтінде
оң қолы белдегі селебеге қарай баяу жылжып бара жатқанын
андады
. Болмашы қимылды қалай байқағанын кім білсін, жолбарыс та
ар
ете түскен. Ажал шарпуы Шақанның бет-аузын өртей күйдірді.
Кірпігін
қақгіай, безірейіп қатып қалған. Тек қол — басқа денеден
бөлектенген
, өз жаны, өз тірлігі бар оң қол ғана межелі бағытына қарай
ептеп
сырғып барады.
Жолбарыс
қатерлі қолдың суық қаруға қашан жетерін күтіп тұрмады.
Басын
шайқап, мойнын бұра бере қоңыр белдеулі, қызыл тарғыл, сабау


құйрығымен
бүйірін соғып, көкке қарап, іші тартыла өксіді. Содан сон
салқау
қимылмен Шаканның үстінен түскен. Баяу бұрылып, қырындай
шегінді
. Бөгелмей, артына да қайрылмай, балпаңдай басып ұзай берді.
Шолақ
құйрық қызыл арлан.
Шақан
селебе сабын қыса ұстаған, қимылсыз, тілсіз қалпы ұзак жатты.
Жүрегі
салқын. Жүйкесі берік. Күш, қайраты бойында. Бірақ ақыл,
ойдан
шет. Дəл осы сəтте өзінің тірі адам екенін, иə өлі аруақ екенін
анық
бағымдамас халге жеткен.
6
Көкбелес
бүлігінен соңғы жазда. Орыс мылтығының аузына
жыртқыштың
өзі келіп оралатындай. Шақпақ шақпайсың. Білте
тұтатпайсың
. Кезеніп үлгерсең бітті. Шакан жолбарыс қанына
кеңірдектей
жүзген. Тіпті, көңілінде əлденендей қоңылтақ сезім —
аяушылық
емес, айыз тарқамаған кірбің пайда болып еді. Сондай бір
жолы
серпімі ауада қырқылған, дəл аяк астына бүктеле шиырылып,
жансыз
қапшық болып түскен тарғыл сары қаншырдың бауыр көтеріп,
ет
жеуге жараған, тіпті, асты-үстілі азулары да шыққан екі шөнжігіне
рақым
жасап еді. Екеуінің де құйрығын қақ ортадан кертіп қысқартқан.
Осыдан
соң үлкен, кішісіне қарамай, шөнжіктерге тиіспейтін болды.
Бəрі
де таңбалы. Жер басып жүрсе Шақанның құтыла алмайды. Өссін.
Қайраты
толсын. Адал, ашык ұрыста беттессін.
Көп
ұзамай мұнысы — кеңшілік емес, азапты өлімге байлаған ауыр
жаза
екенін ұқты. Өз бетімен аң аулап жей алмайтын шөнжік бəрібір
аштан
кагады екен. Егер оған дейін шибөрі мен сілеусінге жем
болмаса
. Бір кар басқан ересегінің өзі дəрменсіз. Осы ересектерінің
өлігін
көрген соң, кішілерінен мүлде күдер үзгені. Тек бір жолы ғана
тірі
шөнжікке ұшырасты. Су жағасында, тал түбінде бұратылып жатыр
екен
. Шакан кəміл таныды. Қара жолағы аз, өте енсіз, қызыл сарыдан
қоңыр
күреңге бейім, өзгеше тұрпатты шөнжік. Сакина белдеулі шұп-
шұбар
құйрығы осыдан он шакты күн бұрын кесіліп еді. Қызыл шөнжік
басын
əрең көтеріп, сүйретіле қашпақ болды. Қолға алғанда қоқақтап
аузын
ашып, тістеуге, тыпырлай бұлқынып, тырнауға əрекеттенді.


Шақан
осының алдында ғана ұрып алған қырғауылдың ішін жарып,
бауыр
, жүрегін алып беріп еді.
Ертеңіне
тастап кетуге кимады. Мойнына жіп тағып, жетектеп алған.
Апта
бойы қасына ертіп жүрді. Əбден тойғызды. Бірақ өлтіре салуға
қолы
батпаған. Асырап алсам ба деген ой келіп еді. Тез жеріді. Жетекте
жүрсе
де жұғысар емес. Тамақты қолдан жемейді. Əліне қарамай,
алыса
кетуге бейім. Жарайды, үйренсін. Сонда қайтеді мұны.
Жүгіртетін
ит емес. Мінетін ат емес. Босатып қоя берген. Бірақ жетім
шөнжік
соңынан қалмады. Ерген де отырған. Күн емес. Апта емес. Ай
бойы
. Із қуып арттан жүреді. Баспалап алыста жатады. Орағытып алдан
шығады
. Қайткенде тым тақау келмейді. ¥зап та кетпейді. Шақан өткен
жолына
, ерулеген, қонған жеріне жем тастауды əдетке айналдырды. Ал
күзге
жақын Іле жағасындағы бітеу қамыс ішінен дөкей кабан атып
берді
. Бұл — қоштасқаны еді. Шөнжік мол етке еріксіз аялдамақ. Өзінің
анасын
өлтірген, енді амалсыз асыраушыға айналған Шаканнан көз
жазбақ
. Ар жағы... əрине, аштық, өлім...
Екі
-үш күн бойы бүйрек-бауыры шымырлап, ұйқысы бұзылды. Қызыл
шөнжік
көз алдынан кетпей қойған. Тағы бір жыртқыштың көзін
жойған
жаңа айқастан соң ғана тыншыды.
Бірақ
ұмытпапты. Арада... арада қаншама заман өткен соң,
желтоқсандағы
алғашқы сонарда із кесті. Бедерлі, салмақты, дөп—
дөңгелек
. Толысқан арлан ізі. Көп ұзамай қуып жеткен. Тарғылы жокка
тəн
, тайдай қызыл шері. Жұқа, күпсек қар үстінде керіле басып,
салпандай
аяңдап барады. Шақан мауыққан қаншыр үнімен үздіге
шақырып
еді. Арлан қалт токтады. Көлденендей бере, созылып тұра
калған
. Сол кезде көрді. Құйрығы шолақ екен. Шақан жолбарыс үнінен
жаңылып
, ішін тартты. Қорбаңдай ұмтылып, ашықка шықты. Шолақ
жолбарыс
кеудеге ұрғандай шегіншектей бере шабынып, ар ете түскен.
Сабау
құйрығы шолтаңдап, бүйірін қамшылап, қар шаша етпеттеген.
Адамнан
ығар түрі көрінбейді. Аралық жақын болса, бөгелмей
атылатындай
. Қазір де тұра ұмтылуға шақ жатыр.
Шақан
тағы бірнеше кадам басты. Қызыл шері жылмия арылдаған
қалпы
орнынан көтеріле берген. Дəл осы сəтте жойқын мылтық та тарс
атылды
. Қарсы алдындағы көбік қар бұрқ еткен жолбарыс секіре тұрып,


ытқи
қашты. Көздегені қате кетпеген Шақан өмірінде бірінші рет мүлт
басьшты
. Бірақ өкінген жоқ. Қуанған да жоқ. Таңырқаған. Өзінің мүлт
ұрғанына
емес. Баяғы жетім шөнжіктің тірі қалғанына. Əлде тəңірі
асырады
. Əлде ұялас үйір тапты. Қайткенде де кешегі дəрменсіз, добал
шөнжік
бүгін қайратты, келбетті жыртқышка айналған. Əккі, қу.
Бəлкім
, ағайындарының бəрінен қатерлі.
Шақан
қызыл шолақ шеріні бұдан соң ұшыратпады. Тек осы жолы...
құмға
бет бұрған кезінде бір түйткіл тапқан. Ізіне түскен жолбарысы
жатып
, тыныстаған жерде құм бетінен доға сызық көріп еді. Шолак
құйрық
таңбасы. Көре, біле тұра нық сенбеді. Қалай сенсін. Одан бері
қаншама
заман. Тіпті, қыстың қыраулы күндерінің бірінде шолақ
шерімен
кездейсоқ ұшырасқан суреттің өзі күңгірт. Еміс елеске,
бұлдыр
ергегіге айналған.
Енді
міне... бар екен. Рас екен. Əуелі енесінен айырған. Содан соң
шолтитып
құйрығын кескен. Кейін ақ қарда қақ басынан көздеп атқан.
Кеше
құмда ізіне түскен. Жаңа ғана бетпе-бет келді. Қызыл
жолбарыстың
, тоғайдағы, қамыстағы, құмдағы бар шерінің есесі
түгенделетін
сəт туды. Бір-ақ тарпитын еді. Оп-оңай боршалайтын еді.
Тарпымады
. Боршаламады. Таныды...
Таныды
... Есіне түсті... Көп қиянаты емес, азғана жақсылығы. Дəмнен
аттамады
. Дəті бармады. Дұшпандығын біле тұра кеңшілік жасады.
Жығылған
жаудың кеудесінен түсті де жүре берді... Əлде... адам емес,
аруақ
екенін көрді ме...
7
Өлі
мүрде. Тірі аруақ. Мана, көл бетінде сүлделенген суретінен көрді.
Жақ
сорайып, көз адырайған. Шеке шодырайған, мойын қылқиған,
соншама
ұсқынсыз кепке түскен. Бас сүйегі дүңгірлеп тұр. Іші толы
кұм
. Əлде қан. Іші толы жолбарыс қаны. Қуыс қауашак емес. Өйткені
бұл
— тірі адам. Тірі. Шөлдеді — су ішті. Қарны ашты — кісе түбінде
қалған
— құтқан бірдеңелерді талғажау етті. Ешқашан мұндай ашығып
көрмепті
. Суатқа түскен қарақұйрықтың бірін атып алуы керек. Содан


соң
ақылы кіреді, амалын табады. Амал — бұдан соңғы тірлік жайы.
Бірақ
қандай тірлік? Есін жияды, ойлап табады.
Таба
алмады. Адам — табар еді. Бұл — құбыжық екен. Күн еңкейе көлге
құлаған
топ киік суатқа жете бере оқыс ошарылды. Дүркірей
жиырылып
, құм белеске қайта шыққан. Дөмпіш танауларымен жел
сүзіп
, бытырай шашылып, тағы да ойға түсті. Бірак суға жақындамады.
Аздан
соң шандата шапқан көп қарақұйрық көрінді. Олар тіпті алыстан
тоқтаған
. ІІе кетпейді, не келмейді. Кетейін десе, шөл қысып барады.
Келейін
десе, катер бар. Қатер — тагы жыртқыш емес. Жыртқыш
кейіпті
адам. Жолбарыстан именбеген қоңыр аң менен де қорқа қоймас
деп
, онша көп бой тасаламап еді. Жыртқыштан да қоркынышты екен.
Түрі
қайда, көлеңкесінің өзі жан шошытар құбыжык екен. Шақан көл
басындағы
бейбіт тірлік мəнін сонда ғана пайымдады.
Жолбарыс
ыстык қан, жас еттен жеріген жоқ. Бірақ ертеден кешке
дейін
қаншама аң түсіп, қайтатын кең суат — айналасы неше күндік
шөл
ортасындағы бірден бір тіршілік көзі. Сол жалғыз көзді лайласа,
өзі
де ұзақка бармайды. Жолбарыс өмір заңына бағынған — екі күндік
оңай
олжадан, ақыры апатқа, аштыққа бастайтын жеміт қорқаулықтан
бой
тартып, аңшылық аймағын аулаққа — қалың құм ішіне көшірген.
Ал
адам... аң құрлы ақыл таппағаны ма! Тапты. Шақан созалаңдап, əрең
бой
көтерді. Басы айналып, шайкалактап тұрып, торсығына су
толтырды
. Мылтығын арқасына асып, кеше келген жолына — Іленің
ескі
арнасына түсті. Құбыжык. Тірі аруақ.
Түн
қараңғы. Қап-қара мақпал. Тұңғиық. Жұлдыздар жарық. Аппақ, ірі.
Жерге
соншама жақын.
Кенет
Арқадағы Атабек ауылы есіне түсті. Меңсұлу... күңгірт. Бет
бейнесін
елестете алмады. Ал ақсақалдың өзі... Күні кеше ғана қасында
отырғандай
. Аялы көзі, қалың түкті, буырыл қабағы, тарам-тарам жібек
сақалы
... Жеті жыл! О, тəңірім! Адамға көрсетпегің көп екен... ІІе
салсам
да көтере берер деп қалай ойладың?!..
8


Екі
жыл!.. Бес емес, екі жыл! Екі жылда оралмасам, үмітіңді үз деген.
Өлгенім
, жолбарысқа жем болғаным деген. Бағыңды байлама, ерге бар
деген
. Меңсұлу!.. Бар бақыты, бар тірлігі...
Артынан
іздеп келіп еді. Атабек ауылынан кеткен күннің ертеңіне.
Теңіз
жағасындағы тал үйшікке. Құшағына құлаған. Жарақат басқан
тыртық
бетінен өпкен. Тамағының асты, қос анар жарыса біткен жұпар
иіндік
үсті қаптаған торы мең екен. Шакан есінен адаса жаздаған. Бірақ
əдеп
сызығынан аттай алмады. “Қал, — деген Меңсұлу. — Біржола
мендік
бол. Сонда... менің өмірім сенің жолыңа тігіледі...“ “Мен мұнда
тұра
алмаймын...“ — деген Шақан. “Ақ некемді қи да, алып кет, — деген
Меңсұлу
. — Əкем риза, батасын береді. Қамыс күркеде асыңды қамдап,
жолыңды
бағып отырам. Алатау айналсаң да ізіңді басам. Бақиға дейін
бірге
боламыз...“ Шақан жапанда жатқан жігітке өз аяғымен келген, өз
аузымен
сөз салған өжет қызға шүбалана қарап еді. Меңсұлу қып-
қызыл
болып кетті. “Пəк шыкпасам, бетіме түкір де жүре бер...“ — деген
жүзін
жасырып. Шері атанса да жолбарыс емесі — аз күн серіктесіп,
бір
сəт құмарласып, жайына кетер аң емесі сонда ғана санасына жеткен
Шақан
шынымен босап еді. Күнəдан, енді қыздың өзі тілеген қызықтан
бас
тартгы. Ақиқат сеніммен айтып еді. Келем деп. Оралам деп. Екі
жыл
күт деп. Жəне осы сөзді жадыңа тұт деп. Екі жылдан соң келсем,
күйеу
болармын, бес жылдан соң келсем, бауыр болармын деп. Бірак
оралмаспын
, ажалым жолбарыс тырнағынан деп.
Екі
жыл өтті — өлмеді. Бес... жеті жыл болды — əлі тірі. Жоқ. Сол күні
— Меңсүлудың бота көзін моншак жасқа толтырған қатыгез күні
өліпті
. Екі жыл бойы, жəне үш, тағы екі — жеті жыл бойы неше мəрте
өліпті
. Өлі мүрдесін сүйретіп жүре беріпті. Ай сипатты Меңсұлу...
Жылай
-жылай бекінді. Шақан-Шерінің ерлік өліміне нық сенген
мұңды
көңілмен баска біреудің босағасын аттады. Омырауы толы
жұпарлы
мең еді. Өліге емес, тіріге бұйырды. Бұл да медеу көңілге. Тірі
— тірлігін жасайды. Өнеді, өседі, өмір кешеді. Өлі — өткен күннен
алыстай
бермек. Қурайды, тозады, топыраққа айналады. Шакан-Шері
де
өлген еді. Əйелі мен баласын жырткыш жеген күні емес. Жаңадан
тігілмек
жылы ұядан қашқан күні. Осыдан жеті жыл бұрын.


9
“Жоқ! Мен — тірімін! — деді Шакан ышқынып. — Мен — тірі
Адаммын
!“ Онысы рас еді. Тірі. Адам. “Менің үйім бар! Елім бар!
Жерім
бар!“ Үйі жоқ еді. Осы түнде ғана иен тоғайда, жиде ағашының
түбінде
қонып шыққан. Үй деген — шаңырақ. Үй деген — киіз болар,
тас
болар, балшық болар, қабырғасы, гөбесі бар қуыс. Ашық аспан,
шетсіз
күмбез — үй емес. Бірақ елі де, жері де бар еді. Байтақ ел,
кенішті
жер. Жүзі сынық, көңілі кірбең. Əйтсе де өмір өзегі — күре
тамыры
қиылмаған. Хан, сұлтан кетті — халық орнында қалды. Жұрт
өзгеше
тірлік кебін тапқан. Намысы сөнбеген, болашақтан түңілмеген
ер
-азамат тұман серпілер, күн ашылар жаңа бір жол қарастыра
бастаған
. Ана — кұрсақтанып, бала — аяқтанып жатыр. Қазан —
ошақта
, ошақ — отта, от — ортада. Бай болмас, бірақ бар өмір — арнасы
ауған
Іле дариядай үйіріле толқып, ағып жатыр. Қалай бұрсаң да теңізге
құяды
.
10
Шақан
десе шақан — бір тал қамыс құрағы екен. Үлкен өмір арнасынан
тысқары
қалыпты. Қурамаса — тамыры нəрлі топырақтан үзілмегені.
Бірақ
қуанышы қане? Өткенге өкінбейді — болашағы қайда?
“Мен — жапанда өскен тораңғы, — деді Шақан, — тұрған жерім шөл.
Мен
— жалғыз жортқан жолбарыс — төңірегім түгел жат“.
Бірақ
тораңғы да түйін тастайды — төңірегіне қаулап жаңа өскін
шығады
. Жолбарыс та ұрпақ жалғайды — өзі кеткен күні орнын басады.
Тұлдырсыз
екен, тұл екен.
“Менде бəрі де болған, — деді Шақан. — Соның күйігі. Соның кегі...“
Ештеңе
ойламауға тырысты. Ойламау тағы мүмкін емес-ті.
“Мені елден айырған...“
Кенет
өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді.
Балаға
шапқан, əйелді шайнаған кезі емес. Өлім сəті. Өлгеннен соңғы,
бүтарлап
шабылған сəті. Артқы аяқка шор болып байланған қорғасын


оқ
. “Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді“. Құба-мерген айтқан. Қара-
батыр
айтқан. Атабек Ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз
кек
қуғаны ма. Бір кісіден көрген жапасын бар адамға артқан. Жүрген
ізін
қанды сокпаққа айналдырған. Бүл да қазаға ұшырады. Қорғасын ок
емес
, тас қайғы — екі бірдей қаза жүрек басына түйіртпектеліп
жабысты
. Бір жыртқыштың кінəсін тарғыл тонды барлық шеріге
артыпты
. Сонда не тапты?
Кек
... Кегі аңда емес, адамда болуға тиіс екен. Елден аң емес, адам
айырыпты
...
Бұл
кезде Жалтак Жантай өліп қалған. Кеше емес, алдыңғы күні емес.
Көк
белесте. Патша туының астында. Тарғыл тонды Тоқай-мерген қара
шитімен
қапысыз ұрған.
Бірақ
ағайын ортасына бара алмайтын еді. Əуелде қалмаған, тыңдамай
кеткен
. Ол кездегі ел ағасынан ешкім жоқ. Кіммін деп барады, не іздеп
барады
. Нағашы жұртқа тағы сыймайды. Шақырғанға көнбеді. Пана
тілеген
кембағал кімге керек. Жаксы ит өлімтігін көрсетпейді. Алыска
кетеді
. Жат емес. Жақын.
Əуелі
Ілені құлдап, Көкше теңізге түседі. Көкше теңізді жағалап
Атырауға
— анада ұшығына шыға алмаған ескі арнаның кұйғанына
жетеді
. ¥шан суға сұғына біткен Сары-Есік түбегі бар онда. Үшкіл
тұмсығына
шықса, Сары-Арқа таяқ тастам жерде тұрмақ. Тар бұғаздан
сал
буып өте шығады. Өз елі. Өз ағайындары. Мүмкін, онда да
тұрақтамас
. Бірак амандығын, барлығын білдіреді. “Бес жылда
келмесем
, жаназамды шығар“ деген. Бұл — тірі. Тірі адамға жаназа
дарымайды
. Мүмкін, біржола тұрақтап қалар. Құрметтеп күткен,
қимай
коштасқан қаншама жұрт бар еді. Өз жұрты.
Тек
ата-баба моласы... Дəл іргесіне қала орнаған. Бармағалы, көрмегелі
көп
болыпты. Аруақтан аттап қалай кетер.
Шақан
өзінің ескі қонысына бет түзеді.
Төбесі
ойылған, босағасы кұлаған ескі күмбез басында темір кісен
күтіп
тұр деп ойламаған.


ЭПИЛОГ
немесе
автордың соңғы сөзі
“Отважный туркестанский охотник Шахан“ — ер жүрек түркстан
аңшысы
Шақан туралы ең алғаш рет Петербургта 1871 жылы шыққан
“Военный сборник“ журналынан оқыған едім. Есімі бүгінгі қауымға
беймəлім
əскери журналист жаңа өлкені игерудегі табиғи жəне саяси
киындықтар
туралы айта келе, түземдіктердің əскери ұйымына.
жауынгерлік
қабілетіне арнайы токталады. Ерліктің, тағылықтың
мысалы
ретінде “истребитель тигров“ — жолбарыс перісі Шаканның
аты
аталып, оның азулы жыртқышпен жеке айқасқан бірнеше окиғасы
баяндалған
екен. Өткен заман, ескірген ұғымдар таңбасын көңілге
алмасақ
, өте қызғылықты материал еді. Мен ушін автордың: “Асау бас
ақыр
түбінде азапты ажал таптьГ, — деген сөздерінің мағынасы да
айқын
көрінген. Жолбарыс аулау — аса қатерлі кəсіп.
Алайда
, көп ұзамай, бұрынғы Жетісу өлкесіне қатысты архив
материалдарын
қарастыру кезінде “басбұзар қырғыз Шакан-Тигрдің“
іс
қағаздарына кездесіп қалғаным. Өзінің жақын туысы Малтай
Жантаевтың
куəлігі бойынша, өкіметке пиғылы теріс, қоғамға қатерлі
адам
деп танылған екен. Іс қағаздарының арасында сот үкімі жоқ
болып
шықты.
Менің
бар машақатым осы арадан басталған. Қаншама шаң копарылды.
Ресми
қағаздар, өлең, жыр, аңыздар. Ел əңгімелері. Бір хикаяның үш
түрлі
шешімі шыққан алдымнан. Біріншісі — Шақан аяк-қолына бұғау
салынып
, Сібірге — Якут өлкесіне жер аударылады. Екіншісі — Шақан
тергеу
бігер карсаңда түрмеден қашуға əрекет үстінде (“при попытке к
бегству
“) окқа ұшады. Үшіншісі — əлде түрмеде, əлде этап кезінде
қашып
, аман құтылады.
Оқырманға
қайсысын ұсынарымды білмей көп қиналып, ақыры
соңғысына
тоқталдым. Оған дəлелім де жоқ емес. Бірінші — осыдан
тура
жүз жыл бұрын, 1884 жылы шыққан “Природа и охота“
журналының
он үшінші санында қазактардың аңшылық өнері туралы
көлемді
мақала бар, сонда Сыр бойында жолбарыс аулаған Шакан
дейтін
мерген туралы айтылған. Екінші — жаңа тарихи деректерге


қарағанда
, Шымкент, Əулие— Ата өңіріндегі ¥лы жүз қазактарының
патшалық
тəртіпке қарсы көтерілісіне (1867-1869) басшылық еткен
батырлардың
бірінің аты Шақан, жай ғана Шақан емес, Жолбарыс
Шақан
, яғни Шақан-Шері. Үшінші... Үшінші дəлелімізді ең соңынан
айтамыз
.
Əлбетте
, кейінгі қос Шақан — алғашқы Шаканның жалғасы болмауы да
мүмкін
. Екеуі екі Шақан. Яғни, Сырдағы аңшы Шакан, Əулие-Атадағы
батыр
Шакан екеуі екі адам. Ал Жетісудағы — басқа Шақан. Оның да
біреу
емес, екі кісі болып шығуы əбден ықтимал. Яғни, төрт Шақан.
Сонымен
қатар, төртеуі — төрт адам деп айтарлық дəлел тағы жоқ.
Тіпті
, төртеу болған күннің өзінде мəселе біздің пайдамызға
шешілмек
. Əдебиетте типтендіру (жинақтау) дейтін ұғым барын жақсы
білесіз
, құрметті Окырман. Төртеуін қосып бір кісі жасаймыз. Міне,
біздін
үшінші жəне ең салмакты дəлеліміз осы. Қажет десеңіз үстеме,
қосымша
дəлел тағы бар. Ол — Шақан-Шерінің мінез-құлқы, болмыс-
бітісі
, өмір жолынан туындамақ. Қайраты мен ебі, айласы мен ерлігі
аңызға
айналған аң патшасына қарсы жалғыз шығуға жүрегі дауалаған,
жүз
мəрте жанкешті айқасқа түсіп, бəрінде де мерейі үстем болған
Шақан
-Шері тек жолбарыс өлімімен ғана өлсе керек.
Айтпақшы
, Жолбарыс... Жетісудың ең соңғы жолбарысы 1940 жылы
оққа
ұшыпты дейтін нақты дерек келтіріледі. Арада бірнеше жыл өткен
соң
Іленің төменгі етегінен əлдекімдердің жолбарыс ізін көруі тағы
анық
. Шақан-Шері туралы айғақ, деректер жинастыру үстінде Іленің
екі
жағасын, Тауқұмды, Атырауды — бүкіл Сарықұм оңірін жогары,
төмен
, онды, солды талай шарладық. Ешкандай із кездеспеді. Түлкі ізі,
коян
ізі, қосаяқ, саршұнақ ізі... Тарғыл шеріден қалған белгі жоқ. Бар
жұқана
Қазақстанның Орталық музейінде ғана сақталыпты. Аумағы
арба
дөңгелегіндей жолбарыс қақпаны. Тот басқан, қарысып қатып
қалған
. Темір де тозады екен.
Ал
адам.... адам өмірі жалғаса бермек. Туған топырағына терең тамыр
тартқан
халық жаңғырады, жаңарады, бірақ жоғалмайды. Өйткені ол...
ол
— төрт аяқтылар кауымы емес. Өзі де, ізі де сақталуға тиіс. Тасқа
қашалған
мың жарым жылдык көне ескерткіште айтылғандай, Анамыз
— Қара Жер, Атамыз — Көк Аспан, Кісі ұғлы, яғни мына Біз — осы


екеуінің
ортасында, алғашқы Күн шапағымен бірге жаралыппыз. Бұл —
мəңгіден
келеміз, мəңгі жасаймыз деген сөз. Осыған сенейік. Тек...
суыра
соққан меңіреу құм, қылтанақсыз тақыр, тамшы сусыз шөл... —
адам
баласы аласталған өлі аймақтардың барлығы да бір заманда нулы,
дулы
, жасыл жазира болыпты деседі. Осыны ұмытпайық.
12.V.-10.VIII, 1984, 
Алматы
.


Notes
[

1
]
Ім-мм, иэ! (Орысша. Бұдан арғы сөз, мэтіндер аүдармасында атап көрсетілмейді.)


[

2
]
Дәп солай. Жоғары Мәртебелім!


[

3
]
Жолбарыс кісі.


[

4
]
— Тоқтаат!


[

5
]
...бүлікші... ¥лы мәртебеліге қастандық...


[

6
]
— Енді құтылмайсың! Құтыла алмайсың!.. куә... әйтпесе... отанның адал ұлы хорунжнй...
Жексұрын! Қоркау!

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет