Каримова бибигуль жумашовна ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі


Қазақстан мен Шет елдердегі экoлoгиялық білім беру жүйесі. Экoлoгиялық журналистика негіздері



бет2/17
Дата08.02.2020
өлшемі0.79 Mb.
#447944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Каримова Б.Ж.


1.2 Қазақстан мен Шет елдердегі экoлoгиялық білім беру жүйесі. Экoлoгиялық журналистика негіздері.
«Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білім мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор» - деп көрсетілген [28].

Бұл ретте білім беру тұрғысынан ғана емес, болашақ мамандарды тәрбиелеудің маңызды бөлігі екендігін, жоғары деңгейде қалыптасқан экологиялық мәдениет кепілі табиғат байлығын қастерлеуде екендігін айтады. Экологиялық білім әрбір адамға тиесілі екені ерте кезеңдерден айтылған [29, б.10].

Дүниежүзілік көлемінде қоршаған ортадағы адам мәселесіне қатысты табиғи байлықтарды тиімді пайдалану мен қорғау туралы айтылған бағдарлама ұсынылған болатын. Бағдарламада халықаралық деңгеңдегі табиғи байлықтарды қорғау және тиімді пайдалану туралы айтылған. Осы турасында нақтырақ тоқталсақ:

«С 1971 года программа «Человек и Биосфер» (МАБ) работает над улучшением отношений между людьми и окружающей средой. Объединяя естественные и соцальные науки с экономикой, образованием и укреплением потенциала, Программа МАБ содействует устойчивому использованию и сохранению биологического разнообразия и природных ресурсов» [30].

Бүгінгі жалғасы ретінде 2015-2025 жылдар аралығын қамтитын «Адам және биосфера» атты бағдарлама негізінде жол картасы дайындалады. Онда: «В результате расширенного процесса консультаций с участием многих государств-членов на 38-й сессии Генеральной конференции ЮНЕСКО было принята Стратегия Программы МАБ на 2015-2025 годы. IV Всемирный конгресс биосферных резерватов, который состоялся в марте 2016 года в г. Лима, Перу, собрал вместе более 1100 участников из 115 стран и рассмотрел вопросы, связанные с реализацией Стратегии МАБ, в частности в поддержку Повестки дня в области устойчивого развития до 2030 года и Парижского соглашения по климату» - деп берілген [30].

«Стратегия МАБ на 2015-2025 гг. разрабатывалась в соответсвии со Средне срочной стратегией ЮНЕСКО на 2014-2021 гг. (37C/4) и результатами итоговой оценки осуществления МПД. Документ начинается с четкого изложения видения и миссии программы МАБ. Структурную основу стратегии составляют четыре стратегических цели, подкрепленные соответствующими ожидаемыми результатами, а также пятьстратегических областей деятельности и соответствующие им стратегические направления деятельности, необходимые для реализации концепции и выполнения задач программы МАБ. Основная особенность стратегии МАБ состоит в том, что она содержит всеобъемлющие и в то же время лаконично сформулированные общие принципы, на основе которых может вестись работапо достижению глобальных целей в области устойчивого развития» [31].

Қазақстанда экобілім беру жүйесі басқа шет елдердегі тәрбие мен білім беру қағидаланына ұқсас. Көптеген шет елдерде, мәселен, Еуропа елдерінде балалар жабайы және үй жануарларына үй жағдайында қамқор болуды мақсат етеді. Бұл тәжірибе Қазақстанда да жолға қойылған. Балалар көктемгі уақытта құстарға ұя жасаудан бастап, жануарларға арналған түрлі қорықтар мен зообақтарға бару мен қамқор болу т.б. бағыттарда игі бастамалардың ортасында жүреді.

Балаға экологиялық білім отбасында экологияға көп көңіл бөлу қажет, жұмыс, оқу (мұнда да өз үйіндегі сияқты шағын ғимараттың өзінде қарапайым ережелерді сақтауды үйрену қажет, себебі, көптеген балалар бірлесіп уақытын осы жерде өткізеді), аула, аудан, қала (балалар қандай ауамен дем алады? олар терезеден нені көреді? олар болашағына нені елестетеді?, оларда қандай мағынадағы түсініктер қалыптасады? деген сұрақтар болатындығын көрсетеді [21, б.12]

Көптеген шет елдерде мәселен, Австрияда арнайы мектеп жобалары экология бағытында жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар қатары біздің еліміздегі білім беру мекемелерінде де қолға алынуда. Тіптен арнауды таңдау ретінде «Өлкетану» пәні енгізілген.

Данияда да экологиялық білім беру бірнеше пәндерді біріктіре оқыту арқылы қолға алынған. Оқу қажеттерінің жеткіліктілігіне де назар аударылады. Германияда қоршаған орта мәдениетін қалыптастыруға негізінен жастардың басым жұмылдырылады. Әрі осы бағыттағы жұмыстарды нығайтуға басты назар аударылады.

Шетелдік деректер мен мәліметтерге қарағанда 60-70 жылдары Германия тазалығы нашар деп есептелсе, кейіннен біршама жақсара айтады. Бұл ретте мемлекет экологиясына көп қаржы бөлініп, тазалығына аса зор мән берген дейді. Мәселен, ең қарапайымы күнделікті ортада тазалықты сақтау мен өз ортасына сүйіспеншілікпен қарауға бағыттады.

Ирландиялық экологиялық білім беру жүйесі жастарды экологиялық мәселелерге қызығушылықтарын арттыруды көздейді. Жас буынға репродуктивті денсаулыққа экологиялық таза шешімдерді, сондай-ақ табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру үшін қажетті тиісті күнделікті дағдыларды игеруге ықпал ету сынды ерекшеліктерімен жүйелі жұмыстар жүргізеді.

Швецияда 1970 жылдардан экологиялық білім беру қоршаған ортаны қорғаудың еуропалық кезеңін дайындаумен және жүзеге асырумен байланысты қалыптасты.

Сол жылдарда экологиялық мәселелер жаңа тоғыз жылдық міндетті білім беру бағдарламасына енгізіледі. Сонымен бірге Ұлттық экологиялық жоба дайындалды және қабылданады. Оның талаптарына сәйкес, Швецияда оқытушылар мен студенттерге арналған жаңа оқулықтар мен оқу құралдары жарық көреді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Швед қоғамы (ЕРА) Ұлттық білім беру агенттігімен бірге экологиялық білім беру бойынша ұлттық ақпараттық желі құрады.

Экологиялық білім Скандинавия елдерінің мемлекетаралық ынтымақтастығына да басымдық мәртебеге ие болды. Скандинавиядағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру теңіз жағалауларының экологиялық жай-күйін зерттеу мен картамен жұмыс жасау түсіру сынды практикалық жобаларымен толықты.

Жапонияда экомәдениеттің қалыптасуы кәсіптік білім берудің әртүрлі бағыттарымен де байланысты. Экожүйелер бойынша білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Америка Құрама Штаттарындағы орта мектептерді қарастырған кезде экологиялық мәселелерге терең қарап, қоршаған айналаға ұқыпты және жауапты болып, осы бағыттағы әртүрлі тәсілдерді қолдануға бағыттылды. Экологиялық білім барлық академиялық пәндер мен жұртшылықтың мазмұнында экологиялық этика мақсаттарының кеңінен жүзеге асырылуымен сипатталады.

Сол себепті де Америкадағы экологиялық білімнің жетекші бағыты оқушылардың экологиялық сауаттылығының жоғары деңгейде екендігін танытады.

Мысалы, Америка Құрама Штаттарындағы ірі химиялық және мұнай-химия компанияларының бірінде ұзақ уақыт жұмыс істеген Брюс Харрисон әлемдегі алғашқы эологиялық мекеме аша отырып, оқушыларға қосымша білім беріп отырған.

Қытайдағы экологиялық білім берудің де көп жылдық тарихы мен тәжірбиесі бар. 1979 жылы алғаш негізі қаланған Қытай экологиялық білім беру ассоциация комитетінің өз жұмысы бар. Онда экологиялық білім беру бағытындағы шаралардың мақсаты мен міндеттері айқын.

Норвегияда табиғатты қорғау қоғамы оқушыларға арналған бағдарламалар жасау арқылы танылады. Аталған бағдарлама аясында оқушылар қоршаған ортаға зиянсыз, қауіпсіз әрекеттермен ықпал ету мәселелерін жаһандық көлемде бақылауды қарастыратын мәселен, энергия қызметтерінедеген қажеттілікті қалай қанағаттандыра аламыз? – деген сауалға жауап іздеу бағытында болды. Бұл бағдарламаға Еуропадағы көптеген елдерде 50 мыңнан астам мектеп оқушылары тартылған. SPARE-ның алғашқы қадамдары Батыс және Орталық Еуропа елдеріне, Скандинавияға бағытталса, бағдарламаның жаңа нұсқалары Ресей, Украина, Польша, Молдова, Румыния, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркістан және Өзбекстанда жарияланды.

Осындай экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жоспарланған шаралар білім беру нысандары аясында әртүрлі формаларда өткізіліп отырды.

Мәселен, салыстырмалы түрде бағамдасақ, шетелдік зерттеу мақалалардың бірінде (Eric Freedman and David Poulson. Real- World Learning of Public Affairs and Environmental Journalism: Two Models): «The first is the enhanced portfolio that demonstrates the students’ skills and differentiates them from other new graduates entering the job market.The second and most important recognition comes in the tangible form of jobs and internships for participants who parlay these real world-type academic experiences into credentials valued by professionals news and communications organizations» – деп атап көрсетіледі [32].

Экологиялық білім беру ісінің маңыздылығы мен қажеттілігі заман ағымына байлаенысты болады.

Қоғамдық өмір сүру ортасында кез-келген адамның табиғатты көзінің қарашығындай қорғау мен сақтау туралы білімі болуы, қалыптасуы заңды.

Ғылымда экобілім беру ісінің қолға алынуы турасында Н.В.Калинина атап өте келе, биология ғалымдарының негізінде қалыптасып, әлеуметтік-экологиялық мәселелерді қамту аймағына еніп отырғандығы турасында атайды [33].

Бүгінде қабілетті жоғары білікті экологиялық мамандар қажет. Бұл үшін жоғары экологиялық білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасалу қажет, әрі жетілдіру бағытында жұмыстар атқару қажеттілігі туындайды.

Әлемнің барлық елдерінде дерлік экологиялық апатты жағдайларды қалпына келтіру шараларын болдырмау мен алдын-алу мақсатындаэкологиялық білім беруді күшейту көрініс беруде.Ақпараттар ағыны дәуірінде экологиялық ақпарттардан үнемі хабардар болып отыру қызметтері әлемнің әр елдерінде қалай, қандай тұрғыда жүзеге асырылып жатқандығы БАҚ арқылы да көрініс тауып отырады.

Сондықтан көпшілікке экологиялық білім берудің бірден-бір жолы – БАҚ болып табылады. «Роль экокультуры как индикатора устойчивого развития отношений общества и природы» деген: «Мәдени экология белгілі бір мәдениетке тән табиғи ортаға бейімделу процесінде пайда болған қоғамның белгілі мәдени ерекшеліктерін, әсіресе қоғамдық тамақтану мен басқа да табиғи ресурстарды зерттейді; табиғи ресурстарды технологиямен дамыту және алғашқы мәдениеттің басқа аспектілеріне әсер ету, мәдениеттің әртүрлі бөліктерін бір-біріне бейімдеу» - делінген [34].

Шетелде ақпарат құралдарының ролі мен экологиялық журналисткаға, кәсіби білімге бағытталғаны турасында A.Howarth «Participatory politics, environmental journalism and newspaper campaigns» атты зерттеу мақаласында: «In articulating the newspaper’s position on an issue, editorials also serve as an organizing fulcrum around which the tone and content of news stories will be structured. While alternative viewpoints may well be given space, the dominant position across all the pages should broadly reflect the editorial policy articulated in these columns»-деген болатын [35, р. 218].

Германия мен Ресейдегі экологиялық журналистиканың жай-күйі туралы A.Davydova «From the Field: The State оf Envirоnmental Jоurnalism in Germany and Russia» атты мақалада былайша өзара салыстырмалар жасаған: «Yet, in spite of the differences mentioned above, reporting on climate change both in Germany and Russia comes across a number of very similar challenges. 1) In German media reporting, this means a focus on the most vulnerable regions, such as Bangladesh. In Russia, this is still a rather rare case, as readers still mostly concern themselves with internal Russian problems and with regard to international issues- preferring to read mostly ‘success’ stories instead of tragedies. 2) The interdisciplinary nature of environmental journalism makes it especially difficult to turn complex and diverse blocks of information, research data, contradictory opinions, and multi-layered background information into linear stories, accessible to a wide audience. At times data journalism including info graphics comes to help with this issue – especially when reporting about global challenges, which appear differently in different countries, or when writing about big blocks (or databases) of information. 3) It is rather difficult to keep the readers’ interest on the same level in times of local shortterm problems and conflicts coming up like the economic crisis…» - деген бағамдар жасалған [36, р.4].

Сондай-ақ Швециядағы БАҚ өкілдерінің жұмысы, журналист шығармашылығы, логикалық талдаулар жасау турасындағы ойлар «Inside, outside, and beyond media logic: journalists creativity in climate reporting» атты мақалада «...The results consist of three ways of conceptualizing the climate issue among the journalists: as inside, outside, and beyond media logic. These conceptualizations give rise to three conflicting types of journalistic creativity, more precisely, the ability to effectively insert the climate issue ‘into’ media logic; the ability to go as far ‘outside’ media logic as possible while remaining credible by arraying the climate issue in ‘scientific language’;and finally, the ability to think beyond the media-logic ‘box’ and do something about it (to change journalism)…» [37, р.449] деген пікірлермен сабақтас.

Жоғарыда берілген бірнеше пікірлерге назар аудара отырып, қай елде болмасын кез-келген әлеуметтік топ өкіліне қазіргі заманғы технологиялық қоғамда өмір сүріп, жұмыс істеу үшін қажетті сараптама және экологиялық бағдар дағдыларын игеру міндеттері қойылуда.

Аталмыш міндеттерді бүгінгі жастар, оның ішінде студент жастар қалай жүзеге асыруда деген сауалға жауап алу мақсатында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті студенттерінен сауалнама алынды. Сауалнамаға 50 адам қатысты.



Зерттеудің мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетінің деңгейін анықтау. Келесі реттегі жүргізілген сауалнама төмендегідей сұрақтарды қамтыды және нәтижесі төмендегідей болды.
СУРЕТ-1. Қазақстанда ең таза қала деп қай қаланы атайсыз?

Ұсынылған 1-сұрақ бойынша басым көпшілік жауап берушілер Астана қаласын ең таза қала ретінде белгілесе (53 пайыз), сауалнаманың жауабында берілген өзінің таза қала деп есептейтін қаланы көрсетіңіз деген сауалға бірнеше қалаларды (Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Павлодар), оның ішінде көпшілігі Шымкент қаласын (27 пайыз), Алматы (20 пайыз) қаласын көрсеткен.


СУРЕТ-2. Қазақстанда экологиялық жағынан таза қалалар қатарын көбейту үшін қандай шаралар ұйымдастырылу қажет деп санайсыз?

2

2



2
2-сұрақ бойынша сауалнамаға жауап берушілердің басым көпшілігі Қазақстанның экологиясы жақсарту үшін экологиялық мәдениетті қалыптастыру керек десе (79 %), түрлі насихат жұмыстарын жүргізу (14 %), экологиялық білімдерін жетілдіруді қолға алу керектігін (7 %) көрсеткен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет