Каримова бибигуль жумашовна ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі


СУРЕТ-3. Табиғатты таза ұстау болу үшін мәдениетті болу керек пе?



бет3/17
Дата08.02.2020
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

СУРЕТ-3. Табиғатты таза ұстау болу үшін мәдениетті болу керек пе?

Сауалнама бойынша басым көпшілік жауап берушілердің 53 пайызы иә, әрине деп жауап беріп, таза болу үшін мәдениетті болу керек екендігі айтылды. Жауап берушілер арасында бастысы мәдениетті болу емес екендігін де айтқандар (27 пайызы міндетті емес десе, 20 пайызы білмедім деп жауап берді) кездесті.


СУРЕТ-4. Экологиялық шараларға қатысасыз ба?

Экологиялық бағытта өткізілген шараларға қатысасыздар ма? деген сауалға жауап берушілердің 73 пайызы – иа, әрине деп жауап берсе, 13 пайызы –ұйымдастырылса қатысар едім, 7 пайызы міндетті емес, қатысып көрмедім деп жауап берді.


СУРЕТ-5. Экологиялық біліміңізді жетілдірудің қажеттілігі бар ма?

5-сұрақ бойынша экологиялық біліміңізді жетілдіру қажет деушілер қатарын 93%, қажет емес деушілер – 7% болды.

Сауалнама жүргізу барысындағы нәтижелерді түйіндей келе, бүгінгі жастарға экобілім мен тәрбие жұмыстарын көбейтіп, жастарды оған жұмылдыру ерекше мәнге ие деп білеміз.

Экологиялық апатты жағдай ретінде танылған, қоғамды алаңдатып отырған мәселе Арал мен Балқаштың тартылып бара жатқаны, Семей ядролық сынақ полигоның зардаптары, зауыт-фабрикалардың шығаратын улы қалдықтары мен түтіндері, ауыз су мөлшерінің әлемдік деңгейдегі азаюы, өзендер мен көлдердің тартылуының адамзат үшін қауіпті екені баршаға аян. Осындай алапат апаттардың алдын алу мен осы қауіптерден арылудың бірден бір жолы экобілім жүйесін жетілдіру мен дамыту.

Белгілі ғалым Н.Омашев заманауи білікті журналист мамандар дайындауда журналистің білуі тиіс міндеттерін былайша атап көрсетеді: «Журналистік қызметте ақпарат көзімен жұмыс жасау, экологиялық жағынан сауатты болуы үшін қабылданған заңнамаларды білу, заманауи технология жетістіктерін меңгеру, білімін үнемі жетілдіріп отыру, топпен жұмыс жасай алу, өз ана тілімен қатар өзге шет тілін де меңгеруінің қажеттілігі» [38].

Болашақ маман ретінде шыңдалуда осындай қажетті ақпараттар үнемі назарда болуы тиіс. Сондай-ақ, бүгінгі БАҚ-қа, әсіресе телевизия саласына жаңаша бастамалар мен көзқарастар, тың жобалармен толықтырып отыратын мамандар қажет-ақ. Салалық журналистиканы дамыту келелі мәселе.

Әлеуметтік мәселелер турасындағы зерттеу еңбектерде: «Журналистік қызмет барысында жеке бір ғана тұлғаға қатысты немесе адамның жеке басына қатысты мәселеге қатысты айналысатын журналист немес қоғамдағы бетбұрыстарға назар аударып отыратынжурналист» [39] - деп көрсетеді.

Қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайын бақылауды кез келген уақытта жүргізуге болады. Әлеуметтік орта, өмір салты журналистерді дайындауда қоғаммен байланыс мәселелерін жан -жақты игеру мен әлеуметтік тұрғыда зерттеулер жүргізе алу маңызды.

Қазақстанда экологиялық мәселелерді түбегейлі шешу экологиялық мәдениеттендіруді қажет етеді. Бұл бүгінгі жас буынды, елдің ертеңін таза, қауіпсіз ортада өмір сүрулеріне жағдай жасау дегенге саяды. Оның ішінде төртінші билік иелері журналистердің экологиялық біліммен қарулануы қазіргі заманның талабы. Қазіргі қоғамдағы экобілім жас ұрпақтың мәдениетті болу талаптарына сай емес деген пікірлер көп.

Бұл қаржының жеткіліксіздігімен, ақпаратты жеткізуші білікті журналист мамандардың аз болуымен, материалдық-техникалық база деңгейінің нашарлығы себептерімен түсіндіріледі.

Жұмысты жазу барысында бүгінгі студент, ертеңгі маман журналистердің кәсіби шеберлікке үйрену мен салалық бағытта жұмыс істей алу қабілеттерінің деңгейін бақылау мақсатымен зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргіздік.

Зерттеу барысында экология тақырыбындағы мақала медиамәтініне сыни талдау алгортимін жүргізу мақсаты болды [40].

Нысанға «Атамекен» республикалық-қоғамдық экологиялық газетінің 2016 жылғы 18-шілде №13 санында жарияланған Ә.Ұзақбайдың «Қоқыс жәшігіндегі ұлттық сана» атты мақаласын алдық. Қысқаша мақала мазмұны төмендегідей: Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын тұрмыстық деңгейден бастап ұлттық рухта тәрбиелеуді қолға алмақ. Қала билігі мұндай жоғары материалды мақсатқа жетуге 170 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет