Каримова бибигуль жумашовна ақпараттық кеңістіктегі экологиялық мәдениет қалыптастыру жолдары: шетелдік тәжірибе және ұлттық үлгі


КЕСТЕ-1 «Қоқыс жәшігіндегі ұлттық сана» медиамәтініне сыни талдау алгортмі



бет4/17
Дата08.02.2020
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

КЕСТЕ-1 «Қоқыс жәшігіндегі ұлттық сана» медиамәтініне сыни талдау алгортмі




Мақала медиамәтініне сыни талдау алгортмі

1-кезең

Медиамәтінмен (экология тақырыбындағы мақала) мұқият танысып шығу. Шағын мақаланы мұқият оқып шықтым. Мазмұны түсінікті.




Мақала туралы ақпарат. Мақалада берілген негізгі ақпарат – қала тазалығы. Қоқыс жәшіктері турасында.




Мақаладан алынған өзіндік әсер. Мақаланың тақырыбы бірден назар аудартады.

2-кезең

Мәтіндік талдау.Мәселенің өзектілігі. Мәселенің өзектілігі орынды. Келелі мәселе.




Фактілік талдау. Фактілік материалдар, нақты цифрлық деректер кездеседі.




Мағыналық байланыс, логикалық сәйкессіздік, сәйкестік. Мақала өзара байланысқан бірнеше ойдан құралып, мағыналық, логикалық жағынан тұтастыққа құрылған.

3-кезең

Жалпы мақалаға беретін өзіндік бағаңыз. Мақала маған ұнады. Дегенмен де әсерім керемет емес. Жақсы деңгейде жазылған деп бағалаймын.

Зерттеу барысында ұсынылған «Қоқыс жәшігіндегі ұлттық сана» медиамәтініне сыни талдау алгортмінің нәтижесін төменде берілген диаграммадан көруге болады.


СУРЕТ – 6. «Қоқыс жәшігіндегі ұлттық сана» медиамәтініне сыни талдау алгортмінің қорытынды диаграммасы


Ұсынылған медиамәтінге сыни талдауды журналистика мамандығында білім алушы 5 студент орындап шықты. Нәтижесінде:

4-сызық, студент медиамәтін талдауы: мақаламен танысқан, мақала мазмұны толықтай ұнаған.

6-сызық, студент медиамәтінін талдауы: мақаланың 1-кезеңімен танысу барысында өзіндік пікір айтқан. Дегенмен мақалаға жоғары көрсеткіш берген.

8-сызық, студент медиамәтінін талдауы: мақаламен таныса отырып өзіндік талдаулар жасап, пікір білдірген, соңғы кезеңін жоғары бағалаған.

Ұсынылған талдау үлгісі, мақалаға пікір алу кезінде олардың экологиялық білім туралы қоры жеткілікті екенін, өзіндік талдаулар жасап, пікір білдіре алатындығы байқалды.

Британдық социолог Герберт Спенсер әлеуметтік зерттеу түріндегі әлеуметтік институт терминін алғаш рет ұсынған болатын. Осы негізе қоғамға қызмет ететін дін, білім беру, отбасы, саясат, экономика деген бес түрін атап көрсетеді.

Әрбір заңды түрде құрылған мекеме немесе ұйым болсын белгілі қалыптасқан құқықтар мен міндеттерін негізге ала отырып қызмет атқарады. Сондай бағыттағы қызмет көрсететін әлеуметтік институттардың да өз міндеттері мен мақсаты белгіленеді.

Әлеуметтік институттың негізгі зерттеу бағыты – көпшілік қауым, әлеумет, адамдардың әлеуметтік жағдайы. Әлеуметтік институттар бүгін ғана қалыптасып қойған жоқ. Ол кеше де бүгін де қолданысқа ие.

Әлеуметтік мәселелермен жұртшылықты құлақтандыратын ең алдымен журналистер болады. Журналистика– тек ақпараттандырып қана қоймай, тәрбие құралы, қоғамдағы адамның санасына әсер ете отырып, адамдардың рухани дүниелер алуға мүмкіндік беретін байланыс көзі.

Осындай салмақты міндет қойып, белгілі мақсатқажету жолында аянбай қызмет көрсететін журналистердің білімі мен білігі сай болуы орынды.

Бүгінгі журналистік қызметтің атқаратын қызметі мен жауапкершілігінің арта түсуінің де маңыздылығы танылып отыр. Қоғамдағы кез-келген келелі мәселе ақпарат арқылы құлақтанып, шешімін табады. Бұл ретте журналистке деген жауапкершілік те бірнеше есеге артады.

Осы тұста ғалым Н.Омашев бүгінгі журналистер ең алдымен өз отанын сүйетін елжанды, алғыр, ойын анық, дәл жеткізе алатын қайсар, білімді болуы қажет дегенді атап айта келе, журналистің ұдайы ізденісті қажет ететін мамандық екенін ескертеді. Журналистикада алған білімді тәжірибемен ұштастыра білуді, шығармашылық қабілетінің болуын да баса айтады. Егер БАҚ аудиториясының көңілінен шыға білсеңіз, онда сіздің шыңдалғаныңыздың көрінісі деген болатын [38, б.28].

Болашақ журналист мамандар даярлап шығаруда бүгінгі жоғары оқу орындарының басым көпшілігінде жұмыс беруші ретіндегі телевизия немесе баспасөз, радио мамандары өз тәжірибелерін, өз ойларын айта алады.

Журналистер дайындауда әлеуметтік журналистика пәнінің үлес-салмағы мол. Бұл турасында Ж.Бижан әлеуметтік журналистика қызметі турасында айта келе: «Әлеуметтік журналистика бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орнын, оның қызметінің әлеуметтік ізін бағамдауда эмпирикалық зерттеулерді тірек ету арқылы дүниеге келетіні жалпы даму зандылығының талабынан шығады» - деген [41, б.193].

Әлеуметтік журналистиканың ауқымдылығы мен қолданысының сипаты басымдылық танытып отыр.

Шетелдік тәжірбелерде де бұл мәселе турасында былайша пайымдайды:«Traditionally, U.S. journalism majors gain professional experience before graduation through two principal avenues, internships and part-time or summer jobs. Those positions are generally with news organizations, public relations agencies, and the communications offices of government agencies, nonprofits and trade organizations, and businesses. Employers provide students with varying degrees of responsibility and varying levels of performance expectations. Many students also build pre-graduation experience at campus media outlets such as college newspapers, magazines, and broadcast stations, although the degree of professionalism there differs tremendously» [42].

Білім берудің заманалы жаңа бағыттарында жоғары оқу орындарындағы білім беру форматтары арқылы экологиялық білім беру бірізді жолға қойылып, осы бағытта тың бастамаларға жол ашылуда.

Бұл бағыттағы бастамаларға экологиялық психология саласына байланысты зерттеулер де арқау болады.

Өзге шет елдерде экологиялық білім беру концепциясы 1977 жылы Москвада, 1987 жылы Тбилисиде («Тбилиси + 10») халықаралық конгресінде экология мәселелерінің кешенді негіздері қаланған болатын.

В «Деклорации конференции Организации Объединенных Наций о средечеловека», принятой в Найроби (1982 г.), говорится о значении образования вусилении общественного осознания важности экологических проблем. В 1983г. в «Бечской декларации», выработанной 60 экспертами из 15 стран пообразованию и политике в области среды, указывается, что экологическоеобразование должно из дела исключительно специалистов стать деломобщественности [43, c.50].

Қоғаммен үнемі байланыста болатын журналистика саласында адамдар психологиясын үнемі назарда ұстау, психология саласын өз кәсібіне пайдалана білудің маңыздылығы артып отыр. Психология ғылымы бүгінде қырқынды дамуда. Қай саланың болмасын негізгі нысандарына кіретін психологияның журналистика саласындағы қызметін зерттеу мақсатымен ХХ ғасырда Америкада У.Липман деген ғалым ғылыми зерттеу жүргізеді. Өзіндік мақсат, міндеттер қояды.

Жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуына оның мінез-құлқы әсер етуші болып табылады, әрі қаншалықты меңгергендігі жоғары оқу орынында жүргізілуге тиісті экологиялық білімімен тығыз байланысты. «One of the ways to regulate the ecological system is through environmental journalism. Ecological journalism is a genre of journalism, implying extensive coverage of environmental issues of both global and regional importance. Its subject area is the collection, analysis and dissemination of information relating to current events, trends and problems related to the environment with which humans constantly interact» [44].

Экологиялық журналистика журналистиканың бір саласы. Күнделікті өмірде көптеген адамдар қоршаған ортаның бұзылуына немесе ластануына сирек кездеседі де оларға көп назар аудармайды. Экологиялық мәселелердің түпкілікті шешімінің табылмауынан адамдар кез-келген экологиялық апаттың алдын алуға немқұрайлы қарайды. Табиғи апаттардың зардабы жеке тұлғаларға әсер етпейінше, адамдар экологиялық мәселелер жоқ деп санайды. Біздің психологиямыз осындай.

Аталмыш мәселелерге қатысты әкімшілік шешімдер жаһандық экологиялық дағдарысты еңсеру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан жүйелі тәсіл қажет және қоғамның әрбір мүшесінің үлесі маңызды. Студенттердің бойында адами қасиеттердің қалыптасуына жоғары оқу орындарында жаратылыстану және гуманитарлық білім беру бағдарламаларына сай элективті таңдау курстарының ықпалы зор.

Бүгінде жастар мәселесі, жастарды оңды істерге бағыттау мен олардың бастамашыл қасиеттерін ескере отырып экомәдениетін қалыптастыру мен оны іске асыру оңды бастама. Қоршаған ортадағы тіршілік тынысы қарым-қатынасының түпнегізі филоосфиямен астады.

Экология мәселелеріне туралы жазып жүрген шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектерінде төмендегідей: Anders Hansen «Environment, Media and Communication», Anders Hansen «Media and the Environment», Libby Lester «Media and Environment», Stuart Allan, Barbara Adam, Cynthia Carter «Environmental risks and the media», Alison Anderson «Media, Culture and the Environment», Alison Anderson «Media, Enveronment and the Network Society» зерттеулері, экологиялық тақырыптың баспасөзде қамтылуының құрылымдық түзіміне арнайы зерттеу жүргізген John Blewitt «Media, ecology and conservation: using the media to protect the world's wildlife and ecosystems», L.La May Craig, E.Everette Dennis «Media and the environment» салыстырмалы зерттеулері, экологиялық саясаттың аймақтық қызметінің аспектілері туралы Jeffrey D.Sachs «The Price of Civilization: Reawakening American Virtue and Prosperity», Jeffrey D.Sachs «The End of Pоverty: Ecоnоmic Pоssibilities fоr Our Time», J.Vig Norman және E.Michael Kraft «Environmental Policy» еңбектері, экологиялық журналистика теориясы бойынша жарық көрген М.Ф.Шарон, А.Ф.Кеннет «Пособие по экoлoгическoй журналистике», L.J.Thоmas «This Incоmparable Land: A Guide to American Nature Writing», О.А.Берлова, А.Л.Кочинева, В.Б.Кoлесникoва «Экoлогическая журналистика», M.J.Lewis, B.M.West, M.R.Greenburg, D.B.Sachsman, R.M.Rоgers «The Repоrter's Envirоnmental Handbооk», Л.А.Кoханoва «Экологическая журналистика, PR, реклама Юнити Дана», Л.В Сизoва.,Н.Г.Давыдoваның«Журналистерге кеңес. Жас журналист экологтарға арналған » еңбектерін атауға болады.

Кеңестік журналистер арасында отандық экологиялық журналистиканың негізгі тұлғасы болып саналатын жазушы, журналист, саяхатшы В. Песков болды. Сонымен қатар 1970-жылдары кеңестік баспасөзде еліміздің өсімдік әлемін арттыру тақырыбы кеңінен танымал болды.

Америка Құрама Штаттарында Патрик Mazza «Экологиялық журналистика Bad жаңалықтарда» былай дейді: «Экологиялық журналистика қиын жағдайда, себебі, мақала материалдары, тіпті экологиялық мақалалар соңғы беттерінде ғана жарияланады, жақсы экологиялық мақалалар редакторлар тарапынан қылмыстық немесе спорттық материалдар немесе басқаларға жиі алмастырылады».

Байқағанымыздай, АҚШ пен Германияда бұқаралық ақпарат құралдары экологиялық саясатты әзірлеу мен іске асыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында ерекше маңызға ие.

Мәселен, Д.Грабер еңбектері американдық БАҚ-тың қоғам өміріндегі рөліне баса назар аударады. Неміс психологы Д.Дернер қоғамдағы экологиялық сананың қалыптасуына үлес қосқан. Неміс сарапшылары V.Donsbah, M.Enichke, H.M.Kepplinger, B.Pfetch, V.Tishler, O.Yarren мемлекеттік билік құрылымдарымен негізінен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимыл тетіктерін талдаумен айналысады. Американдық сарапшылар D.Dennis және Д.Меррилл американдық БАҚ-тың қызметі туралы кең таралған сұрақтарға тоқталуда.

Wiebke Rogener and Holger Wormer: «Defining criteria for good environmental journalism and testing their applicability: An environmental news review as a first step to more evidence based environmental science reportin» атты

ғылыми мақалада экологиялық мәселелерді жазуда журналистердің осалдығын және экологиялық тақырыптардың ғылыми көзқарасы мен маңыздылығын сипаттайды: «While the quality of environmental science journalism has been the subject of much debate, a widely accepted benchmark to assess the quality of coverage of environmental topics is missing so far. Therefore, we have developed a set of defined criteria of environmental reporting. This instrument of pieces on environmental issues, which refer to scientific sources and therefore can be regarded as a special field of science journalism. the quality is assessed in a kind of journalistic peer review» [62].

Сондай-ақ батыс әлемінде қоғамдық сана мен қоғамдық өмiрді біртіндеп көгалдандыру БАҚ арқылы жүзеге асырылады. Батыс демократиялық елдерінің саяси салаларындада БАҚ-тыңүстемдігі байқалады.

«Environmental journalism in Bangladesh»атты мақаладада Бангладештегі экологиялық журналистика турасында сөз етекеліп, басылымдарға контентталдау жасалады: «The content analysis was conducted in two stages: firstly, abroad mapping of items in the selected newspapers was conducted to identify theissues at stake about the river. Then, a more detailed numerical and qualitative examination was conducted to obtain deeper insights into the identified issues. Copies of items including news, editorial and opinion pieces had been obtained through online archives of the newspapers» [63].
Қазіргі таңда ақпарат кеңістігенде экологиялық мәселелерге қатысты жазылған материялдар жеткіліксіз деген пікірлерді жиі естиміз. Солардыңбiрiнде: «Көп жағдайда экология тақырыбында жазатын журналистер оқиғаны суреттеумен немесе интернеттегi мақалаларды аударумен ғана шектеледi. Қызықты тақырыпты табу, турлi пiкiрлердi жинактау, болған оқиғаға қорытынды жасау, сондай-ақ статистиканы және тарихи материалдарды қолдану жағы жетпей жатады. Экология тақырыбында қалам тербейтін журналистердің көбі ақпарат көздерін, тақырыптарға қатысты пікір айтатын сарапшыларды дұрыс таңдай алмайды. Сондай-ақ арнайы дайындықтары жоқ. Көп жағдайда Қазақстандық мемлекеттік мекемелермен, халықаралық ұйымдармен тиімді байланыс орната алмай жатады» [64, б.4].

Зерттеу барысындағы ой-пікірлер мен нәтижелерді саралай отырып, жоғары оқу орындарындағы журналистика мамандығы студенттеріне арналған оқу жоспарының бағдарлама жобасын ұсынып отырмыз.



«Электронды ақпарат құралдары және ғаламдық экология мәселелері» атты оқу бағдарламасы журналистика мамандығының студенттеріне арналады.

Әлемдік экология мәселелерінен хабардар ете отырып электронды БАҚ-тың ұтымды тұстарын түсіндіру мақсатын қояды



Міндеттері:
– Ғаламдық экология мәселелеріне шолу жасау;

– Қазақстандағы телекоммуникациялық даму мен экоақпараттармен жұмыс бағыттарын атап өту;



– экологиялық мәдениет қалыптастыруда дәстүрлі және жаңа медианың ортаның рухани-мәдени өміріне ықпалын бағамдау.

Материалдарды қолдана отырып, берілген тақырыптар негізінде түрлі жанрдағы мәселен, эссе, мақала, сұхбат, хабарлама мен рецензия жазу,студенттің өзіндік жұмыстарын дайындау барысында тезисқұрабілу сынды тапсырмаларды орындай алады.

Дағдысының болуы:

Ғаламдық экологиялық мәселелерімен таныс бола отырып, материалдарды даярлауға дағдыландыру.


4. Курстың пререквизиті

Шетел журналистикасының тарихы


5. Курстың постреквизиті

Өндірістік практика

6. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
КЕСТЕ-2. Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі 5-кестеде келтірілген


Курс


Семест

р


Кредитте

р


Дәріс, сағ.


СТС, сағ


ЗЖ, сағ.


БӨЖ, сағ.


Барлығы, сағ.


Қорытынды бақылау формасы


1

6

2

15

15




90

135

Емтихан


Сонымен қатар бүгінде болашақ журналистерді дайындауда медиа мүмкіндіктерді пайдалану жағы әлі де болса бәсең қалыпта екендігі зерттеушілер тарапынан айтылып келеді.

ХХІ ғасыр – жаңашыл бастамаларға толы, ақпараттар ағынының қарқыныдәуірлеп тұрған кезең десе болады. ХХІ ғасыр «ақпараттандыру ғасыры» деп аталып, 2013 жылы Қазақстанда «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы ұсынылған болатын. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Қазақстандағытың бастамаларды атап өткен [65].

Заман ағымына қарай ақпараттар алмасу қарқынды дамуда. Ақпараттар алмасулегін ғылыми зерттеу алғаш рет 1960 жылдар қалыптаса бастаған делінген. Қоғамның қай саласында болмасын ақпарат алмасудың тиімділігін, сапасын атап өтеді [66, б.10].

Ақпараттық қоғам дүниежүзілік деңгейде қоғамның экономика, саясат, білімберу сынды салаларына тікелей қатысты. «Ақпараттық қоғам бірте-біртедамып, жетілу барысында пайдаболады.Бұлтарихи үдеріс кезеңділігініңүлгісі бар: онда «өндіру тәсілі» деген ұғымның орнына, «ақпарат тәсілі» түсінігіқолданылады. Оның сатылары ғылыми еңбектерде:

1. Ауызша-жанама түрде ақпарат алмасу.

2. Басып шығарумен жанама етілген жазбаша ақпарат алмасу.

3. Электрондық түрде жарнамаланған ақпарат алмасу.

Мұндай тәсіл ақпаратты экономикалық және онтология санаты деңгейіне дейін көтеріпақпараттық қоғамға жетілгендік белгісін білдіреді» - деп көрсетілген [67, 6.33].

Ақпараттар ағыны жылдам дамыған уақытта ақпарат алу технологиясының мүмкіндіктері де көбеюде. Уақыт пен кеңістікке орай «он-лайн» мүмкіндіктерді, оның аудиториямен тиімді байланыс жағдайларының
артықшылықтары артуда 28, б.39].

Бәрімізге мәлім, интернет бүгінде ақпарат құралдарыны үшін ұтымды қызмет көрсету жағдайларына ықпал етіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясы үшін де ақпаратпен жұмыс істеудің тиімділігі басым екені айқын. Практикалық журналистика бағытындағы еңбекте: «Қазіргі таңда мультимедияны оқытуда болашақ журналистердің техникалық сауаттылығына мән беру керектігіне назар аударылып отыр. Мәселен фото, видео, инографияны сынды мультимедия құралдарын өзара сабақтастыра отырып біртұтас ақпарат дайындауға дағдылану. Журналист сараптамалық мақала жазғанда мультимедияның қай түрін қолданатынын анықтап алу қажет - дегенпікірлер айтылған» [64, б.47].

Сонымен XX ғасырдың аяғында университет аудиторияларына қарыштап ене бастаған «экология» терминінің бүгінгі қолданыс аясының бірнеше есеге өскенін байқауға болады

Болашақ журналист мамандардың экологиялық білімдерін жетілдіруде тек теориялық тұрғыда ғана білім беріп қоймай, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға бағыттап, іс-тәжірибеден өту барысында тікелей дерек көздерімен жұмыс істеуге дағдыландыру нәтижесінде барлық адами қырлары үйлесім тапқанда ғана көрсеткіш жоғары болмақ.
1.3 Отандық бұқаралық ақпарат құралдары дискурсындағы экологиялық ақпараттарға контент талдау


Журналист ақпарат беруде тек фактілерді берумен ғана шектелмей, талдау, басқалармен салыстырып, жағдайды және құбылыстарды бағалап, мәселенішешуге тырысады.

Осылайша БАҚ-тың жанрлық сипатын байыту туралы сөз қозғайды.Соған қарамастан, көптеген адамдар әлі күнге дейін қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселелерге қатысты үстірт және жиі бұрмаланған пікірлерден зардап шегеді деген ойлар кездеседі. Алайда, қазіргі оқырман тарапынан айтылған пікірлерде экологиялық басылымдар оқырманға қызықты емес. Оның бірнеше себептерінің негізгісі кәсіби журналист мамандардың жетіспеуі. Мәселен, журналистикадағы жанрлық ерекшеліктерді білмеу экологиялық ақпараттың сапасын төмендетуге апарады.

Зерттеушілер пайымдауынша,бүгінде экологиялық жарияланымдардың басым бөлігін очерктер мен ғылыми мақалалар құрайды деп атап көрсетілген. Соның бірі ретінде Қайнар Олжайдың «Жер мен аспан арасындағы дастан» атты еңбегін атауға болады [68].

Очеркте түрлі тіршілік тынысы туралы айтады. Аталмыш кітап экологиялық очерктерден тұрады. Очеркте табиғатқа, түрлі тіршілік иелеріне аяушылықпен қарауға үндейді. Сондай-ақ, табиғат құбылыстарының сырын ұғынуда төл әдебиетімізді қазақтың ақындық, жыраулық поэзиясымен байланыстырады. Ортақ ұқсастықтарды да байқауға болатыны айтылады.

Осындай экологиялық бағытта очерк сынды туынды жазуға қалам тартқандардың бірі – Есенғали Раушанов болды. Оның натуралистік очерк тұрғысындағы «Құстар – біздің досымыз» атты еңбегін айрықша атауға болады. Еңбек құстар туралы мәлімет бере отырып, ұлттық дүниетанымның көрінісін пайымдайды [69].

Осы еңбектің танымдық қызметінің жоғары екендігін атап көрсетіп, өз пікірін ғалым К.Қамзин былайша сабақтайды: «Журналистиканың өзі таным құралы, оның жанрлық материалдары таным үдерісінің белгілі бір кезеңі. Кейде фактілер, деректер, цифрлар образдың орнынан жүреді, құбылыстың, заттың характерін ашып береді. Табиғат, жан-жануарлар дүниесі сол зерттеу
санатынан табылады» - дейді [70].

Белгілі жазушы С.Мұқановтың «Халық мұрасы» атты тарихи – этнографиялық шолуында да атап өтуге болады [71]. Еңбекте аңшылыққа байланысты жайттар қамтылған: «Мылтық шыққанға дейін аңшылар қолданатын тәсілі қапысын тауып ұстау: көне заманның бір әдісі – аран. Аңдарды ұстау үшін тау арасынан ені тар қоршау жасап, олардың тұс-тұстан қамалайды. Мұнан кейін аңдарды айдап келіп осы қоршауға енгізеді. Тасқа қашалып бізге жеткен аңшылық өнердің белгілері түрлі бейнелер арқылы көне замандардан бізге жеткені аз емес. Қазақтың аңшылық өнерінде көне заманнан бүгінге дейін ең көп қолданалатыны әдісі – ит жүгіртіп, құс салу деп жазады.

Аңшылық туралы зерттеуінің соңында С.Мұқанов: «Жалпы аңшылықтың қай түрі болса да қазақтың ұлттық сиптының бір түрі. Ол жөнінде өлең, жыр, музыкалық шығармалар аз емес. Соның ішінде арғы-бергі қазақ поэзиясында аңшылық туралы ең әдемі жазылғаны Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға»деген өлеңі» – деп ойын сабақтайды.
Дегенмен де экологиялық мәселелердің жылдам тарауы бірден-бір –БАҚ-қа байланысты. Ал жоғарыда айтылған экология тақырыбындағы көркем әдебиеттердің, олардың ішінде очерктердің де өз орыны бар.
БАҚ-тың экологиялық мәселелерді берудегі маңыздылығы мен тәрбиелік мәні турасында Е.В. Кoлесoва «Прoблема развития экoлогическoгo сoзнания умoлодежи» атты мақалада: «Точкизрения законов психологии чувство любви к природе, формируется у ребенка,прежде всего, по типу реакции имитации, по подражанию. Поэтому оченьважно, чтобы это отношение к природе имело место в поведении взрослых и,очень важно, чтобы это отношение формировалось средствами массовойинформации – через научнопопулярные и художественные передачи. Нельзя непонимать, что именно средства массовой информации –телевидение, интернетявляются сегодня основными воспитателями молодежи.Однаконашетелевидение ежеминутно демонстрирует – как нужно и можно делать больновсему живому вокруг. Эти уроки никогда не пройдут даром. И труднопредположить, что молодые люди, для которых совершенно естественнымявляется причинение боли другим людям, остановятся перед тем, чтобы точнотакже не разрушать природу» [72, с.18].

Кез келген ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарының дискурсы арқылы ауызша, не жазбаша түрде тікелей оқырманға, не тыңдаушыға бағытталатындығын білеміз. Мұндағы дискурс терминіне нақтырақ тоқтала кетсек: Дискурс – латын тілінде қозғалыс, әңгіме, ұласу, кеңес ,француз тілінде – сөйлеу, ағылшын тілінде талқылау, сөйлеу ұғымдарын білдіреді. Сөйлеу – тілдік әрекеттің процесі, ойды жеткізудің тәсілі, жолы. Дискурс термині соңғы онжылдықта сөйлеудің дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиь, тіл ғылымы салаларында кеңінен қызмет ете бастады [44, б.12].

Көпшілік жұрт кез-келген ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарның дискурсы арқылы қабылдайды. Осы тұста А. Құрманбаеваның «Қазақ баспасөзіндегі Арал және Семей экопробелмалары» атты еңбегінен мынадай ойларды кездестіреміз.«Бірсыпыра оқырмандарымыз газет, журналдар мен жеке кітаптар аталмыш проблеманы таяу арада ғана көтеріп жүргендей қабылдайды. Алайда олай емес. Сонау 1892 жылдың өзінде «Дала уалаяты газеті» он бірдей санында «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз»деген тақырыпта проблемалық очерк жариялаған. «Экология» терминін жұрттар біліп жарытпаса да сол білдірген пікірлер кеңінен аталмыш табиғатқа жанашырлық очеркте қозғалған» - деп атап көрсетеді [73, б.5].

Осы зерттеулерді сараптағанда қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік орны бар «Дала уалаяты» газетінің қоғамдық қатынастағы оқиғаларды дер кезінде дәл, жүйелі жариялауына, шығармашылық топтастыруларды жіті беруі байқалады.

«1888-1902 жылдар аралығында қазақ, орыс сияқты екі тілде шығып тұрған тұңғыш баспасөздегі экологиялық тақырыпта жарияланған мақалалардың басым көпшілігі кең сахара тіршілігінің тамыры болып табылатын түрлі астрономиялық табиғат құбылыстарына, ауа райына, су көздерінің тартылуына арналды. Мұны жалпылама алғанда шартты түрде ғылыми-ағарту, тұрмыстық экология туралы көпшілік қолды танымдық сипаттағы жарияланымдар деп те атауға болады. Онда сел, тасқын, дүлей (смерчь), қуаңшылық, жыл атына қарай «аққоян», «мешін», «доңыз», «ақсүйек» деп аталған даладағы апаттарды тудыратын жағдайлар мен одан сақтанудың жолдары жер бедеріне, табиғат ерекшеліктеріне байланысты мәселелер қозғалды. Табиғатты қорғау мен оған зиян келтірушілерге арнайы қолданылатын шаралар мен ережелер туралы түсіндірілді» [74,6.23].

Аталған газет қазақ елінің тарихи белестерін сараптауға ұмтылыс жасаған. «Дала уалаяты» газетінде адамзат құндылығын бағалау, оның әлеуметтік мәні қоғамдағы рөлі жайында ойтүрткі материалдар жарияланып отырған.


Мәселен, «Дала уалаяты» газетінің 1892 жылғы 37-санындағы «Әр түрлі ағаштар турасынан» деген мақалада бау-бақшаның тәрбиелік мәні баяндалған. Ата-бабаларымыз ағаштардың пана болып, адамның жетілуіне, өсуіне пайдасы болғандығын, жалпы өсімдіктерді өте бағалағандығын айта келе соңғы кезде адамдар қара басының пайдасы үшін ағаштарды құрта бастағандығы мақаланың негізі болған. Мақалаға тереңірек үңілсек:
– Өсірілген ағаш, жабайы өскен ағаш та адам сезіміне жақсы әсер береді, ал жеміс беретін ағаштар адамның сана-сезімін жаңғыртады, адамгершілікті, жүрекке зор жақсы үміт ұялатады, адамның ойлауын жетілдіріп, еңбектің мәнін сезіндіртеді;

– ежелгі адамдар жалпы ағаштар мен жеміс беретін ағаштар және өсімдіктердің пайдасын ғылыми түрде білмегенімен, тәжірбие жүзінде сезді.Ал білім мен ғылымның маңызын біліп, соған аса зор мән бере бастаған тұста табиғат сыйлығын пайдаланудың зор мәні бар;

– мектеп пен бау-бақша өзектес: мектеп адамның денесін шынықтырады және тәрбиелейді, қалыптастырады, ал бақшада өсірілетін және күтілетін өсімдіктер мен жас ағаштар өз жаратылысында бала және тәрбиеленуші сынды;

– өсімдіктер жаратылысы – адам өмірінің таңдаулы үлгісі;

– мектеп – адам табиғатындағы жабайылыққа жақын қасиетті игілендірудің, үйренудің сәулесін түсіретін ағартушылық көшеті;

– бау-бақшада жабайы өскен ағаштардың өзіне мол жеміс беріп, оның түрлерін көбейтуге, ағаштардың өсу организмін жетілдіруге зор мүмкіндік жасау қажет;

– көктемде жеміс ағаштары гүлмен көмкеріледі, ал күзде мол өнім

береді.
– мектепте балалар білім гүліне оранады, ал есейген шағында балаларға қажетті жемісін береді, яғни, кемелдендіріп, қайырымды адам болуға жеткізеді.


– бау-бақша – еңбек мектебі, оқушы мектеп бағында білім алып, еңбекке үйренеді, бұл адам тіршілігі деген сияқты табиғат сырын білудің маңызына байланысты өнегелер ұсынылады» [75, б.101].

Берілген мақаладан түйгеніміз, адам мен табиғат арасында өзара байланыс, аяушылық, қамқорлық орнағанда ғана адам ерекше күйге бөленеді. Сонымен қатар 1895 жылғы «Дала уалаяты» газетінің № 2,3 сандарында «Қазақтардың аң аулауы» атты қазақ еліндегі саятшылық туралы айталатын мақала жарық көреді. Мақала барысында аңшылық өнердің қыр-сыры туралы


бірнеше кезеңге бөліп қарастырады:

– ең алдымен әрбір адам мықты, батыр, тапқыр, ширақ, әрі түрлі әдістерді меңгерген болады. Олай болмағанда өзін қорғай алмас, жерін сақтай алмас еді. Аңшылық халық әндерінде айтылғандай, ерекше бір жетістік саналғаны, бос уақыттарын қазақтар далада аң аулап, өздері тәсілқойлыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа төселіп, аттарының да бағын сынайды. Сондықтан тыныш отыруды ұнатпайтын. Қызық оқиғаға құштар жігіттерді, аң аулау жайларын жақсы білетін тәжірбиелі аңшылардың бірін басшы қылып «Салбурын»деп аталатын партияларға топтанады.Аштыққа, күннің ыстығы мен суығына төзімді, жартқыш аңдардан қорықпайтын аңшыларды жақсы аңшылар деп атаған;

– кәсіп ретінде қалыптасқан құсбегілік пен ол кезде аң аулайтын тазыны қолда ұстау мен саятшылықты көбінесе ақсүйектер мен байлар айналысқанын, бұл кезең екінші дәуірде екенін айтқан.

–үшінші кезеңде аңшылықтың қыр-сырын толық меңгеріп, тіпті сүйікті кәсіптеріне де айналдырып үлгерген. Нәтижесінде түрлі аң терілері құнды зат ретінде сатылып, мол пайда берген» [68].

Сонымен қатар аталған мақалада аңшылық табиғатты қорғау заңдылығын сақтамай жасалуынан көптеген бағалы терілі аңдар тым азайып кеткені, енді бөкендерді маралдарды, киіктерді және қырғауылдарды құрта бастағандығы жайында деректер келтіреді. Ол деректерде аңшылардың көпшілігі бөкендердің жуас екендігін біледі, олар күзде және қыста табын-табын болып жайылады және су ішуге барғанда, бір жолмен бірінің соңынан бірі топтанып жүреді. Келе жатқан бөкендер мылтықтың дауысын естігенде күрт кейін бұрылады, екінші рет мылтықтың дауысын естігенде мылтық бірінші атылған жаққа қарай ауысады. Осылай бір аңшыдан қашып, екінші аңшының оғына түсетін бөкендерді тегіс атып алу оңайға түседі. Бөкендер аңшының өзінкөргенде ғана тым-тырақай жан-жаққа бытырап қашады екен. Мұндай жағдайда олардың көпшілігі аман қалады. Ал қыстыгүні аңшылар бөкендердің су ішетін жерін және жолын байқап алады. Содан соң ортасынан үлкен ор қазып, бетін шыбықпен немес шөппен жауып қояды да, өздері шұңқырға жақындау жол бойына жасырынып, бөжендер жақындаған кезде айғай салып, оларды қоршап қазылған орға құлатады.

Өскемен оязында Ертіс өзеніне құятын Бөкен деген өзен бар. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұл өзен жағалай бөкендер тобырымен мекендегендіктен өзенді бөкен деп аталған. Бөкен өзенінің бойындағы орлар – бөкендердің көп мертіккен жерлері деседі.

Сонымен қатар аталмыш мақалада Зайсан өңірінде Үйшілік деген жерде бөкендер көп мекендейді. Ол турасындағы деректе Тарбағатай тауларын мекендеген бұғы аңы туралы, оны сол маңдағы Орқашар деген таудан Байжігіт деген елдің аулап жүретінін айтады.

Бұдан Байжігіт деген елдің аузынан естіген мынадай мәліметтер келтіріледі:

– «Бұғының бұтақты қос мүйізінен қытайлық дәрігерлер өте қымбат дәрілер дайындалатыны, әсіресе күзде ауланған бұғының мүйіздері түлеп түсетіні, жаз ортасында жетіліп шығатыны;

– бұғының қос мүйізі Қытайда (20 лань лань – күміс кубигі, ланьның

номиналдық құны 2 сомға тең) тұратыны;

– осындай баға Байжігіттіктерді ғана емес, қытай шекарасына таяу тұратын барлық қазақтарды да қызықтырып, бұғы аулаушылар саны көбейіп, бұғылыр көптеп қырылғаны;

– Қарқаралы маңы киіктердің жиі мекендеген жерлері болған деседі.

Алайда олар да маусым бойынша орындарын ауыстырып отырған. Қазақтар

көбінесе киіктің мүйізін бағалы болатындығына байланысты аулаған;

– тіптен сол кездегі ел ішінде болатын жәрмеңкелерде де киіктің мүйізінің бағасы 2-3 сом болған, содан болса керек тіпті киікті жылдың төрт мезгілінде аулайтын болған;

– қариялардың айтуынша, ежелгі қазақ даласында бұлғын, сусарлар көп болған, басқа аңдардың терісіне қарағанда қазақтар арасында бұл жұмсақ жүнді аң терілер өте қымбат болған. Тарбағатай тауларында жиі бағалы дүниелер кездесетіні, қазақ сахарасында қырғауылдың да аз емес екендігі, оларды қазақтар қаршыға, сұңқар салып аулайтыны, қырғауылдыңдың ұзын қаламдарын жинап шоқ қылып, жүк артылған түйенің үстіне қадап қойғаны, қарғауылдың қанатының, құйрығының ұзын қаламы қазақ даласында өте қымбат болғаны» [68].

Қазақтардың аңды пайдалы кәсіп ретінде қолданып қана коймай аңшылық кезінде ескерілу кажет қағидаларды бұлжытпай орындап отыруға бейімделген. Аңға шыққанда қасына көп адамдарды ертіп жүретіні, дәстүр рәсімі бойынша құрмет етіп, қасындағылардың жасы үлкеніне аулаған адал ірі аңды сыйлайтыны, шөппен қоректенетін адал аңдарды атып алғанда мергенші терісін, төсі мен оң санын алатыны, қалғандарын аңшының жолдастарына байлайтыны, олардың үлкендеріне молырақ үлес тиетіні, мұны «мүше алмақ» деп атағаны этнографиялық деректерде айтылады.

Көне қариялардың айтуынша, құндыздардың болған, бірақ құрып кеткені, құндызды атып алған мерген терісін иеленетіні, бауыр терісін жолдастарына беретіні, бірақ аң аулауға бірінші болып шыққан аңшы жаңа мылтықпен атып алатыны кездеседі. Көптеген мәліметтерде аңшы жаңа мылтықпен атқан олжасын біреуге бермей, өздері ырым қылыпалатын болған деседі, тіпті жаңа атқан аңның қанын мылтығының ұшына жағып, алған иті мен құсына олжасынан ауыз түйгізіп, үйіне әкеп олжасын сол жақ босағаға тастайтын болған, содан кейін олжасын керегенің басына іліп қойған деседі.

Қазақ аңшылық өнерінде аңшы аңға шығатын уақытын нақты анықтап белгілемейтін, реті келгенде аңға шыға берген деседі. Тек көнекөз ауыл қариялары аңшылыққа белгілі бір уақыттарда мәселен, құстар мен аңдар балалаған кезде шықпауын жіті қадағалаған.

Аңға шығудың уақыттық сыры, жыл мезгілдеріне де қатыстылығы ерекше айталады. Солардың бірнешеуі: жазғытұрым қазақтар қаршығаларын құсқа салады, тазаны баптайтыны; жаздыгүні аңшылар бағалы терілі және шөппен қоректенетін аңдарды аулайтыны; күз аяғында аңшылар мылтықтарын, қақпандарын және аңшылық кезіндегі пайдасы мол үйретілген қыран құстарын алып, аңдардың қымбат бағалы терілері үшін аңдарды және шариғат бойынша рұқсат етілген арқар, тауешкі, киік, бөкен, бұғы, қоян сияқты шөппен қоректенетін аңдарды және суда жүзетін барлық адал құстарды аулайтыны жөнінде деректер кездеседі.

Осындай деректердің түпнегізі қазақтардың үлкенге құрмет, кішіге ілтипатпен қарауға тәрбилейтін халықтық педагогикада жатыр. Мысалы, «Аң таппаған атынан көреді, ата алмаған мылтығынан көреді», «Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады» т.б.

Кәсіби журналистің қоғам мүшелеріне экологиялық проблемаларды айтып немесе көрсетіп қана қоймай, фактілерді нақты қоя білгенде ғана маңыздылығы артады. Сонда экологиялық журналистика экологиялық мәселелерді қоя білу мен шешуге атсалысатын ғылым саласы ретінде танылады. Қоғамның кез-келген мүшесінде экологиялық сананың қалыптасуы болады, әрі қабылдаушылардың білімді қабылдау мүмкіндіктері, аялық білімі әрқилы екені белгілі.

Кез-келген жағдайдағы күнделікті экологиялық тақырыптағы мәліметтердің көптеген игі шаралардан атқарылып жатқан тың бастамаларды көреміз. Кей ретте ғана құпия ұстауы тиіс ақпараттар ғана жарияланбай, жабық түрде қарастырылады.

Заманауи техника жетістіктерін меңгеру мен ақпараттандыру кезеңінде ақпаратты таратуда ақпарат құралдарының қоғамға қызмет ету көрсеткіші жоғары болып отыр. Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға, әсіресе жастарға, олардың құндылық бағытына, мінез-құлық нормаларына ықпал етуде БАҚ-тың қызметі айрықша.

Швед телевизиясындағы экология мәселелерінің берілуіне сараптама жасаған Моника Джерф-Пьер «Жасыл метатескалар: 1961-2010 жылдар аралығындағы Экологиялық жаңалықтар туралы репортаждардың назарын аударылуы» атты мақаласында 1961-2010 жылдар аралығында Швецияда теледидар жаңалықтарының циклындағы беріліп отырған қоршаған ортаға назар аударып, экология мәселелеріне сараптама жасайды, зерттеуге алынған уақыт аралығында нақты сандық көрсеткіштер арқылы салыстырмалы талдау жасай келе өсу, шарықтау шегі, кему деңгейлерін анық көрсетеді. Швецияның мемлекеттік қызметі телевизия жаңалықтарындағы қоршаған орта мәселелерін қамтығанын көрсеткен. 1982,1991,1999 және 2003 жылдары бұл мәселеге назар аудару қатары сирей бастағанын былайша сипаттайды: «Envirоnmental repоrting started at a very lоw level in the first years оf the 1960 s, but has since displayed three majоr peaks in attentiоn: 1986, 1979 and 2007. Hоwever, 1967, 1969, 1972, 1977, 1984, 1988,1997 and 2001 were alsо years when attention tоо a jump and reached high levels. Оn the оther hand 1982, 1991, 1999 and 2003 are years when attentiоn drоpped cоnsiderably. There is clear evidence оf recurring metacycles оf attentiоn tо envirоnmental issues, as the waves in attention cоme and gо quite regularly оver the 50 years that were analyzed» [76, p.501].

Осылайша бұқаралық ақпарат құралдары қоршаған ортаны қорғау мен ұлттық дүниетаным негізіндегі экологиялық сананың қалыптасуына үлес қосады. БАҚ-тың қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызы айрықша. Ғылыми тұжырымдардың бірінде Т.А.Демина «Экология природопользование, охрана окружающей среды»атты оқу құралында экологиялық білім берудегі БАҚ-тың ролін: «Так как современные средства массовый информации (СМИ) играют важную рольв распространении экологических знаний среди населения, журналистика занимает ведущее место в формировании экологизированного мировоззрения широкой читательской и зрительской аудитории. С каждым годом становится все актуальнее культурообразующая, воспитательная функция СМИ, по мере того, как мир начинает осозновать важность и сложность экологических проблем» - дейді [77].

БАҚ-тың жаңаша сипаты үрдіс алған. Әсіресе БАҚ қоғамның белді мүшесі жастардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа медиаөнімдер ұсына бастады. Мәселен, ақпараттық желілерді пайдалану ақпараттарды жылдам, қолжетімді пайдалануға, медиамәтіндерге жеке бақылау жасауға мүмкіндіктер жасайды. Сондай-ақ бүгінгі қоғамдағы интерактивті арналарда, әлеуметтік желілер мен киберкеңістіктің басқа элементтерін жиі пайдаланушылар ретіндежастар басымдық көрсетіп отыр.

Жалпы бүгінгі қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін БАҚ-тың экология тақырыбындағы бағдарламаларды ұсыну көрсеткіші мен тақырыптық мазмұнын, желілерді тыңдарман, көрермен пайдалану назарын бағамдау мақсатында төмендегідей зерттеулер мен талдаулар жүргіздік.

Ең алдымен ақпарат арнасы телеарналардың аталмыш мәселені қойып, ұсына білуі сипаттама, сараптама кестелер арқылы нақты көрсетілді. Олар төмендегідей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет