ЖЖС эфемеридтері
Эфемеридтер – навигациялық жасанды жер серіктері орбитасының координаталары немесе элементтері. Жер бетіндегі нүктелердің координаталарын жерсеріктік әдіспен анықтаған кезде, жер серігіне дейінгі ара қашықты өлшеумен бірге, оның өлшеуді орындаған сәттегі орналасқан жерін анықтап беретін эфемеридтерін де (координаталарын) білу қажет. Эфемерид қателіктері – анықталатын нүктелердің координаталарының абсолюттік мәні мен бақылау пункттері арасындағы айырымдарын анықтаудың сәйкес қателіктерін тудырады. Эфемеридтерді дәл білмеу механизмі, ең алдымен практикадағы болжанатын (қалыпты) және нақты (қалыпсыз жағдайлар туғызатын күштер) орбиталар арасындағы бақыланатын айырмашылықтарға байланысты. Қалыпсыз жағдайлар туғызатын күштерге – гравитациялық және гравитациялық емес факторларды жатқызуға болады. Әртүрлі факторлардың GPS және ГЛОНАСС типтегі жерсеріктерінің қозғалысына әсері 2-кестеде келтірілген. Нақты орбитаның есептеуден ауытқуына, жердің гравитациялық өрісі ең көп әсер етеді. Негізінен, С20 екінші Жерсеріктік навигациялық жүйелер 57 гармоникалық коэффициенттің әсерінен мұндай ауытқуы – орбитаның үш сағаттық доғасы үшін 2 км, ал одан да ұзақ екі тәуліктік доғасы үшін 14 км-ге дейін жетеді. Мұндай едәуір ауытқуларды кез келген түрдегі жерсеріктік өлшеулер үшін есептеуге болмайды.
Ай мен Күн массасының жалпы гравитациялық әсері елеулі түрде кіші, бірақ болжау кезінде эфемерид мәндерін ескерген жөн. Гравитациялы емес факторлардың әсерлерін бағалауға өткенде, GPS пен ГЛОНАСС жүйелері құрамына кіретін жерсеріктерінің эфемеридтерін дәл анықтауға, күннің радиациялық қысымы елеулі әсер ететінін айта кеткен жөн. Жер серігінің есептеу траекториясынан осы фактордың әсер етуі, ауытқуы 5 - 6 м (3 сағаттық доға үшін) және 100 – 800 м (2 тәуліктік доға үшін) құрайды. Ауытқу тербелісі мынадай себептерден пайда болады:
күн сәулесінің қарқындылығы, уақыт өткен сайын тұрақсызданады;
берілген фактор моделінің әсері, жер серігінің көлеңке 58 аймағы мен жартылай көлеңке аймағына өткен кезде едәуір өзгереді;
жер серігінің тиімді беті, өзінің күрделі конфигурациясы мен жер серігінің кеңістіктегі күйінің түрленуінен, алдын ала дұрыс есептелмейді;
жер бетінен шағылысқан күн радиациясы, жер бетінің күннен сәулеленген аймақтарының шағылыстыру қасиеттері мен атмосфералық жағдайларына тәуелді. Атмосфералық кедергілерді бағалауда, оның шамамен 20 000 км биіктіктегі сиректігін ескере отырып, жер серігі орбиталарын есептеу кезінде оның әсері ескерілмейді. Жоғарыда келтірілген қозғаушы факторлардың жалпы әсерлері, жер серігінің нақты орбиталарын алғашқы жорамал түрде есептеген кезде ғана қолданылады. Жердегі бақылаушыларға қажетті жер серігі эфемеридтерінің мәнін алсақ, онда практикада координаталары белгілі және жер серігінде автоматты режимде жоғары дәлдікте үздіксіз бақылайтын пункттерде орнатылған тірек станцияларын пайдалануға негізделген. Радиоканал бойынша берілетін эфемерид мәндерінің дәлдігі шамамен 20 м қателікпен сипатталады. Геодезиялық жерсеріктік дифференциалды өлшеу дәлдігін шамамен 1·106 деңгейде қамтамасыз етеді. Ол көптеген геодезиялық жұмыс талаптарын қанағаттандырады. Алайда, жер қыртысының қозғалысын зерттеуге арналған ғаламдық жоғары дәлдіктегі желілердің кең дамуына байланысты, аталған деңгей жеткіліксіз. Мұндай жағдайларда эфемеридтерді – апостериорлы анықтау әдісі пайдаланылады. Оның мәні – өлшеуді ақырғы рет өңдеу, эфемеридтердің нақты мәндері болып есептеледі. Апостериорлы әдістерде эфемеридтерді тәртіппен анықтауға болады, яғни бұл дәлдікті бірнеше метр бірлікке жеткізуге болады. Мұндай тәсілде эфермеридтерді білу қателігі, кез келген геодезиялық есептерді іс жүзінде шешу кезіндегі жерсеріктік өлшемнің нәтижелі дәлдігіне едәуір әсер етіледі.
Қорытынды
Жасанды серіктердің қозғалысы - Бүгінгі таңда бірнеше мыңдаған жасанды серіктер Жерді айналуда. Зымырандардың көмегімен белгілі бір орбитаға шығарылған серіктер сол алған жылдамдығы есебінен орбиталар бойымен қозғалады. Жасанды серіктердің қозғалысы денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуының маңызды әрі ерекше жағдайы болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Генике А.А., Побединский Г.Г. Глобальные спутниковые системы определения местоположения и их применение в геодезии. – М.: Картгеоцентр-Геодезиздат, 2004.
2. Серапинас Б.Б. Глобальные системы позиционирования. – М.: ИКФ «Каталог», 2002.
3. Шебшаевич В.С., Дмитриев П.П., Иванцевич Н.В. и др. Сетевые спутниковые радионавигационные системы. – М. Радио и связь, 1993.
4. Болдин В.А., Зубинский В.И., Зурабов Ю.Г. и др. Глобальная спутниковая радионавигационная система ГЛОНАСС. – М.: ИПРЖР, 1999.
5. Неумывакин Ю.К., Перский М.И. Геодезическое обеспечение землеустроительных и кадастровых работ. М.: Картгеоцентр-Геодезиздат, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |