Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
Құрамында қосындысы бар 400 г әктасты өртегенде 78,4 л көміртегі (ІV) оксиді түзілді. Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Берілгені:
m (әктас) = 400 г
V (CO2) = 78,4 л
Т/к ω(қоспа)
Шешуі:
1) Реакция теңдеуін жазып,кальций карбонатының молярлық массасын есептейміз:
CaCO3 = CaO + CO2↑
1моль 1моль
М (СаCO3) = 40 +12+16•3 = 100 г/моль
2) Көмірқышқыл газының зат мөлшері арқылы реакцияға түскен заттың зат мөлшерін табамыз:
V 78,4 л
= ––––– ; (CO2) = ––––––––––––– = 3,5 моль
Vm 22,4 л/моль
(CO2) = (СаCO3) = 3,5 моль 3) Зат мөлшері бойынша кальций карбонатының массасын табамыз: m (CaCO3) = 3,5 моль •100 г/моль = 350 г 4) Әктастың құрамындағы қоспаның массасын анықтаймыз: 400 г – 350 г = 50 г 5) Әктастың құрамындағы қоспаның массалық үлесін есептейміз:
50 г
ω = –––––– = 0,125 ( немесе 12,5 %)
400 г
Жауабы: 0,125 немесе 12,5% .
Калий карбонаты мен натрий карбонатынан тұратын массасы 7 г қоспаны күкірт қышқылымен өңдеді. Реакция нәтижесінде көлемі 1,344 л (қ.ж.) газ бөлінді. Қоспа құрамындағы натрий карбонаты мен калий карбонатының массалық үлесін есептеңіздер.
Берілгені:
m (қоспа) = 7 г
V (CO2) = 1,344 л
(қ.ж.)
Т/к ω (Na2CO3)
ω (К2CO3)
Шешуі:
1) Реакция теңдеуін жазып,есептеуге қажетті қосылыстардың молярлық массаларын анықтаймыз:
Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O 1моль 1моль
K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2↑ + H2O 1моль 1моль
М (Na2CO3) = 23•2+12+16•3 = 106 г/моль М (К2CO3) = 39•2+12+16•3 = 138 г/моль 2) Қоспадағы натрий карбонатының массасын х г деп белгілесек,қоспадағы калий карбонатының массасы (7-х) грамға тең болады. Яғни,
m(Na2CO3) = х г m(К2CO3) = (7- х) г Натрий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газдың көлемін у л деп белгілесек, ал калий карбонаты күкірт қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін газ көлемі (1,344 - у) литрге тең болады: V1= у V2 = (1,344 - у) л 3) Реакция теңдеулеріндегі сәйкес заттардың формуласының үстіне белгіленген мәндерді қоямыз: х г у л Na2CO3 + H2SO4 = Na2SO4 + CO2↑ + H2O (1)
(7-х)г (1,344-у)л K2CO3 + H2SO4 = K2SO4 + CO2 ↑+ H2O (2)
х у
––––––– = –––––– (1)
106 22,4
(7 - х)
––––––– = ( 1,344 - у) (2)
138
Бірінші теңдеуде у-ті х арқылы өрнектейміз:
22,4•х
у = –––––––– (3)
106
22,4 • х
(1,344 - ––––––––– ) •138 = 22,4 •(7 - х) (4)
106 Теңдеуден х-тің мәнін табамыз: 185,472 - 29,16•х = 156,8 - 22,4•х 6,76•х = 28,672 х = 4,24 m (Na2CO3) = 4,24 г m (К2CO3) = 7 – 4,24 = 2,76 г
6) Карбонаттардың массалық үлестерін формула бойынша есептейміз:
m (Na2CO3 ) 4,24 г
ω (Na2CO3) = –––––––––––– = ––––––––– = 0,6057 ( немесе 60,57 %)
m (қоспа) 7 г
m (К2CO3 ) 2,76 г
ω (К2CO3) = –––––––––––– = ––––––––– = 0, 3943 ( немесе 39,43 %)
m (қоспа) 7 г
ЕСЕПТЕР
1) Массасы 400 г натрий селитрасы айырылғанда 33,6 л оттек түзілді. Селитра құрамындағы қоспаның массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Жауабы: 36 %.
2) Құрамында 16 % қосындысы бар 119 г ізбестастан қанша литр көмірқышқыл газы бөлінетінін есептеңіздер.
Жауабы: 22,4 л.
3) Көлемі 67,2 л ( қ.ж.) метан алу үшін жұмсалатын құрамында 3 % қосындысы бар техникалық көмірдің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 37,1 г.
4) Көлемі 10 л этан мен этиленнің қоспасының құрамындағы этиленнің массалық үлесі 28 % . Бром суындағы бромның массалық үлесі 3,2 % . Этан мен этиленнің қоспасымен әрекеттесу үшін жұмсалатын бром суының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 625 г.
5) Натрий карбонаты мен калий карбонатының 10 г қоспасы суда ерітіліп, оған артық мөлшерде алынған тұз қышқылымен әсер етілді. Реакция нәтижесінде бөлінген газ натрий пероксидінің ерітіндісі арқылы өткізілді. Нәтижесінде бөлінген оттек көлемі 1,9 л (қ.ж.) сутек газын жағуға жеткілікті болды. Реакция теңдеуін жазып, қоспаның құрамын (%) есептеңіздер.
Жауабы: ω(Na2CO3) - 56,5 % ,
ω (К2CO3) - 43,5 %.
Достарыңызбен бөлісу: |